ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 525-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары бекітілсін.
2. Мыналар:
1) "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар импортының қосылған құн салығынан босатылу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 204 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16691 болып тіркелген);
2) "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 426 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22691 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 3 қарашадағы № 662 бұйрығымен бекітілген |
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық Кодексі) 525-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және Салық кодексінің 479-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.
2. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты осы Қағидаларда көзделген тиісті құжаттармен бірге тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.
3. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы – өз қызметін бағалы қағаздар нарығында лицензия негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;
2) діни мақсаттағы заттар – діни жоралар мен салт-жораларды, құлшылық рәсімдерін орындау кезінде қолдануға арналған, сондай-ақ діни рәміздер элементтері бар заттар, бұйымдар мен атрибуттар болып табылады;
3) инвестициялық алтын – мына талаптарға сай келетін алтын:
алтын монеталар үшін:
алтын монеталар нумизматикалық құндылыққа ие болмауы тиіс;
алтын монеталардың тазалығы жалпы салмақтың 1000 үлесіне шаққанда 900 үлестен кем болмауы немесе тең болуы тиіс (бұл 900 сынамаға, 900 промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес келеді);
4) мәдени-тарихи құндылықтар – Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" Заңының 32-бабының 1-тармағына сәйкес мәдени-тарихи деп танылатын материалдық және материалдық емес құндылықтар;
5) ресми даму көмегі – әріптес елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның азаматтарының әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасы тарапынан әріптес елге өтеусіз немесе жеңілдікті негізде көрсетілетін көмек;
6) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде бюджетке салықтар мен төлемдердің түсімін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді, осы органның құзыретіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) уәкілетті орган – салықтар мен бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде импортын қосылған құн салығынан босату тәртібі
4. Ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталарын (мәдени-тарихи құндылықты білдіретін банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздарды импорттау кезінде тауарға ілеспе құжаттар ұсынылады.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) және өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен, ведомстволарымен және республикалық мемлекеттік кәсіпорындарымен (бұдан әрі – ұйымдар) жүзеге асыратын ақша белгілерін өндіру үшін шикізат импорты кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:
1) ақша белгілерін өндіру үшін әкелінетін шикізаттың мақсаты туралы ҚР ҰБ растау;
2) жүк алушының осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақша белгілерін өндіру үшін шикізатты мақсатты пайдалану туралы міндеттемесі.
6. Қосылған құн салығынан босату мақсатында, Салық кодексінің 479-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органдар, мемлекет үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі арқылы әкелінетін акциздік тауарлардан басқа тауарларды импорттау кезінде төмендегілер ұсынылады:
тауарды тегін негізде әкелу мақсатын көрсететін тауарларды сүйемелдейтін құжат;
Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісімшарттың (бар болса) көшірмесі, оның аясында тауарлар тегін негізде әкелінеді;
тауар жөнелтуші тарапынан жасалған және тауарды тегін беру фактісін, сондай-ақ тауарды тегін негізде әкелу мақсатын растайтын құжат;
техникалық көмекті жүзеге асыру үшін тауарлар жеткізілетін жоба (келісімшарт) көшірмесі.
7. Мемлекеттер, мемлекет үкіметтері және халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген гранттық қаражат есебінен қаржыландырылатын тауарларды импорттау кезінде Қосылған құн салығынан босату мақсатында келесі құжаттар ұсынылады:
Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекетпен (немесе мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен жасалған халықаралық келісімшатының көшірмесі (бар болған жағдайда);
халықаралық ұйым тарапынан грант берілу кезінде халықаралық келісімшарт жасалмаған жағдайда, сол ұйымның гранттық қаражат есебінен тауарларды импорттау туралы растамасы;
тауарларды енгізу туралы ақпаратты және халықаралық келісімшартқа (бар болған жағдайда) сілтемелерді қамтитын тауарды сүйемелдейтін құжаттар;
бенефициардың (грант алушының) импортталатын тауар туралы растамасы.
8. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, шетелдің консулдық мекемелері ресми пайдалануға әкелген тауарларды, сондай-ақ осы өкілдіктердің және консулдық қызметкерлердің, оның ішінде олардың отбасыларының жеке пайдалануы үшін әкелінген тауарларды, Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық келісімшарттарына сәйкес Қосылған құн салығынан босату мақсатында келесі құжаттар ұсынылады:
тауарларды сүйемелдейтін құжаттар;
алушының тауарларды тек жеке пайдалану мақсатында пайдаланатыны туралы, осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша міндеттемесі.
9. ЕАЭО-ның кедендік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарларды импорттау кезінде, кедендік рәсім қолданылған жағдайда, мұндай тауарлар салық төлеуден босатылады.
10. Ғарыш нысандары мен жердегі ғарыш инфрақұрылымының жабдықтарын космостық қызметке қатысушылардың Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тізіміне сәйкес әкелу кезінде, осы құжаттың ережелері ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның осындай ғарыш нысандары мен жабдықтарды ғарыш қызметі мақсатында әкелу туралы берген растамасына негізделеді. Растаманың нысаны Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 479-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.
11. ҚР ҰБ импорттайтын инвестициялық алтынның импорты кезінде екінші деңгейдегі банк немесе бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы – заңды тұлға тауарға ілеспе құжаттарды ұсынады.
12. Тіркеу органы тіркеген дін бірлестіктері тарапынан әкелінетін діни тағайындағы заттарды импорттау кезінде тауарларды сүйемелдейтін құжаттар ұсынылады.
Аталған тауарлардың тізімі мен оны қалыптастыру критерийлері Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 479-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.
13. Медициналық көмек көрсету кепілдендірілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу мақсатында дәрілік заттарды импорттау кезінде.
Дәрілік заттардың тізімі және олардың импортында қосылған құн салығынан босатудың қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 479-бабының 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
14. Өңделмеген қымбат металдар, қымбат металдардың сынықтары мен қалдықтары, сондай-ақ қымбат металдарды қамтитын шикізат тауарларын импорттаған кезде, оларды:
"Қымбат металдар мен қымбат тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қымбат металдар өндірушілер субъектілерінің тізіміне енген заңды тұлға әкелген;
"Қымбат металдар мен қымбат тастар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 6) тармақшасына сәйкес тазартылған алтын өндірісі үшін және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкке іске асыру үшін ғана пайдаланылады.
15. "Астана Хаб" бағдарламасының қатысушылары болып табылатын салық төлеушілер әкелген тауарларды импорттағанда, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 479-бабының 1-тармағының 16) тармақшасында көзделген шарттардың бір мезгілде сақталуы кезінде.
16. Қазақстан Республикасының "Дамуға ресми көмек туралы" Заңына сәйкес, ресми даму көмек көрсету бағдарламасына қатысатын операторлар әкелген тауарларды импорттағанда.
17. Гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін, акцизге жатпайтын тауарларды Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына сәйкес импорттағанда.
Осы тармақта көрсетілген тауарларды қосылған құн салығынан босату мақсатында импорттаған кезде келесі құжаттар ұсынылады:
тауарды тегін негізде әкелу мақсатын көрсететін импорттау туралы ақпаратты қамтитын тауарға ілесетін құжаттар;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың көшірмесі (бар болған жағдайда), оның аясында тауарлар тегін негізде әкелінеді;
тауарды гуманитарлық көмек ретінде жіберілгенін растайтын жіберуші құжаты (шетел тілінде жасалғаны да қабылданады) немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, басқа ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің гуманитарлық көмек ретінде тегін негізде әкелінетінін растайтын құжаты.
18. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жөніндегі келісім шеңберінде технологиялық жабдықтарды, құрамдас бөліктерді және олардың қосалқы бөлшектерін импорттағанда келесі шарттардың бір мезгілде сақталуы тиіс:
1) технологиялық жабдықтар, құрамдас бөліктер мен олардың қосалқы бөлшектерінің тізімі Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жөніндегі келісімде белгіленеді, ол келісім жер қойнауын пайдаланудың уәкілетті органымен жасалған;
2) технологиялық жабдықтарды, құрамдас бөліктерді және олардың қосалқы бөлшектерін әкелу ЕАЭО-тың кеден заңнамасы және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен рәсімделеді;
3) әкелінген технологиялық жабдықтарды, құрамдас бөліктерді және қосалқы бөлшектерді қосылған құн салығын төлеуші қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім шеңберінде ғана талап қоюдың ескеру мерзімі шегінде пайдаланылады.
Технологиялық жабдықтар мен құрамдас бөліктерді импорттаған кезде қосылған құн салығынан босату Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жөніндегі келісімнің әрекет ету мерзіміне беріледі, бірақ келісім тіркелген сәттен бастап бес жылды аспауы тиіс.
19. Ұшу қызметін жүзеге асыратын әуе кемесінде пайдаланылатын отын-майлау материалдарын импорттаған кезде салық төлеуден босатылады.
20. Осы Қағиданың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарында көрсетілген тауарлар тек салық төлеуден босату мақсатында пайдаланылады.
Белгіленген тауарларды салық төлеуден босату үшін көрсетілген мақсатқа сәйкес пайдаланбаған жағдайда, оларды импорттаған кезде төленбеген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 530-бабына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.
Ақша белгілерін өндіру үшін шикізатты мақсатты пайдалану туралы міндеттеме
Мен, ________________________________________________________
_______________________________________________________________
(атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы,
банктік деректемелері не тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты
куәландыратын құжатта көрсетілсе) және жүк алушының паспорттық деректемелері)
ақша белгілерін өндіруге арналған шикізат ретінде
____________________________________________________________________
(тауардың атауы)
тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке(терге) сәйкес
№ ____________________________________________________________.
Осыған байланысты аталған тауарларды олардың нысаналы мақсатына сәйкес қатаң пайдалануға міндеттенемін.
Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарда пайдалану үшін осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн салығын Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 530-бабына сәйкес теңге мөлшерінде және олардан өсімпұл төлеуге міндеттенемін.
Қолы ________/__________/ Күні "___" _______ 20__ жыл
Тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Алушының әкелінетін тауарларды тек ресми, жеке пайдалану үшін мақсатты пайдалану туралы міндеттемесі
Мен, ________________________________________________________
_______________________________________________________________
(атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы,
банктік деректемелері не тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты
куәландыратын құжатта көрсетілсе) және жүк алушының паспорттық деректемелері)
ақша белгілерін өндіруге арналған шикізат ретінде
____________________________________________________________________ (тауардың атауы)
тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке(терге) сәйкес
№____________________________________________________________.
Осыған байланысты аталған тауарларды олардың нысаналы мақсатына сәйкес қатаң пайдалануға міндеттенемін.
Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарда пайдалану үшін осындай
тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн салығын Қазақстан
Республикасы Салық кодексінің 530-бабына сәйкес теңге мөлшерінде
және олардан өсімпұл төлеуге міндеттенемін.
Қолы ________/__________/ Күні "___" _______ 20__ жыл
Тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
