"Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 360 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 қарашада № 37355 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12511 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларында:

      16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 2-деңгей – уәкілетті ұйымға келісілген мерзімде оларды жойған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер;";

      29, 30, 31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Уәкілетті ұйым осы Қағидалардың 2-қосымшасының 9-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша куәлікке және/немесе пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізуден бас тартады.

      Бас тарту қайта өтініш беруге кедергі болмайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасымен ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      30. Уәкілетті ұйым Заңның 16-3-бабының ережелеріне сәйкес, сондай-ақ:

      1) пайдаланушы сертификаттау талаптарын орындамаған;

      2) міндетті сақтандыру түрлері туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз етпеген;

      3) инспекциялық тексеру кезінде, оның ішінде шет мемлекеттерде тексеру кезінде белгілі болған ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайларда;

      4) пайдаланушының жазбаша өтініші болған жағдайларда куәліктің қолданылуын тоқтата тұрады.

      31. Уәкілетті ұйым авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті мынадай:

      1) ұсынылған құжаттарды бұрмалау арқылы пайдаланушының авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік алған, сертификаттау талаптарына сәйкестігін қолдаған;

      2) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті заңсыз пайдалану немесе заңға қайшы әрекеттер жасау;

      3) уәкілетті ұйымға Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде орындалған тұрақты емес халықаралық ұшудың күні мен мақсаты туралы хабарламау немесе хабарламада дәйексіз ақпарат ұсынған;

      4) Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс тұрақты емес ұшуларды орындайтын азаматтық әуе кемесін пайдаланушының бас кеңсесі Қазақстан Республикасының аумағында орналаспаса және ұйымның қызметі мен операцияларын бағыттауға, бақылауға және үйлестіруге әсер ететін операциялық-қаржылық шешімдер құзыретті мемлекеттік органдардың тексеруі үшін қол жетімді болмаса;

      5) егер өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген, оған осы қызмет түрін көрсетуге тыйым салатын шешімі болған кезде;

      6) пайдаланушының жазбаша өтініші;

      7) жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерін пайдаланушыларға куәліктің қолданылуы үш жылдан астам мерзімге тоқтатыла тұрған жағдайларда кері қайтарып алады.

      32. Осы Қағидалардың 30-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, уәкілетті ұйым пайдаланушының анықталған бұзушылықтарды жою сәтіне дейін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, куәліктің қолданылуын тоқтата тұрады.

      Егер пайдаланушы жоспармен белгіленген мерзімде куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкелген сәйкессіздіктер мен (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, уәкілетті ұйым куәлікті қайтарып алады. Пайдаланушы куәлікті қайтарып алу кезінде уәкілетті ұйымға куәлікті қайтарып алу туралы хабарламаны алған сәттен бастап куәліктің түпнұсқасын 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады.

      Куәліктің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, оның қолданылуын қайта қалпына келтіру уәкілетті ұйыммен пайдаланушы жоспарды белгіленген мерзімдерде орындағаннан кейін және уәкілетті ұйым пайдаланушыны тексеру жүргізген соң жүзеге асырады.

      33. Уәкілетті ұйым куәліктің қолданылуын қайта бастау не қайта бастаудан бас тарту туралы қабылданған шешім туралы пайдаланушыға тексеру аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жазбаша нысанда хабарлайды.";

      Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2025 жылғы 5 қарашадағы
№ 360 Бұйрығына
қосымша
  Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша

"Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері:
1) авиациялық-химиялық жұмыстар;
2) әуелік түсірілімдер және бақылау;
3) орман қорын күзету және қорғау бойынша авиациялық жұмыстар;
4) құрылыс-монтаждау және тиеу-түсіру жұмыстары;
5) ашық теңіздер мен мұхиттар аралдарына ұшу;
6) теңіз кемелері мен теңіз бұрғылау жабдықтарынан ұшу;
7) халыққа медициналық көмек көрсету және санитариялық іс-шараларды өткізуге арналған ұшулар;
8) тәжірибелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған ұшулар;
9) десант түсіру және парашютшілерді түсіру немесе парашюттардағы жүктерді тастауға арналған ұшулар;
10) іздеу және апаттық-құтқару жұмыстары;
11) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етудің жерде орналасқан жабдықтарын, авиациялық радиобайланыс және әуеайлақтардың схемаларды тексеру ұшулары (айналып ұшулары);
12) басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалар мүдделері үшін арнайы операцияларды орындаумен байланысты басқа да авиациялық жұмыстарының түрлері;
13) пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, ведомстволық бағыныстылығы өзгерген жағдайда куәлік және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктерін беру;
14) пайдаланылатын бірдей типтегі әуе кемелерін енгізген жағдайда А және В бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерін беру;
15) бұдан бұрын пайдаланылмаған басқа типтегі әуе кемелерін енгізген жағдайда А және В бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерін беру;
16) авиациялық жұмыстардың түрлерін енгізген жағдайда В бөлігінің пайдалану ерекшеліктерін беру;
17) әуе кемелерін және/немесе авиациялық жұмыстардың түрін алып тастаған жағдайда А және/немесе В бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерін беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түлері бойынша:
"электрондық үкімет" порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті беру - 38 (отыз сегіз) жұмыс күні.
Осы мерзім 2-деңгейдегі анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін қажетті, бірақ осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Куәлікке және/немесе пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу:
1) пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, ведомстволық бағыныстылығы өзгерген жағдайда куәлікке және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу – 10 жұмыс күні;
2) пайдаланылатын бірдей типтегі әуе кемелерінің А және В бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерін енгізу – 15 жұмыс күні;
3) бұдан бұрын пайдаланылмаған басқа типтегі әуе кемелерінің А және В бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерін енгізу – 20 жұмыс күні;
4) авиациялық жұмыстардың түрлерінің В бөлігінің пайдалану ерекшеліктерін енгізу – 20 жұмыс күні;
5) әуе кемелерін және/немесе авиациялық жұмыстардың түрлерінен А және/немесе В бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерінен алып тастау – 3 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік және пайдалану ерекшеліктерін беру.
Пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, ведомстволық бағыныстылығы өзгерген жағдайда куәлік және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктерін беру.
Пайдаланылатын бірдей типтегі әуе кемелерін енгізген жағдайда А және В бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерін беру;
Бұдан бұрын пайдаланылмаған басқа типтегі әуе кемелерін енгізген жағдайда А және В бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерін беру;
Авиациялық жұмыстардың түрлерін енгізген жағдайда В бөлігінің пайдалану ерекшеліктерін беру;
Әуе кемелерін және/немесе авиациялық жұмыстардың түрлерінен алып тастаған жағдайда А және/немесе В бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерін беру.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетлетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

1. Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) сәйкес заңды және жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
2. Пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, ведомстволық бағыныстылығы өзгерген жағдайда куәлікке және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу – ақысыз көрсетіледі.
3. Пайдаланылатын бірдей типтегі әуе кемелерінің А және В бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерін енгізу – ақысыз көрсетіледі.
4. Бұдан бұрын пайдаланылмаған басқа типтегі әуе кемелерінің А және В бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерін енгізу – ақысыз көрсетіледі.
5. Авиациялық жұмыстардың түрлерінің В бөлігінің пайдалану ерекшеліктерін енгізу – ақысыз көрсетіледі.
6. Әуе кемелерін және/немесе авиациялық жұмыстардың түрлерінен А және/немесе В бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерінен алып тастау – ақысыз көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс істеу кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жүгінген жағдайда өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 8-30-дан 17-30-ға дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Куәлікті алу үшін мынадай құжаттар тіркелген ЭЦҚ қойылған өтінім беріледі:
1) уәкілетті ұйымның қызметі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың қағаз жеткізгіштегі көшірмесі немесе құжаттың pdf форматындағы электрондық көшірмесі;
2) ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
3) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі (бар болған жағдайда);
4) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығының электрондық көшірмесі;
5) әуе кемелерінің техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламент) электрондық көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің электрондық көшірмелері.
7) пайдаланушы басшысымен бекітілетін әуе кемелерінің бояу үлгілері және мәтіндік сипаттамасының электрондық көшірмесі;
8) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электрондық көшірмесі;
9) Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесімен және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерімен айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алынатын, уәкілетті ұйымның ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асырғаны үшін сертификатталған пайдаланушылардың міндетті аударымдарын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
2. Пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, ведомстволық бағыныстылығы өзгерген жағдайда куәлікке және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу кезінде өтініш беруші келесі құжаттарды тіркей отырып, ЭЦҚ қойылған өтінім береді:
1) ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
2) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі (бар болған жағдайда);
3) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығының электрондық көшірмесі;
4) әуе кемелерінің техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламент) электрондық көшірмесі;
5) пайдаланушы басшысымен бекітілетін әуе кемелерінің әуе кемелерінің бояу үлгілері және мәтіндік сипаттамасының электрондық көшірмесі;
6) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электрондық көшірмесі.
3. Пайдаланылатын бірдей типтегі әуе кемелерін А және В бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерін енгізу кезінде өтініш беруші келесі құжаттарды тіркей отырып, ЭЦҚ қойылған өтінім береді:
1) әуе кемесін пайдалануының бақылауына, техникалық қызмет және ұшуға жарамдылығына жауапты тараптар, сонымен қатар әуе кемесін жалға алудың қолданылуы мерзімі көрсетілген экипажсыз жалға алу шартының электрондық көшірмесі;
2) ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулыққа, техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығына, техникалық қызмет көрсету бағдарламасына, ең аз жабдықтар тізбесіне (MEL) (бар болған жағдайда) енгізілген өзгерістердің электрондық көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің электрондық көшірмелері.
4. Басқа типтегі әуе кемелерін А және В бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерінің енгізу кезінде өтініш беруші келесі құжаттарды тіркей отырып, ЭЦҚ қойылған өтінім береді:
1) әуе кемесін пайдалануының бақылауына, техникалық қызмет және ұшуға жарамдылығына жауапты тараптар, сонымен қатар әуе кемесін жалға алудың қолданылуы мерзімі көрсетілген экипажсыз жалға алу шартының электрондық көшірмесі;
2) ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулыққа, техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығына, техникалық қызмет көрсету бағдарламасына, ең аз жабдықтар тізбесіне (MEL) (бар болған жағдайда) енгізілген өзгерістердің электрондық көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің электрондық көшірмелері.
5. Авиациялық жұмыстардың түрдерігің В бөлігінің пайдалану ерекшеліктерін енгізу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды тіркей отырып, ЭЦҚ қойылған өтінім береді:
1) ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың электрондық көшірмесі;
2) пайдаланушы әзірлеген және бекіткен авиациялық жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі туралы нұсқаулықтың электрондық көшірмесі.
6. Әуе кемелерін және/немесе авиациялық жұмыстардың түрлерінен А және/немесе В бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерін алып тастау үшін өтініш беруші ЭЦҚ қойылған өтінім береді.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, білімі, еңбек шарттары, авиациялық персоналдың куәлігі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік (бар болған жағдайда), азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, ұшуға жарамдылық сертификаты, әуе кемесінің шуыл бойынша сертификаты, радиотаратқыш аппаратураны пайдалануға рұқсаттарын уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Өтініш беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

1) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті мәліметтердің Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) өтініш берушіге қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің (үкімінің) заңды күшіне енуі.
3) пайдаланушының авиациялық жұмыстарға рұқсатын алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
4) өтініш берушіге қатысты оған осы қызмет түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан: "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамының www.caa.gov.kz.
Өтініш берушінің ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар.
Өтініш берушінің порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады