"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 24) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған балық шаруашылығы объектілерін алу квоталарын бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
Министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 22 қазандағы № 392 бұйрығымен бекітілген |
Балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 24) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді және балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) балық шаруашылығы субъектісі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;
2) балық аулау объектілерін алып қою квотасы (бұдан әрі – квота) – балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) белгілейтін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимитінің бір бөлігі;
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиті (бұдан әрі – алып қою лимиті) – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын олардың табиғи өсімі мен саны сақталатын алып қоюдың жол берілетін шекті көлемі;
4) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) –нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің электрондық нысанда көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізетін бірыңғай терезе болып табылатын ақпараттық жүйе;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны.
3. Уәкілетті орган Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты 3 (үш) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және аумақтық бөлімшелерге жібереді.
Уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді
2-тарау. Балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу тәртібі
1-параграф. Балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу тәртібі
4. Квоталарды бөлу Заңның 29-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін алып қою лимиттері негізінде жүзеге асырылады.
5. Мәлімделген квоталардың жалпы көлемі балық шаруашылығы су айдынында алып қою лимитінен аспаған жағдайда, өтінімдер мәлімделген квоталарға сәйкес қанағаттандырылады.
Мәлімделген квоталардың жалпы көлемі балық шаруашылығы су айдынында алып қою лимитінен асып кеткен жағдайда, аумақтық бөлімше квоталарды Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Қағидалардың 6, 7, 8 және 9-тармақтарына сәйкес жасалған рейтингтік бағалауды есептеу парағының негізінде бөледі.
Квоталарды бөлу кезінде рейтингтік бағалауды есептеу парағы балықтар, шаяндар және су омыртқасыздары бойынша жеке толтырылады.
Бір көрсетілетін қызметті алушыға толық бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында рейтингтік бағалауды есептеу жүргізілмейді.
6. Көрсетілетін қызметті алушының рейтингтік бағасы мынадай түрде айқындалады:
1) ең жоғары бағалау көрсеткіші пайызбен 100-ге қабылданады және көрсетілетін қызметті алушының көрсеткіштері бойынша пайызбен маңыздылығы бойынша бөлінеді;
2) ең жоғары (ең үздік) көрсеткіші бар көрсетілетін қызметті алушыға 20 балдық жүйе бойынша тиісті тармақ бойынша ең жоғары баға қойылады;
3) көрсетілетін қызметті алушының рейтингтік коэффициенті (бұдан әрі - Р) 3-баған көрсеткішін (ең жоғары бағалау көрсеткіші) рейтингтік бағалауды есептеу парағының (20 балдық жүйе бойынша бағалау) 5-бағанына көбейту және 100-ге бөлу жолымен айқындалады.
7. Квота Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға квоталарды бөлу қорытындылары бойынша алып қою лимиттерінің түрлік құрамына пайыздық арақатынаста көрсетілетін қызметті алушылардың рейтингте жинаған балдарының нәтижелері бойынша барабар бөлінеді.
8. Әрбір көрсетілетін қызметті алушыға квота мынадай формула бойынша айқындалады:
Л = К х Р,
мұнда:
Л – бөлінетін квота;
К – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою коэффициенті;
Р – көрсетілетін қызметті алушының рейтингтік коэффициенті.
9. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою коэффициенті (бұдан әрі – К) мынадай формула бойынша есептеледі:
К = Б/С,
мұнда:
Б – бекітілген квота;
С – көрсетілетін қызметті алушылардың рейтингтік коэффициенттерінің сомасы.
10. Тізбесінің 10-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде аумақтық бөлімшенің жауапты жұмыскері Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде аумақтық бөлімшенің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша аумақтық бөлімше хабарлама беру не осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды
11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
12. Аумақтық бөлімше Тізбенің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
13. Аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді
14. Аумақтық бөлімшелер балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қорытындыларын аумақтық бөлімшенің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырады және уәкілетті органның ведомствосына және тиісті жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
15. Егер ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жай-күй бойынша көрсетілетін қызметті алушыда бөлінген квотаның жиырма бес пайызына балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат болмаған жағдайда, аумақтық бөлімше көрсетілетін қызметті алушының келісуі бойынша квотаның игерілмеген бөлігін, сондай-ақ балық шаруашылығы учаскелерінің резервтік қорының квоталарын осы балық шаруашылығы су айдынында учаскелері бар балық шаруашылығы субъектілері арасында бөледі.
16. Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген квоталарды алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар портал арқылы тиісті жылғы 1 қыркүйекке дейін өтініш береді.
2-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
17. "Бекітілген лимиттер негізінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық бөлімшелер көрсетеді.
"Бекітілген лимиттер негізінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлу" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
18. Көрсетілетін қызметті алушылар арасында квоталарды бөлу уәкілетті орган алып қою лимиттерін бекіткен күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
19 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар портал арқылы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға өтініш (бұдан әрі – өтінім) береді.
Өтінішті портал арқылы жібергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс немесе мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді тіркеу, қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
20. Жауапты жұмыскер Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, аумақтық бөлімше өтінімді қабылдаудан бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
21. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша аумақтық бөлімшенің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым аумақтық бөлімше басшысының, уәкілетті орган ведомствосының, уәкілетті органның атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, аумақтық бөлімше оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын аумақтық бөлімше, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
22. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі, ведомствосы, уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
23. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, ведомствосының, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
24. ҚР ӘППК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| Балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 1-қосымша |
"Бекітілген лимиттер негізінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Бекітілген лимиттер негізінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлу |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
3 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні ішінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде балық шаруашылығы объектілерін алып қою квоталарын бөлу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
7 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші –Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі | "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 24) тармақшасына сәйкес Балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім. |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысан түрінде ЭЦҚ болған жағдайда ала алады. |
| Балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға өтініш
1. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің
атауы
_________________________________________________________________
2. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық
Бөлімшелерімен
___________________________________________________________________
жасалған __ жылғы "_" ____ № ____ балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт
3. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін__________ тонна балық аулау
объектілерін алып қою квоталарын игеру
4. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін балық ресурстары өсімін
молайту (балық жіберу), оның ішінде: шабақтарды (миллион дана), оның ішінде:
__________0,05-ке дейін, _____________ 0,05-тен 0,1-ге дейін, _________ 0,1-ден
жоғары, дернәсілдерді (миллион дана), оның ішінде: __3-ке дейін, ___3-тен жоғары.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімнің берілген күні 20 ___ жылғы "___" _______________
___________________________________________________________________
(балық шаруашылығы субъектісі басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,
электрондық цифрлық қолтаңбасы)
| Балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Рейтингтік бағалауды есептеу парағы
Балық шаруашылығы субъектісі ______________________________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі __________________
Р/с |
Көрсеткіштер | Ең жоғары бағалау көрсеткіші пайызбен | Өтінімдерге сәйкес көрсеткіштер саны | 20 балдық жүйе бойынша бағалау | Балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік коэффициенті |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін балық ресурстары өсімін молайту (балық жіберу), атап айтқанда: | 40 | |||
1.1 | Шабақтарды (миллион дана), оның ішінде: | 25 | |||
0,05 дейін | 10 | ||||
0,05-тен 0,1-ге дейін | 15 | ||||
0,1 және одан жоғары | 25 | ||||
1.2 | Дернәсілдерді (миллион дана), оның ішінде: | 15 | |||
3-ке дейін | 5 | ||||
3 және одан жоғары | 15 | ||||
2. | Балықтарды және басқа су жануарларын алып қоюға бөлінген квоталарды игеру (тонна) | 20 | |||
3. | Бөлінген квотадан өңделген балық көлемі тонна/жыл | 40 | |||
Жиыны | 100 |
| Балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қорытындылары
№ | Балық шаруашылығы субъектісі | Рейтингтік коэффициент (Р) | Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою коэффициенті (К) | Балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау квотасы (Л = Р х К) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жиыны: | ||||
| Балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу туралы хабарлама
Құрметті ________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Сізге "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 24) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін Балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде балық аулау объектілерін алып қою квоталары бөлінгені туралы және көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылғанын хабарлаймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда
___________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы, мекенжайы және ресми сайты)
жүгінуді сұраймыз.
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңба)
Байланыс телефондары: ______________________
Күні 20 ____ жылғы "___" ______________
| Балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
[Уәкілетті органның атауы]

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Берілген күні: [берілген күні] [Көрсетілетін қызметті алушының атауы] Тіркеу орны: Облыс: [Облыс] Аудан: [Аудан] Қала\елді мекен: [Қала\елді мекен] [жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес- сәйкестендіру нөмірі] [БСН/ЖСН] Мемлекеттік тіркеу күні [Күні] Бас тарту себебі: [Бас тарту себебі] [Көрсетілетін қызметті берушінің қол қоюшы лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса) тегі]

