БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35710 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жариялануға жататын деректер тізбесі, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Бюрократиядан арылту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы
|
Д. Жазықбай
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
| |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2025 жылғы 11 қарашадағы № 185 Казакстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 26 бұйрыққа қосымша |
Жариялануға жататын мәліметтер тізбесі
1. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 11-бабы 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның және оның жұбайының (зайыбының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
2. Кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген есептік салық кезеңі.
№ р/с
|
Жеке тұлғаның кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мәліметтері
|
Жариялануға жататын мәліметтер
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістері туралы мәліметтер
|
1) жалпы сома;
2) кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
|
2
|
Мүлікті (оның ішінде ақшаны) сатып алу (алу) туралы және есепті салық кезеңі ішінде мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жердегі мүлік сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер
|
1) сатып алынатын (алынатын) мүліктің түрі;
2) Мүлікті (оның ішінде ақшаны) сатып алу (алу) туралы мәліметтер:
2.1. мүлік сатып алынған елдің коды;
2.2. сатып алынған мүліктің құны (бағасы);
3) мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер:
3.1. шығыстарды жабу көздері;
3.2. мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздерінің сомасы.
4) кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
|
3
|
Есепті салық кезеңі ішінде мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жердегі мүлікті иеліктен шығару туралы мәліметтер
|
1) иеліктен шығарылған (берілген) мүліктің түрі;
2) иеліктен шығарылған мүлік орналасқан елдің коды;
3) мүлік сатылған теңгедегі құны (бағасы);
4) кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
|
4
|
Есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында мыңдық айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы ақша туралы мәліметтер
|
1)Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша соммасы;
2) валюта коды;
ақшаның валютамен көрсетілген сомасы;
3) ақша сақталатын банк мекемесінің атауы;
4) банк мекемесін тіркеген елдің коды;
5) кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
|
5
|
Есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде мүлiк пен активтердің болуы туралы мәліметте
|
1) мүліктің түрі:
1.1. шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не ол бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын мүлік;
1.2. эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды, цифрлық активтер;
1.3. инвестициялық алтын;
1.4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.
2) мүлікті тіркеу елінің коды;
3) кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).
|
Ескертпе:
1. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 11-бабы 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар, осы тізбеде көрсетілген деректерді Қазақстан Республикасы Парламенті мен Жоғарғы Соты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кадр (персоналды басқару) қызметтеріне ұсынады.
2. Жариялануға жататын деректер Қазақстан Республикасы Парламенті мен Жоғарғы Соты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кадрлық (персоналды басқару) қызметтері арқылы олардың ресми интернет-ресурстарында есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей орналастырылады.
Осы тізімде көзделген кірістер, мүлік және өзге де мәліметтер болмаған жағдайда, олар жариялауға жатпайды.