"Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2025 жылғы 7 қарашадағы № 567/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 13 қарашада № 37408 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16750 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-6-бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы Ережесінің 15-тармағының 306) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін енгізу жөніндегі өлшемшарттар (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-6-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы Ережесінің 15-тармағының 306) тармақшасына сәйкес әзірленді және сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру, жүргізу тәртібін, сондай-ақ бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарды айқындайды.";

      5-тармақта:

      3) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) бағдарламалық қамтылым оқшаулау үлесінің кемінде 80%;";

      6-тармақта:

      4) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелген) қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының қазақстандық тауар өндірушінің тізілімінде болуы;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) электрондық өнеркәсіп өнімінің мәлімделген сыныптау Қағидаларының санаттарына сәйкестігі.";

      9-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өтініш беруші осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында, сондай-ақ 2-қосымшада көзделген құжаттардың қолданылу мерзімдері аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей уәкілетті органға құжаттардың өзектендірілген нұсқаларын ұсына отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Тізілімде қамтылған мәліметтердің өзектілігін тексеру мақсатында уәкілетті орган Тізілімде қамтылған мәліметтердің, құжаттардың дұрыстығына мониторинг жүргізеді.";

      2-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің
тізбесі

1) бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу үшін Қағидалардың 5 немесе 6-тармағында белгіленген өлшемдерге бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш беріледі:
Бағдарламалық қамтылым үшін: ҚР СТ ISO/IEC 15408-3-2017 "Ақпараттық технологиялар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау өлшемшарттары. 3-бөлім. Қорғауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар" (бұдан әрі – ҚР СТ ISO/IEC 15408-3-2017) сәйкес бағдарламалық қамтылым үшін 4-інші сенім деңгейінен төмен емес орындау немесе Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларына сәйкес аккредиттелген сынау зертханалары берген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне оң нәтижелері бар сынау хаттамаларының болуы (бұдан әрісынау хаттамалары);
бағдарламалық қамтылымға айрықша мүліктік құқықтар көрсетілетін қызметті алушыға тиесілі, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және айрықша құқықтардың қолданылу мерзіміне қолданылады;
Қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін индустриялық сертификат немесе қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушіні растау тәртібіне сәйкес бағдарламалық қамтылым оқшаулау үлесінің кемінде 80% есептеуін растайтын құжаттар. Бұл ретте индустриялық сертификатты бағдарламалық қамтылымның оқшаулау үлесін растаушы құжат ретінде ұсынуға 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының төртінші бөлігіне сәйкес рұқсат етіледі;
осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында техникалық қолдау қызметімен бағдарламалық қамтылымды қамтамасыз ету туралы мәліметтер.
Электрондық өнеркәсіп өнімдері үшін: ҚР СТ ISO/IEC 15408-3-2017 сәйкес бағдарламалық қамтылым үшін 4-інші сенім деңгейінен төмен емес орындау немесе сынау хаттамаларының болуы немесе ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органнан бағдарламалық қамтылымды сынақтан өткізудің мүмкін еместігі туралы растаудың болуы;
электрондық өнеркәсіп өнімін өндірушіде құқықтың бүкіл қолданылу мерзіміне электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамында бағдарламалық қамтылымды пайдалану құқығының туындау негіздерін растайтын құжаттар;
осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында электрондық өнеркәсіп өнімін сервистік орталықпен қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелген) Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірмесі немесе индустриялық сертификаты болу қажет. Бұл ретте индустриялық сертификатты электрондық өнеркәсіп өнімінің кемінде 30% оқшаулау үлесін растаушы құжат ретінде ұсынуға 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының төртінші бөлігіне сәйкес жол беріледі;
осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық өнеркәсіп өнімінің техникалық және пайдалану сипаттамаларының сипаттамасын қамтитын құжат;
2) бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімі тізілімінен алып тастау үшін көрсетілетін қызметті алушының бастамасы бойынша осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш беріледі;
3) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш беріледі.

      ";

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар;
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады;
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген moap@mdai.gov.kz.
4) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында көрсетілген www.gov.kz "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі" бөлімінде. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

      ".

      3-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш";

      4-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы өтініш";

      5-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімі тізілімінен алып тастау туралы өтініш".

      2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару комитетінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрінің міндеттерін атқарушы
Д. Мун

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады