"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 614/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 желтоқсанда № 37538 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары аудиторлық палатасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      мен дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және

      ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2025 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 614/НҚ бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 20 қарашадағы
№ 98 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленген және жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызмет – мемлекеттік көрсетілетін қызмет өлшемшарттарына сай келетін, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік функция;

      2) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      4) қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет – үздіксіз негізде жүзеге асырылатын және қоғамның заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

      5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі.

      3. Тізілім қазақ және орыс тілдерінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      4. Тізілімнің сыныптамасы:

      1) қоғамдық қатынастар салаларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін бөлімдерден;

      2) көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін кіші бөлімдерден;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірлерінен тұрады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке тізілім сыныптамасының барлық деңгейдегі кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгілер түріндегі сегізмәнді жеке сыныпталған код беріледі.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сыныпталған кодын уәкілетті орган береді.

      Сыныпталған код үш бөліктен тұрады:

      1) бірінші бөлік – 3 цифрдан тұрады және қоғамдық қатынастар саласындағы бөлімді білдіреді;

      2) екінші бөлік – 2 цифрдан тұрады және көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты кіші бөлімді білдіреді;

      3) үшінші бөлік – 3 цифрдан тұрады және кіші бөлім ішіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің реттік нөмірін білдіреді.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.

2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі

      8. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан талдау;

      2) жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге немесе тізілімнен алып тастауға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;

      3) анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді енгізу немесе тізілімінен алып тастау;

      4) тізілімнің мазмұнын өзектілендіру (жаңарту) мәніне мониторинг жүргізу;

      5) тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" веб-порталында өзектілендіру (жаңарту).

      Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар:

      1) тоқсан сайын тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге түгендеу жүргізеді;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге қазақ және орыс тілдерінде өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды және (немесе) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде тізілімге толықтырулар енгізу жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады.

      3) қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер бөлігінде тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде тізілімге өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды және (немесе) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде тізілімге толықтырулар енгізу жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады.

      Уәкілетті орган тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың отызыншы күнінен кешіктірмей тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді жүзеге асырады не мемлекеттік органға келіп түскен ұсыныстарды қабылдамау туралы дәлелді қорытынды жолдайды.

      9. Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бір мезгілде мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде тізілімге енгізілуге жатады:

      1) үздіксіз негізде жүзеге асырылады;

      2) жеке болып табылмайды және қоғамның заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған;

      3) қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуде әлеуметтік маңызы бар сипатқа ие;

      4) бүкіл қоғам үшін не адамдардың кең ауқымы үшін қолжетімді болып табылады.

      10. Уәкілетті орган "электрондық үкімет" веб-порталында тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін орталық мемлекеттік органдардан және жергілікті атқарушы органдардан тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныстардың түсуіне қарай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты және өзге де түйінді мәліметтерді (көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті берушінің атауы, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарының немесе ақпараттандыру объектілерінің атаулары, мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін болуы, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы) орналастыруды қамтамасыз етеді.

      11. Тізілім мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітіледі немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

3-тарау. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тәртібі және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу

      12. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік функцияны іске асыру шеңберінде құжат түрінде және (немесе) іс-әрекет түрінде нақты, үлгілік нысаны болады.

      13. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тәртібі:

      1) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштеріне жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау мәніне талдау жүргізеді;

      Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдау негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ұсыныстар қалыптастырады;

      2) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей уәкілетті органға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды ұсынады, ол бойынша тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың отызыншы күнінен кешіктірмей жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті енгізіп, уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдармен одан әрі келісу үшін тізілім жобасын әзірлейді не мемлекеттік органға келіп түскен ұсыныстарды қабылдамау туралы дәлелді қорытынды жолдайды;

      3) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті тізілімге енгізу бойынша келіспеушілектер болған жағдайда, жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті енгізу мәселесі оны тізілімге енгізудің орындылығы немесе орынсыздығы бойынша ұсыныстар шығару үшін Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға шығарылады.

  Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін жүргізу
қағидаларына 1-қосымша
нысан

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

Р/с №

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы

1

2

3

4

5

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер













Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер













  Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы

Бөлім


Ішкі бөлім



Атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

001


Құжаттау


00101

Жеке басты куәландыратын құжаттарды/анықтамаларды және мәртебені алу


00102

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес құқықтарды қамтамасыз ететін құжаттарды алу

002


Жеке тұлғалар мен азаматтарды тіркеу


00201

Жеке тұлғаларды тіркеу/ мәртебесін, тұрғылықты жерін, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және басқа деректерін ауыстыру


00202

Шетелде болу


00203

Қазақстан Республикасына келу

003


Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу


00301

Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

004


Отбасы және балалар


00401

Отбасын құру


00402

Туу, қамқоршылық және бала тәрбиелеу


00403

Балаға білім беру және бос уақыт


00404

Баланы бағу және қамтамасыз ету

005


Мүлік және зияткерлік меншік құқығы


00501

Жылжымалы мүлік


00502

Жылжымайтын мүлік


00503

Зияткерлік меншік


00504

Мүлік және зияткерлік меншік құқығы саласындағы басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

006


Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау


00601

Медициналық көмек


00602

Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат ету құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беру


00603

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы


00604

Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

007


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау


00701

Халықты жұмыспен қамту


00702

Халықты жұмыспен қамту саласында рұқсат құжаттарын беру


00703

Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру


00704

Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау


00705

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер


00706

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

008


Білім және ғылым


00801

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім


00802

Білім және ғылым саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


00803

Білім және ғылым саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

009


Бизнес және кәсіпкерлік


00901

Бизнестің немесе жеке кәсіпкерліктің басталуы


00902

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметінің тоқтауы


00903

Белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат ету құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беру


00904

Өнімдердің жекелеген түрлерін өндіруге рұқсат ету құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беру


00905

Өнімдердің жекелеген түрлерін сатып алуға, өткізуге және сақтауға (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) рұқсат ету құжаттарын беру


00906

Кәсіпкерлік қызметті қолдау

010


Туризм


01001

Туризм саласындағы өзгеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

011


Көлік және коммуникация


01101

Автомобиль көлігі


01102

Әуе көлігі


01103

Теміржол және су көлігі


01104

Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

012


Қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін, табиғи ресурстарды қорғау


01201

Қоршаған ортаны қорғау


01202

Су ресурстарын пайдалану


01203

Орман ресурстарын пайдалану


01204

Жануарлар дүниесін пайдалану


01205

Жер қойнауын пайдалану

013


Ауыл шаруашылығы


01301

Ауыл шаруашылығы саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер


01302

Ауыл шаруашылығы саласында рұқсат құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беру

014


Өнеркәсіп, индустрия және технология


01401

Отын және энергетика


01402

Технологиялар


01403

Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы рұқсат ету құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беру


01404

Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

015


Мұнай-газ саласы


01501

Мұнай-газ саласындағы рұқсат ету құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беру


01502

Мұнай-газ саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

016


Салықтық әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп, аудиторлық қызмет


01601

Салықтық әкімшілендіру


01602

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік


01603

Аудиторлық қызмет

017


Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау


01701

Банктер қызметі саласында рұқсат беру құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беру


01702

Зейнетақы қорларының қызметі саласында рұқсат ету құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беру


01703

Сақтандыру қызметтері нарығы саласында рұқсат ету құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беру


01704

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

018


Кеден ісі


01801

Кеден ісі саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

019


Қауіпсіздік, қорғаныс және сот әділдігі


01901

Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласында рұқсат ету құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беру


01902

Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

020


Бәсекелестікті қорғау


02001

Бәсекелестікті қорғау саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

021


Дін


02101

Дін саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

022


Жер қатынастары, геодезия және картография


02201

Жер қатынастары


02202

Геодезия және картография

023


Мәдениет, ақпарат және байланыс


02301

Байланысты ұйымдастыру және ұсыну саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


02302

Ақпарат


02303

Мәдениет

024


Төтенше жағдайлар


02401

Төтенше жағдайлар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

025


Дене шынықтыру және спорт


02501

Дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

026


Сәулет-қала құрылысы қызметі


02601

Сәулет және қала құрылысы саласында рұқсат ету құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беру


02602

Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

027


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық


02701

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

028


Сыртқы саясат және шетел істері


02801

Сыртқы саясат және шетел істері саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

029


Табиғи монополияларды реттеу


02901

Табиғи монополияларды реттеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

030


Мемлекеттік қызмет


03001

Мемлекеттік қызмет саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

031


Басқа


03101

Ғарыш кеңістігін пайдалану


03102

Апостиль қою


03103

Статистикалық ақпаратты ұсыну


03104

Мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттік меншік


03105

Жеке тұлғаларды мемлекетік қолдау шаралары

Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер

032


Әлеуметтік бағыт


03201

Мәдениет және ақпарат салаларындағы қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер


03202

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер

033


Экономикалық бағыт


03301

Көлік саласындағы қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер


03302

Өнеркәсіп және ТКШ салаларындағы қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер


03303

Отын-энергетика кешенін дамыту саласындағы қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер


03304

Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер

  Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін жүргізу
қағидаларына 3-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны

Р/с №

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме (нормативтік құқықтық актіге және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сілтеме (болған жағдайда)

1

2

3

4

5











  Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін жүргізу
қағидаларына 4-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы

Көрсетілетін қызметті алушылардың санаты

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Өтініштерді қабылдауды және ресімделген құжаттарды беруді жүзеге асыратын ұйымдар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне)

Ақылы болуы (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне)

1

2

3

4

5

6

7

8

















оның ішінде:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерінің нысаны (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне)

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі (қызмет көрсетуге арналған)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі (құжаттар тізілімі)

Тізілімге толықтырулар енгізу негіздемесі (нормативтік құқықтық актіге және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сілтеме (болған жағдайда)

Құқықтық негіздеме

төлем мөлшері

9

10

11

12

13

14

15















  Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін жүргізу
  Қағидаларына 5-қосымша

Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны

Р/с №

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме (нормативтік құқықтық актіге және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сілтеме (болған жағдайда)

1

2

3

4

5











  Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін жүргізу
қағидаларына 6-қосымша

Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне толықтырулар енгізуге арналған ұсыныстар нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды

Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтің атауы

Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы

Көрсетілетін қызметті беруші

1

2

3

4






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады