Салықтық тіркеу талаптарының сақталуын мониторингтеуге байланысты мемлекеттік кірістер органының шешімдері нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 653 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37307 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж.бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабының 4-тармағына, 82-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 107-бабының 1 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою туралы хабарламаның нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Д. Темирбеков

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 қазандағы
№ 653 бұйрыққа
1-қосымша
нысан

Мемлекеттік кірістер органында салықтық тіркеу есебіне қою туралы хабарлама

№ ______

"__" ______20___жыл

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі)

      49-бабының 4-тармағына, 82-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және

      107-бабының 1-тармағына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының (бұдан әрі – МКO) атауы, коды, бизнес сәйкестендіру

      нөмірі)

      Сізге,

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      немесе салық төлеушінің толық атауы және жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

      сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН))

      салықтық тіркеу талаптарының сақталуын мониторингтеу нәтижелері бойынша:

      (тиісті ұяшықтың бірі "Х" белгісімен белгіленеді)

1



қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне міндетті түрде қою




2



дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою




3



жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою




4



жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебіне қою




      талаптарының бұзылу белгілері анықталғанын хабарлайды.

      Хабарлама:

А



Салық кодексінің 101-бабының 3-тармағына сәйкес салықтық өтінішті



(1-ұяшық таңдалған кезде белгіленеді)

Б



Салық кодексінің 97-бабының 3-тармағына сәйкес дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның қызметінің басталғаны туралы хабарламаны



(2 немесе 3-ұяшық таңдалған кезде белгіленеді)

В



Салық кодексінің 104-бабының 5-тармағына сәйкес салық төлеушілер базасын қалыптастыру тәртібімен белгіленген құжаттармен қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны



(4-ұяшық таңдалған кезде белгіленеді)


      ұсыну жолымен орындалады.

      Осы хабарламаны орындау мерзімі тапсырылған күннен кейінгі 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілген мерзімде осы хабарлама орындалмаған жағдайда, МКO Салық кодексінің 86-бабына сәйкес банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізеді.

      Салық кодексінің 107-бабына сәйкес, салық төлеуші бұзушылықпен келіспесе, келіспеушілігін негіздей отырып, түсініктеме береді.

      Салық төлеуші түсініктемеге оның негіздемесін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беруге құқылы. Түсініктеме беру кезінде хабарламада көрсетілген бұзушылықтарға жатпайтын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Ұсынылған түсініктемеде негіздеме болмаған және (немесе) негіздеме құжаттармен расталмаған жағдайда, МКO түсініктеме келіп түскен күннен кейінгі 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде хабарламаны орындалмаған деп таниды және хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығарады.

      Хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім салық төлеушіге осындай шешім шығарылған күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде беріледі.

      Бұл ретте хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда МКO-да салықтық тіркеу есебіне қою мәселесі бойынша МКО тақырыптық салықтық тексеру жүргізеді.

      Анықталған бұзушылықтар сипаттамасы ____ парақта қоса беріледі.

      Басшы (МКO басшысының орынбасары) _________________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын (қолы) куәландыратын құжатта көрсетілсе))

      Хабарламаны алды: ____________________________________________________

      (алған күні, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе

      толық атауы, қолы)

      Хабарлама салық төлеушіге табыс етілді: __________________________________________________

      (табыс етілген күні, хабарламаны табыс еткен МКO лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы және қолы)

      Хабарлама салық төлеушіге жолданды: ____________________________________________________

      (жолданған күні, хабарламаны жолдаған МКO лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы және қолы, жіберілгенін растайтын түбіртек нөмірі мен күні)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 қазандағы
№ 653 бұйрыққа
2 қосымша
нысан

Мемлекеттік кірістер органында салықтық тіркеу есебіне қою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім

№ ______

"__" ______20___жыл

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі)

      49-бабының 4-тармағына және 107-бабының 5-тармағына сәйкес

      _____________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының (бұдан әрі – МКO) атауы, коды, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________ (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе толық атауы және жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН))

      Салық кодексінің 107-бабының 2-тармағына сәйкес берілген 20___ жылғы

      "_____"_____________№__________түсіндірмесін қарады.

      Салық төлеуші өзінің түсініктемесінде мынадай негіздемелерді келтіреді:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________ (сипаттама бөлігі, салық төлеушінің түсіндірмесінде көрсетілген негіздемелер, қоса берілген құжаттардың тізбесі жазылады)

      Бар материалдарды зерделеп, салық төлеушінің негіздемелерін ескере отырып, МКO келесіні белгіледі:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________ (уәждеу бөлігі, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзу фактісін айғақтайтын дәлелдерді негіздеген және мән-жайларды ашып көрсеткен МКО қорытындысы)

      Жазылғандарды ескере отырып, іс материалдарын және салық төлеушінің

      негіздемелерін қарау қорытындысы бойынша МКO:

      20 ___ жылғы "____" ___________ № ______

      (хабарламаның нөмірі мен күні көрсетіледі)

      МКО-да тіркеу есебіне қою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығарады.

      Салық кодексінің 107-бабының 6-тармағына сәйкес орындалмаған деп танылған хабарлама бойынша салықтық тексеру жүргізіледі.

      Тақырыптық салықтық тексеру Салық кодексінің 156-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

      Осы шешіммен келіспеген жағдайда салық төлеуші МКO лауазымды адамының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған МКO-ға немесе сотқа шағым жасауға құқылы.

      Басшы (МКO басшысының орынбасары)_______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке (қолы) басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))

      (мөр орны)

      Шешімді алды ______________________________________________________

      (алған күні, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе толық атауы, қолы)

      Шешім салық төлеушіге табыс етілді ______________________________________________ (табыс етілген күні, шешімді табыс еткен МКO лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы және қолы)

      Шешім салық төлеушіге жолданды ________________________________________________ (жолданған күні, шешімді жолдаған МКO лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы және қолы, жіберілгенін растайтын түбіртек нөмірі мен күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады