ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қаржылық есептілік (шоғырландырылған қаржылық есептілік) аудитінің мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің анықтығын негізделген растауды алу болып табылады.
Қаржылық есептілік аудитіне "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 229 бұйрығымен бекітілген көлемде және нысандар бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі және "Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығымен бекітілген көлемде, сондай-ақ нысандар, кезеңділік және Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидалары) бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің шоғырландырылған қаржылық есептілігі жатады.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Бақылау құралдарын тестілеу бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігі туралы аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін жүргізіледі.
Мәні бойынша тексеру рәсімдері қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулардың болуы туралы немесе болмауы туралы аудиторлық дәлелдемелерді алу мақсатында жүргізіледі.
Жеткілікті және тиісті түрдегі аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін мәні бойынша тексеру рәсімдерін операциялардың елеулі сыныптары, шоттар сальдосы және ашулар бойынша орындау қажет.
Мәні бойынша тексеру рәсімдері егжей-тегжейлі тестілеуді және талдамалық рәсімдерді қамтиды.
Аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін аудиторлық рәсімдердің мынадай әдістері қолданылады:
зерделеу (инспекциялау);
қадағалау және қарап тексеру;
сұрау салу және растау;
қайта есептеу;
талдамалық рәсімдер;
сыртқы растау;
қайталап орындау.
Инспекциялау, қағаз немесе электрондық нысанда немесе басқа да ақпарат тасығыштардағы ішкі немесе сыртқы жазбаларды немесе құжаттарды тексерумен тұжырымдалады, бұл әртүрлі сенімділік дәрежесіндегі аудиторлық дәлелдемелерді (сипаты мен ақпарат көзіне байланысты) қамтамасыз етеді.
Қадағалау және қарап тексеру басқа тұлғалар орындап жатқан процесті немесе рәсімді қадағалау барысында алынған аудиторлық дәлелдемелерді білдіреді. Мысалы, құжаттарды (ережелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің үкіметтік бағдарламалары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары, іс-шаралар жоспарлары, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарлары, мемлекеттік инвестициялық жобалар, қайтарымсыз гранттар, ішкі кредит беру, қарыздар және өзге де) зерделеу жолымен аудиттелетін объектінің қызметін қадағалау.
Сұрау салу және растау басқа аудиторлық рәсімдерге қосымша ретінде қолданылады. Сұрау салулар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Сұрау салуларға жауаптар бұрын алынған ақпараттан айтарлықтай басқаша ақпаратты білдіруі мүмкін. Кейде сұрау салуларға жауаптар жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін қосымша аудиторлық рәсімдерді орындауға негіз болып табылады.
Қайта есептеу құжаттардың немесе жазбалардың арифметикалық дәлдігін тексеруді қамтиды. Мысалы, еңбекақы немесе пайдаланылмаған демалыстар бойынша резервтер бойынша есеп айырысуларды тексеру.
Талдамалық рәсімдер алынған ақпаратты талдау және бағалау болып табылады.
Талдамалық рәсімдер кейіннен қаржылық есептілікке әсер етуі мүмкін ерекше операциялар немесе оқиғалардың ақпаратын ашуды жоспарлау кезінде тәуекелдерді анықтау үшін жүргізіледі.
Талдамалық рәсімдер мыналарды қамтуы мүмкін:
алдыңғы кезеңдердегі ақпаратты салыстыру;
қаржылық есептілік элементтерінің көрсеткіштерін салыстыру;
аудиттелетін кезеңдегі қаржылық және қаржылық емес ақпарат көрсеткіштерінің деректері арасындағы өзара байланысты зерделеу;
қаржылық есептілік элементтерінің арасындағы өзара байланысты зерделеу;
шоттар бойынша сальдоны талдау;
ерекше операцияларды талдау.
Сыртқы растауды маңызды шоттарға қатысты пайдаланады.";
76, 77 және 78-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Ақшалай қаражат пен олардың баламалары аудитінің мақсаты қаржылық есептілікте көрініс тапқан ақпараттың дұрыстығы мен толықтығы туралы аудиторлық пікір қалыптастыру болып табылады.
Ақшалай қаражат пен олардың баламаларына аудит жүргізген кезде мемлекеттік аудитор:
Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын;
"Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Түгендеу жүргізу қағидалары) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 169 бұйрығымен;
"Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 170 бұйрығымен;
"Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" (бұдан әрі - Бухгалтерлік құжаттама нысандары) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 187 бұйрығымен;
"Есепке алу саясатын бекіту туралы" (бұдан әрі – Есеп алу саясаты) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 191 бұйрығымен;
"Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен;
"Бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалары) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 262 бұйрығымен;
"2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Бюджетті атқару қағидалары) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығымен;
"Бюджеттік кредиттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36331 болып тіркелген) бұйрығымен;
"Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдер бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен;
"Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыздар алудың, мемлекеттік кепіргерліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 331 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36364 болып тіркелген) бұйрығымен.
77. Аудиторлық дәлелдемелердің көздері мыналар:
мемлекеттiк мекеменiң міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспары;
бюджеттің атқарылуы ережелерінің 91 қосымшасына сәйкес 5-15-нысаны бойынша мемлекеттiк мекеменiң жүргізген төлемдері бойынша күнделікті үзінді көшірмелері;
бюджеттің атқарылуы ережелерінің 92 қосымшасына сәйкес 5-15А-нысаны бойынша ақшаны алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша (мемлекеттік мекемелер/квазимемлекеттік сектор қызметкерлерге еңбекақы және басқа да ақшалай төлемдерді, жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына немесе ақша алушылардың жинақ шоттарына стипендияларды, төлемдерді және әлеуметтік аударымдарды аудару бойынша) үзінді көшірмелері;
бюджеттің атқарылуы ережелерінің 54 қосымшасына сәйкес 5-20-нысаны бойынша қолма-қол ақшаның бақылау шоттарынан үзінді көшірмелері (бұдан әрі - ҚБШ)/ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есеп шоттары;
бюджеттің атқарылуы ережелерінің 56 қосымшасына сәйкес 8-17-нысаны бойынша шетел валютасындағы шоттар, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, мемлекеттік мекемелердің сыртқы қарыздарының немесе байланысты гранттарының арнайы шоттарына берілетін шоттар бойынша үзінді көшірмелері;
бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережелерінің 5 қосымшасына сәйкес 4-20-нысаны бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп, Бюджеттің атқарылуы ережелерінің 105 қосымшасына сәйкес 5-17-нысаны бойынша қалпына келтірулер мен ауыстырулар тізілімі, 57 қосымшасына сәйкес 5-30-нысаны бойынша ақылы қызметтердің ҚБШ-сындағы қалдық, 55 қосымшасына сәйкес 5-33-нысаны бойынша ақылы қызметтердің ҚБШ-сындағы қалдық туралы есеп, 52 қосымшасына сәйкес 5-34-нысаны бойынша тиісті бюджеттің ҚБШ-сының жай-күйі туралы есеп, 59 қосымшасына сәйкес 5-34А-нысаны бойынша ақылы қызметтердің, демеушілік және қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантті қайта айырбастаудың ҚБШ-ларындағы немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдық туралы есеп, 58 қосымшасына сәйкес 8-07-нысаны бойынша шетел валютасындағы шоттардағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарыындағы, мемлекеттік мекемелердің сыртқы қарыздарының немесе байланысты гранттарының арнайы шоттарына берілетін шоттардағы қалдықтар туралы есеп нысандары бойынша есептер;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 82 қосымшасына сәйкес 292-нысаны бойынша демеушілік және қайырымдылық көмек, уақытша ақшаны салу, шетел валютасындағы шот және арнайы шоттар, басқа да ақшалай қаражат, қаржы инвестициялары мен қаржы міндеттемелерінің ҚБШ кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 72 қосымшасына сәйкес 294-а-нысаны бойынша сәйкес жоспарлы тағайындаулардың және төленген міндеттемелердің талдамалық есебінің карточкасы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 92 қосымшасына сәйкес 297-нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаны есепке алу кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 108 қосымшасына сәйкес № 308-нысаны бойынша "Бас-Журнал" кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 73 қосымшасына сәйкес № 381-нысаны бойынша 1-мемориалды ордері кассалық операциялар бойынша жинақтаушы ведомості;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 74 қосымшасына сәйкес № 381-нысаны бойынша 2-мемориалды ордері мемлекеттiк мекеменің кодтарында қаражат қозғалысы бойынша жинақтаушы ведомості;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 75 қосымшасына сәйкес 381-нысаны бойынша 3-мемориалды ордер – ақылы қызметтердің ҚБШ- сындағы, демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ-сындағы, ақшалай қаражатты уақытша орналастырудың ҚБШ-сындағы, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-сындағы, нысаналы қаржыландырудың ҚБШ-сындағы, шетел валютасындағы шотта және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарында ақша қаражатын есепке алу жөніндегі жинақтау ведомості;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 76 қосымшасына сәйкес 440-нысан бойынша кассалық кітап;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 79 қосымшасына сәйкес 453-нысаны бойынша мақсатты тағайындау бойынша қолма-қол ақшаны бақылау кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 80 қосымшасына сәйкес 454-нысаны бойынша ақылы қызмет, демеушілік және қайырымдылық көмектен, уақытша ақша салудан келіп түскен, жергілікті өзін-өзі басқару, нысаналы қаржыландыру бойынша мақсатты тағайындау бойынша қолма-қол ақшаны пайдалану кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 65 қосымшасына сәйкес 456-нысаны бойынша ағымдағы шотқа тиесілі ақшалай төлемді аудару тізімі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 67 қосымшасына сәйкес КО-1-нысаны бойынша кіріс кассалық ордері Нысандарының;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 68 қосымшасына сәйкес КО-2-нысаны бойынша шығыс кассалық ордері;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 54 қосымшасына сәйкес 49-нысан бойынша есеп айырысу-төлем ведомосі;
төлеуге берілетін шот, төлем тапсырмасы, чек кітапшалары, корпоративтік төлем картасы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 69 қосымшасына сәйкес КО-3-нысаны бойынша кассаның кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу журналы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 70 қосымшасына сәйкес КО-4-нысаны бойынша кассалық кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 110 қосымшасына сәйкес 401-нысаны бойынша түгендеу тізімдемесі (салыстырма тізім);
ақшалай қаражаты мен олардың баламаларын түгендеу актілері;
ақшалай қаражаты мен олардың баламаларын есепке алу үшін Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомында көзделген өзге де нысандар;
бюджеттік есептілік нысаны.
78. Ақшалай қаражат пен олардың баламаларын есепке алу аудиті аудиторлық дәлелдемелердің көздері болып табылатын бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің негізінде жүргізіледі.
Ақшалай қаражаттар бойынша бухгалтерлік есепке алудың тіркелімдерін зерделей отырып, қандай баптар міндетті түрде тексеруге жататынын және қай баптарға қандай аудиторлық іріктеп бөлуді қолдану қажет екенін анықтау қажет. Аудиторлық рәсімдерді жүргізу үшін мемлекеттік аудитор мемлекеттік қазынашылық органдарында аудит объектісі шоттарының болуын белгілеуі және екінші деңгейдегі банктерде есепті кезеңнің соңына шоттар үзінділерін сұратуы қажет.
Аудит объектісінің барлық банктік шоттары міндетті түрде тексеруге жатады. Мемлекеттік аудитор тексерілетін кезеңнің басына ақшалай қаражат шоттары бойынша қалдықтар алдыңғы кезең қалдықтарына сәйкес келуі тиіс екеніне көз жеткізеді.";
86 және 87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Мемлекеттік аудитор ақшалай шоттардан сомаларды аудару бойынша операцияларды есепке алу дұрыстығын тексеруі қажет.
Қаражаттарды аудару кезінде төлем құжаттарын мемлекеттік қазынашылық органдарының үзінді көшірмелерімен, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарымен салыстырып тексерген, шоттар корреспонденциясының дұрыстығын көрсеткен жөн.
Мемлекеттік аудитор есепті жылдың соңына жоспарлы тағайындаулар сомасының қалдықтары пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулардың сомасына түзетілгеніне көз жеткізуі қажет.
87. Мемлекеттік аудитор есепке алу баптарының қандайын мұқият зерделеу керек екенін және қандай жағдайларда аудиторлық іріктемені және (немесе) қолайлы төмен деңгейге дейін жалпы аудиторлық тәуекелді төмендету үшін талдамалық рәсімдерді қолдану керек екендігін шешуі қажет.
Мемлекеттік аудитор шоттар бойынша операциялардың көлеміне байланысты төлем құжаттарын тұтас немесе іріктеп тексеруді жүзеге асырады.
Егер қателер саны мен қате ресімделген төлем құжаттарының мемлекеттік аудитор жоспарлаған рұқсат етілген қателер санынан (маңыздылық шегінен) асса, іріктемені ұлғайту орынды болады.
Мемлекеттік аудитор іріктеу элементтерін бас жиынтықтың әрбір элементі іріктемеге түсуге бірдей ықтималдығы болатындай етіп таңдауы қажет. Төлеуге шоттардың жиынтығы және мемориалды ордерлерде оларға сәйкес келетін жазбалар бас жиынтық болып табылады.
Ықтимал қателер мен бұрмалаушылықтар мемлекеттік қазынашылық органдарының үзінді көшірмелеріне ақтау құжаттарының болмауы немесе ақшалай операциялары есепке алу бойынша қате корреспонденттік шоттар нәтижесінде туындайды.";
95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"95. Аудиторлық дәлелдер көздері:
акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтарын қабылдап алу-беру актілері, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттік қатысу үлесін иелену мен пайдалану құқықтарын қабылдап алу-беру актілері, мемлекеттік меншікті қабылдап алу-беру актілері;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының OС-1-нысаны активтерін қабылдап алу-беру (ауыстыру) актілері, беру актілері, жарғылық капиталының мөлшері туралы анықтамалар, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылары, мемлекеттік мүлікті иелік ету жөніндегі уәкілетті органның хаттары мен бұйрықтары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына салымдар аудару туралы мемлекеттік қазынашылық органдардын үзінді-көшірмелер мен төлем тапсырмалары, бағалы қағаздар үшін төлеуге мүлікті (активтерді) беруге жүкқұжаттар, пайданы бөлу туралы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің анықтамалары, хаттамалары/шешімдері, таза табыстың бір бөлігін бюджетке аудару, қарыздарды өтеу және қызмет көрсету туралы қарыз алу шарттары, төлем тапсырмалары, түгендеу тізімдемесі;
бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның куәлігі, жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы;
мемлекеттік мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспары;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 106 қосымшасына сәйкес 283-нысаны бойынша көп бағанды карточка;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 106 қосымшасына сәйкес 283-нысаны бойынша көп бағанды карточка;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 82 қосымшасына сәйкес 292-нысаны бойынша демеушілік және қайырымдылық көмек, уақытша ақшаны салу, шетел валютасындағы шот және арнайы шоттар, басқа да ақшалай қаражат, қаржы инвестициялары мен қаржы міндеттемелерінің ҚБШ кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 83 қосымшасына сәйкес 292-а-нысаны бойынша карточка;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 71 қосымшасына сәйкес 294-нысаны бойынша жоспарлы тағайындаулар мен шығыстар кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 108 қосымшасына сәйкес 308-нысаны бойынша "Бас-Журнал" кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 93 қосымшасына сәйкес 409 нысаны бойынша 15-мемориалды ордер – айырбасталмайтын операциялардан кірістерді аударудың жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 95 қосымшасына сәйкес 409-б нысаны бойынша 17-мемориалды ордер – активтерді басқарудан кірістерді жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 97 қосымшасына сәйкес 458 нысаны бойынша 19-мемориалды ордер – операциялық шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 99 қосымшасына сәйкес 458-б нысаны бойынша болып табылады 21-мемориалды ордер – активтерді басқару бойынша шығыстарды есептеудің жинақтаушы ведомосі.";
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"139. Аудиторлық дәлелдемелер көздері мыналар болып табылады:
мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспары;
қорларды жеткізу шарттары, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, актілер, түгендеу тізімдемелері;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 116 қосымшасына сәйкес АТ-3-нысаны бойынша жеңіл/жүк автомобилінің жолдама парағы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 26 қосымшасына сәйкес М-2а-нысаны бойынша сенімхат;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 27 қосымшасына сәйкес М-3-нысаны бойынша берілген сенімхаттарды есепке алу журналы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 30 қосымшасына сәйкес МБ-6-нысаны бойынша арнайы киімді және басқа да жеке пайдалану заттарын есепке алудың жеке карточкасы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 31 қосымшасына сәйкес МБ-7-нысаны бойынша арнайы киімді және басқа да жеке пайдалану заттарын беруді (қайтаруды) есепке алу ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 28 қосымшасына сәйкес М-17-нысаны бойынша қорларды қоймаға есепке алу кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 29 қосымшасына сәйкес М-44 нысаны бойынша қорлар шоттары бойынша айналым ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 83 қосымшасына сәйкес 292-а нысаны бойынша карточкасы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 32 қосымшасына сәйкес 296 нысаны бойынша қорларды есепке алудың сандық сомалық кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 33 қосымшасына сәйкес 296-а нысаны бойынша қорларды есепке алудың сандық сомалық кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 34 қосымшасына сәйкес 296-б нысаны бойынша қорларды есепке алудың сандық сомалық кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 35 қосымшасына сәйкес 299 нысаны бойынша азық-түлік беруге арналған мәзір-талап;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 36 қосымшасына сәйкес 300 нысаны бойынша тамақ өнімдерінің кірісі бойынша жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 37 қосымшасына сәйкес 321 нысаны бойынша толық материалдық жауапкершілік туралы үлгі шарт;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 38 қосымшасына сәйкес 325 нысаны бойынша сынған ыдыстарды тіркеу журналы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 41 қосымшасына сәйкес 397 нысаны бойынша жем-шөп пен фуражды беру ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 43 қосымшасына сәйкес 399 нысаны бойынша тамақ өнімдерінің шығысы бойынша жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 44 қосымшасына сәйкес 402 нысаны бойынша арнайы киім мен басқа да жеке пайдалану заттарының қозғалысы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 45 қосымшасына сәйкес 410 нысаны бойынша мемлекеттік мекемесінің қажетіне арналған материалдарды беру ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 47 қосымшасына сәйкес 412 нысаны бойынша арнайы киім жеке пайдаланыт заттар мен пайдаланудағы басқа да заттардың қозғалысын жедел (сандық) есепке алу ведомості;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 48 қосымшасына сәйкес 429 нысаны бойынша қорларды қабылдау актісі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 49 қосымшасына сәйкес 431 нысаны бойынша сыртқы карта;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 120 қосымшасына сәйкес 434-с нысаны бойынша қорларды шетке беруге арналған жүкқұжат;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 50 қосымшасына сәйкес 434-з нысаны бойынша қорларды ішке орналастыру жүкқұжаты;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 52 қосымшасына сәйкес 443-а нысаны бойынша арнайы киімді және басқа да жеке пайдаланудағы заттарды баланстан есептен шығару актісі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 53 қосымшасына сәйкес 457 нысаны бойынша жүргізушілердің есептілігінен жанар және жағар майларды есептен шығару ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 86 қосымшасына сәйкес 406 нысаны бойынша 8-мемориалды ордер – есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 51 қосымшасына сәйкес 438 нысаны бойынша 10-мемориалды ордер – "Арнайы киімді және басқа да жеке пайдаланудағы заттарды шығару және орналастыру жинақтау ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 42 қосымшасына сәйкес 398 нысаны бойынша 11-мемориалды ордер – "Тамақ өнімдерін кіріске алу жөніндегі жинақтаушы ведомостер жиыны";
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 46 қосымшасына сәйкес 411 нысаны бойынша 12-мемориалды ордер – "Тамақ өнімдерін жұмсау жөніндегі жинақтаушы ведомостер жиыны";
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 40 қосымшасына сәйкес 396 нысаны бойынша 13-мемориалды ордер – "Материалдар жұмсау жөніндегі жинақтаушы ведомосі";
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 108 қосымшасына сәйкес 308 нысаны бойынша "журнал-бас" кітабы.";
160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"160. Дебиторлық және кредиторлық берешекке, қызметкерлермен есеп айырысуына аудит жүргізген кезде мемлекеттік аудитор:
Қазақстан Республикасының Кодексін Салық Кодексін;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
Қазақстан Республикасының мынадай заңдарын:
"Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы";
"Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы";
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай:
"Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428;
"Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 29 тамыз № 1127;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен бекітілген Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12731 болып тіркелген);
"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулыларын, сондай-ақ осы Стандарттың 94-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да қаулыларын;
"Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы" 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбп;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 237 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32881 болып тіркелген) Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын;
осы Стандарттың 76 және 94-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасы қаржы және ұлттық экономика министрлерінің бұйрықтарын;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мекемелердің таза табысының бір бөлігін аудару нормативтері жөніндегі қаулыларын басшылыққа алады.
Аудиторлық дәлелдемелердің көздері мыналар болып табылады:
тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге азаматтық-құқықтық мәмілелер, мемлекеттік сатып алу нәтижесі туралы хаттамалары, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілері, төлем құжаттар, өзара есептесуді салыстыру актілері, түгендеу актілері, дебиторлармен және кредиторлармен есептесуді түгендеу актісіне анықтама;
жеке салық шоттары, міндетті зейнетақы жарналары бойынша және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жарналар бойынша жеке шоттар;
аванстық есептер;
таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы бұйрықтар мен хаттамалардың, бюджет кірісіне таза табыстың бір бөлігін аударуға төлем тапсырмаларының көшірмелері;
көрсетілген ақылы қызметтер және жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай қаражаттың өндірілген сомалары жөніндегі ақпарат, төлем тапсырмалары мен төлеу туралы түбіртектер және қызмет көрсету фактісін растайтын басқа да құжаттар;
сот органының атқару парақтары, сот талқылаулары мен кінәраттар туралы ақпарат, мемлекет кірісіне тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы сот шешімі, тұрақсыздық айыбын төлеу туралы хабарлама;
мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша және төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспары;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 56-қосымшасына сәйкес 405-нысан бойынша 5-мемориалды ордер – "Еңбекақы мен стипендиялар бойынша есептеу ведомостерінің жиынтығы";
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 88-қосымшасына сәйкес 408-нысан бойынша 6-мемориалды ордер – ұйымдармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 89-қосымшасына сәйкес 408-нысан бойынша 7-мемориалды ордер – аванстық төлемдер тәртібінде есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 86-қосымшасына сәйкес 406-нысан бойынша 8-мемориалды ордер – есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 93-қосымшасына сәйкес 409-нысан бойынша 15-мемориалды ордер – айырбасталмайтын операциялардан түскен кірістерді есептеудің жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 94-қосымшасына сәйкес 409-а нысан бойынша 16-мемориалды ордер – тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) сатудан кірістерді аударудың жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 95-қосымшасына сәйкес 409-б нысаны бойынша 17-мемориалды ордер – активтерді басқарудан кірістерді аударудың жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 96-қосымшасына сәйкес 409-в нысан бойынша 18-мемориалды ордер – басқа да операциялар бойынша кірістерді аударудың жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 97-қосымшасына сәйкес 458-нысан бойынша 19-мемориалды ордер – операциялық шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 98-қосымшасына сәйкес 458-а нысаны бойынша 20-мемориалды ордер – бюджеттік төлемдер бойынша шығыстарды есептеудің жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 99-қосымшасына сәйкес 458-б нысаны бойынша 21-мемориалды ордер – активтерді басқару бойынша шығыстарды есептеудің жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 100-қосымшасына сәйкес 458-в нысаны бойынша 22-мемориалды ордер – өзге операциялар бойынша шығыстарды есептеудің жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 106-қосымшасына сәйкес 283-нысаны бойынша көп бағанды карточка;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 83-қосымшасына сәйкес 292-а нысаны бойынша карточка;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 71-қосымшасына сәйкес 294-нысаны бойынша жоспарлы тағайындаулар мен шығыстар кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 108-қосымшасына сәйкес 308-нысаны бойынша "Бас-Журнал" кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 57-қосымшасына сәйкес 417-нысаны бойынша карточка-анықтама (жеке шот);
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 112-қосымшасына сәйкес 437-нысан бойынша алиментті өндіріп алу туралы орындаушылық парақты есепке алу кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 77-қосымшасына сәйкес 450-нысаны аз қамтылған отбасылардың балаларына жәрдемақы төлеу ведомосі;
бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларының 4-КБ-Б, 4-КБ-П нысандары бойынша кредиторлық берешек туралы есеп;
бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларының 5-ДБ-Б, 5-ДБ-П нысандары бойынша дебиторлық берешек туралы есеп;
бюджет қаражатының есебінен кредиторлық берешектің пайда болу себептері туралы ақпарат;
бюджет қаражатының есебінен дебиторлық берешектің пайда болу себептері туралы ақпарат;
өзге қаражат есебінен, сондай-ақ жетіспеушіліктер мен талан-таражға салу нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен пайда болған кредиторлық берешек;
аудит объектісінің бұйрықтары;
аудит объектісі бекіткен штат кестесі;
аудит объектісі мен қызметкер арасында жасалған еңбек шарттары;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 54-қосымшасына сәйкес 49 нысаны бойынша есеп айырысу-төлеу ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 81-қосымшасына сәйкес 286 нысаны бойынша аванстық есеп;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 106-қосымшасына сәйкес 283 нысаны бойынша көп бағанды карточка;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 50-қосымшасына сәйкес 292-а нысаны бойынша карточка;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 55-қосымшасына сәйкес 389 нысаны бойынша төлем ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 57-қосымшасына сәйкес 407 нысаны бойынша кредитке сатып алынған тауарлар үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысынан ақша ұстап қалу тізілімі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 50-қосымшасына сәйкес 417 нысаны бойынша карточка-анықтамасы (жеке шот);
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 58-қосымшасына сәйкес 421 нысаны бойынша жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 59-қосымшасына сәйкес 423 нысаны бойынша жұмыс өнімділігін есепке алу картасы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 60-қосымшасына сәйкес 424 нысаны бойынша наряд;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 61-қосымшасына сәйкес 425 нысаны бойынша демалыс беру туралы (босату) есеп;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 62-қосымшасына сәйкес 441 нысаны бойынша депозитке салынған еңбекақыны және стипендияларды талдамалы есепке алу кітабы;
жою;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 63-қосымшасына сәйкес 451 нысаны бойынша міндетті зейнетақы жарналарының есепке алу карточкасы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 64-қосымшасына сәйкес 455 нысаны бойынша салым бойынша жеке шотқа тиесілі жалақыны аудару үшін тізім;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 65-қосымшасына сәйкес 456 нысаны бойынша ағымдағы шотқа тиесілі ақшалай төлемді аудару тізім;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 66-қосымшасына сәйкес 463 нысаны бойынша пайдаланылмаған демалыстар бойынша резерв есебі;
мүліктік жалдауға (жалға алуға) қабылдап алу-беру актілері;
мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары;
аудиторлық дәлелдемелердің басқа көздері.";
194-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"194. Ұзақ мерзімді активтерге аудит жүргізген кезде мемлекеттік аудитор: "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай қаулыларын:
2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы";
осы Стандарттың 138-тармағындағы көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген);
осы Стандарттың 76-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарын басшылыққа алады.
