"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-83) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 29 қазандағы № 400 бұйрығымен бекітілген |
Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың үлгілік нысаны
_________________ | 20 ___ жылғы "___" ___________ |
(елді мекен) |
Бұдан әрі "Аумақтық бөлімше" деп аталатын ______________________________
"_________________________________________________________________________
(балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық
бөлімшесінің атауы)
________________________________________" республикалық мемлекеттік мекемесі
атынан _______________________________________________ негізінде әрекет ететін
__________________________________________________ бір тараптан және бұдан әрі
"Пайдаланушы" деп аталатын _______________________________________________
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)
атынан________________________________________________ негізінде әрекет ететін
__________________________________________________________________________
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, балық шаруашылығы
саласындағы уәкілетті органның/Аумақтық бөлімшенің 20__ жылғы "___" __________
№ _________ балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру туралы шешіміне сәйкес төмендегілер туралы осы Балық шаруашылығын жүргізу
туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1-тарау. Шарттың нысанасы
1. Аумақтық бөлімше Пайдаланушыға осы Шартқа қосымша болып табылатын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспортына сәйкес оған бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын береді.
2. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі
және/немесе олардың нөмірлері _____________________________________________
2-тарау. Тараптардың құқықтары
3. Пайдаланушы "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес:
1) жануарлар дүниесiнiң оған рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;
2) ауланған балық аулау объектілеріне, оның ішінде балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмге иелік етуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;
3) белгіленген сервитутқа сәйкес балық шаруашылығының мұқтаждары үшін уақытша құрылысжайлар салуға;
4) қорықшыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар мен қағидаларға сәйкес қызметтік қарумен қамтамасыз етуге;
5) "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарға сәйкес болған кезде оларға балық аулауды жүргізу үшін бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) олардың учаскелеріне ауыстыруға;
6) аумақтық бөлімшелермен келісілген балық шаруашылығын дамыту жоспарын қабылдау шартымен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шартты ұзартуға құқылы.
4. Аумақтық бөлімше:
1) осы Шарттың талаптары жүйелі түрде бұзылғанда (жылына үш немесе одан да көп рет);
2) балық шаруашылығын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары жүйелі түрде өрескел бұзылғанда (жылына үш немесе одан да көп рет).
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын өрескел бұзушылықтарға балық ресурстарына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде залал келтіруге әкеп соққан бұзушылықтар жатады;
3) балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарына сәйкес міндеттемелер орындалмағанда немесе толық орындалмағанда осы Шартты сот шешіміне сәйкес біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
3-тарау. Тараптардың міндеттері
5. Пайдаланушы Заңға сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының салық заңдамасында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны уақтылы енгізуге;
3) зілзалалардың еңсерілмейтін салдарынан ластану жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде (бұдан әрі – Экологиялық кодекс) көзделген экологиялық талаптарды сақтау арқылы жануарлардың мекендеу ортасының нашарлауына жол бермеуге;
4) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатыгез қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалануға;
5) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысандарға сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді ұсынуға;
6) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендерін қорғауды және өсімін молайтуды қамтамасыз етуге және олардың санының табиғи ауытқудан тыс азайуына жол бермеуге;
7) балық шаруашылығы субъектісінің даму жоспарларына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерінің өсімін молайтуды қамтамасыз ететін қажетті іс-шараларды жүргізуге;
8) Заңның 49-бабына сәйкес жүргізілетін жануарлар дүниесін қорғау, Қазақстан Республикасының өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау мақсатында тексерулерді жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге;
9) аумақтық бөлімшеге – бақылау үшін аулауды;
жеке және заңды тұлғаларға – ғылыми-зерттеулер үшін аулауды;
жеке тұлғаларға – әуесқойлық (спорттық) аулауды жүзеге асыруға сервитут ұсынуға;
10) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде ғылыми ұсынымдар негізінде ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізуге;
11) аншлагтарды орнатуға;
12) әрбір балық қабылдау пунктінде, бригадасында немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және оны балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының талап етуі бойынша көрсетуге міндетті; 13) Аумақтық бөлімшеге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 185 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6196 болып тіркелген) бекітілген Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді беруге;
14) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезінде Экологиялық кодекске сәйкес экологиялық рұқсат алуға;
15) қорықшыларды көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төсбелгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;
16) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
17) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жеке тұлғаларға олардың ауызша, жазбаша немесе электрондық өтініші бойынша қағаз немесе электрондық түрде жолдама беруге;
18) кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін сақтауға;
19) балық шаруашылығы субъектілердің балық дамыту жоспарларына сәйкес бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде балықтандыру жүргізуге;
20) Заңның 9-1-бабының 7-тармағы негізінде шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес балық ресурстарына, оның ішінде сөзсіз келтірілген зиянның өтемақысын өтеуге;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес су объектілерінің жағалауларын немесе олардың бөліктерін оларды пайдалану орындарында күтіп-ұстауға;
22) балықтар мен басқа да су жануарларын мониторингтеудің ақпараттық жүйесінде тіркелуге және оған балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен деректер мен мәліметтерді енгізуге міндетті.
6. Аумақтық бөлімше:
1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды айқындау мақсатында Пайдаланушының қызметін тексеруге;
2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде жүзеге асыруға міндетті.
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
7. Пайдаланушы осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін ешкімге толығымен де, ішінара да бермеуі тиіс.
8. Бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру Пайдаланушының өз қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
9. Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.
5-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары
10. Егер Шарттың қандай да бір міндеттемелерінің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы еңсерілмейтін күштің мән-жайларынан туындаса, онда Тараптардың ешқайсысы оларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
11. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары Тараптар болжай алмайтын және осы Шарттың орындалуына тікелей әсер ететін төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар, оның ішінде дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және өзге де осындай мән-жайлар болып табылады. Мұндай мән-жайларға, атап айтқанда, нарықта орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің болмауы жатпайды.
12. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен Тарап бұл туралы екінші Тарапты еңсерілмейтін күштің мән-жайлары басталған күнін және сипаттамасын көрсетіп, жазбаша хабарлама жіберу арқылы дереу хабардар етеді.
13. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде, Тараптар орын алып отырған жағдайдан шығудың амалын іздестіру үшін дереу келіссөзер жүргізеді және еңсерілмейтін күш мән-жайларының зардаптарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
14. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары тиісті құзіретті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарымен тасталуға тиіс.
6-тарау. Қорытынды ережелер
15. Осы Шарт қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және____ жыл мерзiмге жасалады.
16. Осы Шарттың қолданылуы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) балық шаруашылығын жүргізуден ерікті түрде бас тарту;
2) осы Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы;
3) Пайдаланушының қызметінің тоқтатылуы. Пайдаланушы-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен мұраға қалдырылады;
4) осы Шарттың талаптарының жүйелі түрде бұзылуы;
5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарының жүйелі түрде бұзылуы;
6) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балықтандыру жүргізілген жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекет мұқтаждығы үшін алып қою.
Қызметі тоқтатылған жағдайда Пайдаланушы күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы Аумақтық бөлімшеге жазбаша хабарлама арқылы хабарлайды.
17. Осы Шарттың талаптарын орындау кезінде туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер жолымен шешуге ұмтылатын болады.
Келіссөздер арқылы реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешіледі.
18. Осы шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама тапсырылғаны туралы хабарламамен тапсырысты почта жөнелтілімі нысанында не электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы не өзге де кез келген тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдаланып жіберіледі.
19. Осы Шартқа қосымша болып табылатын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспорты оның ажырамас бөлігі болып табылады.
20. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалса және оған екі Тараптың да уәкілетті өкілдері қол қойса, онда ол заңды күшке ие болады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
21. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар ___ данада жасалды.
7-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары
| Балық шаруашылығын жүргізу шартына қосымша Нысан |
Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспорты
____________________________________________________________________
(балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы)
Географиялық орналасуы______________________________________________
Әкімшілік облысы ____________________________________________________
Әкімшілік ауданы ____________________________________________________
Су айдынының орналасқан жері ________________________________________
(жақын маңдағы елді мекеннің атауы, су айдынының,
____________________________________________________________________
орналасу бағыты, шақырыммен қашықтығы)
Учаскенің шекаралары ________________________________________________
(шекараның сипаттамасы, координаттары)
____________________________________________________________________
Физикалық сипаттамасы
Ұзындығы, шақырым __________________________________________________
Ені, шақырым ________________________________________________________
Алаңы, гектар ________________________________________________________
Ең жоғарғы тереңдігі, метр _____________________________________________
Орташа тереңдігі, метр ________________________________________________
Биологиялық сипаттамасы
Су айдынын өсімдік басу дәрежесі: суүсті өсімдігі _________________________
(қатты, орташа, әлсіз)
суасты өсімдігі басу дәрежесі ___________________________________________
(қатты, орташа, әлсіз)
Фитопланктонның даму дәрежесі (судың гүлденуі) _________________________
_____________________________________________________________________
(қатты, орташа, әлсіз)
Су айдыны барлық фаунасының түрлік құрамы:
ихтиофауналар ________________________________________________________
сүтқоректілер _________________________________________________________
омыртқасыз су жануарлары _____________________________________________
Су айдыны кәсіпшілік фаунасының түрлік құрамы:
ихтиофауна ___________________________________________________________
сүтқоректілер _________________________________________________________
омыртқасыз су жануарлары _____________________________________________
Су айдынының балық өнімділігі, гектарына килограмм:
ихтиофауналар ________________________________________________________
сүтқоректілер _________________________________________________________
омыртқасыз су жануарлары _____________________________________________
Шаруашылық сипаттамасы:
Су айдынының ластануы ________________________________________________
______________________________________________________________________
(өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағын суларымен, өндірістің басқа да қалдықтарымен)
Сутартқыштар _________________________________________________________
(сутартқыш құрылысжайлардың типтері, қуаттылығы, ведомстволық тиістілігі)
Тартымдардың, қалқымалардың, қосындардың, су айдынының (учаскесінің)
балық ресурстарын пайдаланудың басқа да тұрақты орындарының саны
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру мерзімі
______________________________
Басқа да мәліметтер _____________________________________________________
_______________________________________________________________________
Осы паспорт екі данада жасалды және 20 ___ жылғы " " № _____
Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы паспортты рәсімдеген жергілікті атқарушы органның атауы
______________________________________________________________________
Мөрдің (бар болса) орны
Басшы ____________________________________ ________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі (қолы)
