"Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 7 қарашадағы № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 10 қарашада № 37373 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғаш ресми жарияланғанынан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 25 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы
А. Амрин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 7 қарашадағы
№ 119
  Бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру, оның ішінде тендер өткізу, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасу тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын, тарих және мәдениет ескерткіштері мен су шаруашылығы құрылысжайларын сенімгерлік басқаруға беруге байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор – "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;

      2) баланс ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;

      3) басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;

      4) құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісі – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде айқындалатын салықтық кезеңдегі сенімгерлік басқарудың кірістері мен шығындары арасындағы оң айырма;

      5) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысы бойынша айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару мен пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;

      6) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы (бұдан әрі – құрылтайшы) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;

      7) объект – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын, тарих және мәдениет ескерткіштері мен су шаруашылығы құрылысжайларын қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешені, бағалы қағаздар, жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, жылжымайтын мүлік, мемлекетке тиесілі ақша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда өзге де мемлекеттік мүлік;

      8) сенімгерлік басқарушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құрылтайшымен, баланс ұстаушы немесе басқару органымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

      9) сыйақы – объект сенімгерлік басқаруға берілген кезде құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кіріс есебінен жүзеге асырылатын сенімгерлік басқарушыға берілетін төлемдер;

      10) тендер – бұл тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін, объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттықтар нысаны, мұнда құрылтайшы өзі ұсынған бастапқы талаптардың негізінде өзі үшін шарттың жақсы талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылармен шарт жасасуға міндеттенеді;

      11) тендер жеңімпазы – объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде ең төмен сыйақы мөлшерін ұсынған қатысушы;

      12) тендерге қатысушы – тендерге қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

      13) тендерлік комиссия – объектіні беру жөніндегі тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрылтайшы құрған комиссия;

      14) тендерлік ұсыныс – сыйақы мөлшерін қамтитын (құрылтайшының сенімгерлікпен басқаруынан түскен таза кіріске пайыздық арақатынаста) қатысушының ұсынысы;

      15) тізілімнің веб-порталы – Интернет желісінде: www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

      16) шарт – осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сай үлгілік шартқа сәйкес құрылтайшы, баланс ұстаушы немесе басқару органы мен сенімгерлік басқарушының арасында жасалған объектіні сенімгерлік басқару шарты;

      17) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы;

      19) электрондық ақшаның электрондық әмияны – екінші деңгейдегі банктегі бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына әлеуетті қатысушы құйған ақша қаражатын есепке алу үшін бірыңғай оператор пайдаланатын тізілімдегі әлеуетті қатысушының жеке шоты.

2-тарау. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру тәртібі

      3. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді құрылтайшы қабылдайды, ол туралы мәліметтерді құрылтайшы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға енгізеді.

      Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту сенімгерлік басқарушы шарттың талаптарын тиісінше орындаған кезде жүзеге асырылады.

      Сенімгерлік басқарушы шарт аяқталғанға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей құрылтайшыға шарттың бүкіл кезеңі үшін мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет туралы есептің қосымшасымен шарттың қолданылу мерзімін ұзарту ниеті туралы өтінішті жазбаша жібереді.

      Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту негізгі шартқа қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі қосымша келісім негізгі шарттың мерзімінен аспайтын жаңа мерзімге жасалады.

      Шарттың қосымша келісімі тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және құрылтайшы, баланс ұстаушы немесе басқару органы және сенімгерлік басқарушы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

      4. Акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің немесе өзге де заңды тұлғалардың) мемлекетке тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқаруға беру кезінде сенімгерлік басқарушыға мынадай:

      1) акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің және өзге де заңды тұлғаның жарғысын өзгерту туралы;

      2) акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің және өзге де заңды тұлғаның жарғылық капитал мөлшерін өзгерту (ұлғайту немесе азайту) туралы;

      3) акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе өзге де заңды тұлғаны тарату, оларды қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ олардың атауын өзгерту туралы мәселелерді шешуге байланысты мемлекеттің құқықтары берілмейді.

      Акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің немесе өзге де заңды тұлғалардың) акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) мемлекеттің дивидендтерге құқығынан бас тартумен сенімгерлік басқаруға беруге жол берілмейді.

      Сенімгерлік басқарушы акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе өзге де заңды тұлғаның) таза кірісінің бір бөлігін Қазақстан Республикасының Бюджет кодесімен белгіленген мөлшерде дивидендтер (кірістер) төлеуге жіберуді қамтамасыз етеді.

      5. Сенiмгерлiк басқарушының мүлiктi сенiмгерлiк басқару кезiнде жүргізген қажеттi шығыстарын өтеу сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ағымдағы бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      Сенімгерлік басқарушының мүлікті сенімгерлік басқару кезінде жүргізген қажетті шығыстарын бюджет қаражаты есебінен өтеуді Қазақстан Республикасының Бюджет кодесінде белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.

      6. Сенімгерлік басқарушы мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерді мемлекеттiк кәсiпорынның балансына бекітілген республикалық және коммуналдық меншiк сенiмгерлiк басқаруға берілген кезде орындауға тиіс.

      Мемлекеттік мекеменің балансына бекітілген республикалық және коммуналдық мүлік сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерді сенімгерлік басқарушы орындамайды.

      7. Сенімгерлік басқарушының есепті ұсыну, оның ішінде:

      "Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 816 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33221 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен берілетін мемлекеттік меншікке байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есепті;

      басқарудың аралық нәтижелері көрсетілетін жылдық есепті;

      мемлекеттік мүлікті басқарудың нәтижелері жазылатын сенімгерлік басқару шартының барлық қолданылған кезеңіндегі есепті ұсыну тәртібі мен мерзімдері шартта белгіленеді.

      Жылдық есепте мынадай ақпарат:

      сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару нәтижесінде алған кірістері туралы;

      сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару нәтижесінде шеккен шығыстары туралы;

      сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару шеңберінде қабылдаған іс-қимылдары туралы;

      құрылтайшының жазбаша сұрау салуы бойынша берілетін мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарумен байланысты өзге мәліметтер қамтылады.

      Шарттың барлық кезеңі ішінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет туралы есепте мынадай ақпарат:

      мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың барлық кезеңі ішіндегі жиынтық қаржылық көрсеткіштер;

      сенімгерлік басқарушының барлық кезең ішіндегі сыйақы мөлшері;

      мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың нақты көрсеткіштерінің барлық кезең ішіндегі салыстырма талдауы;

      құрылтайшының жазбаша сұрау салуы бойынша берілетін барлық кезең ішінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарумен байланысты өзге мәлімет қамтылады.

      Есептерде қамтылған ақпаратты растайтын құжаттардың көшірмелері есепке қоса беріледі.

      8. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру мынадай жағдайларды қоспағанда, тендерлік негізде жүзеге асырылады:

      1) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жарғылық капиталдың ақысына объект берілетін мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаға объектіні беру;

      2) газ құбырлары мен электрмен және энергиямен жабдықтау объектілерін беру;

      3) стратегиялық объектілерді, сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалардағы акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) беру;

      4) жылжымайтын мүлік объектілерін және халықаралық келісімдерді іске асыру үшін құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларын беру;

      5) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді беру;

      6) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және жол қызметі объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу, ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін беру;

      7) Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға беру;

      8) денсаулық сақтау объектілерін салуды, күтіп-ұстауды және пайдалануды ұйымдастыру үшін жылжымайтын мүлікті Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторға беру;

      9) ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған объектілерін ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісіне беру;

      10) коммуналдық мүлікті қайырымдылық және волонтерлық ұйымдарға беру;

      11) "Инвестициялар тарту кеңесін (инвестициялық штаб) құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 64-ө өкімімен құрылған Инвестициялар тарту кеңесінің (инвестициялық штаб) шешімі бойынша Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға автомобиль жолдарын жөндеуге беру.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда республикалық мүлік тиісті саланың уәкілетті органының ұсынысы негізінде тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беріледі.

      Бұл ретте акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) және стратегиялық объектілерді сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталын) төлеуге беру туралы шешімі болған кезде жүзеге асырылады.

      10. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру объектіні сенімгерлік басқаруға беру өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.

      Өтініш мынадай құжаттарды:

      1) заңды тұлғалар үшін:

      салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, куәліктің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

      салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;

      2) жеке тұлға және дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсыну арқылы объектінің атауын, оның баланс ұстаушысын, сондай-ақ объектіге қажеттілік негіздемесін көрсетумен еркін нысанда ресімделеді.

      11. Объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беру кезінде өтінішті құрылтайшы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Құрылтайшы 3 (үш) жұмыс күні ішінде алынған өтінішті теңгерім ұстаушыға немесе басқарушы органға (акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе өзге де заңды тұлғаның) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін ұсынған кезде) келісуге жібереді. Өтінішке қоса берілген құжаттар теңгерімді ұстаушыға жіберілмейді.

      Теңгерімді ұстаушы немесе басқару органы (акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе өзге заңды тұлғаның) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін ұсынған кезде) өтініш түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келіседі не дәлелді жауап ұсына отырып объектіні сенімгерлік басқаруға беруден бас тартады.

      Өтініш келісілген жағдайда жазбаша нысанда объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі талаптарды және сыйақының 50%-нан аспайтын шекті мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түскен таза кірісіне пайыздық қатынаста) белгілеу немесе объектіні сенімгерлік басқаруға беруден бас тарту туралы ұсыныстар беріледі.

      Құрылтайшы 3 (үш) жұмыс күні ішінде тендер өткізбестен объектіні сенімгерлік басқаруға беру немесе бермеу туралы өтінішті қарау нәтижелері туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      Сыйақы мөлшерін белгілеу жөніндегі талап пайдаланылуын табиғи монополиялар субъектісі жүзеге асыратын объектілер, сондай-ақ басқару үшін мемлекеттің кепілдігімен халықаралық қарыздар тартылған объектілер сенімгерлік басқаруға берілетін жағдайларға қолданылмайды.

      12. Объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға берген кезде сенімгерлік басқарушымен шартты құрылтайшының басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, баланс ұстаушы немесе басқару органы өтініш берілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында жасайды.

3-тарау. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге дайындау

      113. Басқару органы (акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі қатысу үлестеріне қатысты) және (немесе) баланс ұстаушы (жылжымалы және жылжымайтын мемлекеттік мүлікке қатысты) объектіні сенімгерлік басқаруға беру үшін құрылтайшыға мынадай ақпаратты ұсынады:

      1) объектінің қысқаша сипаттамасы, оның баланстық құны туралы мәліметтер және баланс ұстаушының атауы;

      2) акциялары (үлестері) не мүлiктік кешені объект болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттары;

      3) акциялары (үлестері) не мүліктік кешені объект болып табылатын заңды тұлғаның соңғы 3 (үш) қаржы жылындағы қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпарат;

      4) объектіні сенімгерлік басқаруға берудің орындылығының негіздемесі;

      5) объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттарын және тендерге қатысушыларға қойылатын талаптарды белгілеу бойынша ұсыныстар;

      6) объектіні сенімгерлік басқарудан түсетін жоспарланған кірістер мен шығыстардың есептері;

      7) сыйақының шекті мөлшерін белгілеу бойынша ұсыныстар (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кіріске қарағанда проценттік арақатынаста);

      8) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезіндегі сенімгерлік басқарушының қажетті шығыстарын өтеу көзін белгілеу туралы ұсыныстар.

      14. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлік басқаруға беру объектісі болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары құрылтайшының жазбаша сұрау салуы бойынша объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді 7 (жеті) жұмыс күні ішінде береді.

4-тарау. Тендерді өткізуге дайындық

      15. Құрылтайшы сенімгерлік басқаруды тағайындау мақсатында:

      1) тендер ұйымдастырады (тендерлік комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, хабарламалардың жариялануын қамтамасыз етеді);

      2) тендердің өткізілу барысын бақылауды жүзеге асырады;

      3) сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады;

      4) объектіні сенімгерлік басқаруға беруге байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      16. Құрылтайшы тендерлерді ұйымдастыру және өткізу үшін тендерлік комиссия құрады.

      Тендерлік комиссияның құрамына құрылтайшының, басқару органының, өкілді органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының жанындағы комиссияларда), жергілікті қоғамдастықтар мен өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.

      Тендерлік комиссияның төрағасы мен хатшы құрылтайшының өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 (бес) адамды құрайды. Хатшы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      17. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) объектіні сенімгерлік басқаруға берудің шарттарын (бұдан әрі – тендердің шарттары) және тендерге қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарды айқындайды;

      2) кепілдік жарнаның мөлшерін бекітеді;

      3) сыйақының 50%-дан аспайтын шекті мөлшерін белгілейді (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кіріске пайыздық арақатынаста);

      4) сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезіндегі қажетті шығыстарын өтеу көзін айқындайды.

5-тарау. Тендерлік құжаттама

      18. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде құрылтайшы тендер өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде тендер өткізу туралы хабарлама жариялайды, онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) тендердің шарттары мен тендер жеңімпазын айқындау өлшемшарттарын;

      2) объектінің қысқаша сипаттамасын;

      3) тендерді өткізу күнін, уақытын;

      4) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) беру мерзімін;

      5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оны енгізу үшін банк деректемелерін (кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгермейді);

      6) сыйақының шекті мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кіріске қатысты пайыздық арақатынаста);

      7) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезіндегі сенімгерлік басқарушының қажетті шығыстарын өтеу көзін;

      8) тендерге қатысушыға қойылатын талаптарды қамтиды.

      19. Тендерлік комиссия тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда, барлық өзгерістер туралы хабарлама осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде жарияланады.

      Тендердің шарттары өзгергені туралы хабарлама жарияланғанға дейін өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан адамдарға бірыңғай оператор осы қатысушының деректемелерін көрсете отырып, тендерге қатысушы берген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей кепілдік жарналарды қайтарады.

      20. Құрылтайшы хабарлама жарияланғанға дейін тізілімнің веб-порталында объект туралы мынадай ақпаратты:

      1) объектінің иесі мен баланс ұстаушы туралы мәліметтерді (мекенжай, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы);

      2) сенімгерлік басқаруға берілетін (жылжымайтын мүлік үшін) объектінің техникалық жай-күйі туралы түсінікті қамтамасыз ететін саны кемінде 5 (бес) дана фотосуретті;

      3) акциялары (қатысу үлестері) не мүліктік кешені сенімгерлік басқару объектісі болып табылатын әрбір заңды тұлға бойынша мынадай құжаттардың:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;

      жарғы;

      жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (акционерлік қоғамдар үшін);

      есепті кезеңнің алдындағы үш жылғы қосымшаларымен бухгалтерлік баланстар көшірмелерін;

      4) акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген аударым шарттарын;

      5) тендер талаптары ескеріле отырып, жасалған шарт жобасын орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Хабарлама жарияланғаннан кейін бірыңғай оператор барлық ниет білдірушілерге тізілімнің веб-порталында орналастырылған объект туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді, ал баланс ұстаушы объектіні көруге мүмкіндікті қамтамасыз етеді.

      21. Бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды, тендер жеңімпазының тендердің нәтижелері туралы хаттамаға және шартқа қол қойғаннан кейін, сондай-ақ басқа да қатысушылардың кепілдік жарналарының құлпын ашады.

      Бірыңғай оператор:

      1) шарт жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тендер жеңімпазының электрондық әмиянында кепілдік жарнаның құлпын ашуды жүргізеді;

      2) басқа қатысушылардың басқа сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру үшін электрондық әмиянда бұғатталмаған ақша қаражатын бірнеше рет пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

      3) тендерге қатысушының ақшалай қаражатын қатысушы электрондық әмияннан ақша алуға арналған өтініште көрсеткен деректемелерге аударуды қамтамасыз етеді;

      4) тендер жеңімпазы тендер нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоймаған жағдайда, сондай-ақ қатысушы тендерге қатысудан оны өткізгенге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен аз уақыт бұрын бас тартқан жағдайда, олардың кепілдік жарнасын тендер өткізілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, құрылтайшы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға арналған өтініш негізінде құрылтайшы көрсеткен деректемелер бойынша республикалық немесе жергілікті бюджеттің кірісіне аударуды жүргізеді.

      22. Тендерге қатысушылар тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен кепілдік жарнаны электрондық әмиянға енгізеді. Кепілдік жарнаны қатысушының өзі не оның атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді. Бір кепілдік жарна бір объектінің тендеріне қатысуға мүмкіндік береді. Бірыңғай оператор кепілдік жарнаны алушы болып табылады.

      23. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір объект үшін оның баланстық құнының 3 (үш) пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті жылдың 1-қаңтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 50 (елу) мөлшерінде жеке белгіленеді.

      24. Кепілдік жарна қатысушының мынадай:

      1) тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;

      2) құрылтайшымен шарт жасасу міндеттемелерін қамтамасыз етуінің кепілі ретінде енгізіледі.

      25. Осы Қағидалардың 19-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушы тендердің өткізілуіне кемінде 3 (үш) жұмыс күні қалғанға дейін оған қатысудан бас тартқан жағдайда бірыңғай оператор кепілдік жарнаны қайтармайды.

      Жеңімпаз тендер нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған жағдайда, кепілдік жарна қайтарылмайды және құрылтайшы көрсеткен деректемелер бойынша республикалық немесе жергілікті бюджеттің кірісіне аударылады.

      Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарна сомасына ақшалай қаражат тендер күні қатысушының электрондық әмиянында құлпы ашылады.

      26. Бірыңғай оператор шарт жасалған күннің 1 (бір) жұмыс күні ішінде тендер жеңімпазының кепілдік жарнасының құлпын ашуды оның электронды әмиянында жүргізеді.

6-тарау. Тендерді өткізу

      27. Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін 2 (екі) сағат бұрын аяқталады.

      28. Тендерге қатысу үшін қатысушы мыналарды:

      1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

      4) байланыс деректерін (мекенжайын, телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталындағы деректерге тиісті өзгерістер енгізеді.

      29. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.

      30. Тендер шарттарымен келісуді қамтитын өтінімге:

      1) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің арнайы бөлінген веб-бетінде электрондық конвертке жүктелген тендерлік ұсыныс;

      2) қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық ("PDF (Portable Document Format)" форматында сканерленген) көшірмелері қоса беріледі.

      31. Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы 3 (үш) минут ішінде:

      тендерге қатысушының электрондық әмиянында кепілдік берілген ақша мөлшерінде ақшаның болуына;

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 6-тарауына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша кейінге қалдыру жағдайларын қоспағанда, қатысушының әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі және салық берешегі туралы мәліметтердің мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік дерекқорында болмауына).

      Тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарна мөлшерінде тендерге қатысушының электрондық әмиянында тендер басталғанға дейін 2 (екі) сағат бұрын ақшаның болмауы және/немесе мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік дерекқорында Салық кодексінің 6-тарауына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша кейінге қалдыру жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік төлемдер және салық берешегі туралы мәліметтердің болуы қатысушының өтінім тізілімін веб-порталдан қабылдамау үшін негіз болып табылады.

      Тізілімнің веб-порталы қатысушының электрондық әмиянында кепілдік жарна мөлшерінде ақша сәтті бұғатталған және Салық кодексінің 6-тарауына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша кейінге қалдыру жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік дерекқорында қатысушының әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі және салық берешегі туралы мәліметтер болмаған жағдайда өтінімді қабылдауды жүзеге асырады.

      Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық пошта мекенжайына өтінімнің қабылданғаны не өтінімнің қабылданбау себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

      32. Тізілімнің веб-порталында тендер демалыс және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген мереке күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма күндері өткізіледі. Тендер Астана қаласы уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі және тендерді өткізген күні аяқталады.

      33. Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы тендердің шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға мүмкіндігі жоқ тұлға тендерге қатысушы болып табылмайды.

      34. Өтінімдер, өтінімдерге қоса берілген тендерлік, қатысушылар құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелері тізілімнің веб-порталында сақталады және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады.

      35. Өтінімдерді ашу тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген тендердің күні мен уақыты келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

      36. Құрылтайшы тізілімнің веб-порталында тендерге жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында өтінімдерді, сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қарайды.

      Қатысушы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде құрылтайшы себебін көрсете отырып, қатысушыны тендерге жібермейді.

      37. Объект сенімгерлік басқаруға берілген кезде құрылтайшы тендерге қатысуға рұқсат берген қатысушылардың тендерлік ұсыныстарын автоматты түрде ашу және салыстыру нәтижелері бойынша жеңімпазды тізілімнің веб-порталы айқындайды.

      Ең төмен сыйақы мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісіне қатысты пайыздық арақатынаста), бірақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген шекті мөлшерден аспайтын мөлшерді ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Тендерге қатысушылардың сыйақы мөлшері сәйкес келген (тең болған) жағдайда, өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Егер объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысуға 1 (бір) қатысушы жіберілген жағдайда, өтінім тендерлік құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда, тендер шарттарының және қатысушының тендерлік ұсынысының талаптарымен жалғыз қатысушымен шарт жасалады.

7-тарау. Тендер нәтижелерін ресімдеу және шарттың мазмұны

      38. Тендер нәтижелері туралы хаттама жеңімпаздың, құрылтайшының және баланс ұстаушының немесе басқару органының тендер шарттарында және жеңімпаздың ұсыныстарында шарт жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

      39. Тізілімнің веб-порталы жеңімпазға тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта арқылы тендер нәтижелері туралы хабарлама жібереді.

      Объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер нәтижелері туралы хаттамада:

      1) себептерін көрсете отырып жіберілмеген қатысушылар тізімі;

      2) жіберілген қатысушылар тізімі;

      3) жеңімпаз көрсетіледі.

      40. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендердің нәтижелері туралы хаттамаға тендер өткізілген күні құрылтайшы және жеңімпаз қол қояды.

      41. Тендер мынадай:

      1) объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге жіберілген қатысушылар болмаған;

      2) құрылтайшы немесе жеңімпаз тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайларда өткізілмеді деп танылады.

      42. Егер тендер өткізілмеді деп жарияланса, құрылтайшы тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген тендер уақыты мен күнінен кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын өткізілмеген тендер туралы актіге қол қояды.

      Құрылтайшы мынадай:

      1) жеңімпаз белгіленген мерзімде тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған;

      2) баланс ұстаушы немесе басқару органы не жеңімпаз белгіленген мерзімде шартқа қол қоймаған жағдайларда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын тендер нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды.

      Осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тендердің не шарттың нәтижелері туралы хаттамаға қол қою мерзімдерін ұзартуға жол берілмейді.

      43. Тендерді өткізуге кедергі болатын тізілім веб-порталының техникалық ақаулық фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы құрылтайшыға жазбаша хабарлайды және тізілімнің веб-порталында ақпарат орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық пошта мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы аталған тендерді жалғастыру күні мен уақыты туралы тендерге қатысқан қатысушыларды алдын ала міндетті түрде хабардар ете отырып, тендерді техникалық ақаулықты жойған күннен кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырады.

      Техникалық ақаулық себебінен тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою процестері бұзылған жағдайда, бірыңғай оператор құрылтайшы мен тендер жеңімпазының тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюы үшін техникалық мүмкіндікті қамтамасыз етеді.

      44. Тендерге жіберілген қатысушылардың болмауына байланысты тендер өткізілмеді деп танылған кезде тендерлік комиссия тендер шарттарын өзгерте алады.

      45. Объектіні сенімгерлік басқару шарт негізінде туындайды (құрылады).

      Құрылтайшы тізілім веб-порталында шартты қалыптастырады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде баланс ұстаушыға немесе басқару органына және тендер жеңімпазына жібереді.

      Осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға берілетін объектілерді қоспағанда, құрылтайшының басшысы не оның міндетін атқарушы адам, баланс ұстаушы немесе басқару органы және жеңімпаз шарт жобасы баланс ұстаушыға немесе басқару органына және тендер жеңімпазына жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып шартқа қол қояды.

      Шартқа қол қою мерзімі бұзылған жағдайда тізілімнің веб-порталы сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы акт қалыптастырады.

      Техникалық ақаулық себебінен шартқа қол қою процестері бұзылған жағдайда, бірыңғай оператор құрылтайшының, баланс ұстаушының немесе басқару органының және тендер жеңімпазының шартқа қол қоюы үшін техникалық мүмкіндікті қамтамасыз етеді.

      Объектіні қабылдау-тапсыру актісіне Сенімгерлік басқарушы және баланс ұстаушы қол қояды және құрылтайшы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып тізілімнің веб-порталында бекітеді.

      46. Жылжымайтын мүлікке арналған сенімгерлік басқару шарты мемлекеттік тіркелуі тиіс. Шартты мемлекеттік тіркеу сенімгерлік басқарушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      47. Шарт тендер жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттарды көздейді.

      48. Сенімгерлік басқарушының мыналарға:

      1) қазіргі жұмыс орын санын сақтап қалуға немесе жаңаларын ашуға;

      2) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде объектіге қатысты мәмілелер жасасуға және/немесе белгілі бір іс-қимылдарға тыйым салуға;

      3) объектінің қызмет бейінін сақтауға;

      4) қаржылық есептіліктің жыл сайынғы тәуелсіз аудитін жүргізуге қатысты міндеттемелері акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) мемлекетке тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқаруға беру шарттары болып табылады.

      49. Басқару органының ұсынысы негізінде объектінің ерекшелігі ескерілген міндеттемелерді тендерлік комиссия (объект тендерлік негізде берілген кезде) немесе құрылтайшы (объект тендер өткізілмей берілген кезде) айқындайды.

  Мемлекеттік мүлікті
сенімгерлік басқаруға
беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға
ӨТІНІМ

      1._____ мерзімге ____________________________________________________

      ___________________________________________________________________

                              (объектінің атауы)

      сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған

      хабарламаны қарап және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру

      қағидаларымен таныса отырып, мен, төменде қол қоюшы

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толығымен, не заңды тұлғаның атауы)

      ___________________________________________________________________

      тендерге қатысуға өтінімді қабылдауды және 20__ жылғы "___" _______________

      Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналастырылған

      мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтетін тендерге қатысушы

      ретінде тіркеуді сұраймын.

      2. Біз (мен) ___________________________________________сомасында

                  (сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен көрсетіледі)

      тендерге қатысу үшін хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу

      саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына:

      ___________________________________________________________________

            (жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК), банктің сәйкестендіру коды

      (бұдан әрі – БСН), төлемді тағайындау коды, бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе)

      кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).

      Кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқару объектілері туралы мәліметтер:

Р/с №

Сенімгерлік басқару объектісінің атауы

Аударылуы тиіс кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1



2




Жиыны:


      Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:

Р/с №

Кепілдік жарнаның мақсаты және тендерге қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқару объектісінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1





2






Жиыны:




      3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін.

      4. Егер біз (мен) тендер жеңімпазы болған жағдайда, тендер өткізілген күні тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және біз (мен) ұсынған және хабарламада көрсетілген тендер шарттарында тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемелерін өзімізге қабылдаймыз.

      5. Мына:

      тендерді өткізуден кем дегенде 3 (үш) жұмыс күні бұрын оған қатысудан бас тартқан;

      тендердің нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған жағдайларда, енгізілген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және республикалық немесе жергілікті бюджет кірістеріне жолданатынымен келісемін (міз).

      6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

      7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз):

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы_________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      БСН__________________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)__________________

      ___________________________________________________________________

      Мекенжайы:____________________________________________________

      Телефон нөмірі:_________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН_______________________

      Өтінімге мыналар:

      1)____________________________________________________________;

      2)____________________________________________________________;

      3)____________________________________________________________;

      4)____________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      _________________________________________________________ қоса беріледі.

      Жеке тұлға үшін:

      Тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда):

      ЖСН__________________________________________________________

      Паспорт деректері_______________________________________________

      Мекенжайы:____________________________________________________

      Телефон нөмірі:_________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН_______________________

      Өтінімге мыналар:

      1)____________________________________________________________;

      2)____________________________________________________________;

      3)____________________________________________________________;

      4)____________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      __________________________________________________________ қоса беріледі.

      _________ ____________________________________________________

            (қолы)       (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

            немесе заңды тұлғаның атауы және басшының тегі, аты,

                        әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      20__ жылғы "____" ____________.

      Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы

      20__ жылғы "____" ____________. сағат _____ ____ минутта қабылдады.

      Тендерге қатысушының нөмірі ____________________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 7 қарашадағы
№ 119
Бұйрыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17 бұйрығына 2-қосымша

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты

      _____________ қаласы                               20__ жылғы "___" __________

      Бұдан әрі "Құрылтайшы" деп аталатын

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы органның) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы) атынан

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы "___" __________ № ___ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереженің немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 20__ жылғы "___" __________ № ___ бұйрығымен бекітілген

      ____________________________________________________________________ (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)

      туралы ереженің немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы орган ережесінің негізінде әрекет ететін Басшы

      ____________________________________________________________________

            (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      бір тараптан және бұдан әрі "Сенімгерлік басқарушы" деп аталатын

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

            (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      атынан ______________________________________________________________

      (20__ жылғы "___" __________ № ___ жарғының, ереженің, сенімхаттың)

      негізінде әрекет ететін

      ____________________________________________________________________

      екінші тараптан,

      бұдан әрі "Баланс ұстаушы" немесе "Басқару органы" деп аталатын

      ____________________________________________________________________

      (объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген

      мемлекеттік заңды тұлғаның немесе акционерлік қоғам (жауапкершілігі

      шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға

      қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік

      заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті

      органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы

      бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)

      атынан 20 ___ жылғы "___" _________ № ___ Объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға туралы ереженің немесе _______20 ___ жылғы "___" _________ №________бұйрығымен бекітілген _______________________________________ (тиісті саланың уәкілетті органының атауы) туралы ереженің немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы орган ережесінің негізінде әрекет ететін Басшы

      __________________________________________________________________,

                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      үшінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар 20 __ "___" __________ № ___ шешімнің негізінде (объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі құрылтайшының бұйрығы/объектіні тендер өткізумен сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі электрондық сауда нәтижелерінің хаттамасы) төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

      1. Шарттың нысанасы

      1.1. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға бұдан әрі "Объект" деп

      аталатын____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

            (мүліктің атауы және (немесе) мүліктің құрамы)

      сенімгерлік басқаруға береді, ал Сенімгерлік басқарушы Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің атынан Құрылтайшы әрекет ететін Пайда алушының мүддесінде Объектіні басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

      1.2. Объект Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және талаптарда сенімгерлік басқаруға беріледі.

      1.3. Сенімгерлік басқарушы өзіне мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша берілген жылжымайтын және жылжымалы мүлікті Қазақстан Республикасының заңдарында, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген жағдайларда не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша келісімімен иеліктен шығарады немесе кепілге береді.

      1.4. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының Объектіге сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады.

      1.5. Құрылтайшы Объектінің Сенімгерлік басқарушыға берілген күні:

      1) кепілде тұрмағанын;

      2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын /салынбағанын;

      3) сатуға қойылмағанын растайды.

      1.6. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру оған меншік құқығының Сенімгерлік басқарушыға өтуіне әкеп соқтырмайды.

      1.7. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары мен міндеттері Объект Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Объектіні беру (қабылдау-беру актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаны енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты өзге жолмен) осы Шарт жасалған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Объектіні қабылдау-беру актісіне Сенімгерлік басқарушы және теңгерім ұстаушы қол қояды және Құрылтайшы электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында бекітеді.

      2. Тараптардың құқықтары

      2.1. Құрылтайшының:

      1) жазбаша сұрау салу бойынша Объектіні басқару жөніндегі Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;

      2) Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, осы Шарт бойынша Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде Объектіні басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге, Сенімгерлік басқарушының Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі есебін тыңдау арқылы бақылауға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар.

      2.2. Сенімгерлік басқарушының:

      1) сенімгерлік басқаруға берілген Объектіге қатысты Құрылтайшының мүддесіне заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасауға;

      2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде өзі жүргізген қажетті шығыстарды (тендерлік негізде объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде тендерлік комиссияның тиісті шешімі болған кезде/ тендер өткізусіз объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде басқару органының/теңгерімді ұстаушының ұсынысы болған кезде қолданылады):

      сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен немесе осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша сенімгерлік басқару объектісі бойынша Шығыстарды өтеу актісін ұсынған кезде тиісті қаржы жылына арналған бюджетте бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісінің ___________________ (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы) ағымдағы __________________ (бюджеттік бағдарлама атауы) бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен;

      3) құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан алынған______ мөлшеріндегі таза кіріс болған кезде және оның есебінен объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде сыйақы (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан алынған таза кіріске қатысты пайыздық арақатынаста, бірақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген шекті мөлшерден аспайтын) алуға (тендерлік негізде объект сенімгерлік басқаруға беру кезінде тендерлік комиссияның тиісті шешімі болған кезде/объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беруі кезінде басқару органының/теңгерімді ұстаушының ұсынысы болған кезде қолданылады);

      4) Осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      2.3.Баланс ұстаушының:

      1) құрылтайшыдан жазбаша сұрау салу бойынша объектіні басқару жөніндегі сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;

      2) сенімгерлік басқарушының шарт бойынша міндеттемелерін орындауы жөніндегі есебін тыңдауға қатысуға;

      3) құрылтайшы жүргізетін объектіні басқару тиімділігіне мониторинг жүргізуге қатысуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар.

      2.4. Басқару органының:

      1) құрылтайшыдан жазбаша сұрау салу бойынша объектіні басқару жөніндегі сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;

      2) сенімгерлік басқарушының шарт бойынша міндеттемелерін орындауы жөніндегі есебін тыңдауға қатысуға;

      3) құрылтайшы жүргізетін объектіні басқару тиімділігіне мониторинг жүргізуге қатысуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар.

      3. Тараптардың міндеттері

      3.1. Құрылтайшы:

      1) Сенімгерлік басқарушыға Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімдерде беруге;

      2) Сенімгерлік басқарушыға осы Шарт бойынша оның міндеттерін жүзеге асыруы үшін қажетті құжаттарды беруге;

      3) Объектіні кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймауға міндетті.

      3.2. Сенімгерлік басқарушы:

      1) Объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға;

      2) Объектінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) өзінің Сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсете отырып, сенімгерлік басқаруға берілген Объектімен мәмілелерді өз атынан жасауға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;

      5) осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға;

      6) осы Шарттың 1.3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Объектіні іс жүзінде иеліктен шығаруға әкеп соғатын кез келген заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасамауға;

      7) сенімгерлік басқаруға алған Объектіні өз меншігінен оқшаулауға міндетті. Объект Сенімгерлік басқарушының жеке теңгерімінде көрсетіледі және ол бойынша дербес есеп жүргізіледі;

      8) Объектіні сенімгерлік басқарумен байланысты қызмет бойынша есеп айырысу жүргізу үшін жеке банк шотын ашуға (бағалы қағаздарды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде осындай есептемелерді жүргізу қажет болған жағдайда қолданылады);

      9) __________ бюджет кірісіне_________________ бюджеттік сыныптама кодына тиісті мемлекеттік кірістер департаментінің бизнес сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, мынадай деректемелер бойынша: ____________________________________ құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кірісін (сыйақыны шегере отырып) аударуды қамтамасыз етуге (бағалы қағаздарды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда, объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде қолданылады);

      10) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мөлшерде дивиденттер (кіріс) төлеуге акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза кірісінің бір бөлігін __________ бюджетінің кірісіне бағыттауды қамтамасыз етуге;

      11) мемлекеттік мекеменің теңгерімінде бекітілген республикалық және коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беруді қоспағанда, мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы жөнінде Объект бойынша салықтық міндеттемелерін орындауға;

      12) өзінің Шартты тиісінше орындамауының салдарынан Құрылтайшыға келтірілген шығындарды өтеуге;

      13) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша әрекеттер нәтижесінде туындаған міндеттерді орындауға;

      14) Құрылтайшыға ____________________ (беру мерзімі) жазбаша нысанда жылдық есеп беруге;

      15) Құрылтайшыға _____________________ (беру мерзімі) жазбаша нысанда шарттың барлық қолданылу мерзімінің есебін беруге;

      16) сенімгерлік басқарушының осы Шартпен өзінің сенімгерлік басқаруына берілген мемлекеттік мүлікпен байланысты қаржылық қызметі туралы есебін "Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 816 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33221 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) айқындалған тәртіппен беруге;

      17) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару немесе оны кепілге беру туралы мәміле жасалған жағдайда мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепті _____________________ бұйрығында (ұсыну мерзімдері) айқындалған тәртіппен беруге;

      18) осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға (жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға берген жағдайда);

      19) Объектіні Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылған кезде (шарттың мерзімі аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) 10 (он) жұмыс күні ішінде беруге;

      20) өзге міндеттемелерді орындауға (сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты) міндетті.

      3.3. Баланс ұстаушы:

      1) бағалы қағаздарды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда, Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімдерде Сенімгерлік басқарушыға беруді қамтамасыз етуге;

      2) сенімгерлік басқарушы осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Cенімгерлік басқару объектісі бойынша қажетті шығыстарды өтеу актісін ұсынған кезде оның мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде жүргізген қажетті шығыстарын ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен өтеуді қамтамасыз етуге (егер баланс ұстаушы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылған жағдайда);

      3) Сенімгерлік басқарушының осы Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуға міндетті.

      3.4. Басқару органы:

      1) Сенімгерлік басқарушының осы Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуға міндетті.

      4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Объектіні басқару кезінде еңсерілмейтін күш әрекетімен келтірілген зиянды немесе залалды қоспағанда, Құрылтайшының мүддесіне келтірілген кез келген зиян немесе залал үшін Сенімгерлік басқарушы жауапты болады.

      4.2. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      5. Форс-мажор

      5.1. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындалмауы еңсерілмейтін күш мән-жайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, бұл міндеттемелер Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін жауапкершіліктен босатылады.

      5.2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған салдарлар болған уақытқа мөлшерлес мерзімге кейінге қалдырылады.

      5.3. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жазбаша түрде осы мән-жайлардың туындағаны туралы хабарлауға міндетті.

      5.4. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.

      5.5. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауына күнтізбелік 2 (екі) айдан астам уақыт мүмкін болмаса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

      6. Құпиялылық

      6.1. Тараптар Шарттағы барлық ақпарат құпия болып табылады деп келісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

      6.2. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашуға құқығы жоқ.

      7. Дауларды шешу

      7.1. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.

      7.2. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралуға тиіс.

      8. Шарттың қолданылу мерзімі

      8.1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және _____________________________________________ дейін қолданылады.

      9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау

      9.1. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады. Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруге тиіс.

      10. Шарттың қолданылуын тоқтатуға қойылатын талаптар

      10.1. Осы Шарттың қолданылуы:

      1) осы Шарттың 10-бөлімінің 10.2-тармағына сәйкес Тараптардың келісуі бойынша не біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылған;

      2) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда тоқтатылады.

      10.2. Тарап осы Шарттың талаптарын орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда екінші Тарап күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейінгі мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою қажет екені туралы жазбаша ескертеді.

      Бұзушылықтар осы Шарттың 10.2-тармағында көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда, ескерту жасаушы Тарап осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

      10.3. Осы Шартты тоқтатудың өзге негіздері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      11. Өзге талаптар

      11.1. Осы Шартта көзделмеген басқа барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алатын болады.

      11.2. Құрылтайшы, Баланс ұстаушы немесе Басқару органы мен Сенімгерлік басқарушы өзара келісу бойынша қосымша келісімдер жасасу арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

      11.3. Осы Шартқа барлық қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады және оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюға тиіс.

      11.4. Осы Шарттың қолданылу мерзімін тоқтату Тараптардың ол бойынша міндеттемелерін тоқтатуына әкеп соғады, бірақ егер Тараптар осы Шарттың талаптарын орындаған кезде осындай жағдайлар орын алса, осы Шарттың Тараптарын оны бұзғаны үшін жауаптылықтан босатпайды.

      11.5. Сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған жағдайда Сенімгерлік басқарушы Объектіні қабылдау-беру актісі бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде баланс ұстаушыға қайтарады (осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасы негізінде сенімгерлік басқаруға берілген объектілерді беру жағдайларына қолданылмайды).

      11.6. Осы Шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде, тізілімнің веб-порталы арқылы ЭЦҚ пайдаланыла отырып жасалған.

      12. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

Құрылтайшы

Сенімгерлік басқарушы

Баланс ұстаушы немесе Басқару органы

 
________
(қолы)

 
________
(басшының немесе алмастыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

 
________
(қолы)

 
________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

 
________
(қолы)

 
________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Ескертпе: * - Егер Құрылтайшы мен Баланс ұстаушы бір тұлғада болса, шарт екі тарап арасында жасалған болып есептеледі, бұл ретте рөлдердің әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін реттейтін талаптар сақталады.

  Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік
басқарудың үлгілік шартына
қосымша

      Нысан

Сенімгерлік басқару объектісі бойынша қажетті шығыстарды өтеу
АКТІСІ

                                                20__ жылғы "___" __________ №____

      Объектінің атауы___________________________________________________

      __________________________________________________________________

      20__ жылғы "___" __________ №____ сенімгерлік басқару шарты

      Шарт бойынша жалпы сома ___________теңге

      ______________________________________

      __________________________________________________________________

      бюджеттік бағдарламасы бойынша

Р/с №

Объектімен байланысты шығыстардың атауы

Өлшем бірлігі

Шығыстардың жалпы сомасы

Төленген шығыстарсомасы

Төленетін сома

Ескертпе








Жиыны:







      Сенімгерлік басқару объектісімен байланысты шығыстар сомасы:

      ____________________________________________________ теңгені құрады.

                              (цифрмен, жазумен)

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

Сенімгерлік басқарушы

 
_______
(қолы)

 
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

 
_______
(қолы)

 
____________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады