Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 291 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қазанда № 37260 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2025 жылғы 29 қазандағы
№ 291 бұйрығына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11623 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.";

      3-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге өтінім (бұдан әрі - өтінім) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім;

      2) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге арналған биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі.

      "Жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және гибридтеуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Өтінім беру кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің негізгі талаптарының тізбесінде баяндалған мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші теріс жауап берген кезде уәжді бас тартуды ресімдеп, жолдайды.";

      2-қосымшада:

      кесте тақырыбы жаңа редакцияда жасалсын:

      "Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және гибридтеу өндірісіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі";

      реттік нөмірі 1-жол жаңа редакцияда жазылсын:

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері

      "

      ";

      реттік нөмірі 8 және 9 -жолы жаңа редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушіге өтінімі;
2) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге арналған биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландаратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметін басқару туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен ақпараттың, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтердің, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптардың сәйкес келмеуі.
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      ".

      2. "Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18158 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Аңшылық шаруашылығын жүргізу жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың үлгілік нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін."

      бұйрықтың 2 және 3 қосымшалары алып тасталсын.

      3. "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 150 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22810 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылуын тергеп-тексеру қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 257-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және балық пен өзге де су жануарларынан басқа сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылуын тергеп-тексеру қағидаларын айқындайды."

      4. "Жабайы жануарлардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 152 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22848 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жабайы жануарларды олардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында пайдалану қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жабайы жануарлардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 252-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және балық пен өзге де су жануарларынан басқа, жабайы жануарларды олардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында пайдалану тәртібін айқындайды.".

      5. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 359 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24277 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларында:

      9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымын мынадай есепке алу объектілері құрайды, олар бойынша мониторингті мынадай арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар:

      1) мемлекеттік жер кадастры бойынша – жер ресурстарын басқару саласындағы орталық уәкілетті орган және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;

      2) мемлекеттік су кадастры (жерүсті және жерасты су объектілері, су ресурстарын пайдалану) бойынша – қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар – тұтас республика бойынша, ал олардың аумақтық органдары – өзендер бассейндері мен әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

      3) мемлекеттік орман кадастры бойынша – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

      4) жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастры бойынша – жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры бойынша – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

      6) жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастры бойынша – жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – республика бойынша тұтастай, сондай-ақ олардың аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

      7) өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік кадастры бойынша – өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган – тұтас республика бойынша, ал өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жүзеге асырады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады