ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өлшемшарттар – негізделген және қолжетімді эталондық нормалар, көрсеткіштер, олардың негізінде мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларды іске асыру үшін қабылданған актілерін сақтауы тексеріледі;
2) базалық өлшемшарттар – сәйкестік аудитінің бағыттарына қарамастан, мемлекеттік аудит объектісін заңдылығы, анықтығы, адалдығы тұрғысынан бағалау және тексеру кезінде пайдаланылатын көрсеткіштер.
7. Сәйкестік аудитінің мақсаты мемлекеттік аудит объектісінің бюджет қаражатының түсуін қамтамасыз ету және бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, сондай-ақ бюджеттен тыс қорларды пайдалану кезінде мемлекеттік аудит объектісі қызметінің саласын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларды іске асыру үшін қабылданған актілерін сақтауы туралы пікірдің негізді түрде білдірілуі болып табылады.";
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ұсынымдардың орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру арқылы сәйкестік аудитінің қорытындыларын іске асыру болып табылады.";
11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарды мониторингтеу.";
13-тармақ мынадай редацияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеу барысында зерделенетін мәселелердің үлгілік тізбесі осы Стандартқа қосымшада келтірілген.
Аудиторлық іріктеме рәсімдері, сәйкестік аудитінің бағыттары бойынша аудиторлық мәселелер мен өлшемшарттардың үлгілік тізбесі, сондай-ақ тәуекелдерді бағалауға байланысты факторлардың мысалдары осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта келтірілген.";
15-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
2) анықтық – мемлекеттік аудит объектісі жасайтын есептерде, ақпаратта және құжаттарда көрсетілген немесе ұсынылған деректердің нақты жай-күйіне (әрекетіне/әрекетсіздігіне) сәйкес анықтығы, дәлдігі және толықтығы.
3) адалдық – әдеп нормаларын, транспаренттілік қағидатын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Мемлекеттік аудиторлар қолданылуы жоспарланып отырған өлшемшарттардың аудит нысанасын толық көлемде анық көрсетуін қамтамасыз етуге тиіс. Аудит бағдарламасына сәйкес аудит көлемі шектелген және заңнаманың кейбір салаларын ғана қамтуы мүмкін жағдайларда, мемлекеттік аудит саласындағы мұндай шектеулер мемлекеттік аудитордың есебінде нақты көрсетілуге тиіс.";
26-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) ашықтық, есептілік қағидаттарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Мемлекеттік аудит объектілерінің әрқайсысы бойынша жүргізілген сәйкестік аудитінің нәтижелері Қағидаларда айқындалған тәртіппен және нысан бойынша аудиторлық есеппен ресімделеді.";
53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Сәйкестік аудитінің қорытындылары бойынша аудиторлық қорытындыны және нұсқамаларды жасау, ресімдеу, сондай-ақ аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың, нұсқаманың орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру тәртібі Қағидаларда айқындалған.
54. Мемлекеттік аудиторлар аудит барысында жасайтын құжаттардың сапасына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан бақылау жүргізу тәртібі Қағидаларда және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) айқындалған.";
Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына қосымша осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттік аудитті немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу кезінде тартылатын Сарапшылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасын, оның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Сарапшылар мемлекеттік аудит немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге негізгі қызметінен қол үзіп немесе ішінара қол үзіп (оның ішінде қашықтықтан қатысу) тартылады.
Егер Сарапшы ретінде заңды тұлғаның маманы тартылса, оның қатысуы тиісті заңды тұлғаның басшысымен келісіледі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сарапшыларды сыртқы мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге тартудың қажеттілігі:
1) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) аудиторлық іс-шара жүргізуге арналған өтінім жасауы;
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру;
3) мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу;
4) сараптамалық-талдау іс-шарасына сарапшыларды тарту үшін Жоғары аудиторлық палатаның және тексеру комиссияларының тиісті жылға арналған жұмыс жоспарын қалыптастыру;
5) аудиторлық іс-шараны жүргізу барысы кезінде айқындалады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қорытындыны дайындаған Сарапшылар Қорытындыға қол қояды және әр парағын дәйектейді. Егер Сарапшылар ретінде заңды тұлға қатысатын болса, Қорытындыны Сарапшылар дәйектейді және оған қол қояды, заңды тұлғаның басшысы мөр (болған жағдайда) баса отырып, қол қояды. Мемлекеттік аудит немесе сараптамалық талдау іс-шарасын жүргізуге Сарапшы қатысқан жағдайда соңғы парақта Сарапшылардың қызметті жүзеге асыруына рұқсат еткен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің лауазымды адамдарының лауазымдары, тегі, аты мен әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі.
Сарапшының тұжырымдары немесе ұсынымдары аудиторлық есепте ескерілмеген жағдайда, қорытындыға Сарапшының ерекше пікірі қоса беріледі.".
2. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының Халықаралық ынтымақтастық және әдіснама департаменті:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының интернет-ресурсына орналастырылуын заңнамада берілген тәртіппен қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы |
А. Смаилов |
Мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу барысында зерделенетін мәселелердің үлгілік тізбесі*
Мәселелер | Ақпарат көздері |
1 | 2 |
1. Сәйкестік аудиті (жалпы мәселелер)** | |
Мемлекеттік аудит объектісінің қызметі | Нормативтік құқықтық актілер, ақпараттық-құқықтық жүйелер |
Мемлекеттік аудит объектісінің құрылтай құжаттары (Ереже, Жарғы және мемлекеттік аудит объектісінің қызметін регламенттейтін құжаттар), бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің паспорты | |
Аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоса алғанда, мемлекеттік аудит объектісінің құрылымы | |
Құқық қорғау және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының құқық белгілейтін құжаттарды алып қоюы | |
Мемлекеттік аудит объектісі бойынша алдыңғы аудиторлық іс-шараның нәтижелері | Мемлекеттік аудит органының аудиторлық есептері, қаулылары және аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған шаралар |
Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі аудит қызметінің жұмысы | Ішкі аудит қызметі туралы ереже, аудиторлық іс-шаралардың жылдық жоспары, ішкі аудит нәтижелері туралы есептер, ішкі аудит қызметтерінің жұмысы туралы жиынтық ақпарат (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің тоқсан сайынғы ақпараты) |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджетті уақытылы және сапалы орындауы | Тиісті есепті жылы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараты), міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасының паспорты |
Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік аудит объектісіне қатысты бөлігінде даму жоспарлары (іс-шаралар жоспары), мемлекеттік органдардың даму жоспары | Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарының (іс-шаралар жоспарларының), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік аудит объектісіне қатысты бөлігінде даму жоспарларының (іс-шаралар жоспарларының), мемлекеттік органдардың даму жоспарларының орындалуы туралы есептер |
Мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсілдері, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы, бюджеттен бөлінген қаражат шегінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу мерзімдері | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары, мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жоспары (ақпараттық жүйелер) |
Мемлекеттік аудит объектісі туралы жинақталған ақпарат | Тексерілетін мемлекеттік аудит объектісінің ақпараттық базалары, ресми статистикалық деректер, бұқаралық ақпарат құралдарының деректері |
Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты өтініштері (шағымдары) (болған кезде) | |
Ескертпе:
*Аталған тізбе толыққанды болып табылмайды. Аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында қосымша құжаттар және (немесе) ақпарат сұратылуы мүмкін.
** Алдын ала зерделеу кезінде жалпы мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік аудиттің мақсатына байланысты сәйкестік аудитіне қатысты мәселелер зерделенеді.
