Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аквашаруашылық саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа өндірістерді құру жөніндегі және қайта өңдеу қуаттарын іске қосуды қоса алғанда, өндірістік объектілер құрылысына айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз елу мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін, сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту, оның ішінде өндірістік және қайта өңдеу қуаттарын реконструкциялау мен жаңғырту жөніндегі айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін жобаларды іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілеріне қатысты аквашаруашылық саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілеріне қатысты аквашаруашылық саласындағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілеріне қатысты аквашаруашылық саласындағы тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тоған шаруашылық және (немесе) индустриялық және (немесе) өсімді молайту қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілеріне қатысты аквашаруашылық саласындағы тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерге қатысты аквашаруашылық саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде "Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін оның Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
__________С. Жумангарин |
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
_________А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
Аквашаруашылық саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы аквашаруашылық саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі №3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17371 болып тіркелген) бекітілген тексеру парағының нысанына сәйкес әзірленді.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аквашаруашылық субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектілері (объектілері)) – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
3) болмашы бұзушылық - аквашаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу, соның ішінде: аквашаруашылық объектілерін заңсыз аулауды болдырмау мақсатында балық шаруашылығы су қоймасын және (немесе) учаскесін күзетудің болмауы; бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында балық шаруашылығын мелиорациялауды жүргізуді орындамау;
4) елеулі бұзушылық – аквашаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу, соның ішінде: жобаның бизнес-жоспарын және жұмыс бағдарламасын сақтамауы; жаңа өндіріс объектілерін салу бойынша міндеттемелерді орындамауы; шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарты талаптарының орындалуы туралы ақпарат бермеуі; аквашаруашылық субъектісінің даму жоспарының орындалуы туралы ақпарат бермеуі; әкімшілік деректерді ұсынбауы; көбейтілетін және (немесе) күтіп-ұсталынатын, өсірілетін аквашаруашылық объекті түрлерінің сәйкес келмеуі; су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөтен текті немесе генетикалық түрлендірілген түрлерінің интродукциясы; жалпы пайдалану жерүсті су объектілерін пайдалануды шектеу; аншлагтардың орнатылмауы; бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына балық жіберуді орындамау; балық өсіру-биологиялық негіздеме негізінде балық шаруашылығы су айдынының ихтиофаунасын толық және/немесе ішінара ауыстыруды жүзеге асырмау; жеке меншік немесе өзге де заңды негізде жер учаскесінің және (немесе) жылжымайтын мүліктің болмауы; аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінде тіркелмеуі;
5) өрескел бұзушылық – аквашаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу, соның ішінде: аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органның халықаралық және (немесе) республикалық және (немесе) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімінің болмауы; аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органның халықаралық және (немесе) республикалық және (немесе) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде шаруашылығы қызметін жүзеге асыруға жасалған шарттың болмауы; аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің болмауы; аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының болмауы; балық өсіру көлемдерін сақтамауы; балық қорғау құрылғысының болмауы; шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді үшінші тұлғаларға тапсыру және (немесе) басқаға беру;
6) тәуекел – зардаптардың ауырлық дәрежесін ескере отырып, бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
7) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – аквашаруашылық салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік бостандығын шектеу ықтималдығының ең төмен дәрежесі мақсатында кейін бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолымен қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және мұндай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдау процесі;
8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – аквашаруашылық саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын және жекелеген бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей тәуелді болмайтын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің нәтижелеріне қарай бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
10) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі.
2-тарау. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады (шешімдерді мультиөлшемшарттық талдау).
Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) үшін жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
4. Екінші кезеңде субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша және субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:
1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;
2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;
3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.
5. Проблеманың ықтимал тәуекелі мен маңыздылығына, бұзушылықтың даралығына немесе жүйелілігіне, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және елеусіз деген бұзушылық дәрежесіне сәйкес келеді.
Аквашаруашылық саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес анықталады.
6. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
1-параграф. Объективті өлшемшарттар
7. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) жаңа өндірістерді құру жөніндегі және қайта өңдеу қуаттарын іске қосуды қоса алғанда, өндірістік объектілер құрылысына айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз елу мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін, сондай-ақ, айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту, оның ішінде өндірістік және қайта өңдеу қуаттарын реконструкциялау мен жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері жатады.
8. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі орташа бақылау субъектілеріне (объектілеріне) көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері, сондай-ақ тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері жатады.
9. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі төмен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) тоған шаруашылық қызметін, индустриялық шаруашылық қызметті, өсімдімолайту шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері, сондай-ақ аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъектілер жатады.
2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
10. Субъективті өлшемшарттары анықтау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
11. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізу үшін алдыңғы профилактикалық бақылау және тексеру нәтижелері пайдаланылады:
12. Қолда бар ақпарат көздеріне сүйене отырып, деректер талдау мен бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарға сәйкес жасалады.
Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең үлкен ықтимал тәуекелге ие бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылауды жүзеге асыруды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабының 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өтіп кеткен деректер талдау және бағалау кезінде пайдаланылмайды.
Алдыңғы бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты, мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды қосуға жол берілмейді.
13. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдылығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы негізінде осы Өлшемшарттардың 3-тарауында анықталған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
3-параграф. Тәуекелдерді басқару
14. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылау шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы осы Өлшемшарттардың 17-тармағында анықталған мерзімге бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылауды жүргізуден босатылады.
15. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Өлшемшарттарда бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары анықталса, бақылау субъектілері (объектілері) жоғары тәуекел дәрежесі бар ақпараттық жүйені қолдана отырып, аквашаруашылық саласындағы тәуекелдің орташа дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылады.
16. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты деңгейлеріне жіктейтін және бақылау шараларының тізбелерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық мониторинг нәтижелеріне және ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі аквашаруашылық саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
17. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жүргізілетін талдау нәтижелері бойынша және субъективті өлшемшарттар бойынша алынған мәліметтерді бағалау анықталады, бірақ жылына екі реттен көп емес.
18. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі
19. Мемлекеттік орган осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және дерекқор қалыптастырады.
20. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу бақылау субъектілеріне (объектілеріне) (SP) бара отырып, алдыңғы профилактикалық бақылау және тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін және субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) қорытындылау жолымен автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады, кейіннен деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіреді.
Rарал = SP + SC,
мұнда:
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші;
ЅР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
SC – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп аквашаруашылық саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте аквашаруашылық саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.
21. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып, алдыңғы профилактикалық бақылауды жүргізу нәтижесінде алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі балмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
Осы Өлшемшарттардың 11-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7
мұнда:
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны.
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұнда:
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтар саны.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:
SР = SРз + SРн,
мұнда:
ЅР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
22. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

мұнда:
xi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші;
wi – xi субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы;
n – көрсеткіштер саны.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
23. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:

мұнда:
R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды);
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы);
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы);
Rарал – осы Өлшемшарттардың 20-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.
24. Аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік реттеуші орган ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 мамырына және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 20 қазанына дейінгі мерзімде ақпараттық жүйені бақылау субъектісіне (объектісіне) автоматты бақылау режимінде бара отырып, профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін қалыптастыруға арналған қажетті деректермен толтырылуын қамтамасыз етеді.
| Аквашаруашылық саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшартарына қосымша |
Аквашаруашылық саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі
№ | Өлшемшартардың атауы | Бұзушылық дәрежесі |
1-тарау. Жаңа өндірістерді құру жөніндегі және қайта өңдеу қуаттарын іске қосуды қоса алғанда, өндірістік объектілер құрылысына айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз елу мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін, сондай-ақ, айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту, оның ішінде өндірістік және қайта өңдеу қуаттарын реконструкциялау мен жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері | ||
1 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органның тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру туралы шешімінің болуы | өрескел |
2 | Жобаны іске асыру үшін аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға жасалған шарттың болуы | өрескел |
3 | Жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде әзірленген және аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен келісілген аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің болуы | өрескел |
4 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме келісілген күннен бастап бір ай ішінде бекітілген және аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен келісілген аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының болуы | өрескел |
5 | Аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына сәйкес балық өсіру көлемдерін сақтауы | өрескел |
6 | Жобаның бизнес-жоспарын және жұмыс бағдарламасын сақталуы | елеулі |
7 | Қайта өңдеу қуаттарын қоса алғанда, жаңа өндіріс объектілерін салу және өндірістік және қайта өңдеу қуаттарын реконструкциялауды және жаңғыртуды қоса алғанда, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту бойынша міндеттемелерді орындамауы | елеулі |
8 | Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарты талаптарының орындалуы туралы ақпарат беру | елеулі |
9 | Аквашаруашылық субъектісінің даму жоспарының орындалуы туралы ақпарат беру | елеулі |
10 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсыну | елеулі |
11 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеде көзделген көбейтілетін және (немесе) күтіп-ұсталынатын, өсірілетін аквашаруашылық объектілерінің сәйкес келуі | елеулі |
12 | Су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөтен текті немесе генетикалық түрлендірілген түрлерінің интродукциясына жол бермеу | елеулі |
13 | Заңды тұлғаны біріктіру, қосу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру және (немесе) мұндай құқықтар мен міндеттерді мұрагерлік бойынша әмбебап мирасқорлық тәртібімен үшінші тұлғаға беру жағдайларын қоспағанда, тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді үшінші тұлғаларға беруге және (немесе) басқаға беруге жол бермеу | өрескел |
14 | Жалпы пайдаланатын жерүсті су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермеу | елеулі |
15 | Аквашаруашылық объектілерін заңсыз аулауды болдырмау мақсатында балық шаруашылығы су қоймасын және (немесе) учаскесін күзетудің болуы | болмашы |
16 | Аншлагтар орнату | елеулі |
2-тарау. Көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері | ||
1 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органның көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су қоймасын және (немесе) учаскесін бекітіп беру туралы шешімінің болуы | өрескел |
2 | Көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен жасалған шарттың болуы | өрескел |
3 | Көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде әзірленген және аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен келісілген аквашаруашылық саласындағы балық өсірубиологиялық негіздеменің болуы | өрескел |
4 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру- биологиялық негіздеме келісілген күннен бастап бір ай ішінде бекітілген және аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен келісілген аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының болуы | өрескел |
5 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеде көзделген көбейтілетін және (немесе) күтіп-ұсталынатын, өсірілетін аквашаруашылық объектілерінің сәйкес келуі | елеулі |
6 | Көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт талаптарының орындалуы туралы ақпарат беруі | елеулі |
7 | Аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының орындалуы туралы ақпарат беруі | елеулі |
8 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсыну | елеулі |
9 | Су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөтен текті немесе генетикалық түрлендірілген түрлерінің интродукциясына жол бермеу | елеулі |
10 | Заңды тұлғаны біріктіру, қосу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру және (немесе) мұндай құқықтар мен міндеттерді мұрагерлік бойынша әмбебап мирасқорлық тәртібімен үшінші тұлғаға беру жағдайларын қоспағанда, тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді үшінші тұлғаларға беруге және (немесе) басқаға беруге жол бермеу | елеулі |
11 | Жалпы пайдаланатын жерүсті су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермеу | өрескел |
12 | Аквашаруашылық объектілерін заңсыз аулауды болдырмау мақсатында балық шаруашылығы су қоймасын және (немесе) учаскесін күзетудің болуы | болмашы |
13 | Аншлагтар орнату | елеулі |
14 | Аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына сәйкес бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына балық жіберуді орындау | елеулі |
15 | Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу | болмашы |
16 | Балық өсіру-биологиялық негіздеме негізінде балық шаруашылығы су айдынының ихтиофаунасын толық және/немесе ішінара ауыстыруды жүзеге асыру | елеулі |
3-тарау. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері | ||
1 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органның тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру туралы шешімінің болуы | өрескел |
2 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға жасалған шарттың болуы | өрескел |
3 | Тор қоршама шаруашылығы қызметін жүзеге асыруға арналған шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде әзірленген және аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен келісілген аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің болуы | өрескел |
4 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме келісілген күннен бастап бір ай ішінде бекітілген және аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен келісілген аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының болуы | өрескел |
5 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеде көзделген көбейтілетін және (немесе) күтіп-ұсталынатын, өсірілетін аквашаруашылық объектілерінің сәйкес келуі | елеулі |
6 | Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарты талаптарының орындалуы туралы ақпарат беру | елеулі |
7 | Аквашаруашылық субъектісінің даму жоспарының орындалуы туралы ақпарат беру | елеулі |
8 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсыну | елеулі |
9 | Су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөтен текті немесе генетикалық түрлендірілген түрлерінің интродукциясына жол бермеу | елеулі |
10 | Жалпы пайдаланатын жерүсті су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермеу | өрескел |
11 | Заңды тұлғаны біріктіру, қосу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру және (немесе) мұндай құқықтар мен міндеттерді мұрагерлік бойынша әмбебап мирасқорлық тәртібімен үшінші тұлғаға беру жағдайларын қоспағанда, тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді үшінші тұлғаларға беруге және (немесе) басқаға беруге жол бермеу | елеулі |
12 | Аквашаруашылық объектілерін заңсыз аулауды болдырмау мақсатында балық шаруашылығы су қоймасын және (немесе) учаскесін күзетудің болуы | болмашы |
13 | Аншлагтар орнату | елеулі |
4-тарау. Тоған шаруашылық және (немесе) индустриялық және (немесе) өсімді молайту қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері | ||
1 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің болуы | өрескел |
2 | Жеке меншік немесе өзге де заңды негізде жер учаскесінің және (немесе) жылжымайтын мүліктің болуы | елеулі |
3 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеде көзделген көбейтілетін және (немесе) күтіп-ұсталынатын, өсірілетін аквашаруашылық объектілерінің сәйкес келуі | елеулі |
4 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсыну | елеулі |
5 | Су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөтен текті немесе генетикалық түрлендірілген түрлерінің интродукциясына жол бермеу | елеулі |
6 | Жерүсті су объектілерінен су алу кезінде балық қорғау құрылғысының болуы | өрескел |
5-тарау. Аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер | ||
1 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсыну | елеулі |
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес аквашаруашылық саласындағы жаңа өндірістерді құру жөніндегі және қайта өңдеу қуаттарын іске қосуды қоса алғанда, өндірістік объектілер құрылысына айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз елу мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін, сондай-ақ, айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту, оның ішінде өндірістік және қайта өңдеу қуаттарын реконструкциялау мен жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілеріне қатысты тексеру парағы
___________________________________________________________________
бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________ №, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________
___________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органның тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру туралы шешімінің болуы | ||
2 | Жобаны іске асыру үшін аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға жасалған шарттың болуы | ||
3 | Жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде әзірленген және аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен келісілген аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің болуы | ||
4 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме келісілген күннен бастап бір ай ішінде бекітілген және аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен келісілген аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының болуы. | ||
5 | Аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына сәйкес балық өсіру көлемдерін сақтауы | ||
6 | Жобаның бизнес-жоспарын және жұмыс бағдарламасын сақталуы | ||
7 | Қайта өңдеу қуаттарын қоса алғанда, жаңа өндіріс объектілерін салу және өндірістік және қайта өңдеу қуаттарын реконструкциялауды және жаңғыртуды қоса алғанда, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту бойынша міндеттемелерді орындамауы | ||
8 | Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарты талаптарының орындалуы туралы ақпарат беру | ||
9 | Аквашаруашылық субъектісінің даму жоспарының орындалуы туралы ақпарат беру | ||
10 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсыну | ||
11 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеде көзделген көбейтілетін және (немесе) күтіп-ұсталынатын, өсірілетін аквашаруашылық объектілерінің сәйкес келуі | ||
12 | Су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөтен текті немесе генетикалық түрлендірілген түрлерінің интродукциясына жол бермеу | ||
13 | Заңды тұлғаны біріктіру, қосу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру және (немесе) мұндай құқықтар мен міндеттерді мұрагерлік бойынша әмбебап мирасқорлық тәртібімен үшінші тұлғаға беру жағдайларын қоспағанда, тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді үшінші тұлғаларға беруге және (немесе) басқаға беруге жол бермеу | ||
14 | Жалпы пайдаланатын жерүсті су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермеу | ||
15 | Аквашаруашылық объектілерін заңсыз аулауды болдырмау мақсатында балық шаруашылығы су қоймасын және (немесе) учаскесін күзетудің болуы | ||
16 | Аншлагтар орнату |
Лауазымды тұлға (-лар) ______________________________ _______________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Бақылау субъектісінің басшысы _______________________ ________________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес аквашаруашылық саласындағы көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілеріне қатысты тексеру парағы
____________________________________________________________________
бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт _______________________________№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
___________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________
___________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органның көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су қоймасын және (немесе) учаскесін бекітіп беру туралы шешімінің болуы | ||
2 | Көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен жасалған шарттың болуы | ||
3 | Көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде әзірленген және аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен келісілген аквашаруашылық саласындағы балық өсірубиологиялық негіздеменің болуы | ||
4 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру- биологиялық негіздеме келісілген күннен бастап бір ай ішінде бекітілген және аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен келісілген аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының болуы | ||
5 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеде көзделген көбейтілетін және (немесе) күтіп-ұсталынатын, өсірілетін аквашаруашылық объектілерінің сәйкес келуі | ||
6 | Көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт талаптарының орындалуы туралы ақпарат беруі | ||
7 | Аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының орындалуы туралы ақпарат беруі | ||
8 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсыну | ||
9 | Су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөтен текті немесе генетикалық түрлендірілген түрлерінің интродукциясына жол бермеу | ||
10 | Заңды тұлғаны біріктіру, қосу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру және (немесе) мұндай құқықтар мен міндеттерді мұрагерлік бойынша әмбебап мирасқорлық тәртібімен үшінші тұлғаға беру жағдайларын қоспағанда, тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді үшінші тұлғаларға беруге және (немесе) басқаға беруге жол бермеу | ||
11 | Жалпы пайдаланатын жерүсті су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермеу | ||
12 | Аквашаруашылық объектілерін заңсыз аулауды болдырмау мақсатында балық шаруашылығы су қоймасын және (немесе) учаскесін күзетудің болуы | ||
13 | Аншлагтар орнату | ||
14 | Аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына сәйкес бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына балық жіберуді орындау | ||
15 | Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу | ||
16 | Балық өсіру-биологиялық негіздеме негізінде балық шаруашылығы су айдынының ихтиофаунасын толық және/немесе ішінара ауыстыруды жүзеге асыру |
Лауазымды тұлға (-лар) ______________________________ ________________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Бақылау субъектісінің басшысы _______________________ ________________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес аквашаруашылық саласындағы тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілеріне қатысты тексеру парағы
___________________________________________________________________
бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт _________________________________ №, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________
___________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органның тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру туралы шешімінің болуы | ||
2 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға жасалған шарттың болуы | ||
3 | Тор қоршама шаруашылығы қызметін жүзеге асыруға арналған шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде әзірленген және аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен келісілген аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің болуы | ||
4 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме келісілген күннен бастап бір ай ішінде бекітілген және аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органмен келісілген аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының болуы | ||
5 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеде көзделген көбейтілетін және (немесе) күтіп-ұсталынатын, өсірілетін аквашаруашылық объектілерінің сәйкес келуі | ||
6 | Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарты талаптарының орындалуы туралы ақпарат беру | ||
7 | Аквашаруашылық субъектісінің даму жоспарының орындалуы туралы ақпарат беру | ||
8 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсыну | ||
9 | Су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөтен текті немесе генетикалық түрлендірілген түрлерінің интродукциясына жол бермеу | ||
10 | Жалпы пайдаланатын жерүсті су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермеу | ||
11 | Заңды тұлғаны біріктіру, қосу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру және (немесе) мұндай құқықтар мен міндеттерді мұрагерлік бойынша әмбебап мирасқорлық тәртібімен үшінші тұлғаға беру жағдайларын қоспағанда, тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді үшінші тұлғаларға беруге және (немесе) басқаға беруге жол бермеу | ||
12 | Аквашаруашылық объектілерін заңсыз аулауды болдырмау мақсатында балық шаруашылығы су қоймасын және (немесе) учаскесін күзетудің болуы | ||
13 | Аншлагтар орнату |
Лауазымды тұлға (-лар) ______________________________ ________________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Бақылау субъектісінің басшысы _______________________ ________________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес аквашаруашылық саласындағы тоған шаруашылық және (немесе) индустриялық және (немесе) өсімді молайту қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілеріне қатысты тексеру парағы
___________________________________________________________________
бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт _______________________________ №, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________
____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің болуы | ||
2 | Жеке меншік немесе өзге де заңды негізде жер учаскесінің және (немесе) жылжымайтын мүліктің болуы | ||
3 | Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеде көзделген көбейтілетін және (немесе) күтіп-ұсталынатын, өсірілетін аквашаруашылық объектілерінің сәйкес келуі | ||
4 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсыну | ||
5 | Су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөтен текті немесе генетикалық түрлендірілген түрлерінің интродукциясына жол бермеу | ||
6 | Жерүсті су объектілерінен су алу кезінде балық қорғау құрылғысының болуы |
Лауазымды тұлға (-лар) ______________________________ ________________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Бақылау субъектісінің басшысы _______________________ ________________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерге қатысты тексеру парағы
____________________________________________________________________
бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ________________________________ №, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________
___________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсыну |
Лауазымды тұлға (-лар) ______________________________ ________________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Бақылау субъектісінің басшысы _______________________ ________________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
