ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 111 – бабы 6 – тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Үш құрауышты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Үш құрауышты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидалары бекітсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев | 
      "КЕЛІСІЛДІ" 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және 
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 15 қазандағы № 606 бұйрығына 1-қосымша | 
Үш құрауышты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Үш құрауышты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 111– бабы 6 – тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Талаптарда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы – ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеу мен көрсетуді қамтамасыз ететiн, деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы мен аппараттық-бағдарламалық кешен;
2) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелер (құрылғылар) – төлем карточкаларын қызмет көрсетуге қабылдауға арналған электрондық-механикалық құрылғылар, бір немесе әртүрлі банктерде қолма-қол ақшасыз төлем қатысушыларына қызмет көрсетуге қарамастан, бенефициардың пайдасына ақшаны жедел есептей отырып, пайдаланбай жедел төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін төлем ұйымдарының, банктердің веб-сервистері және мобильдік қосымшалары;
3) үш құрауышты интеграцияланған жүйенің бірыңғай тізілімі – салық салу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген үш құрауышты интеграцияланған жүйе моделдерінің тізбесі;
4) үш құрауышты интеграцияланған жүйе интеграциялау технологиялары – серверлік аппараттық және бағдарламалық бөлігі, клиенттік бағдарламалық бөлігі бар техникалық шешімдер, бұл ретте клиенттік аппараттық бөлігі үш құрауышты интеграцияланған жүйе пайдаланушысының жеке құрылғысымен ұсынылады;
5) үш құрауышты интеграцияланған жүйенің клиенттік модулі (үш құрауышты интеграцияланған жүйенің орталық торабымен жұмыс бойынша модулі) – сату нүктесінің жұмысын және деректерді үш құрауышты интеграцияланған жүйенің орталық торабына деректерді тұрақты үздіксіз беруді, оның ішінде үш құрауышты интеграцияланған жүйенің орталық торабымен байланысты жоғалтқан кезде 72 (жетпіс екі) сағаттан артық емес кезеңге автономды жұмыс режимін (ол болған кезде) қамтамасыз ететін үш құрауышты интеграцияланған жүйенің аппараттық-бағдарламалық кешенінің бөлігі;
6) үш құрауышты интеграцияланған жүйенің құқык иеленушісі – үш құрауышты интеграцияланған жүйенің өндірушілері болып табылатын немесе үш құрауышты интеграцияланған жүйенің пайданушыларға сату немесе жалға беру үшін өзге де заңды негізде тиесілі жеке немесе заңды тұлғалар;
7) үш құрауышты интеграцияланған жүйенің орталық торабы – операцияларды өңдеуді және деректерді сақтауды, сыртқы жүйелермен өзара әрекеттесуді, автономды операцияларды (олар болған кезде) қабылдау мен өңдеуді және үш құрауышты интеграцияланған жүйенің деректерін сақтауды қамтамасыз ететін аппараттық - бағдарламалық кешенінің бөлігі;
8) үш құрауышты интеграцияланған жүйенің пайдаланушысы – үш құрауышты интеграцияланған жүйенің қызметін жүзеге асыру кезінде қолданатын салық төлеуші;
9) үш құрауышты интеграцияланған жүйе – деректерді тіркеп-белгілеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтерді көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрауышын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе;
10) фискалдық деректер операторы – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша салық органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін, фискалдық деректер операторларының тізбесіне енгізілген заңды тұлға;
3. Үш құрауышты интеграцияланған жүйенің бірыңғай тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады.
4. Ақпараттық серверлік бөлім (серверлік жабдық) және (немесе) Үш құрауышты интеграцияланған жүйенің Орталық торабының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыс станциялары Қазақстан Республикасының аумағында мамандандырылған үй-жайда (деректерді өңдеу орталығында) орналастырылады.
2-тарау. Үш құрауышты интеграцияланған жүйеге қойылатын талаптар
1-параграф. Техникалық талаптар
5. Жүйені техникалық қамтамасыз ету үш құрауышты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі – ҮИЖ) жұмыс істеуі үшін жеткілікті техникалық құралдардан тұрады.
Техникалық қамтамасыз етудің құрамына ақпаратты жинау және дайындау құралдары, деректерді беру құралдары, ақпаратты өңдеу және шығару құралдары енеді.
6. Жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуі ҮИЖ функцияларын іске асыру үшін қажетті ҮИЖ Орталық торабынан және ҮИЖ Клиенттік модулінен, техникалық қамтамасыз етудің белгіленген жұмыс істеу режимінен және ҮИЖ болжамды дамуынан тұратын бағдарламаны (бағдарламалар жиынтығы) білдіреді.
