"Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 4 қарашадағы № 312-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 қарашада № 37349 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20135 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірлеген және жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер) тәртібін айқындайды.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензия беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңба қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін портал толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген талаптардың сақталмауы;";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      "Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Порталдың жұмыс кестесіжөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әріМерекелер туралы Заң) 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) Көрсетілетін қызметті берушіКодекске және Мерекелер туралы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 12:30-ден 13:30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08:30-ден 17:30-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www. beta. egov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер".

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметті
көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарда мәліметтердің толық емес немесе анық емес болуы;
2) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген талаптардың сақталмауы;
3) лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар қолданысының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;
4) іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
5) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның бітуі не олардың болмауы (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда);
6) қызметт жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның енгізілмеуі;
7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:

      Тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған лицензияда:

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаттамасы

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірлеген және Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер).";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңба қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін портал толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Порталдың жұмыс кестесіжөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әріМерекелер туралы Заң) 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) Көрсетілетін қызметті берушіКодекске және Мерекелер туралы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 12:30-ден 13:30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08:30-ден 17:30-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www. beta. egov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер".

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      Тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға рұқсатта:

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаттамасы |

      ";

      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17. Өтініш берушінің уәкілетті адамы

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
А. Бижанова

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 4 қарашадағы № 312-НҚ
бұйрығына 1-қосымша
"Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Жекелеген тауар түрлерінің экспортына лицензия беру туралы өтініш

1. № өтініш

2. Қолданылу кезеңі
КК.АА.ЖЖЖЖ дан бастап
КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда

3. Лицензияның типі
| ЭКСПОРТ

4. № КК.АА.ЖЖЖЖ келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Межелі елі |

8. Сатып алушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ж. "__"______ ________(қолы).

      Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру туралы өтініш көрсетілетін қызметті алушы, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың, бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беруге өтініштерді ресімдеу жөніндегі қағидаларына 1 қосымшасының Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар өтініштерді рәсімдеу және сондай лицензияларды рәсімдеу нұсқаулығына сәйкес қатаң толтырады.

      КК.АА.ЖЖЖЖ – КК – күн, АА – ай, ЖЖ – жыл.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 4 қарашадағы № 312-НҚ
бұйрығына 2-қосымша
"Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе) экспортына
лицензия беру" мемлекеттiк қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жекелеген тауар түрлерінің импортына лицензия беру туралы өтініш

1. № өтініш

2. Қолданылу кезеңі
КК.АА.ЖЖЖЖ дан бастап
КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда

3. Лицензияның типі | ИМПОРТ

4. № КК.АА.ЖЖЖЖ келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ж. "__"______ ________(қолы).

      Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беру туралы өтініш көрсетілетін қызметті алушы, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың, бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беруге өтініштерді ресімдеу жөніндегі қағидаларына 1 қосымшасының Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар өтініштерді рәсімдеу және сондай лицензияларды рәсімдеу нұсқаулығына сәйкес қатаң толтырады.

      КК.АА.ЖЖЖЖ – КК – күн, АА – ай, ЖЖ – жыл.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 4 қарашадағы № 312-НҚ
бұйрығына 3-қосымша
"Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына
лицензия беру" мемлекеттiк
қызметін көрсету қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

     


ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ИМПОРТЫНА ЛИЦЕНЗИЯ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ

1. Лицензия №

2. Қолдану кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА. дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА дейін

3. Лицензияның типі | ИМПОРТ

4. ____ _________№_______келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатушы

7. Жөнелту елі

8. Сатушының елі

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

9. Статистикалық құны |

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі |

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Көліктік қолтаңба

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 4 қарашадағы № 312-НҚ
бұйрығына 4-қосымша
"Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына рұқсат беру жобасы

Уәкілетті орган

1. № рұқсат

2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейін

3. Рұқсаттың типі | ЭКСПОРТ

4. _______ № _______ келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Межелі ел

8. Сатып алушының елі

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны стоимость

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы

18. Көліктік қолтаңба

      Ескертпе. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына рұқсат беру жобасы көрсетілетін қызметті алушы, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың, бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беруге өтініштерді ресімдеу жөніндегі қағидаларына 4 қосымшасының Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар өтініштерді рәсімдеу және сондай лицензияларды рәсімдеу нұсқаулығына сәйкес қатаң толтырады.

      ЖЖЖЖ.КК.АА – ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 4 қарашадағы № 312-НҚ
бұйрығына 5-қосымша
"Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортына рұқсат беру жобасы

Уәкілетті орган

1. № рұқсат

2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖ.КК.АА. дейін

3. Рұқсаттың типі | ИМПОРТ

4. _______ № _______ келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатушы

7. Жөнелту елі

8. Сатушының елі

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны стоимость

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы

18. Көліктік қолтаңба

      Ескертпе. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортына рұқсат беру жобасы көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың, бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беруге өтініштерді ресімдеу жөніндегі қағидаларына 4 қосымшасының Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар өтініштерді рәсімдеу және сондай лицензияларды рәсімдеу нұсқаулығына сәйкес қатаң толтырады.

      ЖЖЖЖ.КК.АА – ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 4 қарашадағы № 312-НҚ
бұйрығына 6-қосымша
"Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк қызметін
көрсету қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

     


ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ЭКСПОРТТАУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ

1. Рұқсат

2. Қолдану кезеңі
КК.АА.ЖЖЖЖ. дан бастап КК.АА.ЖЖЖЖ дейін

3. Рұқсат түрі | ЭКСПОРТ

4. ____ _________№_______келісімшарт

5. Өтініш беруші

6. Сатып алушы

7. Межелі елі |

8. Сатып алушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны |

12. Шығарылған елі|

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17.Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы

18. Көліктік қолтаңба


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады