Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 6-НҚ және "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 18 қарашадағы № 14-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 қарашада № 37442 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:

      3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) тапсырма – аудиторлық іс-шараны жүргізуге және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы шешімдерінің орындалуын тексеруге құқық беретін ресми құжат, "Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21964 болып тіркелген) сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркей отырып, қатаң есептілік бланкісінде ресімделеді.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеуді мемлекеттік аудит тобының барлық қатысушылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын аудиторлық іс-шараларды қоспағанда, мемлекеттік аудит объектісіне бармай, олардың қызметі туралы мемлекеттік аудиттің типін, тексеру түрі мен мемлекеттік аудит объектілерін, аудиторлық іс-шарамен қамтылатын қаражат және активтер көлемін, мемлекеттік аудит жүргізу мерзімдерін нақтылауға, мемлекеттік аудит мәселелерін айқындауға, соның ішінде қаражаттың жұмсалуы туралы мәліметтерде және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 110-бабына сәйкес жүргізілген ағымдағы бақылау нәтижелерінде көзделген деректерді өзекті етуге қажетті ақпаратты жинау және талдау жолымен жүргізіледі.";

      47-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық қорытынды және бюджет қаражатын, оның ішінде заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді, нысаналы трансферттер, бюджеттік инвестицияларды, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына және Мемлекеттік аудит туралы заңға сәйкес жүргізілетін аудит нәтижелерін;";

      52-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      2) құқық қорғау органдары және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдары құқық белгілеуші, соның ішінде бастапқы құжаттарды алып қойған;

      3) мемлекеттік аудиттің жоспарланған күніне құқық қорғау органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары тексерулер жүргізген немесе жоспарланған аудиторлық іс-шараның мақсаты, бюджеттік бағдарламалары және кезеңі бойынша басқа мемлекеттік аудит органдары жоспардан тыс аудит жүргізген;";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының келісімі бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс-шара жүргізу туралы хабарламаны дайындайды және Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қол қоюымен тікелей мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудит жүргізудің (үстеме тексеруді қоспағанда) негізгі кезеңі басталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік аудит объектісіне жібереді.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Құқық қорғау органдары және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік аудит объектісіндегі құжаттарды алып қойған, сарапшылар мемлекеттік аудит жүргізуден бас тартқан, мемлекеттік аудит нәтижелерін таныған, мемлекеттік аудитор, аудиторлық топтың мүшесі еңбекке қабілетсіздігіне байланысты ұзақ уақыт болмаған жағдайларда Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі немесе Тапсырмаға қол қойған лауазымды адам тіркелген Тапсырманың күшін жоюға келісім берген мемлекеттік аудит тобы жетекшісінің, мемлекеттік аудитті жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты бөлімше басшыларының қолы болған кезде, оның оң жақ жоғарғы бұрышына қойылатын "Тапсырманың күші жойылды" деген мәтіні бар мөртаңбаға өзінің қолын қою арқылы растай отырып Тапсырманың күшін жояды. Тапсырманың артқы бетінде (мөртаңбаның бедері деңгейінде) оның күшін жоюдың себептері және осындай шешімнің қабылданған күні көрсетіледі.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Аудиторлық есептердің жобалары (аудиторлық есептер), жүйелі кемшіліктер кестелері және оларға қоса берілген Тізілімдер бойынша сапа бақылауы рәсімі және заң сараптамасы 750. Рәсімдік стандартта, осы стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      Аудиторлық есептердің жобалары (аудиторлық есептер), жүйелі кемшіліктер кестелерінің және оларға қоса берілген Тізілімдер бойынша сапа бақылауы рәсімін сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше), заң сараптамасын - құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.

      Аудиторлық есептің жобасына бұзушылықтардың қосымша фактілерін енгізген және (немесе) бұзушылықтар фактілерін алып тастаған кезде сапаны бақылау рәсімі және заң сараптамасы осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес жүргізіледі.";

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Аудиторлық іс-шараның нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік аудит объектісінің басшылығы Заңның 37-бабының 2 және 3-тармақтарын ескере отырып, Аудиторлық есепке жазбаша қарсылықтарын қол қойылған Аудиторлық есеп мемлекеттік аудит объектісіне жіберілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына ұсынады.

      Көрсетілген мерзім өткен соң келіп түскен Аудиторлық есепке қарсылықтар қаралмайды.";

      112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Нұсқаманың, Жиынтық кестенің және Жиынтық тізілімнің жобалары сапа бақылауы рәсімі жүргізілгеннен кейін Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылып, Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысы өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік аудит объектісіне және мүдделі тараптарға қарау үшін жіберіледі.

      Мемлекеттік аудит объектісі және мүдделі тараптар Нұсқаманың, Жиынтық кестенің және Жиынтық тізілімнің жобаларымен келіспеген жағдайда, Жоғары аудиторлық палатаға (Тексеру комиссиясына) жазбаша қарсылықтарын оларды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынады.

      Нұсқаманың, Жиынтық кестенің және Жиынтық тізілімнің жобаларына қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектісінің атына әрбір факт бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдер көрсетіле отырып, дәлелді жауап жіберіледі.

      Аудиторлық есепке бұрын жіберілген қарсылықтарды қайталайтын, жиынтық кесте мен жиынтық тізілімге қатысты қарсылықтар қарауға жатпайды.

      Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің және Нұсқаманың жобалары Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылып, мемлекеттік аудит объектісіне Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысына дайындалу мақсатында Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысы өткізілгенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Қаулы мен Нұсқаманың жобалары мемлекеттік аудит объектілері және мүдделі тараптар қарсылықтарының қаралуын ескере отырып, Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысына шығарылады.";

      128-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Қаулылар мен Аудиторлық қорытындыларды толық көлемінде мыналарға:

      Жоғары аудиторлық палата - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және құқық қорғау органдарына және ұлттық қауіпсіздік органдарына;

      Тексеру комиссиялары - облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органына, тиісті мәслихатқа және құқық қорғау органдарына және ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберуі мүмкін.";

      131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "131. Үстеме тексеру жүргізу үшін әрбір мемлекеттік аудит объектісіне осы Қағидалардың 59-тармағында көзделген нысан бойынша үстеме тексеру жүргізуге жеке Тапсырма ресімделеді және қажет болған жағдайда осы Қағидалардың 69-тармағына сәйкес Талап ұсынылады.";

      154-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету және (немесе) азайту арқылы қалпына келтіру және Нұсқаманы орындау мақсатында сотқа талап қоюды ұсыну болып табылады.".

      4-тараудың 4-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Құқық қорғау органдарына, ұлттық қауіпсіздік органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға материалдар беру";

      160-тармақтың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік аудиторлар құқық қорғау органдарына, ұлттық қауіпсіздік органдарына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға беру үшін құқық бұзушылықтарға жол берген адамдардан жазбаша түсініктемелер және анықталған құқық бұзушылықтың белгілерін растайтын, лауазымды адамдардың қолымен немесе ұйымның мөрімен расталған құжаттардың төлнұсқаларының көшірмелерін (бұдан әрі – құжаттар тізбесі) жасауды талап етеді:";

      161-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "161. Жоғары аудиторлық палатаның материалдарды құқық қорғау органдарына және ұлттық қауіпсіздік органдарына беруі Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 4-НҚ нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 41, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 1, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 12 наурыздағы № 37 бірлескен бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 34165 болып тіркелген) Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      4-тараудың 5-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету және (немесе) азайту арқылы қалпына келтіру және нұсқаманы орындау мақсатында сотқа талап қою";

      162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "162. Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) сотқа талап қоюды Нұсқамалардың, соның ішінде бюджетке өтеудің, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету және (немесе) азайту арқылы қалпына келтірудің қажеттігін қамтитын тапсырмалық тармақтары көрсетілген мерзімдерде орындалмаған және орындау мерзімдерін ұзарту туралы шешім болмаған кезде жүзеге асырады.";

      170-тармақтың 11) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалсын.

      5-тараудың 4-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Мемлекеттік аудит объектісі ақпарат ұсынбаған, Нұсқама тармақтарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда шаралар қабылдау";

      6-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Мемлекеттік аудит материалдарын есепке алу және сақтау";

      187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "187. Мемлекеттік аудит материалдарын, оның ішінде мемлекеттік аудит объектісі электрондық форматта ұсынған қосымша құжаттаманы, мәліметтерді, ақпаратты және материалдарды (аудиторлық файлды) есепке алу және сақтау Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      Осы Қағидаларға 6, 10, 15, 17, 20 және 21-қосымшалар осы нормативтік қаулыға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген 100. Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тиімділік аудитінің мақсаты мемлекеттік аудит объектісінің (оның ішінде бюджеттен тыс қорлардың) тиімділігі немесе қызметі аудитінің зерттелген бағытындағы үнемділікке, тиімділікке және нәтижелілікке (өнімділікке) қатысты оларды жетілдіру жөнінде ұсынымдар бере отырып, тәуелсіз, құзыретті және объективті пікір білдіру болып табылады.";

      15-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1)   салықтық және кедендік әкімшілендіру - салықтық және кедендік реформаларға бастамашылық жасау кезеңінен оларды практикалық іске асырылуы және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуі кезеңіне дейін мемлекеттің салықтық және кедендік саясаты түсінігін зерделеуді және (немесе) меңгеруді болжайды. Мемлекеттік аудиторлар және сарапшылар салықтық және кедендік әкімшілендірудің заңдары, саясаты, қағидалары және практикалары бөлігінде (мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді орындау үшін қажетті республикалық немесе жергілікті бюджеттің (мемлекеттік бюджет - сатылай тәсіл бойынша тиімділік аудиттерін жүргізу үшін) кіріс көздерін агрегаттау бойынша шаралар) хабардар болуы тиіс;

