БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21471 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 124-бабының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) әзірленді және жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі – ЖТМК) түрлерін, сондай-ақ ЖТМК түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің (бұдан әрі – ММК) көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарын айқындау тәртібін белгілейді.";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
Жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлерін айқындау өлшемшарттары
№ | Өлшемшарт | Өлшемшарт шкаласы | Мәні | Өлшемшарт баллы | |
1 | 0,1 | Технология әлемде 5 жылдан аз уақыт қолданылады | 10 | 1 | |
Технология әлемде 5-10 жылдан астам уақыт бойы қолданылады | 7,5 | 0,75 | |||
Технология әлемде 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылады | 5 | 0,5 | |||
Технология әлемде 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылады | 2,5 | 0,25 | |||
2 | Ресурс сыйымдылығы | 0,3 | Технологияны пайдалану қымбат тұратын дәрілік заттарды медициналық бұйымдарды медициналық техниканы, айтарлықтай еңбек және уақыт шығынын қажет етеді | 10 | 3 |
Технологияны пайдалану қымбат тұратын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етеді | 7,5 | 2.25 | |||
Технологияны пайдалану айтарлықтай еңбек және уақыт шығынын қажет етеді | 5 | 1,5 | |||
Технологияны пайдалану қымбат тұратын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етпейді, айтарлықтай еңбек және уақыт шығынын қажет етпейді | 2,5 | 0,75 | |||
3 | Бірегейлігі | 0,1 | Технологияның аналогтары және (немесе) Қазақстандағы балама емдеу әдістері жоқ | 10 | 1 |
Технология тиімділігі жағынан Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) емдеудің балама әдістерінен артық | 7,5 | 0,75 | |||
Технология тиімділігі жағынан Қазақстандағы аналогтарға және (немесе) баламалы емдеу әдістеріне теңеледі | 5 | 0,5 | |||
Технология тиімділігі жағынан Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) баламалы емдеу әдістерінен төмен | 2,5 | 0,25 | |||
4 | Күрделілігі | 0,5 | Технология өте күрделі және ерекше дағдыларды талап етеді (мысалы, симультальды, біріктірілген немесе реконструктивтік операциялар). Қосымша тіндер мен ағзалардың ерекшеліктеріне бейімделген мамандандырылған жабдықты пайдалануды қажет ететін пациенттің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері (неонатальды жастағы балаларда технологияны қолдану) ескеріледі. Мұндай операциялар асқыну қаупі жоғары және мұқият жоспарлауды қажет етеді. | 10 | 5 |
Бірнеше кезеңдерді қамтитын және хирург пен медицина персоналының жоғары деңгейде дайындығын талап ететін орташа күрделіліктегі технологиялар. Операциялар біріктірілген немесе реконструктивті болуы мүмкін, бірақ күрделі анатомиялық немесе физиологиялық ерекшеліктері жоқ балалар мен ересек пациенттерде орындалады | 7,5 | 3,75 | |||
Технологияның орындау қиындығы төмен (мысалы, жоспарланған) операциялар) және базалық хирургиялық жабдықты пайдаланыла отырып, стандартты жағдайларда жүргізіледі. Бұл операциялар әдетте бір сатылы және пациент үшін төмен қауіп деңгейіне ие | 5 | 2,5 | |||
Күрделілікті қажет етпейтін технологиялар амбулаториялық негізде орындалатын өте қарапайым емшараларды қамтиды. Олар арнайы дайындықты қажет етпейді және ресурстардың ең аз мөлшерін пайдалана отырып, жылдам орындалуы мүмкін | 2,5 | 1,25 |