Жалпы бағдарламалық қамтамасыз ету операциялық жүйелерді, қызметтік және стандартты бағдарламаларды қамтиды.
7. ҮИЖ жұмысы:
1) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір және (немесе) бірнеше бақылау-касса машиналарынан (бұдан - әрі - ДБФ бар БКМ) тұратын бақылау құрауышын;
2) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған бір және (немесе) бірнеше жүйеден тұратын (құрылғы) ҮИЖ төлем құрамдасын;
3) ҮИЖ есепке алу құрауышын (сауданы, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды басқаруды автоматтандыруға арналған, сондай-ақ осы Талаптардың 14-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген модульдердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарлама) қамтитын АБК-ны пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.
8. ҮИЖ қойылатын жүйелік талаптар:
функционалдық үйлесімділік – осы Бұйрықта көзделген ақпараттық жүйелермен өзара әрекеттесуді және жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
масштабтау – өңделетін ақпарат көлемінің және бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылар санының өсуіне қарай ҮИЖ жүйенің өнімділігін ұлғайту мүмкіндігін қамтамасыз ету;
кеңеюі – пайдаланушылардың ерекше қажеттіліктеріне сәйкес даму мен технологиялық базаның бастапқыда қабылданған тұжырымдамасы шеңберінен шықпастан, ҮИЖ жүйенің функциясын өсіру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
9. ҮИЖ қамтамасыз етеді:
1) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелер (немесе құрылғылар) арқылы қабылдауды;
2 ҮИЖ-нің бөлігі болып табылатын БКМ арқылы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу кезінде салық төлеуші жүзеге асыратын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді деректерді беру және фискалдық деректер операторына (бұдан - әрі ФДО) беру хаттамасы бойынша ФДО-на қосу;
3) Салық кодексінің 207, 208 және 209-бабына сәйкес Комитеттің "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) тіркеуге жататын құжаттарды қалыптастыруды, оларды ЭШФ АЖ-ға беруді, сондай-ақ Виртуалды қоймаларды, тауарға ілеспе жүкқұжатты, тауарға ілеспе жүкқұжаттың негізінде электрондық шот-фактураны қалыптастыру мақсатында "Виртуалды қойма" модулінің бизнес-процестерін іске асыруды;
4) осы Талаптарға сәйкес операцияларды немесе оқиғаларды ресімдеу үшін қолданылатын ҮИЖ-де құжаттарды қалыптастыруды;
5) енгізілетін деректердің толықтығын бақылауды (функциялар немесе операциялар барлық ашық жолдарды толық толтырмай орындалған жағдайда, жүйе пайдаланушыны тиісті хабарламамен хабардар етеді);
6) қоймалық және сауда жабдығымен жұмыс істеу және принтер мен штрих-код сканерін қолдау мүмкіндігін;
7) ҮИЖ-де есепке алуды жүргізу бухгалтерлік есепке алу шоттарын қолданумен және (немесе) қолданбай жүзеге асырылуын;
8) ҮИЖ пайдаланушылар үшін қажетті қосымша сервистерді іске асыруды қамтамасыз етеді. ҮИЖ-нің жұмыс істеу шартттары өзгерген жағдайда ҮИЖ-нің осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған техникалық талаптарға сәйкестігін белгілеу талап етіледі.
2-параграф. Үш құрауышты интеграцияланған жүйенің жұмыс істеу режимдеріне және архитектурасына қойылатын талаптар
10. ҮИЖ жұмыс істеуі:
1) фискалдық режимде (онлайн және автономды (ол болған кезде)) БКМ есебінен жүзеге асырылады;
2) автономды режимде (ол болған кезде), мынадай:
ҮИЖ-дің ҮИЖ Орталық торабымен байланысты жоғалтқан;
ҮИЖ Орталық торабына қосылған кезде 3 (үш) секундтан астам кідірген жағдайларда. ҮИЖ сұрау салуы мен ҮИЖ Орталық торабынан жауап алу арасындағы уақыт аралығы кідіріс болып табылады.
11. ҮИЖ аппараттық-бағдарламалық кешені:
1) ҮИЖ Орталық торабынан;
2) ҮИЖ Клиенттік модулінен (ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модуль) тұрады.