      2) бюджеттерді жоспарлау және атқару - бюджет және өзге де байланысты заңнама талаптары мен бюджеттік сыныптау және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша топтастырылған бюджеттің барлық баптары бойынша республикалық немесе жергілікті бюджетті (мемлекеттік бюджет - сатылай тәсіл бойынша тиімділік аудиттерін жүргізу үшін) жоспарлау; сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің республикалық немесе жергілікті бюджетті атқару бойынша (мемлекеттік бюджет - сатылай тәсіл бойынша тиімділік аудиттерін жүргізу үшін) қолданылатын практика түсінігін зерделеуді және (немесе) меңгеруді болжайды. Мемлекеттік аудиторлар және сарапшылар бюджет процесін цифрлық трансформациялауды қоса алғанда, бюджеттеу, бюджет процесіне қатысатын барлық қатысушылар арасында құзыреттерді, өкілеттіктерді және жауаптылықты бөлудің заңдары, саясаты, қағидалары және практикалары бөлігінде хабардар болуы тиіс;";

      15-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді, байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, қарыздарды және мемлекет активтерін пайдалану - бюджет процесіне қатысушыларға гранттар, инвестициялар, қарыздар берудің негізділігі, келісілуі және ұсынылуы мәселелерін реттейтін заңнама талаптары түсінігін зерделеуді және (немесе) меңгеруді болжайды. Сондай-ақ мемлекет активтеріне меншік құқығы, пайдалану құқығы және билік ету құқығы берілген барлық тұлғалардың мемлекет активтерін пайдалану қағидаттары мен тәртібін айқындайтын заңнама талаптарын зерделеуді және (немесе) түсінуді көздейді. Мемлекеттік аудиторлар мен сарапшылар мемлекет активтерін пайдаланушылар қолданатын гранттарды, инвестицияларды, қарыздарды пайдалану және мемлекет активтерін басқару саясаты, қағидалары мен практикасы, сондай-ақ мемлекет активтерін басқару процесінің барлық қатысушылары арасында құзыреттерді, өкілеттіктер мен жауаптылықты бөлу тәртібі бөлігінде хабардар болуға тиіс;";

      15-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мемлекеттік аудит объектісінің қызметі - ішкі (жергілікті) құжаттарды қоса алғанда, мемлекеттік аудит объектісінің (оның ішінде бюджеттен тыс қорлардың) қызметін реттейтін заңнама талаптарын зерделеуді және (немесе) меңгеруді болжайды. Мемлекеттік аудиторлар және сарапшылар мемлекеттік аудит объектісі негізгі және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруда қолданылатын саясат пен практикалар, сондай-ақ ұйымдарда қабылданған құзыреттерді, өкілеттіктерді және жауаптылықтарды бөлу бөлігінде хабардар болуы тиіс.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Мемлекеттік аудит тобы тиімділік аудитінің мақсатына, мәселелері мен өлшемшарттарына байланысты тиімділік аудитін жүргізуге үш негізгі тәсілдің біреуін таңдайды не көрсетілген тәсілдерді біріктіреді:

      1) басқару жүйелерінің тиісінше қызмет етуін зерттейтін жүйеге бағдарланған тәсіл;

      2) жоспарланған нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілгенін бағалайтын нәтижеге бағдарланған тәсіл;

      3) белгілі бір проблеманың себептері мен салдарлары талданатын проблемаға бағдарланған тәсіл.".

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Аудиторлық есеп мемлекеттік аудит объектісінің және кәсіпкерлік субъектілерінің және анықталған бұзушылықтар кезінде мүдделері қозғалған өзге де тұлғалардың ұстанымы ескеріле отырып жасалады.";

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген 300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Стандарт Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және ISSAI 100 "Мемлекеттік сектордағы аудиттің негізгі қағидаттары", ISSAI 200 "Қаржылық аудиттің түбегейлі қағидаттары", ISSAI 2000-2899 қаржылық аудит стандарттарын қоса алғанда, Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымы (INTOSAI) бекітетін Халықаралық стандарттардың (ISSAI) қолайлы ережелерінің негізінде әзірленді.";

      5-тармақтың 48-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "48) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік (бұдан әрі - РБ ШҚЕ) - бұл мемлекеттік қазынашылықтың және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Бюджет кодексінің 134-бабының 1-тармағына сәйкес бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған қаржылық есептілігі;";

      5-тармақтың 50) және 51) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      50) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі - бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған қаржылық есептілігі;

      51) қаржылық есептілік - бұл мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қаржылық есептілік аудиті республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікке, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жекелеген қаржылық есептілігіне қатысты жүргізіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жекелеген және шоғырландырылған қаржылық есептілік мынадай нысандарды қамтиды:

      1) бухгалтерлік баланс;

      2) қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп;

      3) қаржыландыру көздері бойынша (тікелей әдіс) мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп;

      4) таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп;

      5) Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;

      6) Қайта ұйымдастыру кезіндегі бухгалтерлік баланс.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қаржылық есептілікке аудит жүргізу кезінде аудит органдары мемлекеттік секторда қаржылық есептілікті ұсыну негізі ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығымен бекітілген, Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын қолданады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты - мемлекеттік аудит объектісінің қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жағдайының анықтығын, негізділігін бағалау";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Мемлекеттік аудиторлар аудитті жоспарлау және орындау, сондай-ақ сәйкестендірілген бұрмаланушылықтардың аудитке және қаржылық есептілікке әсерін бағалау кезінде маңыздылық тұжырымдамасын қолданады. Жалпы, ақпаратты өткізуді қоса алғанда, бұрмаланушылықтар өздігінен немесе басқа да бұрмаланушылықтармен жиынтықта қаржылық есептіліктің негізінде пайдаланушылар қабылдаған экономикалық шешімдерге әсер ете алған жағдайда елеулі деп бағаланады. Маңыздылықтың сандық және сапалық аспектілері бар. Мемлекеттік секторда ол пайдаланушылардың экономикалық шешімдерімен шектелмейді, себебі қаржылық есептілік деректері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің белгілі бір құжаттарын жалғастыру немесе гранттарды қаржыландыру туралы шешімдерге негізделуі мүмкін.".

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген 750. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) заң сараптамасы шеңберінде бұзушылықтар тізілімінде тіркелген бұзушылықтар бойынша аудиторлық дәлелдемелердің бар-жоғы мен толықтығына, заңнаманы қолданудың дұрыстығына, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғына баға береді.";

      30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің басшылығымен дайындалған Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Қаулының және Нұсқаманың жобаларын мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше сыртқы МАҚБ органының отырысы өткізілгенге дейін он жұмыс күні бұрын сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) жібереді.

      31. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Жиынтық кестенің, Қаулының және нұсқамалардың жобалары бойынша заң сараптамасы олар келіп түскен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі, кейіннен заң сараптамасының қорытындысы сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне, сапа бақылауын жүргізуге және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.

      Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Аудиторлық қорытындысының, Жиынтық тізілімінің, Жиынтық кестесінің, Қаулысы мен Нұсқамасының жобалары бойынша заң сараптамасы бұзушылықтар, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау, пайдалану фактілері бөлігінде, сондай-ақ ұсынымдар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.

      Заң қорытындысында Аудиторлық қорытындының ұсынымдары мен тапсырмалары мазмұнының заңнама талаптарына сәйкестігі туралы, соның ішінде нұсқаманың атаулылығы бойынша мәселелер көрсетіледі.

      Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беру үшін Аудиторлық қорытынды жобасында және Аудиторлық қорытындыдағы Жиынтық тізілімде жазылған бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің болуы немесе болмауы туралы қорытынды ұсынылады.".

      3. Жоғары аудиторлық палатаның Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

      5. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2025 жылғы 18 қарашадағы
№ 14-НҚ Нормативтік қаулыға
1-қосымша
Сыртқы мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына 6-қосымша

      нысан

  Қазақстан Республикасы
  Жоғары аудиторлық
палатасының
(Тексеру комиссиясының)
мүшесі __________________
  Аты-жөні, тегі

Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпарат

      1. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу барысында

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектілерінің атауы)

      ____________________________________________________________________

      (аудиторлық іс-шараның мақсаты көрсетіледі)

      жүргізуге маңызы бар мынадай құжаттар зерделенді

      1) _____________________________________________________________

      (зерделенген құжаттардың, есептердің және басқа да ақпараттың, соның ішінде

      қаржыландырудың бекітілген сомаларының тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша

      бөлінуі мен игерілуін жылдар бөлінісінде көрсете отырып, мемлекеттік аудит

      объектісінен талап ету бойынша алынғандарының тізбесі көрсетіледі)

      2) _____________________________________________________________

      (квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит нәтижелері

      (болған жағдайда)

      3) _____________________________________________________________

      (тиімділік аудиті өлшемшарттарын мемлекеттік аудит объектісіне жіберу туралы

      ақпарат (деректемелері бар шығыс хаттар))

      4) аудиттелетін саланың, соның ішінде мемлекеттік басқарудың және (немесе)

      экономика саласының, өңірлік және (немесе) елдік бөліністегі әлеуметтік-

      экономикалық дамудың жай-күйін талдау

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына бағалау

      жүргізілген жағдайда оларды іске асыруға арналған жоспарлы шығыстар көздер

      бөлінісінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын

      іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес бекітілген сомалар, жылдар

      бөлінісінде нақты бөлінген және игерілген сомалар, жылдар бөлінісінде нақтыланған,

      түзетілген және игерілген қаржыландыру көлемі бар бюджеттік бағдарламалар мен

      активтер, кезеңдер бөлінісінде жоспарланғандар қатарынан Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының қол жеткізілген нысаналы

      индикаторларының, нәтижелер көрсеткіштерінің саны көрсетіледі, қол жеткізілмеген

      жағдайда себептері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің

      құжаттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалған/орындалмаған

      іс-шараларының саны көрсетіледі, орындалмаған жағдайда себептері көрсетіледі;

      бұзушылықтар және/немесе жүйелі кемшіліктер фактілері анықталған жағдайда

      оларды өтпелі нөмірлеу жолымен тіркеу талап етіледі, ғылыми және талдамалық

      зерттеулер жүргізілген жағдайда оларды практикалық тұрғыдан пайдалану нәтижелері

      талдамалық құралдарды қолдана отырып көрсетіледі).

