"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 354-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Азық-түлік нарығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 11 қарашадағы № 423 бұйрығымен бекітілген |
Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 354-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) органикалық өнім – ауыл шаруашылығы өнімі, жабайы өсетін өсімдіктерден алынатын өнім, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары, ашытқы мен саңырауқұлақтар, оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде "Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін тамақ өнімі. Аңшылық және балық аулау шаруашылығы өнімдері органикалық өнім болып табылмайды;
2) органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын деректердің негізінде алынған, органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын, органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының және ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ақпарат;
3) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3. Тізілімді жүргізу органикалық өнім өндірушілер органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ресми расталған ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
2-тарау. Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу тәртібі
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) ұсынады.
Ақпаратты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы уәкілетті органға ұсынады.
5. Уәкілетті орган күнтізбелік 10 күн ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ақпаратты бергеннен кейін Қазақстан Республикасы бойынша ақпарат жинауды, жинақтап-қорытындылауды және талдауды жүзеге асырады және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізеді.
6. Уәкілетті орган әр тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей тізілімді уәкілетті органның www.gov.kz ресми интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады.
| Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: нысан № 1-орг
Мерзімділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20___ жылғы____тоқсан
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
|
Жинау әдісі: электрондық түрде
1-тарау. Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары туралы ақпарат
Р/с № |
Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымын өндірушінің атауы, байланыс деректері | Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмері |
Ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы | Сорттың (гибридтің, желінің) атауы | Өндірушіні аттестаттау туралы куәліктің нөмірі мен күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Қызмет түрі (бірегей, элиталық және бірінші, екінші үшінші репродукциядағы тұқымдарды өндіру және өткізу бойынша) | Репродукция | Сынып | Тұқымдардың сорттық және себу сапасын растайтын құжат |
| Өнімнің мәртебесі | Сортты қолдануға рұқсат етілген аймақ |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
2-тарау. Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпарат
Р/с№ |
Өндірушінің атауы, өндірушінің байланыс деректері | Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмері | Өндірушінің нақты орналасқан жері | Ауыл шаруашылығы жануарлары түрінің атауы | Жануардың жеке нөмірі | Ауыл шаруашылығы жануарларының мәртебесі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Атауы __________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
Телефоны _______________________________________________________
Электрондық поштасының мекенжайы__________________________________
Орындаушы ____________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________ ______________________________________
(қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: нысан № 1-орг, кезеңділігі: тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдары) толтырады.
3. Нысанға орындаушы және басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
4. Нысанды жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей ұсынады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. 1-тараудың 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
7. 1-тараудың 2-бағанында ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымын өндірушінің атауы және байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы) көрсетіледі.
8. 1-тараудың 3-бағанында өндірушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
9. 1-тараудың 4-бағанында ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы (латынша атауын қоса алғанда) көрсетіледі.
10. 1-тараудың 5-бағанында сорттың (гибридтің, желінің) атауы көрсетіледі.
11. 1-тараудың 6-бағанында өндірушіні аттестаттау туралы куәліктің нөмірі мен күні көрсетіледі.
12. 1-тараудың 7-бағанында қызмет түрі (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген) бекітілген Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларына сәйкес бірегей, элиталық және бірінші, екінші, үшінші репродукциядағы тұқымдарды өндіру және өткізу бойынша) көрсетіледі.
13. 1-тараудың 8-бағанында тұқымдардың репродукциясы көрсетіледі.
14. 1-тараудың 9-бағанында тұқымдардың сыныбы көрсетіледі.
15. 1-тараудың 10-бағанында тұқымдардың сорттық және себу сапасын растайтын құжат көрсетіледі (ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының аттестаты).
16. 1-тараудың 11-бағанында өнімнің салмағы тоннамен көрсетіледі.
17. 1-тараудың 12-бағанында органикалық өнім өндіру процесінің сәйкестігін растау жөніндегі органның шешімінің негізінде өнімнің "Өтпелі кезең өнімі (P1 немесе P2)" деген, органикалық өнім өндіру процесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган берген қолданыстағы органикалық өндіріс талаптарына сәйкестікті растайтын сертификат негізінде "органикалық өнім" деген мәртебесі көрсетіледі.
18. 1-тараудың 13-бағанында "Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сынақ нәтижелері бойынша сорт рұқсат етілген аймақ, сортты қолдануға рұқсат етілген өңір көрсетіледі.
19. 2-тараудың 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
20. 2-тараудың 2-бағанында өндірушінің атауы және байланыс деректері (телефон нөмірі/электрондық почта мекенжайы) көрсетіледі.
21. 2-тараудың 3-бағанында өндірушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
22. 2-тараудың 4-бағанында өндірушінің нақты орналасқан жері көрсетіледі.
23. 2-тараудың 5-бағанында ауыл шаруашылығы жануарларының түрі көрсетіледі.
24. 2-тараудың 6-бағанында жануарларды сәйкестендіру үшін жануардың жеке нөмірі көрсетіледі.
25. 2-тараудың 7-бағанында органикалық өнім өндіру процесінің сәйкестігін растау жөніндегі органның шешімі негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының "Өтпелі кезең жануарлары (P1 немесе P2)" деген, органикалық өнім өндіру процесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган берген қолданыстағы органикалық өндіріс талаптарына сәйкестікті растайтын сертификат негізінде "органикалық жануарлар" деген мәртебесі көрсетіледі.
| Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімі
Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының тізілімі
Р/с№ | Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымын өндірушінің атауы, байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы) | Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмері | Ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы (латынша атауын қоса алғанда) | Сорттың (гибридтің, желінің) атауы | Өндірушіні атестаттау туралы куәліктің нөмірі мен күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Қызмет түрі (бірегей, элиталық және бірінші, екінші үшінші репродукциядағы тұқымдарды өндіру және өткізу бойынша) | Репродукция | Сынып | Тұқымдардың сорттық және себу сапасын растайтын құжат |
| Өнімнің мәртебесі | Сортты қолдануға рұқсат етілген аймақ |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімі
Р/с№ | Өндірушінің атауы, өндірушінің байланыс деректері (телефон нөмірі/электрондық поштасының мекенжайы) | Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмері | Өндірушінің нақты орналасқан жері | Ауыл шаруашылығы жануарлары түрінің атауы | Жануардың жеке нөмірі | Ауыл шаруашылығы жануарларының мәртебесі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
