БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34030 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
2-қосымшаның 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы:
1) тамақ өнімдерін өндіру және қайта өңдеу;
2) құрылыс материалдары мен жиһаздарын өндіру;
3) электроника және электр жабдықтары өнімдерін өндіру;
4) машина жасау өнімін өндіру;
5) көп бейінді аурухана салу;
6) кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі;
7) ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі;
8) қағаз және картон өндірісі;
9) гофрленген картон өндірісі;
10) қағаз және картон ыдыстарын өндіру;
11) шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру;
12) негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі;
13) фармацевтикалық препараттар өндірісі;
14) ветеринарияға арналған дәрілік препараттар өндірісі;
15) өзге де ағаш бұйымдары өндірісі; тығыннан, сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі;
16) ағаш ыдыстар өндірісі;
17) тауарларға арналған пластмасса қаптамалар өндірісі;
18) өсімдіктерді молайту;
19) көкөністерді, олардың тұқымдарын және көшеттерін өсіру;
20) меншікті немесе жалға берілетін мүлікті жалға беру және басқару;
Ескерту:
20) тармақшаның күші тек шағын өнеркәсіптік аймақ аумағына қолданылады;
21) өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі;
22) уыт өндірісі;
23) тыңайтқыштар өндірісі;
24) ашытылған материалдан басқа тазартылмаған сусындар өндірісі.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
Р. Исакулов |
