ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (Салық кодексі) 14-бабының үшінші бөлігіне және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформа операторларының мемлекеттік кірістер органдарына интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігі Ұлттық статистика бюросы
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 7 қарашадағы № 680 бұйрығымен бекітілген |
Көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформа операторларының мемлекеттік кірістер органдарына интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформа операторларының мемлекеттік кірістер органдарына интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 14-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді және көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформа операторларының (бұдан әрі – Оператор) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар, оның ішінде интернет-платформаны пайдалана отырып, қызметтер көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың (бұдан әрі –Төлеушілер) пайдасына кірістер сомасы, сондай-ақ Төлеушілер интернет-платформалар операторларынан алған кірістер сомасы туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авторизация – жүйеде пайдаланушының есепке алу деректерін тексеру және оның белгіленген қауіпсіздік саясатына сәйкес ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқықтарын айқындау процесі;
2) интернет-платформаның операторы (бұдан әрі – Оператор) – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
3) негізгі каталог – SFTP сервері жағында орнатылған, хаттама бойынша қорғалған файлдарды (SFTP) беруге қосу кезінде пайдаланушының кіру шекараларын айқындайтын базалық директория. Негізгі каталог файлдық жүйеге кіру нүктесі ретінде қызмет етеді және оқшаулау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сервердің өзге бөлімдеріне қол жетімділікті болдырмай, пайдаланушының тек аталған директория мен оның кірістірілген құрылымдары шегінде жұмыс істеу мүмкіндігі мен көруін шектейді;
4) орындаушы – интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, жария шшарт негізінде тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
5) санкцияланбаған (авторизациясыз) қол жетімділік – белгіленген тәртіппен берілген құқықтар мен өкілеттіктерсіз, сондай-ақ уәкілетті адамдардың немесе органдардың келісімінсіз жүзеге асырылатын, белгіленген қауіпсіздік саясатына және ақпараттық ресурстарға қол жеткізу тәртібіне қайшы келетін қол жетімділік;
6) тапсырыс беруші – интернет-платформада тіркелген және онда қызмет көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға тапсырысты орналастыратын жеке немесе заңды тұлға;
7) Secure File Transfer Protocol (бұдан әрі – SFTP) – сервердегі файлдарды қауіпсіз жүктеуге, жүктеп алуға және басқаруға арналған қорғалған деректерді беру хаттамасы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Операторлардың мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері
3. Оператор ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей Комитеттің SFTP серверінде файлдарды қауіпсіз жүктеуге, түсіруге және басқаруға арналған қорғалған деректерді беру хаттамасы арқылы Комитетке Мәліметтерді ұсынады.
4. Комитеттің SFTP серверіне қол жеткізуі үшін Операторға авторланған кіруге логин мен пароль беріледі. Мәліметтер алмасу үшін Комитеттің SFTP серверін санкцияланбаған (авторизациясыз) пайдалануға тыйым салынады.
5. Оператор дәлсіздіктерді және (немесе) қателерді анықтаған жағдайда, Оператор нақтыланған Мәліметтерді дәлсіздіктер немесе қателер анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитетке ұсынуды қамтамасыз етеді.
6. Оператордың авторизациясы санкцияланбаған қолжетімділікті болдырмау, корпоративтік ақпараттарды қорғау және орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету үшін талап етіледі.
7. Комитеттің SFTP-серверіне қол жеткізу үшін Оператор қажетті құқықтарды және негізгі каталогтан бөлімге толық жолды міндетті түрде көрсете отырып, Комитетке қағаз жеткізгіште не электрондық құжат нысанында еркін нысанда ресми хат (өтінім) береді. Негізгі каталогтан бөлімге толық жол болмаған кезде хат (өтінім) қабылданбайды және мұндай бас тарту оператордың мәліметтерді ұсынбауы үшін негіз болып табылмайды.
8. Комитет Оператордың өтінімін қарағаннан кейін Комитеттің SFTP-серверіне қол жеткізу үшін Операторға есепке алу жазбасын (логин мен пароль) ұсынылады.
9. Мәліметтерді ұсыну мақсатында құрылған қол жетімділік үшін есептік жазбаны (логин мен парольді) Комитеттің және Оператордың үшінші тұлғаларға жария етуіне тыйым салынады.
10. Комитеттің SFTP-серверіне қол жетімділікті алғаннан кейін Оператор құпиялылықты сақтауға, дербес деректерді қорғауға және осы Қағидаларды орындау шеңберінде алынған немесе қалыптастырылған мәліметтердің санкциясыз таралуына жол бермеуге жауапты болады.
11. Оператор осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мәліметтердің толықтығын, дұрыстығын және уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан өтеусіз негізде интернет-ресурста орналастырылған:
Әкімшілік деректердің атауы: "Интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтер".
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): АМҚ-3.
Кезеңділігі: ай сайын.
Есепті кезең: 20__ жылдың ______ айы.
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформа операторлары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей.
бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі
![]()
Жинау әдісі – электронды түрде.
"Көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін, интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан
Интернет-платформа операторы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________ (атауы/тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе))
Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі ________________
Интернет-платформаның атауы _____________________
№ | Салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі | Жыл, ай, | Жалпы кіріс | оның ішінде | |
Қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшамен алынған кіріс | интернет-платформа арқылы алынған өзге де кірістер | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
____________________________________________________________________
(нысанды жасауға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты
куәландыратын құжатта көрсетілсе))
____________________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе))
Берілген күні
20___жылғы "____" ___________
Ескертпе: "Көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу
интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін, интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтер" салық міндеттемелерін орындау саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның қосымшасында келтірілген.
"Көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін, интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша түсіндірме (АМҚ-3, ай сайын)
1. Нысанның 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанда салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанда жылы және айы көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында салық төлеушінің жалпы кірісі (теңге) көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанында қолма-қол ақшасыз және қолма-қол төлемдермен (теңге) алынған салық төлеушінің кіріс сомасы (интернет-платформаны пайдалана отырып, төлеушінің қызметі немесе жұмысы құны) көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында салық төлеуші өзге тәсілмен алған сомасы (теңге) көрсетіледі.