12. ҮИЖ Орталық торабына қойылатын талаптар:
1) бағдарламалық құрауыш ҮИЖ құқық иеленушісіне тиесілі серверлік жабдықта орналасады;
2) серверлік жабдық кемінде 2 (екі) серверден (негізгі және резервтік) тұрады, резервтік сервердің негізгі серверден кем емес өнімділік параметрлері болады;
3) серверлік жабдық Қазақстан Республикасының аумағындағы мамандандырылған деректерді өңдеу орталықтарында орналастырылады (негізгі және резервтік серверлер бір-бірінен географиялық тұрғыдан қашық орналастырылады);
4) деректерді қарау және пайдалану үшін ҮИЖ пайдаланушысына қолжетімділік есептік жазба арқылы беріледі;
5) ҮИЖ-бен жұмыс істеу кезінде функцияларға қолжетімділік пайдаланушының есептік жазбасы бойынша рөлдер бойынша немесе жеке пайдалану құқықтарын теру бойынша шектеледі.
13. ҮИЖ Клиенттік модуліне (ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модуль) қойылатын талаптар:
1) ҮИЖ пайдаланушы интерфейсін қазақ және орыс тілінде іске асыру;
2) ҮИЖ пайдаланушысының талабы бойынша тілді ауыстыру функциясының болуы;
3) ҮИЖ пайдаланушысының талабы бойынша құжаттардың баспа нысандары үшін тілді ауыстыру функциясының болуы;
4) қандай да бір операцияны орындау мүмкін болмаған кезде, операцияны орындаудың мүмкін еместігі туралы ҮИЖ пайдаланушысына тиісті хабарламамен ескерту.
14. ҮИЖ мынадай құрауыштарды:
1) мынадай функционалдық модульдерден:
қоймалық есепке алу модулінен (ТМЗ қозғалысы);
кірістер мен ақша қаражатының қозғалысын есепке алу модулін;
жалақы және персоналды басқару модулінен;
салықтық есепке алу және тіркелімдер модулін;
интеграция модулін;
ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модулін;
АБК сервері мен ҮИЖ клиенттік бөлігі арасында байланыс болмаған кезде тауар чектерін беру бойынша модулін;
2) төлем карточкаларын қызмет көрсетуге қабылдауға арналған бір және (немесе) бірнеше электрондық-механикалық құрылғылармен, бір немесе әртүрлі банктерде төлем қатысушыларына қызмет көрсетуге қарамастан, бенефициардың пайдасына төлемдерді жедел есептей отырып, төлем карточкаларын пайдаланбай жедел төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін төлем ұйымдарының, банктердің веб-сервистері және (немесе) мобильдік қосымшаларымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін модульден тұратын төлем құрамдасын;
3) Салық кодексінің 111 – бабының 2 –тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Бақылау-кассалық машиналарды қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы" бұйрығымен бекітілген техникалық талаптарға сәйкес бақылау компоненті келесі функционалдық модульдерден тұрады:
ФДО серверіне деректерді беру және фискалдау модулін;
акцизделетін тауарларды бақылау модулін;
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің электрондық паспорттары базасымен интеграциялауды пайдалану арқылы кодтарды верификациялау модулінен тұратын бақылау құрауышын қамтиды.
15. ҮИЖ есепке алу құрамдасының қоймалық есепке алу (ТМЗ қозғалысы) модулі:
1) сандық және құндық мәнде ТМЗ қозғалысын (кіріске алуды, есептен шығаруды, өткізуді, сатуды, сату мен сатып алуды қайтаруды, түгендеуді) жүзеге асырады;
2) бір немесе бірнеше қоймаларда ТМЗ қозғалысын қамтамасыз етеді;
3) қоймаларды басқару функциялары бар (құру, редакциялау, жою);
4) қалдықтарды есепке алу функционалы бар;
5) тауар қозғалысын қарау функционалы бар;
6) ТМЗ қозғалысының осы операциялар үшін қоймада тауардың қажетті саны болмаған кезде пайдаланушының сұрау салуы бойынша ТМЗ қозғалысын бұғаттайды;
7) фискализацияға есепке алу құрауыштан берілген ТМЗ қозғалысын фискализациялауды ҮИЖ (БКМ) бақылау құрауышында фискалдық белгі операциясын беру және фискалдық белгі мен фискалдау күнін бір транзакция шеңберінде есепке алу құрауышына қайта беру жолымен жүзеге асырады. Сатуды және сатуды қайтаруды БКМ арқылы фискалдау жүзіге асырады;
8) есепке алу құрауышта ТМЗ қозғалысы операциясы кезінде берілген фискалдық белгіні сақтайды не автономды режимде (ол болған кезде) ҮИЖ жұмысы кезінде ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульден ҮИЖ Орталық торабына береді;
9) ҮИЖ (БКМ) бақылау құрамдасынан алынған фискалдық белгі берілген құжаттар мен операцияларды түзетуге және жоюға тыйым салады;
10) егер ҮИЖ (БКМ) бақылау құрамдасы операцияны орындау, БКМ ажырату, БКМ істен шығу не БКМ 24 (жиырма төрт) сағаттан артық ашық ауысым асқанда немесе БКМ автономды режимде (ол болған кезде) 72 (жетпіс екі) сағаттан артық болғанда БКМ қолжетімсіздігі себебінен осы операцияны фискалдандырмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға БКМ қолдану талап етілетін ТМЗ қозғалысы операцияларын бұғаттайды;
11) қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу түрін көрсете отырып, сату операцияларын орындау кезінде ҮИЖ төлем құрамдасын пайдаланумен операцияны аяқтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
16. ҮИЖ есепке алу құрамдасының кірістері мен ақша қаражатының қозғалысын есепке алу модулі:
1) операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен ақша қозғалысын есепке алуды жүргізуді қамтамасыз етеді;
2) банк шоттары бойынша түсімдер мен төлемдерді тіркеу және есепке алуды жүргізу үшін функционалы бар;
3) ұйым кірістерінің есепке алуын жүргізуді қамтамасыз етеді.
17. ҮИЖ есепке алу құрауышының ЖПБ модулі мынадай функциялар:
1) жұмысқа қабылдау;
2) демалыстарды есепке алу;
3) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге әсер ететін әлеуметтік мәртебелерді есепке алу;
4) жалақыны есептеу және беру.
18. ҮИЖ есепке алу құрамдасының салықтық есепке алу және тіркелімдер модулі:
1) салық міндеттемелері мен әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысудың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
2) мынадай салық тіркелімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді:
сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді есепке алу бойынша;
кірістерді, оның ішінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен алынған кірістерді есепке алу бойынша;
төлем көзінен салық салынуға жататын жеке тұлғалардың кірістерінен жеке табыс салығы, сондай-ақ әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдер салынатын объектілерді есепке алу бойынша салық тіркелімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
19. ҮИЖ есепке алу құрамдасының интеграция модулі:
1) қалыптастырылған салықтық есептілікті Комитеттің ақпараттық жүйесіне беру арқылы салықтық есептілікті тапсыруды қамтамасыз етеді;
2) төлеуге жататын салық сомасын қалыптастыру мақсатында есептелген және төленген салықтар бойынша деректерді Комитеттің ақпараттық жүйесінен алуға мүмкіндік беруді қамтамасыз етеді;
3) есепке алу-бақылау маркалары, акциздік маркалар және басқа да баспа өнімдері бойынша деректерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Банкнот фабрикасының" "Есепке алу-бақылау маркаларын, акциздік маркаларды және басқа да баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру" ақпараттық жүйесінен және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамынан алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
4) Комитеттің ЭШФ АЖ-бен өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
5) тауарлар, жұмыстар, қызметтер паспорттарының электрондық базасымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.
Тауарлар, жұмыстар, қызметтер паспорттарының электрондық базасы интеграциялауға дайын болмаған жағдайда, тауардың, жұмыстар мен қызметтердің атауын қолмен енгізу функциясын көздейді;
6) принтермен және штрих-код сканерімен жұмысты қамтамасыз етеді.
20. ҮИЖ есепке алу құрамдасының ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модулі:
1) ҮИЖ Орталық торабымен байланыс 3 (үш) секундтан астам уақыт болмаған кезде ҮИЖ Орталық торабына қолжетімділіктің жоқтығын анықтайды;
2) ҮИЖ Орталық торабына қолжетімділік болмаған кезде автономды жұмыс режиміне (ол болған кезде) өтеді;
3) ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульде ақпаратты және деректерді сақтау және қорғауды қамтамасыз ететін мынадай тетіктерді қолдану есебінен санкцияланбаған өзгертуден, жоғалудан және (немесе) зақымданудан автономды режимде (ол болған кезде) жұмыс кезеңінде жинақталған ақпаратты және деректерді сақтауды және қорғауды жүзеге асыру бойынша бағдарламалық функциялары бар:
ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульдің жергілікті қоймасының деректерін санкцияланбаған тазалаудан, өзгертуден немесе жоюдан;
пайдаланушының бөлінген есептік жазбасы арқылы ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульдің деректеріне қосуды ұйымдастыру есебінен сыртқы көздерден алынған деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден (ҮИЖ Орталық торабын қоспағанда);
ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульдің бағдарламалық қамтамасыз етілуін санкцияланбаған өзгертуден;
4) ҮИЖ Орталық торабына ҮИЖ Орталық торабымен байланысты қалпына келтіру кезінде байланыс болмаған кезеңде жергілікті қоймада сақталған барлық операцияларды береді;
5) 72 (жетпіс екі) сағаттан астам ҮИЖ Орталық торабымен байланыстың болмауы себебінен ҮИЖ-да операцияларды орындауды бұғаттау туралы ҮИЖ пайдаланушысын хабардар етеді.
21. ҮИЖ төлем құрамдасының қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау модулі:
1) нақты уақыт режимінде ҮИЖ пайдаланушысының төлем қызметтерін жеткізушіге төлемдердің беруін қамтамасыз етеді;
2) төлем карточкаларын пайдаланумен төлемдердің қабылдауын және (немесе) төлем карточкаларын пайдаланбай жедел төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін банктердің мобильді қосымшаларымен немесе веб-сервистерімен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.
22. ҮИЖ бақылау құрамдасының ФДО - ға (БКМ) деректерді беру және фискалдау модулі:
1) операцияны фискалдау кезінде есепке алу құрамдастан тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің кодтарын алады;
2) есепке алу құрамдастан алынған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің кодтарын оларға берілген фискалдық белгісімен сақтайды;
3) фискалдандырылған операциялар туралы деректерді есепке алу құрамдасқа беруді қамтамасыз етеді;
4) фискалдау күні мен уақытын және фискалдау операциясының бірегей белгісін көрсете отырып, фискалдық белгіні есепке алу құрамдасқа беру арқылы фискалдау операциясының аяқталуын қамтамасыз етеді.
23. ҮИЖ бақылау құрамдамасының акцизделетін тауарларды бақылау модулі:
1) есепке алу құрамдастан алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларының деректерін алады;
2) акциздік марканы тексереді және жүйенің пайдаланушысына верификация нәтижесін хабарлайды;
3) есепке алу құрамдастан алынған маркаларды олардың мәртебесімен сақтайды;
4) есепке алу құрамдастан алынған акциздік таңбалар туралы деректерді және оларды тексеру нәтижесін сақтайды;
5) тексеру нәтижелері туралы деректерді есепке алу құрамдасқа береді.
24. ҮИЖ бақылау құрамдасының тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің электрондық паспорттары базасымен интеграциялауды пайдалану арқылы кодтарды верификациялау модулі:
1) тауарлар, жұмыстар, қызметтер паспорттарының электрондық базасын алады;
1) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің электрондық паспорттарының базасын сақтайды және тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің кодтарын онлайн және автономды режимде (ол болған кезде) верификациялауды жүзеге асырады.
3-параграф. Сенімділікке, қауіпсіздікке және деректердің сақталуына қойылатын талаптар
25. ҮИЖ:
1) ақпараттың сенімді сақталуын, ақпаратты жоғалудан, ұрлаудан, бұрмалаудан, қолдан жасаудан, санкцияланбаған қол жеткізуден және оны тарату, бұғаттау, жою, түрлендіру, көшіру және өзге де заңсыз іс-әрекеттерден қорғауды және электрондық мұрағаттар мен деректер базаларында ақпараттың толық сақталуын:
кез келген уақытта бағдарламалық қамтамасыз етудің кез келген учаскесіндегі электрмен қоректендіруді толық немесе ішінара ажыратқанда;
желілер, телекоммуникациялар апатында, деректер алмасу операцияларын орындаудың кез келген кезеңіндегі орнатылған физикалық және виртуалды байланыстар ажырағанда;
бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпаратына санкцияланбаған қол жеткізуге әрекеттенгенде қамтамасыз етеді;
2) деректер базасының резервтік көшірмесін және транзакциялардың жүйелік журналын күнделікті автоматты түрде сақтауды қамтамасыз етеді;
3) онлайн режимде ҮИЖ Орталық торабында салық салуға әсер ететін есепке алу құрамдас операциясының орындалуын қамтамасыз етеді;
4) автономды режимде (ол болған кезде) есепке алу құрамдас операцияларын орындауға жауап беретін ҮИЖ Орталық торабымен (ҮИЖ Клиенттік модулімен) жұмыс бойынша модульді пайдаланады;
5) ҮИЖ Орталық торабымен және ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульдің байланысын қалпына келтіру кезінде салық салуға әсер ететін (тауарларды сату, жалақыны есептеу) автономды операцияларды (ол болған кезде) оған кейіннен барлық операцияларды орындаумен беруді қамтамасыз етеді;
6) ҮИЖ Орталық торабымен байланыс жоғалған кезде ҮИЖ Клиенттік модулінде ҮИЖ деректерінің жинақталуын және сақталуын қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етеді.
3-тарау. Үш құрауышты интеграцияланған жүйені есепке алуға қойылатын талаптар
26. ҮИЖ есепке алуын Комитет модельдерді ҮИЖ Бірыңғай тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырады және мынадай іс-әрекеттерді көздейді:
1) салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған ҮИЖ құқық иеленушісі ҮИЖ эталондық үлгісін, сондай-ақ қағаз тасымалдағышта және электрондық форматта мынадай құжаттарды:
осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҮИЖ Бірыңғай тізілімге (тізілімнен) ҮИЖ моделін енгізу, өзгерту, алып тастау туралы өтінішті;
өндірушінің паспорты, техникалық құжаттамасы және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты: бір және (немесе) бірнеше БКМ, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған бір және (немесе) бірнеше жүйеден, сондай-ақ ҮИЖ есепке алу құрамдасынан тұратын интеграцияланған жүйе;
ҮИЖ құқығының болуын растайтын құжатты;
ақпарттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың нәтижелері бойынша актіні ұсынады.
Бұл ретте, ҮИЖ эталондық үлгісіне БКМ жаңа моделін және (немесе) модельдерін, және (немесе) бұрында ҮИЖ модельдерінің ҮИЖ Бірыңғай тізіліміне енгізілген, ҮИЖ қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйені (құрылғы) және (немесе) жүйелерді (құрылғыларды) қосқан кезде, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақ нәтижелері бойынша акті талап етілмейді.
2)Комитеттің тиісті өкілеттіктер жүктелген лауазымды адамы ҮИЖ эталондық үлгісі мен осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттар ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай тексерулерді жүзеге асырады:
өтініште көрсетілген деректердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін;
мемлекеттік тізілімде БКМ моделі және (немесе) модельдерінің болуын тексереді;
3) Комитет ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды Комитет жанындағы Сараптамалық кеңеске беруді тексереді;
4) Комитет жанындағы Сараптамалық кеңес Комитеттің лауазымды адамы ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде:
ҮИЖ эталондық үлгісінің және техникалық құжаттаманың осы Талаптарға сәйкестігі тұрғысында сараптама жүргізеді;
сараптама нәтижелері бойынша ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізу немесе бас тарту туралы хаттамалық шешім шығарады;
ҮИЖ моделін ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізеді.
27. ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізу кезінде ҮИЖ моделінің техникалық талаптарға сәйкестігін Комитет жанындағы Сараптамалық кеңес ҮИЖ моделін ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізуге бастамашылық еткен тұлға өкілдерінің қатысуымен ҮИЖ эталондық үлгісін сынау (тестілеу) жолымен айқындайды.
ҮИЖ техникалық талаптарға сәйкестігін белгілеу үшін Комитет жанындағы Сараптамалық кеңес өзге мемлекеттік органдардан сарапшылардың тиісті құзыреті болмаған кезде басқа тұлғалардың (ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізуге бастамашылық еткен адамдармен байланысты адамдарды қоспағанда) қатарынан тартады.
28. ҮИЖ құқық иесі бұрын ҮИЖ моделінің ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізілген ҮИЖ қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауы үшін, БКМ жаңа модельін және (немесе) модельін, және (немесе) жүйелерді (құрылғыларды) және (немесе) жүйені (құрылғыны) қосу жолымен ҮИЖ эталондық үлгісі өзгерген кезінде осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҮИЖ моделін ҮИЖ Бірыңғай тізілімге (тізілімнен) енгізу, өзгерту, алып тастау туралы өтініш ұсынады.
29. ҮИЖ құқық иеленуші ҮИЖ Бірыңғай тізілімнен ҮИЖ моделін алып тастаған кезде осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҮИЖ Бірыңғай тізілімге (тізілімнен) ҮИЖ моделін енгізу, өзгерту, алып тастау туралы өтінішті ұсынады.
30. Құжаттамада көрсетілген және ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізу кезінде Комитетке ұсынылған ҮИЖ моделінің осы Талаптарға сәйкес келмеуі анықталған кезде, Комитет жанындағы Cараптамалық кеңестің хаттама түрінде ресімделген ҮИЖ Бірыңғай тізілімнен ҮИЖ моделін алып тастау туралы шешім негізінде ҮИЖ Бірыңғай тізілімнен ҮИЖ моделін алып тастауды жүргізеді.
31. Комитет жанындағы Сараптамалық кеңестің ҮИЖ-ні ҮИЖ Бірыңғай тізіліміне енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы хаттамалық шешімінің нәтижесімен келіспеген жағдайда, ҮИЖ-нің құқық иесі оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91 – бабында көзделген тәртіппен шағымданады.
32. Комитет жанындағы Сараптамалық кеңестің ережесін және құрамын Комитет айқындайды.
33. ҮИЖ Бірыңғай тізілім Комитеттің сайтында орналастырылады.
| Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарға қосымша | |
| Нысан | 
Үш құрауышты интеграцияланған жүйе моделін Бірыңғай тізілімге (тізілімнен) енгізу, өзгерту, алып тастау туралы өтініш
1. Үш құрауышты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі – ҮИЖ) құқық иеленушінің атауы
__________________________________
2. Жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)_____________________
3. Өтінішті беру себебі (тиісті ұяшықта "X" көрсетіңіз):
енгізу ☐ өзгерту ☐ алып тастау ☐
4. ҮИЖ құқық иеленушісінің орналасқан жері:
мекенжайдың тіркеу коды: ☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐
облысы:________________________________________________________
республикалық/ облыстық маңызы бар қала: _________________________
_______________________________________________________________
ауданы: ________________________________________________________
аудандық маңызы бар қала/кент/ауыл: ______________________________
_______________________________________________________________
елді мекеннің бір бөлігі (көше, даңғыл, шағын аудан): _________________
______________________________________________
_______________________________________________________________
үйдің нөмірі: _____________ үй-жайдың нөмірі _____________
5. ҮИЖ атауы ___________________________________________________
_______________________________________________________________
6. ҮИЖ құрамдастарының атауы:
1) бақылау құрамдасы (деректерді тіркеу және беру функциясы бар
бақылау-касса машинасы және (немесе) бақылау-касса машиналарының
мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және беру функциясы
бар бақылау-касса машинасы)
1. _____________________________________________________________
2. _____________________________________________________________
3. _____________________________________________________________
4. _____________________________________________________________
5. _____________________________________________________________
2) ҮИЖ төлем құрамдасы (қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін
жүйе (құрылғы) және (немесе) жүйелер (құрылғылар)
1. _____________________________________________________________
2. _____________________________________________________________
3. _____________________________________________________________
4. _____________________________________________________________
5. _____________________________________________________________
3) ҮИЖ есепке алу құрамдасы (сауданың басқарылуын, қызметтер көрсетуді,
жұмыстар орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыруға
арналған, сондай-ақ осы Талаптың 14-тармағының 1) тармақшасында
көрсетілген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарлама)
_______________________________________________________________
7. ҮИЖ құқық иеленуге рұқсатты растайтын құжаттың нөмірі мен күні
_______________________________________________________________
8. Нұсқасы _______________
9. Мен, _________________________________________________________
өтініште көрсетілген деректердің ресми болып табылатынын және барлық
қоса беріліп отырған құжаттардың жарамды екенін растаймын.
__________ парақ қоса беріледі.
ҮИЖ құқық иеленушісі _________________________________ ______
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (қолы)
Берілген күні: 20__ жылғы "___" ____________
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 15 қазандағы № 606 бұйрығына 2-қосымша | 
Үш құрауышты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Үш құрауышты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 111-бабының 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және үш құрауышты интеграцияланған жүйені (бұдан әрі – ҮИЖ) орнату мен қолдану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың күші үш құрауышты интеграцияланған жүйені пайдаланушы заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге қолданылады.
2-тарау. Үш құрауышты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану тәртібі
3. ҮИЖ орнату ҮИЖ өніміне техникалық құжаттамаларда өндіруші сипаттаған жүйені орнату және баптау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. ҮИЖ пайдаланатын кәсіпкерлік қызметінің барлық объектісі бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында сауда процестерін есепке алу, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау және тауаларды есепке алу үшін ҮИЖ қолданылады.
5. ҮИЖ пайдаланушыларға ҮИЖ пайдалануды қамтамасыз ету үшін ҮИЖ техникалық құжаттамасын басшылыққа алу қажет.
6. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ҮИЖ салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуге жатады.
7. Пайдаланушы ҮИЖ тіркелу, өзгерту және шығару үшін мемлекеттік кірістер органдарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш құрауышты интеграцияланған жүйені тіркеу, өзгерту және шығару туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) ұсынылады.
8. ҮИЖ тіркеуді мемлекеттік кірістер органдары Өтінішті ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш құрауышты интеграцияланған жүйенің тіркеу карточкасы беріледі.
9. ҮИЖ пайдаланушылары осы бұйрықпен бекітілген Үш құрауышты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарға сәйкес есепке алуды жүргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ:
жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларымен бекітуді және барлық операция мен оқиғаның жазбаларында көрсетуді;
операциялар мен оқиғаларды хронологиялық және уақтылы тіркеуді қамтамасыз етеді.
| Үш құрауышты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларына 1-қосымша | |
| Нысан | 
Үш құрауышты интеграцияланған жүйені тіркеу, өзгерту және шығару туралы өтініш
1. Үш құрауышты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі – ҮИЖ) пайдаланушысының атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
_______________________________________________________________________
2. Жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) _________________________
____________________________________________________________________
3. Өтінішті беру себебі (тиісті ұяшықта "X" көрсетіңіз):
тіркеу ☐өзгерту ☐ шығару ☐
4. ҮИЖ түрі (тиісті ұяшықта "X" көрсетіңіз):
☐ бағдарламалық-аппараттық кешен;
☐ деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір және (немесе) бірнеше
бақылау-касса машинасынан (бұдан әрі – БКМ), қолма-қол ақшасыз
төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан) және (немесе)
жүйелерден (құрылғылардан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер
көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды
автоматтандырылған жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан)
тұратын интеграцияланған жүйе.
5. ҮИЖ атауы __________________________________________________
6. ҮИЖ пайдалану құқығын растайтын құжаттың нөмірі мен күні
______________________________________________________________
7. ҮИЖ тіркеу орны:
мекенжайдың тіркеу коды: ☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐
облыс:_________________________________________________________
республикалық/облыстық маңызы бар қала: _________________________
_______________________________________________________________
аудан: _________________________________________________________
аудандық маңызы бар қала/кент/ауыл: ______________________________
_______________________________________________________________
елді мекеннің бір бөлігі (көше, даңғыл, шағын аудан): _________________
_______________________________________________________________
үйдің нөмірі: _____________ үй-жайдың нөмірі _____________
7.1 Сауданы басқарудың, қызметтер көрсетудің, жұмыстарды орындаудың
және тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің
(бұдан әрі – есепке алужүйесі) атауы ____________________
______________________________________________________________
7.2 Деректерді бекіту және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналар (бұдан әрі - БКМ) туралы ақпарат:
| № | БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің атауы | БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің тіркелген күні | БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің тіркеу нөмірі | 
| 1 | |||
| 2 | |||
| 3 | |||
| 4 | |||
| 5 | 
7.3 Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйе (құрылғы) туралы ақпарат:
| № | Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) және (немесе) жүйелердің (құрылғылардың) атауы | Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) және (немесе) жүйені (құрылғыны) сәйкестендіру/зауыттық нөмірі | Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) және (немесе) жүйелердің (құрылғылардың) тіркелген күні | 
| 1 | |||
| 2 | |||
| 3 | |||
| 4 | |||
| 5 | 
8. Өтініште көрсетілген деректердің ресми болып табылатынын растаймын ____________________________________________________
ҮИЖ қолданушы _____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (қолы)
Берілген күні: 20__ жылғы "___" ____________
| Үш құрауышты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларына | |
| 2-қосымша | 
Үш құрауышты интеграцияланған жүйенің № __________ тіркеу карточкасы
Үш құрауышты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі – ҮИЖ) пайдаланушының атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
ҮИЖ пайдаланушының жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)
____________________________________________________________________
ҮИЖ атауы ___________________________________________________
ҮИЖ тіркеу орны: _______________________________________________
ҮИЖ мемлекеттік кірістер органында тіркелген күні:
20 ____ жылғы "___" ______________ мөр орны
Лауазымды адам
| 
______________________ | 
_______ | 
____________________________ | 
мөр орны
ҮИЖ мемлекеттік кірістер органының есебінен шығарылған күні:
20 ___ жылғы "____" ___________
 
           
          