      5) ____________ _______________________________________________

      (аудит объектілерінің саны болмашы болған жағдайда мемлекеттік аудит объектілерін

      таңдау өлшемшарттарының сипаттамасы және негіздемесі қолданылмайды)

      6) ____________ _______________________________________________

      (аудиторлық іріктемені негіздеу (қажет болған жағдайда маңыздылық деңгейін

      айқындау) және аудиторлық тәуекелді бағалау)

      7) ____________ _______________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мемлекеттік

      аудиторларының (Тексеру комиссиясының) (мемлекеттік аудиторлар

      ассистенттерінің) үлестестік тізілімін аудит тобы мүшелерінің мемлекеттік аудит

      объектілерімен үлестестігі тұрғысынан талдау жасау. Қазақстан Республикасының

      Жоғары аудиторлық палатасы жұмыскерлерінің үлестестік тізілімін жүргізу Қазақстан

      Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге

      асырылады.)

      2. Мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеудің және жүргізілген талдаудың

      қорытындысы бойынша мыналарды ұсынамыз:

      2.1. Аудит бағдарламасына мыналар енгізілсін:

      1) аудиторлық іс-шарамен қамтылатын бюджет қаражаты мен активтердің көлемі

      __________________________________________________________________

      (тексерілетін жылдар және бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде аудиторлық

      іріктеудің қорытындылары бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылатын қаражат пен

      активтер көлемі көрсетіледі)

      2) мемлекеттік аудит объектілері және оларды мемлекеттік аудиторлар (тартылған

      жағдайда мемлекеттік аудитордың ассистенті) арасында бөлу, соның ішінде бірлескен

      және қатар тексеру жүргізілген кезде, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік аудит

      және қаржылық бақылау органдарының арасында бөлу

      _________________________________________________________________

      3) зерделенген мемлекеттік аудит объектілеріне қатысты қолданылатын мемлекеттік

      аудиттің типі мен тексерудің түрі

      _____________________________________________________________

      4) тиімділік аудитін немесе сәйкестік аудитін жүргізу кезіндегі көрсеткіштер және

      көрсеткіштердің әрбіреуіне мәселелер

      _____________________________________________________________

      2.2. Аудиторлық іс-шарадан мынадай _____________________________

      ___________________________________________________ негіздер бойынша

      (тиісті негіздер, аудиторлық іріктеудің нәтижелері көрсетіледі)

      __________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісінің атауы)

      мемлекеттік аудит объектісі алынып тасталсын.

      2.3. Аудиторлық іс-шаралар жүргізу мерзімі мынадай

      _________________________________________________________________

      негіздер бойынша қайта қаралсын (ұлғайтылсын/қысқартылсын)

      2.4. Мемлекеттік аудит тобы мүшелерінің аудит объектілерімен мүдделер қақтығысын

      талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит тобының мынадай құрамы

      ұсынылады: ________________________________________________________

      (мүдделер қақтығысының болуы немесе болмауы расталады)

      Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі

      __________________________________________________

      (қолы, аты-жөні, тегі)

      Мемлекеттік аудит тобына қатысушылар

      __________________________________________________

      (қолы, аты-жөні, тегі)

      Ескертпе: 2.2, 2.3-тармақтар қажет болған жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2025 жылғы 18 қарашадағы
№ 14-НҚ Нормативтік қаулыға
2-қосымша
Сыртқы мемлекеттік аудит
  және қаржылық бақылау
жүргізу қағидаларына
10-қосымша

      нысан

  күні, айы, жылы
Мемлекеттік аудит объектісінің
басшысына (министрліктің,
агенттіктің аппарат басшысына)
_______________________
(аты-жөні, тегі)

Мемлекеттік аудит объектісі басшысының міндеттерін атқару жөніндегі талап

      1. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 21-бабына, 37-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы:

      1) мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органының жұмыскерлерiн жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;

      2) мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органының жұмыскерлерiн мемлекеттiк аудитті жүзеге асыру үшiн сұратылып отырған барлық қажеттi ақпаратпен:

      _______________________________________

      (басшысының немесе бас бухгалтерінің қолы қойылған қажетті құжаттар мен

      ақпараттың тізбесі көрсетіледі)

      ___________ ___________ дейін қамтамасыз етуге; (күні көрсетіледі)

      3) мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органы жұмыскерлерiнiң ақпараттық және есептік жүйелерге кіруін қамтамасыз етуге;

      4) мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органы жұмыскерлерiнiң iс- әрекеттерiне, соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдары аудит объектісіне бару арқылы аудиторлық іс-шараның барысын қадағалауды жүзеге асырған кезде олардың іс-әрекеттеріне араласпауға және мемлекеттік аудит жүргiзуге кедергi келтiрмеуге;

      5) аудиторлық іс-шараның нәтижелерімен келіспеген кезде қол қойылған Аудиторлық есеп мемлекеттік аудит объектісіне тапсырылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (Тексеру комиссиясына) Аудиторлық есепке жазбаша қарсылықтарын ұсынуға;

      6) аудиторлық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары барысында мүдделері қозғалған өзге де тұлғалардың анықталған бұзушылықтары туралы хабардар етуге;

      7) кәсiпкерлiк субъектiлерi және аудиторлық іс-шаралар барысында мүдделері қозғалған өзге де тұлғалар анықталған бұзушылықтармен келiспеген жағдайда олардан келiп түскен қарсылықтарды мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органдарына жiберуге міндетті.

      2. Мемлекеттік аудит туралы заңның 21-бабы негізінде мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыреттерiне сәйкес өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауда аудит жүргiзуге жiберуден бас тарту, қажеттi құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәлiметтердi беруден бас тарту, анық емес ақпарат беру түрiндегi кедергi келтiру, аудитті жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтіру "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚтК) 462-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы ӘҚтК-нің 803-бабына сәйкес хаттаманы жасай отырып әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады.

      Мемлекеттік аудит туралы заңның 37-бабының 2-тармағына сәйкес аудит объектісінің басшысы барлық бухгалтерлік және бастапқы құжаттардың толықтығы мен анықтығы, сондай-ақ аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында ұсынылған барлық ақпараттың толықтығы мен анықтығы үшін жауапты болады.

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының)

      жұмыскері

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, тегі, қолы)

      Ескертпе:

      Талаптың бірінші данасы Аудиторлық есептің бланкісінде ресімделеді.

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2025 жылғы 18 қарашадағы
№ 14-НҚ Нормативтік қаулыға
3-қосымша
Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
жүргізу қағидаларына
15-қосымша

      нысан

Аудиторлық есептің үлгілік нысаны

  ___________________
(жасалған орны)
20__жылғы "____" _____
№ _______

      I. Кіріспе бөлік

      1.1. Мемлекеттік аудит объектісінің атауы:___________________________

      1.2. Аудиторлық іс-шараның атауы:________________ ________________

      1.3. Мемлекеттік аудит объектісіндегі мемлекеттік аудиттің мақсаты:

      _________________________________________________________________

      1.4. Мемлекетті аудиттің мәні:__ ___________________________________

      1.5. Аудиттің типі, тексерудің түрі:_ ________________________________

      (үстеме, бірлескен немесе қатар тексеру жүргізу кезінде толтырылады)

      1.6. Мемлекеттік аудит тобының құрамы:_ ___________________________

      1.7. ____ "__" _____ №____ мемлекеттік аудит (тексеру) жүргізуге тапсырма

      1.8. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: _________________________

      1.9. Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімі: ____________ __________ аралығы

      1.10. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары:_______

      _________________________________________________________________

      1.11. Үстеме тексеру жүргізілген объектілердің тізбесі:

      __________________________________________________________________

      (жүргізілген кезде көрсетіледі)

      1.12. Алдыңғы мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы қысқаша мәліметтер:

      __________________________________________________________

      II. Негізгі бөлік

      2.1. Аудит бағдарламасын ашу:

      2.1.1. Аудит бағдарламасындағы ___________ мәселенің атауы:______________

      Аудит бағдарламасының мәселесін талдау, соның ішінде жүйелі кемшіліктерге,

      бюджет қаражатын және активтерді мақсатынан тыс пайдалануға, тиімсіз

      жоспарлауға және пайдалануға, нәтижелерге қол жеткізбеуге байланысты, сондай-ақ

      мемлекеттік аудит объектісінің жіберіп алынған пайдасы мен экономикалық

      шығындарын бағалауды қоса алғанда, мемлекеттік аудит объектісі қызметіндегі өзге

      де проблемалық мәселелер бойынша бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен

      жағдайларды талдау:

      2.1.2. Сарапшылардың сараптамалық қорытындыларының қысқаша қорытындылары

      (ескертулер, бұзушылықтар): ____________________________

      ____________________________________________________________________

      (оларды тартқан жағдайда)

      2.1.3. Үстеме тексерудің қысқаша нәтижелері:

      _______________________________________________ (ол жүргізілген кезде)

      III. Қорытынды бөлік

      3.1. Мемлекеттік аудит объектісі бойынша жалпы тұжырымдар:

      *3.1.1. Мыналарға:

      - мемлекеттік органдарға;

      - квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттік аудит жүргізу мәніне

      байланысты қойылған мақсаттарға, міндеттерге, функцияларға және өкілеттіктерге

      бағыттарға (аудит объектісінің ережесіне, жарғысына сәйкес) қол жеткізуге

      мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ықпалын бағалау

      3.2. Мемлекеттік аудит жүргізудегі кедергілер:______________________

      3.3. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар (соның ішінде мемлекеттік

      аудит объектісі одан әрі бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктерді болдырмау

      мақсатында қабылдайтын шаралар):

      ___________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының)

      жұмыскер(-лер)і:

      ________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, аты-жөні, тегі)

      Аудиторлық есеп _______________________ данада (саны) жасалды

      * Мемлекеттік аудит типіне байланысты Мемлекеттік аудит бағдарламасында тиісті

      мәселе болған жағдайда ашып жазылады

      IV. Қосымшалар:

      1) мемлекеттік аудит объектісі басшысының міндеттерін атқару жөніндегі талап;

      2) саладағы ағымдағы жағдай, соның ішінде проблемалық мәселелер мен саланың жүйелі кемшіліктері (алдын ала зерделеу кезеңінде қамтылмаған қосымша фактілер анықталған жағдайда);

      3) мемлекеттік аудиторлар қол қойған және Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында анықталған жүйелі кемшіліктер кестесі (болған жағдайда);

      4) мемлекеттік аудиторлар қол қойған және Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізілімі (бұдан әрі – Тізілім);

      5) аудиторлық дәлелдемелер:

      құжаттардың төлнұсқалары немесе белгіленген тәртіппен расталған көшірмелері, кестелер, сондай-ақ қажет болған жағдайда бұзушылық фактілерін көрсететін анықтамалар, фотосуреттер;

      функционалдық және лауазымдық міндеттеріне сүйене отырып, жол берілген бұзушылықтарға қатысы бар адамдардың жазбаша түсініктемелері;

      бақылау өлшемдерінің (қарап-тексерулердің) актілері (соның ішінде негізгі құралдар мен тауар-материалдық құндылықтарды түгендеу нәтижелерінің актілері (оларды жасау кезінде);

      зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары, хаттамалардың көшірмелері, аудиторлық іс-шараның нәтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар жасалған жағдайда);

      сарапшылардың қорытындылары (тартылған жағдайда);

      мемлекеттік қызметтерді алушылардың қанағаттануы тұрғысынан халық арасында сауалнама жүргізу нәтижелері (қажет болған жағдайда);

      ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (көшірмелері) (аудиторлық іс-шара барысында қаражат өтелген (қалпына келтірілген) жағдайда):

      төлем тапсырмалары (төлеуге арналған шоттар, түбіртектер, чектер;

      ведомостар, ордерлер, нарядтар;

      орындалған жұмыстар, тауарларды жеткізу және көрсетілген қызметтер актілері;

      талдамалық материалдар және мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде бұзушылық және жүйелі кемшілік фактісін растайтын материалдар;

      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігіне мемлекеттік аудит нәтижелерін танымау қорытындылары бойынша сараптамалық қорытындылар (тану рәсімі жүргізілген жағдайда);

      аудит объектісінің осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында ұсынылған ақпарат пен құжаттардың толықтығы мен анықтығы туралы ұсыну хаты;

      өзара есеп айырысу бойынша салыстыру актілері.

      Мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор органдарының ресми ақпараттық жүйелерінен алынған құжаттарда штрих код немесе өзге де тану белгілері болған жағдайда олар куәландырылмайды.

      Аудиторлық есепке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері белгіленген тәртіппен уәкілетті лауазымды адамдардың қолтаңбаларымен, мемлекеттік аудит объектісінің мөрімен немесе мөртабанымен куәландырылады. Аудиторлық есепте қосымшаларының реттік санының нөмірі көрсетіле отырып, оларға сілтеме, әрбір қосымша бойынша бөлек парақтар саны көрсетіледі.

      Ескертпе.

      Аудиторлық есептің жоғары бөлігінде оның жасалған орны (қаланың, басқа да елді мекеннің (ауыл, кент және тағы басқаларының) атауы), Аудиторлық есептің жасалған күні, Аудиторлық есеп данасының нөмірі көрсетіледі (№ 1 дана – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) үшін, № 2 дана – мемлекеттік аудит объектісі үшін жасалады.

      Бірлескен тексеру кезінде № 1 дана – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) үшін, № 2 дана – бірлескен тексеруге қатысушы мемлекеттік орган үшін, № 3 дана – мемлекеттік аудит объектісі үшін жасалады).

      Аудиторлық есепте мынадай деректер көрсетіледі:

      Аудиторлық есептің кіріспе бөлігінің 1-бөлімінде мыналар қысқаша сипатталады:

      1.1. Мемлекеттік аудит объектісінің атауы - мемлекеттік аудит объектісінің толық атауы, БСН көрсетіледі.

      1.2. Аудиторлық іс-шараның атауы –Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес аудиторлық іс-шараның толық атауы көрсетіледі.

      1.3 Мемлекеттік аудит объектісінде жүргізілетін мемлекеттік аудиттің мақсаты – Аудит бағдарламасының мәселелеріне сүйене отырып, аталған объектіде жүргізілетін мемлекеттік аудиттің мақсаты көрсетіледі.

      1.4. Мемлекеттік аудиттің мәні – жүргізілетін мемлекеттік аудиттің, бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) активтердің мәні көрсетіледі.

      1.5. Аудиттің типі, тексерудің түрі – аталған мемлекеттік аудит объектісінде жүргізілетін аудиттің тиісті типі және түрі көрсетіледі: үстеме, бірлескен немесе қатар.

      1.6. Мемлекеттік аудит тобының құрамы – мемлекеттік аудитті жүргізген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) жұмыскерінің, мемлекеттік органдардың мамандарының, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдардың жұмыскерлерінің және мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған сарапшылардың аты-жөні, тегі, лауазымы көрсетіледі.

      1.7. Мемлекеттік аудит жүргізуге тапсырма (Тексеру тағайындау туралы акт) – Тапсырманың күні және нөмірі, Тапсырмаға қол қойған лауазымды адамның аты-жөні, тегі, лауазымы көрсетіледі.

      1.8. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең – мемлекеттік аудит объектісі қызметінің іс жүзінде тексерілген кезеңі көрсетіледі (қажет болған жағдайда бюджеттік бағдарламаларды немесе мәселелерді көрсете отырып, ("қажет болған жағдайда басқа да кезеңдер" деген сөздерді көрсетпей) жылдары, айлары және Аудит жоспарына және бағдарламасына сәйкес келеді).

      1.9. Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімі – аталған мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудитті жүргізудің басталған және аяқталған күні көрсетіледі.

      1.10. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары – мемлекеттік аудит объектісінің рұқсатымен мемлекеттік аудит жүзеге асырылған мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының аты-жөні, тегі (болған жағдайда), сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде жұмыс істеген және құжаттарға қол қою құқығы болған лауазымды адамдарының аты-жөні, тегі көрсетіледі.

      1.11. Үстеме тексеруге ұшыраған объектілердің тізбесі – үстеме тексеруге ұшыраған мемлекеттік аудит объектісінің (лерінің) толық атауы көрсетіледі

      1.12. Алдыңғы мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы қысқаша мәліметтер – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) жүргізетін мемлекеттік аудит мәселелерімен сәйкес келетін басқа мемлекеттік бақылау органдары, құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдары бұрын қамтыған мәселелер бойынша ғана қысқаша мәліметтер, мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) бақылауда тұрған Аудиторлық қорытындылары (Нұсқамалары) бойынша орындалу мерзімі өткен тапсырмалық тармақтар бойынша шаралар көрсетіледі. Егер мұндайлар болмаса олардың жоқ екенін көрсету қажет.

      Аудиторлық есептің негізгі бөлігінің 2-бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:

      2.1. Аудит бағдарламасын ашып көрсету – мемлекеттік аудиттің мақсатына қол жеткізілгенін растау үшін жеткілікті жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері сипатталады.

      Аудит бағдарламасының мәселелеріне жауаптар тіркеледі, бұл ретте Аудит бағдарламасының әрбір мәселесінің атауы көрсетіледі. Аудит бағдарламасының мәселелеріне жауаптар дәл, объективті және қысқаша баяндалады, тұжырымдардың нақтылығын, баяндалған материалдың логикалық және хронологиялық реттілігін сақтау қажет. Құжаттармен расталмаған түрлі болжамдар мен мәліметтерді енгізуге жол берілмейді. Бағдарлама мәселесін ашу Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен байланыстыруды бағалай отырып, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін бюджет қаражатының, мемлекет активтерінің негізділігі мен пайдаланылуын талдауды ескере отырып жүзеге асырылады. Жүйелі кемшіліктерге, бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз жоспарлауға және пайдалануға, нәтижелерге қол жеткізбеуге байланысты бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдау, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісі қызметіндегі өзге де проблемалық мәселелер бойынша топтастырылған біртекті бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ осы талдауды жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мәселелерді ескере отырып жүргізіледі. Мемлекеттік аудит объектісінің жіберіп алынған пайдасы мен экономикалық шығындарын бағалау бюджетке қаражат толық түспеген, бюджет атқарылмаған, бюджет қаражаты мақсатынан тыс пайдаланылған, бюджет қаражаты мен активтер тиімсіз пайдаланылған, бюджет қаражаты мен активтер жоғалған, мемлекеттік меншік жоғалған, бюджет қаражаты мен активтердің артық шығыстары, бюджет кірістерінің тікелей және ықтимал (бағалау) шығындары, бюджет және өзге де заңнаманың сақталмауы, өндірістің төмен рентабельділігі және өндірілген өнімнің, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоғары өзіндік құны, шығыстардың нәтижелі болмауы кезінде жүргізіледі.

      Аудиторлық есепте жүргізілген үстеме тексерудің (негізгі объектінің бұзушылықтар тізіліміне енгізілмейтін үстеме тексерудің аудиторлық есебіне сәйкес нөмірленген бұзушылықтардың тармақтары ғана), бақылау өлшемдерінің (қарап тексерулердің) қысқаша нәтижелері көрсетіледі, сондай-ақ бұзушылық фактілері, жүйелі кемшіліктер (проблемалар), соның ішінде мемлекеттік аудит объектісі болып табылмайтын басқа да мемлекеттік органдар бөлетін бюджеттік бағдарламаның қаражатын пайдалану кезінде жасалған себептер мен салдарларды көрсете отырып жазылады.