Аудиторлық дәлелдемелер көздері мыналар болып табылады:
мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспары;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 1-қосымшасына сәйкес НҚ-1 нысаны бойынша негізгі құралдар мен инвестициялық жылжымайтын мүлікті қабылдау-тапсыру (орналастыру) актісі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 5-қосымшасына сәйкес НҚ-3 нысаны бойынша негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті есептен шығару актісі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 6-қосымшасына сәйкес НҚ-4 нысаны бойынша автокөлік құралдарын есептен шығару актісі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 9-қосымшасына сәйкес НҚ-6 нысаны бойынша мемлекеттік мекемелерде негізгі құралдарды және инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алудың түгендеу карточкасы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 10-қосымшасына сәйкес НҚ-8 нысаны бойынша мемлекеттік мекемелерде ауыл шаруашылығы қызметімен байланысты емес жануарларды (жұмыс малын), өсімдіктерді есепке алудың түгендеу карточкасы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 11-қосымшасына сәйкес НҚ-9 нысаны бойынша мемлекеттік мекемелерде негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті топтық есепке алудың түгендеу карточкасы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 15-қосымшасына сәйкес ҰА-10 нысаны бойынша мемлекеттік мекемелерде ұзақ мерзімді активтерді есепке алу бойынша түгендеу карточкаларының тізімдемесі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 16-қосымшасына сәйкес ҰА-13 нысаны бойынша ұзақ мерзімді активтерді түгендеу тізімі (олардың тұрған және пайдалану орны бойынша);
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 25-қосымшасына сәйкес 459 нысаны бойынша ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау сомасын есептейтін әзірлеме кестесі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 23-қосымшасына сәйкес 443 нысаны бойынша құралдарды, өндірістік және шаруашылық мүкәммалды теңгерімнен есептен шығару актісі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 24-қосымшасына сәйкес 444 нысаны бойынша мемлекеттік мекемелерде кітапханадан әдебиеттерді есептен шығару актісі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 17-қосымшасына сәйкес 326-НҚ нысаны бойынша негізгі құралдар бойынша айналым ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 19-қосымшасына сәйкес 326-ИЖ нысаны бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлік бойынша айналым ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 20-қосымшасына сәйкес 326-БА нысаны бойынша биологиялық активтер бойынша айналым ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 18-қосымшасына сәйкес 326-МА нысаны бойынша материалдық емес активтер бойынша айналым ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 21-қосымшасына сәйкес 434 нысаны бойынша ұзақ мерзімді активтерді ішкі орналастыруға жүкқұжат;
жобалау-сметалық құжаттама;
ұзақ мерзімді активтерді жеткізуге, ғылыми-зерттеу және тәжірібие-конструкторлық жұмыстарға шарттар;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 2-қосымшасына сәйкес БА-1 нысаны бойынша биологиялық активтерді (жануарларды) қабылдау-тапсыру (орналастыру) актісі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 3-қосымшасына сәйкес БА-1А нысаны бойынша биологиялық активтерді (өсімдіктерді) қабылдау-тапсыру (орналастыру) актісі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 7-қосымшасына сәйкес БА-2 нысаны бойынша биологиялық активтерді (жануарларды) есептен шығару актісі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 12-қосымшасына сәйкес БА-3 нысаны бойынша мемлекеттік мекемелерде биологиялық активтерді (жануарларды) есепке алудың түгендеу карточкасы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 13-қосымшасына сәйкес БА-3А нысаны бойынша мемлекеттік мекемелерде биологиялық активтерді (өсімдіктерді) есепке алудың түгендеу карточкасы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 4-қосымшасына сәйкес НОС-1 нысаны бойынша материалдық емес активтерді кабылдау-тапсыру актісі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 121-қосымшасына сәйкес НОС-3 нысаны бойынша материалдық емес активтерді есептен шығару актісі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 14-қосымшасына сәйкес НОС-6 нысаны бойынша материалдық емес активтерді есепке алудың түгендеу карточкасы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 89-қосымшасына сәйкес 408 нысаны бойынша 6-мемориалды ордер ұйымдармен есеп бойынша жинақтау ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 22-қосымшасына сәйкес 438 нысаны бойынша 9-мемориалды ордер ұзақ мерзімді активтерді шығару және орналастыру бойынша жинақтау ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 98-қосымшасына сәйкес 458 нысаны бойынша 19-мемориалды ордер операциялық шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 108-қосымшасына сәйкес 308 нысаны бойынша "Бас журнал" кітабы.";
244-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"244. Ақпарат көздері болып:
Бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін, сонымен қатар Бюджет атқарылуының қағидасын қоспағанда осы Стандарттың 76-тармағындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтары ақпарат көздері болып табылады.
Аудиторлық дәлелдемелер көздері:
мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша және төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары;
автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру шарттары, сақтандыру полистері, мерзімді баспаға жылдық жазылымды төлеу туралы түбіртек, аванстық кітапшалар (почта жөнелтілімдерін төлеуге), төлем тапсырмалары, төлеуге берілетін шоттар, салыстырып тексеру актілері, концессия шарттары (құқық беру модельдері бойынша);
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 83 қосымшасына сәйкес 292-а нысаны бойынша карточка;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 89 қосымшасына сәйкес 408 нысаны бойынша 7 – аванстық төлемдер тәртібінде есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомості мемориалды ордері;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 95 қосымшасына сәйкес 409-б нысаны бойынша 17 - активтерді басқарудан кірістерді аударудың жинақтаушы ведомосі мемориалды ордері;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 97 қосымшасына сәйкес 458 нысаны бойынша 19 - операциялық шығыстарды есептеудің жинақтау ведомості мемориалды ордері;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 108 қосымшасына сәйкес 308 нысаны бойынша "Бас-Журнал" кітабы;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 90 қосымшасына сәйкес 460 нысаны бойынша болашақ кезеңдердің кірістерін есепке алудың айына ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 91 қосымшасына сәйкес 461 нысаны бойынша болашақ кезеңдердің шығыстарын есепке алудың ведомосі.";
257-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"257. Мемлекеттік аудиторға шығындарды алдағы кезеңдер шығыстарына жатқызу заңдылығына көз жеткізу қажет. Сақтандыру полисі үшін, жазылымға, аванстық жалға алу төлемін төлеуге қаражат аудару кезінде төлем құжаттарын инспекциялау, оларды мемлекеттік қазынашылық органдардын үзінді көшірмелерімен, қаржыландырудың жеке жоспарымен салыстырып тексеру, шоттар корреспонденцияларының дұрыс көрсетілуін тексеру қажет.";
268-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"268. Аудиторлық дәлелдемелердің көздері:
мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша және төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары;
тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер) жеткізуге азаматтық-құқықтық мәмілелер;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 87 қосымшасына сәйкес 406 нысаны бойынша 14-мемориалды ордері балаларды бағып - ұстағаны үшін ата-аналармен есеп айырысу бойынша ведомостер жиыны;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 93 қосымшасына сәйкес 409 нысаны бойынша 15-мемориалды ордері айырбасталмайтын операциялардан түскен кірістерді аударудың жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 94 қосымшасына сәйкес 409-а нысаны бойынша 16-мемориалды ордері тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) сатудан кірістерді аударудың жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 95 қосымшасына сәйкес 409-б нысаны бойынша 17-мемориалды ордері активтерді басқарудан кірістерді аударудың жинақтаушы ведомосі";
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 96 қосымшасына сәйкес 409-в нысаны бойынша 18-мемориалды ордері өзге операциялар бойынша кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі";
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 97 қосымшасына сәйкес 458 нысаны бойынша 19-мемориалды ордері операциялық шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі";
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 98 қосымшасына сәйкес 458-а нысаны бойынша 20-мемориалды ордері бюджеттік төлемдер бойынша шығыстарды есептеудің жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 99 қосымшасына сәйкес 458-б нысаны бойынша 21-мемориалды ордері активтерді басқару бойынша шығыстарды есептеудің жинақтаушы ведомосі;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 100 қосымшасына сәйкес 458-в нысаны бойынша 22-мемориалды ордері өзге операциялар бойынша шығыстарды есептеудің жинақтаушы ведомосі;
касса құжаттары;
бухгалтерлік құжаттама нысандарының 108 қосымшасына сәйкес 308-нысаны бойынша "Бас-Журнал" кітабы;
қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес ҚЕ-4-нысаны бойынша қаржылық есептілік;
бюджеттік есептілік.";
305-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"305. Пікірді білдіру үшін мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікте жосықсыз әрекеттермен немесе қателікпен туындаған елеулі бұрмалаулардың жоқ екеніне сенімді болуға тиіс.
Егер мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулардың жоқ екеніне жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме ала алмаса, ол пікірін қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепте ескертпемен білдіруі тиіс.
Қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепте жоғары деңгейлі сенімділік және аудит барысында алынған дәлелдемелерді негізге ала отырып, қаржылық есептілік бойынша нақты білдірілген пікір болуы тиіс.
Егер мемлекеттік аудитор бухгалтерлік еесп жүргізудің белгіленген талаптарға сәйкес келетіні, қаржылық есептіліктің дәйекті есептік деректер негізінде жасалғаны, елеулі қателіктердің жоқ екені, аудит бағдарламасына сәйкес аудит жүргізу үшін барлық ақпараттың алынғаны туралы пікір білдірсе, ол қаржылық есептілік бойынша оң аудиторлық есеп қабылдайды.
Егер аудит объектісінде бухгалтерлік есеп жүргізілмесе немесе бухгалтерлік құжаттар жоғалса пікір білдіруден бас тартумен қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп беріледі. Ішкі мемлекеттік аудит органының басшысымен мемлекеттік аудит объектісіне және аудит объектісімен басқаратын немесе басшылықты жүзеге асыратын жоғарғы тұрған органға бухгалтерлік есепті белгіленген мерзімдерде қалпына келтіру туралы талаппен нұсқама жібереді. Осы ретте сәйкесінше жылдың мемлекеттік аудит объектілер тізбесіне тиісті өзгерістер енгізіледі;
Мемлекеттік аудитор қаржылық есептіліктің (шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) кемінде 50% -ы аудитпен қамтылған жағдайларда негізделген пікір білдіреді.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жүз жиырма алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
