БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №34030 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы:
1) деректер базасы мен аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру, бағдарламалық қамтамасыз етуді (оның ішінде Тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру;
2) серверлік инфокоммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық нысанда сақтау және өңдеу жөніндегі қызметтер (дата-орталықтардың қызметтері);
3) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды құру;
4) ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және байланыс, электроника, аспап жасау, жаңартылатын энергия көздері, ресурс үнемдеу және табиғат пайдалану, жаңа материалдар жасау және қолдану, мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, ғылым саласындағы уәкілетті орган осындай материалдарды жүргізу туралы берген қорытынды болған кезде жұмыс;
5) мәтіндерді өңдеуге арналған машиналар, көшіру-көбейту жабдықтары, адрестік машиналар, калькуляторлар, кассалық аппараттар, таңбалау машиналары, билет-кассалық машиналар өндірісі, ақпаратты өңдеуге арналған басқа да офистік машиналар мен жабдықтар, электрондық есептеу машиналары мен өзге де жабдықтар өндірісі;
6) дыбыс пен бейнені қабылдауға, жазуға және жаңғыртуға арналған электр және радиоэлементтерді, таратушы аппаратураны, аппаратураны өндіру;
7) электрондық, өлшеу, оптикалық, жарықтандыру аспаптарын жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мамандықтар тізбесі бойынша Инновациялық технологиялар саласындағы білім беру қызметі;
9) жаңа материалдарды (оның ішінде Тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру;
10) тұрмыстық электр аспаптарын өндіру: тоңазытқыштар, мұздатқыштар, жуу машиналары;
11) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
12) біріккен университеттік аурухананы (клиниканы) салу және пайдалану;
13) университеттік аурухана (клиника) шеңберінде көрсетілетін медициналық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі;
14) жүктерді сақтау және сақтау;
15) жүктерді көліктік өңдеу;
16) өзге де қосалқы көлік қызметі;
17) киімнен басқа тоқыма емес тоқыма бұйымдарын өндіру;
18) басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де химиялық өнімдер өндірісі;
19) негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру;
20) фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдар өндірісі;
21) резеңке санитариялық-гигиеналық және медициналық бұйымдар өндірісі;
22) электр өлшеу аспаптарын өндіру;
23) физикалық зерттеулерге арналған аспаптар өндірісі;
24) медициналық-хирургиялық құралдар өндірісі;
25) сәулелендіру, электромедициналық және электротерапевтік жабдықтар өндірісі;
26) медициналық құралдарды, аппараттар мен жабдықтарды өндіру;
27) өзге де маталар өндірісі;
28) арнайы киім өндірісі;
29) күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі.
30) лифт өндірісі;
31) басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары;
32) басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет;
33) техникалық сынақтар мен талдауды жүзеге асыратын өзге мекемелердің қызметі.
Ескерту:
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру талабы мынадай қызмет түрлері үшін 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті шарт болып табылмайды:
1) деректер базасы мен аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру, бағдарламалық қамтамасыз етуді (оның ішінде Тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру;
2) серверлік инфокоммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық нысанда сақтау және өңдеу жөніндегі қызметтер (дата-орталықтардың қызметтері);
3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды құру және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру есебінен жүзеге асырған жағдайда, арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелген күннен бастап 1 жыл ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына аккредитация туралы куәлікті ұсынады.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