      Мемлекеттік аудиттің мәселелері бойынша бұзушылықтар, кемшіліктер және жүйелі кемшіліктер (проблемалар) анықталса, әрбір факт жалғаспалы тәртіппен нөмірленеді және бұзушылықтың, жүйелі кемшіліктің (проблеманың) сипаты мен түрін көрсете отырып, жеке тармақпен (1-тармақ, 2-тармақ және т.б.) тіркеледі. Бұзушылықтар бойынша ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына сілтеме көрсетіледі және тиісті бұзушылыққа дәлел болатын құжаттар көрсетіледі. Бұзушылыққа, жүйелі кемшілікке (проблемаға) әкеп соққан себеп-салдарлық байланыстар талданады.

      Аудит бағдарламасының мәселесі бойынша бұзушылықтар, жүйелі кемшіліктер (проблемалар) анықталмаса, онда қысқаша ақпарат келтіріледі және мынадай жазба жасалады "Бағдарламаның (атауы) мәселесі тексерілді. Бұзушылықтар, жүйелі кемшіліктер (проблемалар) анықталған жоқ.". Аудиторлық есепке тексеру жүргізілген құжаттардың деректемелері көрсетіле отырып, олардың тізбесі қоса беріледі.

      Аудит бағдарламасының мәселелерін қарау шеңберінде мемлекеттік аудиторлар қажет болған кезде аудит объектісінің жіберіп алған пайдаларына және шығындарына бағалау жүргізеді, сарапшылар тартқан жағдайда, Аудиторлық есепте олардың қорытындыларының қысқаша нәтижелерін сипаттайды.

      Аудиторлық есептің Қорытынды бөлігінің 3-бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      3.1. Аудит объектісінде жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша жалпы тұжырымдарда объект қызметінің, мемлекеттік аудиттің көрсеткіштеріне (өлшемшарттарына) сәйкес Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру тиімділігіне баға беріледі. Мемлекеттік аудиттің көрсеткіштерін (өлшемшарттарын) сипаттау кезінде аудит объектісіне баға беруге сәйкес олардың толық атаулары көрсетіледі. Аудиторлық есепте аудит объектісінің ағымдағы жағдайына, сондай-ақ оның қызметінің мемлекеттік басқару саласының және (немесе) экономика саласының дамуына тигізетін әсеріне талдау жасалады және баға беріледі.

      3.2. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) жұмыскерлеріне мемлекеттік аудит жүргізуге кедергі жасау фактілері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) жұмыскері әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы хаттама жасаған жағдайда, оның нөмірі және күні көрсетіледі (хаттама мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары мемлекеттік аудит объектісіне жіберуден бас тартқан кезде, мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе анық емес, объективті емес және (немесе) толық емес ақпаратты, материалдарды және өзге де мәліметтерді ұсынған кезде толтырылады).

      3.3. Мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған шаралар туралы мәліметтер көрсетіледі (соның ішінде мемлекеттік аудит объектісі одан әрі бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктерді болдырмау мақсатында қабылдайтын шаралар (салықтарды, айыппұлдарды, өсімпұлдарды қосымша есептеу, негізсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке өтеу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бойынша қаражатты қалпына келтіру, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерінің шарттық міндеттемелерді орындауы, мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарына қабылданған тәртіптік жаза шаралары және басқалар). Шаралар қабылданбаған жағдайда, олардың жоқ екенін көрсету қажет.

      Аудиторлық есепке қосымшаларда Қағидалардың 157-тармағында көзделген аудиторлық дәлелдемелер қоса беріледі.

      4. Мемлекеттік аудитті жүргізген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) жұмыскерлерінің қолдары.

      Аудиторлық есептің соңғы бетінде адресатты және бланк нөмірін көрсете отырып, Аудиторлық есептің екі данада (Аудиторлық есептің № 1 данасы – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (Тексеру комиссиясына), Аудиторлық есеп бланкісінің №__; № 2 дана – мемлекеттік аудит объектісіне, бланк № __) жасалғаны туралы жазба жасалады.

      Екінші парақтан бастап аудиторлық есептің барлық беттеріне мемлекеттік аудит жүргізген мемлекеттік аудиторлар қол қояды.

      Мемлекеттік аудит объектісінде бірыңғай топ бірлескен тексеру жүргізген кезде Аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясының) бланкісінде үш данада ресімделеді, оның бірінші данасы – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (Тексеру комиссиясына), екінші данасы – бірлескен тексеруге қатысушы мемлекеттік органға, үшінші данасы – мемлекеттік аудит объектісіне беріледі.

      Ескертпе.

      Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы удиторлық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған бұзушылықтары туралы хабардар етеді. Аудит объектісі мүдделі тұлғалардың ұстанымын (қарысылықтарын) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жібереді.

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2025 жылғы 18 қарашадағы
№ 14-НҚ Нормативтік қаулыға
4-қосымша
Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
жүргізу қағидаларына
17-қосымша

      нысан

Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың ТІЗІЛІМІ (Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың ЖИЫНТЫҚ ТІЗІЛІМІ)

      1) қаражат бюджетке түскен кезде (мың теңге)

№ р/с

Жыл

Мем. аудит объектісінің атауы

Мем. аудит объектісінің БСН-і

ББС бойынша бюджетке түсетін түсімдер коды

Бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы

барлығы

оның ішінде

түсуге жататыны

мем. аудит барысында түскені

1

2

3

4

5

6

7

8

1.








Жиыны (с.і. мем. аудитке қатысқан адамдар бөлінісінде):





1

Т.А.Ә.





2

Т.А.Ә.





Жиыны





      кестенің жалғасы

Бюджеттің тікелей (жанама) шығындары (болған жағдайда)

Бұзушылық фактісін сипаттау, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме жасау

Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-нің баптарына сілтемесімен)

9

10

11

12


Бұзушылық ретінде….........



















      2) бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану кезінде (мың теңге)

№ р/с

Жыл

Мем. аудит объектісінің атауы

Мем.аудит объектісінің БСН-і

ББ/КББ коды

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі *

Қаржылық бұзушылықтар

Барлығы

соның ішінде:

Барлығы

оның ішінде

қалпына келтіруге жататыны

өтелуге жататыны

қаржыландыру жоспарында азайтылуға жататыны

Бюджет қаражаты

активтер

барлығы

оның ішінде аудит барысында қалпына келтірілгені

барлығы

оның ішінде аудит барысында өтелгені

барлығы

оның ішінде аудит барысында өтелгені

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



1.















Жиыны (с.і. мем. аудитке қатысқан адамдар бөлінісінде):











1

Т.А.Ә.










2

Т.А.Ә.










Жиыны










      кестенің жалғасы

Тиімсіз жоспарлау

Тиімсіз пайдалану

Ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда

Бұзушылық фактісін сипаттай отырып, НҚА-ның бұзылған ережелері

Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-нің баптарына сілтемесімен)

14

15

16

17

18

19




Бұзушылық ретінде…..



























      * бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің қамтылу көлемін көздемейтін аудиторлық іс-шараларды қоспағанда.

      3) қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде белгіленген қаржылық есептіліктің бұрмалануы (мың теңге) **

№ р/с

Жыл

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

Мем. аудит объектісінің атауы

Мем.аудит объектісінің БСН-і

Қаржылық бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануы

Барлығы

Оның ішінде

қалпына келтіруге жататыны

қалпына келтірілді

өтеуге жататыны

өтелді

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1











Жиыны (с.і. мем. аудитке қатысқан адамдар бөлінісінде):






1

Т.А.Ә.






2

Т.А.Ә.






Жиыны






      кестенің жалғасы

Рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануы

Қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануының жалпы сомасы

Бұзушылық фактісінің сипаттамасы, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме, Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы

Көлемі

Жалпы сомасы

Барлығы (7-баған+13-баған

Оның ішінде


қалпына келтіруге жататыны (8-баған)

қалпына келтірілді (9-баған)

өтеуге жататыны (10-баған)

өтелді (11-баған)


12

13

14

15

16

17

18

19








Бұзушылық ретінде…

































      ** қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде

      4) мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі, соның ішінде оның міндеттері мен функцияларын іске асырумен байланысты заңнаманың рәсімдік бұзушылықтары

№ р/с

Жыл

Мем. аудит объектісінің атауы

Мем.аудит объектісінің БСН-і

Рәсімдік бұзушылықтар

оның ішінде

Барлығы

бюджет заңнамасын бұзушылықтар

бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнаманы бұзушылықтар

құрылыс және қала құрылысы саласындағы заңнаманы бұзушылықтар

мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзушылықтар

өзге де салалық заңнаманы бұзушылықтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.










Жиыны (с.і. мем. аудитке қатысқан адамдар бөлінісінде):







1

Т.А.Ә.







2

Т.А.Ә.







Жиыны







      кестенің жалғасы

Бұзушылық фактісін сипаттау, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме жасау

Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)***

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-нің баптарына сілтемемен)***

11

12

13
















      Аудиторлық қорытындыға қоса берілетін Анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімінде 12, 13-бағандар толтырылмайды

      Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) мемлекеттік аудитті жүргізген жұмыскерлері

      __________________________________________________________________________

      (қолы, аты-жөні, тегі)

      **** Мемлекеттік аудитті жүргізген аудит тобының жетекшісі мен қатысушылары Аудиторлық қорытындыға қоса берілетін Анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізіліміне қол қояды.

      Ескертпе: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізілімін (Жиынтық тізілімін) толтыру.

      Анықталған бұзушылықтар тізілімі әрбір мемлекеттік аудит объектісінде толтырылып, Аудиторлық есепке қоса беріледі.

      Анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімі сапа бақылауы қорытындысын ескере отырып мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтары қаралғаннан кейін Аудиторлық қорытындыға қоса беріледі.

      Анықталған бұзушылықтар тізілімі (Жиынтық тізілімі) Есеп комитеті Төрағасының 2022 жылғы 25 қарашадағы № 158-н/қ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышына (бұдан әрі – Сыныптауыш) сәйкес жасалады.

      1-бөлім. Қаражат бюджетке түскен кезде (мың теңге):

      "Р/с №" деген 1-бағанда – мемлекеттік аудит объектілерінің реттік санының нөмірлері (1, 2, 3 және т.б.) көрсетіледі;

      "Жыл" деген 2-бағанда – есепті кезеңдер көрсетіле отырып, мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудит объектісінің атауы" деген 3-бағанда – мемлекеттік кірістер органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ салықтық емес төлемдер бойынша уәкілетті органдар көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудит объектісінің БСН-і" деген 4-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі;

      "ББС бойынша бюджетке түсетін түсімдер коды" деген 5-бағанда – Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі – ББС) сәйкес бюджет түсімдерінің коды көрсетіледі;

      "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы" деген 6-бағанда – түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы, соның ішінде "оның ішінде түсуге жататыны" деген 7-бағанда – бюджетке түсуге жататын бұзушылық сомасы, "оның ішінде мем.аудит барысында түскені" деген 8-бағанда – мемлекеттік аудит барысында түскен бұзушылық сомасы көрсетіледі;

      "Бюджеттің тікелей (жанама) шығындары" деген 9-бағанда – салықтық және кедендік әкімшілендірудің белгіленген тәртібін сақтаған жағдайда есепке жатқызылуы мүмкін бюджетке толық түспеген түсімдердің сомалары көрсетіледі;

      "Бұзушылық фактісін сипаттау, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме жасау" деген 10-бағанда – бұзушылықтар фактісін қысқаша нысанда сипаттай отырып, НҚА-ның бұзылған ережелері көрсетіледі.

      "Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)" деген 11-бағанда – Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталған бұзушылықтар сыныптауышының тармағы көрсетіледі;

      "Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-тің баптарына сілтемемен)" деген 12-бағанда – әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар ӘҚтК-тің баптарына сілтемемен көрсетіледі: "… бұзыла отырып,";

      "Жиыны" деген жолда – мемлекеттік аудит объектілерінің бөлінісінде тізілім (жиынтық тізілім) деректері көрсетіледі (1-жол+...).

      2-бөлім. Бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану кезінде (мың теңге):

      "№ р/с" деген 1-бағанда – мемлекеттік аудит объектілерінің реттік санының нөмірлері (1, 2, 3 және тағы басқалар) көрсетіледі;

      "Жыл" деген 2-бағанда – есепті кезеңдер көрсетіле отырып, мемлекеттік аудитпен қамту кезеңі көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудит объектісінің атауы" деген 3-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің Аудит бағдарламасында көзделген толық атауы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудит объектісінің БСН-і" деген 4-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі;

      "ББ/КББ коды" деген 5-бағанда – ББС-ға сәйкес бюджеттік кіші бағдарламалар мен бағдарламалардың коды мен атауы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі*" деген 6-бағанда – мемлекеттік аудитпен қамтылатын қаражат көлемі, бұл ретте мемлекеттік аудитпен қамтылған есепті кезеңде енгізілген түзетулер мен нақтылауларды ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар бойынша, соның ішінде "оның ішінде бюджет қаражаты" деген 7-бағанда – бюджет қаражатының қамту сомасы, "оның ішінде активтер" деген 8-бағанда – мемлекет пен квазимемлекеттік сектор активтерінің қамту сомасы көрсетіледі;

      "Қаржылық бұзушылықтар, барлығы (10-бағ.+12 бағ.)" деген 9-бағанда– анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы көрсетіледі, соның ішінде "барлығы" деген 10-бағанда – мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша қалпына келтіруге жататын жалпы сома, "барлығы" деген 12-бағанда – мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша өтеуге жататын жалпы сома көрсетіледі.

      "оның ішінде аудит барысында қалпына келтірілгені" деген 11-бағанда – мем. аудит барысында қаржылық бұзушылықтардың қалпына келтірілген сомасы көрсетіледі.

      "оның ішінде аудит барысында өтелгені" деген 13-бағанда – мемлекеттік аудит барысында қаржылық бұзушылықтардың өтелген сомасы көрсетіледі.

      "Тиімсіз жоспарлау" деген 14-бағанда – тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтерінің) анықталған сомасы көрсетіледі.

      "Тиімсіз пайдалану" деген 15-бағанда – тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының, мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерінің анықталған сомасы көрсетіледі.

      "Ықтимал шығындар және жіберіп алған пайда" деген 16-бағанда – анықталған ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайданың жалпы сомасы көрсетіледі.

      "Бұзушылық фактісін сипаттау, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме жасау" деген 17-бағанда – бұзушылық фактісін қысқаша нысанда сипаттай отырып, нормативтік құқықтық актілердің бұзылған ережелері көрсетіледі: "… бұзыла отырып,";

      "Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)" деген 18-бағанда – Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталған бұзушылықтар сыныптауышының тармағы көрсетіледі.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-тің баптарына сілтемемен)" деген 19-бағанда – әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-тің баптарына сілтемемен) көрсетіледі;

      "Жиыны" деген жолда – мемлекеттік аудит объектілерінің бөлінісінде тізілім (жиынтық тізілім) деректері көрсетіледі (1-жол+...).

      3-бөлім. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде анықталған қаржылық есептіліктің бұрмалануы (мың теңге) **

      "№р/с" деген 1-бағанда – мемлекеттік аудит объектілерінің реттік санының нөмірлері (1, 2, 3 және т.б.) көрсетіледі;

      "Жыл" деген 2-бағанда – есепті кезеңдер көрсетіле отырып, мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды" деген 3-бағанда – ББС-ға сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы" деген 4-бағанда – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудит объектісінің атауы" деген 5-бағанда – Аудит бағдарламасында көзделген мемлекеттік аудит объектісінің толық атауы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудит объектісінің БСН-і" деген 6-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі;

      "Қаржылық бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануы" деген 7-бағанда – қаржылық бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануларының сомасы көрсетіледі, соның ішінде "оның ішінде қалпына келтіруге жататыны" деген 8-бағанда – мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша қалпына келтіруге жататын сома, "оның ішінде қалпына келтірілгені" деген 9-бағанда – мемлекеттік аудит барысында қалпына келтірілген сома, "олардың ішінде өтеуге жататыны" деген 10-бағанда – мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша өтелуге жататын сома, "олардың ішінде өтелгені" деген 11-бағанда – мемлекеттік аудит барысында өтелген сома көрсетіледі;

      "Рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмаланудың көлемі" деген 12-бағанда – рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануларының саны көрсетіледі;

      "Рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмаланудың жалпы сомасы" деген 13-бағанда – рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануларының жалпы сомасы көрсетіледі;

      "Қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануларының жалпы сомасы, барлығы (7-бағ.+13-бағ.)" деген 14-бағанда – қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануларының жалпы сомасы көрсетіледі, соның ішінде "оның ішінде қалпына келтіруге жататыны (8-бағ.)" деген 15-бағанда – мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша қалпына келтіруге жататын сома, "оның ішінде қалпына келтірілгені (9-бағ.)" деген 16-бағанда – мемлекеттік аудит барысында бұзушылықтардың қалпына келтірілген сомасы, "өтелуге жататыны (10-бағ.)" деген 17-бағанда – мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша өтелуге жататын сома, "өтелгені (11-бағ.)" деген 18-бағанда – мемлекеттік аудит барысында өтелген сома көрсетіледі.

      "Бұзушылық фактісінің сипаттамасы, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме, Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы" деген 19-бағанда – нормативтік құқықтық актілердің бұзылған ережелері бұзушылық фактісін қысқаша нысанда сипаттай отырып және Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталған бұзушылықтар сыныптауышының тармағына сілтемемен көрсетіледі: "… бұзыла отырып,".

      "Жиыны" деген жолда – мемлекеттік аудит объектілерінің бөлінісінде тізілім (жиынтық тізілім) деректері көрсетіледі (1-жол+...).

      4-бөлім. Мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі, соның ішінде оның міндеттері мен функцияларын іске асырумен байланысты заңнаманың рәсімдік бұзушылықтары

      "№ р/с" деген 1-бағанда – мемлекеттік аудит объектілерінің реттік санының нөмірлері (1, 2, 3 және т.б.) көрсетіледі;

      "Жыл" деген 2-бағанда – есепті кезеңдер көрсетіле отырып, мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудит объектісінің атауы" деген 3-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің Аудит бағдарламасында көзделген толық атауы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудит объектісінің БСН-і" деген 4-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі;

      "Рәсімдік бұзушылықтар" деген 5-бағанда – жүргізіліп отырған мемлекеттік аудит барысында анықталған рәсімдер бұзушылықтарының саны көрсетіледі;

      "Бюджет заңнамасының бұзушылықтары" деген 6-бағанда – бюджет заңнамасының рәсімдік бұзушылықтары көрсетіледі;

      "Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнама бұзушылықтары" деген 7-бағанда – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнаманың рәсімдік бұзушылықтары көрсетіледі;

      "Құрылыс және қала құрылысы саласындағы заңнама бұзушылықтары" деген 8-бағанда – құрылыс және қала құрылысы саласындағы заңнаманың рәсімдік бұзушылықтары көрсетіледі;

      "Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама бұзушылықтары" деген 9-бағанда – мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың рәсімдік бұзушылықтары көрсетіледі;

      "Өзге де салалық заңнама бұзушылықтары" деген 10-бағанда – өзге де салалық заңнаманың рәсімдік бұзушылықтары көрсетіледі;

      "Бұзушылық фактісін сипаттау, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме жасау" деген 11-бағанда – қысқаша нысанда бұзылған құқық нормаларының тармағына сілтеме жасай отырып бұзушылық фактісі сипатталады;

      "Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)" деген 12-бағанда – Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталған бұзушылықтар сыныптауышының тармағы көрсетіледі.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-тің баптарына сілтемемен)" деген 13-бағанда – әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар ӘҚтК-тің баптарына сілтемемен көрсетіледі;

      "Жиыны" деген жолда – мемлекеттік аудит объектілерінің бөлінісінде тізілім (жиынтық тізілім) деректері көрсетіледі (1-жол+...).

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2025 жылғы 18 қарашадағы
№ 14-НҚ Нормативтік қаулыға
5-қосымша
Сыртқы мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына 19-қосымша

      нысан

Қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есептің үлгілік нысаны

      ___________________

      (жасалған орны)

      1. Аудиторлық іс-шараның атауы

      _________________________________________________________

      2. Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):

      _________________________________________________________

      3. "_____" _______ №_____ Мемлекеттік аудит (тексеру) жүргізуге тапсырма

      4. Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімі: ________- _________ аралығы

      5. Аудит объектісі (-лері)

      6. Аудиттің мәні

      Аудит тобы мынадай нысандарды:

      - 20__ жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бухгалтерлік баланс;

      - 20__ жылғы қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп;

      - 20__ жылғы ақша қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс),

      - 20__ жылғы таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп;

      - қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаны қамтитын, қоса беріліп отырған қаржылық есептілікке (шоғырландырылған қаржылық есептілікке) аудит жүргізді.

      7. Қаржылық есептіліктің дайындығы үшін аудит объектісі басшылығының жауаптылығы

      Аудит объектісінің басшылығы (бірінші және екінші қол қою құқығына сәйкес қаржылық есептілікке қол қойған адамдардың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және лауазымының атауы көрсетіледі) қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасына сәйкес дайындау мен ұсыну және жосықсыз әрекеттерден немесе қателіктен туындаған елеулі бұрмалауларды қамтымайтын қаржылық есептілікті дайындауға қажеттілер ретінде айқындалған ішкі бақылау құралдары үшін жауапты болады.

      8. Мемлекеттік аудитордың жауаптылығы

      Біз өзіміз жүргізген аудит негізінде қаржылық есептіліктің анықтығы туралы білдірген пікіріміз үшін жауап береміз. Біз аудитті Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргіздік, бұл қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша рәсімдік стандарттың талаптарын орындауды білдіреді. Осы стандарт аудитті қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулардың қамтылмағандығына орынды сенімді болатындай етіп жүргізуді талап етеді.

      Аудит қаржылық есептіліктегі сандық көрсеткіштерді және ондағы ақпараттың ашып көрсетілуін растайтын аудиторлық дәлелдемелер алуға бағытталған аудиторлық рәсімдер жүргізуді қамтыды. Аудиторлық рәсімдерді таңдау жосықсыз әрекеттер немесе қателіктер салдарынан жол берілген елеулі бұрмалаулар тәуекелін бағалауға негізделген біздің пайымдамамыздың мәні болып табылады. Осы тәуекелді бағалау барысында біз тиісті аудиторлық рәсімдерді таңдау мақсатында қаржылық есептілікті жасауды және оның анықтығын қамтамасыз ететін ішкі бақылау жүйесін қарастырдық.

      Сонымен қатар, аудит қолданылатын есеп саясатының тиісінше сипатын және аудит субъектісінің басшылығы алған бағалау көрсеткіштерінің негізділігін, сондай-ақ жалпы қаржылық есептіліктің ұсынылуын бағалауды қамтыды.

      Біз аудит барысында алынған аудиторлық дәлелдемелер жеткілікті және тиісінше болып табылады деп санаймыз, бұл қаржылық есептіліктің анықтығы туралы пікір білдіруге негіз болады.

      9. Пікір (оң, ескертпесі бар) білдіруге немесе пікір білдіруден бас тартуға негіз.

      10. Пікір

      (Оң пікір кезінде)

      Біздің пікірімізше, қаржылық есептілік (шоғырландырылған қаржылық есептілік) 20__ жылғы _________ жағдай бойынша қаржылық жағдайды, 20______ жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін және ақша қаражатының қозғалысын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес бүкіл елеулі аспектілерде анық көрсетеді.

      (Ескертпесі бар пікір кезінде)

      Біздің пікірімізше, қаржылық есептілікке ескертпесі бар пікір білдіруге негіздемені қамтитын тармақта жазылған мән-жайлардың әсерін қоспағанда, қаржылық есептілік 20__ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қаржылық жағдайды, 20__ жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін және ақша қаражатының қозғалысын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес бүкіл елеулі аспектілерде анық көрсетеді.

      (Пікір білдіруден бас тартқан кезде)

      Пікір білдіруден бас тартуға негіздемені қамтитын тармақта жазылған мән-жайлардың маңыздылығы салдарынан бізде пікір білдіруге негіздемені қамтамасыз ететін жеткілікті тиісінше аудиторлық дәлелдемелер алу мүмкіндігі болмады, және сәйкесінше, біз қаржылық есептіліктің анықтығы туралы пікір білдірмейміз.

      11. Түсіндірме параграф

      Қаржылық есептіліктің анықтығы туралы пікірді өзгертпей, біз қаржылық есептілікке түсіндірмеде жазылған мынадай ақпаратқа назар аударамыз:

      ____________________________________________________________________.

      12. Назар аударуды талап ететін өзге де мәселелер

      Қаржылық есептіліктің анықтығы туралы пікірді өзгертпей, біз мынадай ақпаратқа назар аударамыз:

      _______________________________________________________________.

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) жұмыскер(лер)і:

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, аты-жөні, тегі)

      Аудиторлық есеп _____________________ данада жасалды (саны)

      Ескертпе.

      Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы удиторлық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған бұзушылықтары туралы хабардар етеді. Аудит объектісі мүдделі тұлғалардың ұстанымын (қарысылықтарын) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жібереді.

      Ескертпе.

      Аудиторлық есептің жоғарғы бөлігінде оның жасалған жері (қаланың, басқа елді мекеннің (ауыл, кент және т.б.) атауы), Аудиторлық есептің жасалған күні, Аудиторлық есеп данасының нөмірі (№1 дана - Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) үшін, № 2 дана – мемлекеттік аудит объектісі үшін жасалады.

      Аудиторлық есепте мынадай деректер көрсетіледі:

      1. Аудиторлық іс-шараның атауы – тиісті жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес аудиторлық іс-шараның толық атауы көрсетіледі.

      2. Мемлекеттік аудит тобының құрамы – мемлекеттік аудитті жүргізген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) жұмыскерінің, мемлекеттік аудит жүргізуге тартылған мемлекеттік органдар мамандарының, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдар жұмыскерлерінің және сарапшылардың аты-жөні, тегі, лауазымы көрсетіледі.

      3. Мемлекеттік аудит жүргізуге тапсырма (Тексеру тағайындау туралы акт) – Тапсырманың күні мен нөмірі, Тапсырмаға қол қойған лауазымды адамның аты-жөні, тегі, лауазымы көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімі – аталған мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудит жүргізудің басталған және аяқталған күні көрсетіледі (Аудит бағдарламасына сәйкес келеді).

      5. Аудит объектісі – мемлекеттік аудит объектісінің толық атауы, мемлекеттік тіркеу туралы деректер (БСН (ЖСН) көрсетіледі.

      6. Аудиттің мәні – жүргізілетін мемлекеттік аудиттің мәні көрсетіледі. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде мән ретінде есепті күнгі жағдай бойынша қаржылық есептілік нысандары әрекет етеді.

      7. Аудит объектісі басшылығының қаржылық есептілікті дайындаудағы жауаптылығы – рәсімдік стандартқа сәйкес қаржылық есептілікті дайындауға жауапты және функционалдық және лауазымдық міндеттеріне қарай қол қою құқығы берілген адамдарды аудара отырып, қаржылық есептілікті жасау үшін аудит объектісінің жауаптылығы көрсетіледі.

      8. Мемлекеттік аудитордың жауаптылығы – осы тармақта қаржылық есептілік бойынша айтылған пікір үшін мемлекеттік аудитордың жауаптылығы көрсетіледі. Тармақтың мазмұны стандартты болып табылады және түзетуге жатпайды.

      9. Пікір білдіру (оң, ескертпемен) немесе пікір білдіруден бас тарту үшін негіз – осы тармақ бойынша мынадай ақпарат көрсетілуге тиіс:

      оң пікір болған жағдайда – аудит барысында қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаушылықтар анықталмағанын көрсету;

      пікірін ескертпемен білдірген жағдайда – қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануларын дәйекті түрде (қаржылық есептілік нысандары мен баптар тәртібімен) көрсету. Бұрмалаудың әрбір фактісі толассыз тәртіппен нөмірленеді және бұрмалаудың сипаты мен түрін сипаттай отырып, жеке тармақпен белгіленеді. Бұрмалаулар бойынша ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына сілтемелер көрсетіледі және дәлелдеме ретінде қызмет ететін құжаттар көрсетіледі;

      пікір білдіруден бас тартқан жағдайда – нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, негіздеме, мемлекеттік аудитордың қаржылық есептілік бойынша пікір білдіруден бас тартуының себептері;

      қолданылатын есеп саясатының тиісті сипатын бағалау нәтижелері.

      10. Пікір – белгіленген бұрмалаулардың көлемі мен сипатына байланысты ұсынылған үш стандартты пікір нысандарының біріне сәйкес қаржылық есептіліктің сенімділігі туралы пікір білдіріледі.

      11. Түсіндірме параграф – 300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес, егер мемлекеттік аудитор өзінің кәсіби пайымдауы бойынша пайдаланушылардың қаржылық есептілікті түсінуі үшін іргелі болып табылатындай аса маңызды, қаржылық есептілікте ұсынылған немесе ашылған мәселеге пайдаланушылардың назарын аудару қажет деп есептесе, онда мемлекеттік аудитор түсіндірме параграфты қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулар болмайтындығына жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме алған жағдайда аудиторлық есепке (қорытындыға) енгізуі тиіс. Мұндай мәселе болмаған жағдайда, бұл тармақ аудиторлық есепке енгізілмейді.

      12. Назар аударуды талап ететін өзге де мәселелер – 300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес, егер мемлекеттік аудитор өзінің кәсіби пайымдауы бойынша аудитті пайдаланушылардың мемлекеттік аудитордың міндеттерін немесе аудиторлық есепті (қорытындыны) түсіну үшін маңызды болып табылатын қаржылық есептілікте берілгендерден немесе ашып көрсетілгендерден басқа қандай да бір мәселе туралы хабарлау қажет деп есептесе, онда мемлекеттік аудитор мұндай мәселені аудиторлық есепте (қорытындыда) ұсынуы тиіс. Мұндай мәселе болмаған жағдайда, бұл тармақ аудиторлық есепке енгізілмейді.

      Ескертпе:

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты

      және т.б. – және тағы басқа

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2025 жылғы 18 қарашадағы
№ 14-НҚ Нормативтік қаулыға
6-қосымша
Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
жүргізу қағидаларына
20-қосымша

      нысан

  Қазақстан Республикасы
Жоғары аудиторлық
палатасының (Тексеру
комиссиясының) Төрағасына
________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда)

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫНЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ

      I. Кіріспе бөлік

      1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:_________________________________

      1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: _________________________________

      1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: ______________________________

      1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: _________________________

      II. Негізгі (талдамалық) бөлік

      2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау__________________

      2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері _________________________

      ________________________________________________________________

      2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық

      дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

      ___________________________________________________ (болған жағдайда)

      III. Қорытынды бөлік

      3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар ________

      ____________________________________________________________________

      3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар _____________

      ____________________________________________________________________

      3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар

      ____________________________________________________________________

      3.4. Қосымша: (__ парақ) __________________________________________

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының)

      мүшесі

      ___________________________________________________________________

      Аты-жөні, тегі

      Аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы

      ___________________________________________________________________

      Аты-жөні, тегі

      Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің (Тексеру

      комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) басшысы

      ___________________________________________________________________

      Аты-жөні, тегі

      Аудит тобының жетекшісі

      ______________________________________________________________

      Аты-жөні, тегі

      Аудиторлық іс-шараны жүргізген мемлекеттік аудиторлар

      _______________________________________________________________

      Аты-жөні, тегі

      Ескертпе: Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Аудиторлық қорытынды (бұдан

      әрі – Аудиторлық қорытынды) жасау.

      I. Аудиторлық қорытындының кіріспе бөлігінде мынадай деректер көрсетіледі:

      1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы.

      Mемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көрсетілген аудиторлық іс-шараның

      атауы көрсетіледі.

      1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты.

      Бекітілген Аудит бағдарламасына сәйкес мемлекеттік аудиттің мақсаты көрсетіледі.

      1.3. Мемлекеттік аудит объектілері.

      Мемлекеттік аудит объектілерінің атауы, соның ішінде үстеме тексеру объектілері

      көрсетіледі.

      1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең.

      Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең көрсетіледі.

      II. Аудиторлық қорытындының негізгі (талдамалық) бөлігі мыналарды қамтиды:

      2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау.

      Аудиттің мәні немесе негізгі аудит объектісі қызметінің мәні болып табылатын

      саланы жиынтық талдау қысқаша нысанда ұсынылады.

      Қаржылық есептілік аудитінің іс-шаралары бойынша қаржылық есептіліктің негізгі көрсеткіштеріне жинақталған талдау ұсынылады. Республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігі аудитінің нәтижелері бойынша мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің жай-күйіне қысқаша талдау да ұсынылады.

      2.2. Аудиторлық іс-шаралардың негізгі нәтижелері.

      Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

      1) қаржылық бұзушылықтар;

      2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану;

      3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау;

      4) рәсімдік бұзушылықтар (саны көрсетіледі).

      Қаржылық есептілік аудитінің іс-шаралары бойынша қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануларының жалпы сомасы көрсетіледі.

      2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау.

      Мемлекеттік аудиттің негізгі объектісі қызметінің салаға, өңірге немесе тұтастай елге әсер етуін бағалаудың қысқаша нәтижесі ұсынылады.

      Қаржылық есептілік аудитінің іс-шаралары бойынша аталған бөлім толтырылмайды.

      III. Аудиторлық қорытындының қорытынды бөлігі мынадай бөлімдерді қамтиды:

      3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

      Бұл бөлімде есептелген (толық есептелген) қаржылық есептіліктің түзетілген қателіктерінің сомасы, салықтар, айыппұлдар, өсімпұлдар туралы, бюджетке түсімдер енгізудің қамтамасыз етілгені және негізсіз пайдаланылған қаражаттың өтелгені, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің шарттық міндеттемелерін орындағаны, мемлекеттік аудит объектісінің бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарына қолданылған тәртіптік жазалау шаралары туралы, мемлекеттік аудитті жүзеге асыру процесінде және мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша отырыс өткізілгенге дейін мемлекеттік аудит объектісінің бұзушылықтарды жоюына қатысты басқа да ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік аудит материалдарын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға беру туралы мәліметтер мен оларды қараудың нәтижелері (болған жағдайда) көрсетіледі.

      3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

      Жүргізілген мемлекеттік аудит мәселелері бойынша мемлекеттік аудит объектілері қызметінің нәтижелерін жалпы бағалау және белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы көрсетіледі. Мемлекеттік аудит бағыттарының ерекшеліктерін есепке ала отырып, мемлекеттік аудит типі мен объектісіне, тексеру түріне қарай бюджеттің атқарылуын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын, ұлттық жобалардың және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау, республикалық бюджеттен түсетін түсімдердің сомасын қайтара отырып, республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет қаражатын, оның ішінде заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) қызметін бағалау, акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқару және бюджеттен тыс қордың қаражатын қалыптастыру мен пайдалануы көрсетіледі. Анықталған бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктердің себептері, сондай-ақ олар әкеп соқтыруы мүмкін салдар. Тұжырымдар дәлелді болуы керек, ал ұсыныстар олардан қисынды түрде орындалуы керек.

      Қаржылық есептілік аудитінің іс-шаралары бойынша қаржылық есептіліктің түзетілмеген бұрмалануларының жалпы сомасы, сондай-ақ қаржылық есептілік бойынша айтылған пікір көрсетіледі.

      3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар.

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің тұжырымдармен негізделген және анықталған бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктердің себептерін жоюға бағытталған ұсынымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) отырысында аудиторлық іс-шараның қорытындыларын қарау туралы оның пікірі көрсетіледі.

      Бөлімде:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, уәкілетті мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға, басқа да консультативтік-кеңесші органдарға нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсынымдар;

      2) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша қызметті ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдары;

      3) мемлекеттік аудит объектісі басшылығының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында және отырыс өткізілгенге дейін жасаған іс-әрекеттерін назарға алу туралы ұсыныстар көрсетіледі.

      3.4. Қосымшалар.

      Аудиторлық қорытындыға мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімі, анықталған жүйелі кемшіліктер бойынша жиынтық кесте (болған жағдайда) міндетті түрде қоса беріледі.

      Жекелеген бұзушылықтарды неғұрлым толығырақ ашу үшін негізгі (талдамалық) бөлік қосымшалармен (кестелер, есептеулер, таратып жазулар) толықтырылады. Қосымшалар Аудиторлық қорытындының негізгі мәтінімен бірге біртұтас бүтінді құрайды.

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2025 жылғы 18 қарашадағы
№ 14-НҚ Нормативтік қаулыға
7-қосымша
Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
жүргізу қағидаларына
21-қосымша

      нысан

  ________________________
  Нұсқама жіберіліп отырған
  органның, ұйымның атауы

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының) НҰСҚАМАСЫ

      №_______

      ___________________

      (органның орналасқан жері)

      20__ жылғы " ___"________

      Нұсқаманың тақырыбы

      Айқындаушы бөлік _____________________________________________

      Тапсырмалық тармақтар _________________________________________

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының)

      мүшесі _____________________________________

      (қолы, аты-жөні, тегі)

      Ескертпе: Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) нұсқамасын (бұдан әрі – Нұсқама) жасау.

      Нұсқамада анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық шараларын қабылдау және Нұсқаманың орындалғаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (Тексеру комиссиясына) белгіленген мерзімдерде ұсыну туралы талап көрсетіледі.

      Нұсқама мемлекеттік аудит объектісіне (басқа да мүдделі адамдарға):

      1) қаржыландыру жоспарында негізсіз пайдаланылған және (немесе) мақсатынан тыс пайдаланылған бюджет қаражатын қалпына келтіру және (немесе) өтеу және (немесе) азайту туралы не оларды есеп бойынша қалпына келтіру, бюджет заңнамасы қағидатын бұза отырып пайдаланылған бюджет қаражатын, соның ішінде мақсатынан тыс пайдаланылған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің сомаларын қайтару, заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтыру туралы;

      2) бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, өнім берушілердің тауарларды жеткізуін (жұмыстарды орындауын және қызметтерді көрсетуін), басқа да шарттық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ басқа да шараларды қабылдау туралы;

      3) Нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына онда белгіленген мерзімде ұсыну туралы талаптарды қамтиды.

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі Нұсқама жобасын Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) отырысында талқылау үшін Аудиторлық қорытындының жобасымен бірге енгізеді.

      Нұсқамаға Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) мүшесі қол қояды және мемлекеттік аудит объектісінің, ұйымдар мен лауазымды адамдардың мекенжайына оған (оларға) қатысты бөлігінде жіберіледі. Әрбір адресатқа жеке-жеке нұсқама жіберіледі.

      Нұсқама Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) бланкісінде ресімделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады