ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20135 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірлеген және жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер) тәртібін айқындайды.";
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензия беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңба қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін портал толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.";
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген талаптардың сақталмауы;";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
"Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы Заң) 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
";
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметті |
1) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарда мәліметтердің толық емес немесе анық емес болуы; |
";
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:
Тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған лицензияда:
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаттамасы |
";
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірлеген және Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер).";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңба қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін портал толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
"Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы Заң) 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
Тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға рұқсатта:
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаттамасы | |
";
реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
17. Өтініш берушінің уәкілетті адамы |
";
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
А. Бижанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 4 қарашадағы № 312-НҚ бұйрығына 1-қосымша "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Жекелеген тауар түрлерінің экспортына лицензия беру туралы өтініш
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ж. "__"______ ________(қолы).
Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру туралы өтініш көрсетілетін қызметті алушы, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың, бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беруге өтініштерді ресімдеу жөніндегі қағидаларына 1 қосымшасының Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар өтініштерді рәсімдеу және сондай лицензияларды рәсімдеу нұсқаулығына сәйкес қатаң толтырады.
КК.АА.ЖЖЖЖ – КК – күн, АА – ай, ЖЖ – жыл.
Нысан
Жекелеген тауар түрлерінің импортына лицензия беру туралы өтініш
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ж. "__"______ ________(қолы).
Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беру туралы өтініш көрсетілетін қызметті алушы, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың, бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беруге өтініштерді ресімдеу жөніндегі қағидаларына 1 қосымшасының Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар өтініштерді рәсімдеу және сондай лицензияларды рәсімдеу нұсқаулығына сәйкес қатаң толтырады.
КК.АА.ЖЖЖЖ – КК – күн, АА – ай, ЖЖ – жыл.
Нысан

ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ИМПОРТЫНА ЛИЦЕНЗИЯ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ
1. Лицензия № |
2. Қолдану кезеңі | |
3. Лицензияның типі | ИМПОРТ | 4. ____ _________№_______келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | | 6. Сатушы | |
7. Жөнелту елі | 8. Сатушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | | 10. Құны | 9. Статистикалық құны | |
12. Шығарылған елі | | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі | |
15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаттамасы | | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Лицензия беру үшін негіз | 18. Көліктік қолтаңба | |
Нысан
Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына рұқсат беру жобасы
Уәкілетті орган | ||
1. № рұқсат | 2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейін | |
3. Рұқсаттың типі | ЭКСПОРТ | 4. _______ № _______ келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | | 6. Сатып алушы | |
7. Межелі ел | 8. Сатып алушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны стоимость |
12. Шығарылған елі | | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы | 18. Көліктік қолтаңба | |
Ескертпе. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына рұқсат беру жобасы көрсетілетін қызметті алушы, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың, бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беруге өтініштерді ресімдеу жөніндегі қағидаларына 4 қосымшасының Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар өтініштерді рәсімдеу және сондай лицензияларды рәсімдеу нұсқаулығына сәйкес қатаң толтырады.
ЖЖЖЖ.КК.АА – ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай.
Нысан
Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортына рұқсат беру жобасы
Уәкілетті орган | ||
1. № рұқсат | 2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖ.КК.АА. дейін | |
3. Рұқсаттың типі | ИМПОРТ | 4. _______ № _______ келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | | 6. Сатушы | |
7. Жөнелту елі | 8. Сатушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны стоимость |
12. Шығарылған елі | | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы | 18. Көліктік қолтаңба | |
Ескертпе. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортына рұқсат беру жобасы көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың, бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беруге өтініштерді ресімдеу жөніндегі қағидаларына 4 қосымшасының Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар өтініштерді рәсімдеу және сондай лицензияларды рәсімдеу нұсқаулығына сәйкес қатаң толтырады.
ЖЖЖЖ.КК.АА – ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай.
Нысан

ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ЭКСПОРТТАУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ
1. Рұқсат № |
2. Қолдану кезеңі | |
3. Рұқсат түрі | ЭКСПОРТ | 4. ____ _________№_______келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | 6. Сатып алушы | |
7. Межелі елі | | 8. Сатып алушының елі | | |
9. Келісімшарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны | |
12. Шығарылған елі| | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17.Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы | 18. Көліктік қолтаңба | |

