ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20790 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасымен бекітілген "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) архивтік анықтама – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын сәйкес ресімделген, ұйымның хат бланкісінде жасалған, архивтік шифрлары және оны жасауға негізі болған архивтік құжаттарды сақтау бірліктері парақтарының нөмірлері көрсетілген, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты қамтитын, заңдық (төлнұсқа) күші бар құжат;";
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) архивтік көшірме – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына сәйкес ресімделген, архивтік құжат мәтінін сөзбе-сөз дәл беретін сақтау бірлігінің архивтік шифрі мен парақтар нөмірлері көрсетілген құжат;";
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) архивтік үзінді – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына сәйкес ресімделген, ұйымның хат бланкісінде жасалған, архивтік құжат мәтінінің белгілі бір фактіге, оқиғаға, тұлғаға қатысты бөлігін сөзбе-сөз беретін, сақтау бірліктерінің архивтік шифрі мен парақтар саны көрсетілген құжат;";
      8-тармақта:
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы түскен өтінішті кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркейді және жауапты орындаушыны белгілеу үшін басшыға жолдайды (сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі). Басшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті орындау үшін жауапты орындаушыға жолдайды.";
      үшінші бөлігі алып тасталсын;
      "Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерді беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасымен бекітілген "Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
      6-тармақта:
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі күнтізбелік 15 (он бес) жұмыс күні ішінде беріледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге беріледі.";
      оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "ОСТК құжаттарды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сұратылған құжаттардың ғылыми және тәжірибелік құндылығына сараптама жасай отырып, рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы сараптамалық қорытынды жасап, шешім қабылдайды.";
      "Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықтың 3-қосымшасымен бекітілген "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) архивтік анықтама – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына сәйкес ресімделген, ұйымның хат бланкісінде жасалған, архивтік шифрлары және оны жасауға негізі болған архивтік құжаттарды сақтау бірліктері парақтарының нөмірлері көрсетілген, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты қамтитын, заңдық (төлнұсқа) күші бар құжат;";
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) архивтік көшірме – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына сәйкес ресімделген, архивтік құжат мәтінін сөзбе-сөз дәл беретін сақтау бірлігінің архивтік шифрі мен парақтар нөмірлері көрсетілген құжат;";
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) архивтік үзінді – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына сәйкес ресімделген, ұйымның хат бланкісінде жасалған, архивтік құжат мәтінінің белгілі бір фактіге, оқиғаға, тұлғаға қатысты бөлігін сөзбе-сөз беретін, сақтау бірліктерінің архивтік шифрі мен парақтар саны көрсетілген құжат;";
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жататын және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жиырма сегізінші абзацты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының | 
| Мәдениет және ақпарат министрі | А. Балаева | 
      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Жасанды интеллект және
      цифрлық даму министрлігі
|  | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат
 министрі
 2025 жылғы 15 қазандағы
 № 561-НҚ бұйрығына
 1-қосымша
 "Архивтік анықтамаларды,
 архивтік құжаттардың
 көшірмелерін немесе архивтік
 үзінді көшірмелерді беру"
 мемлекеттік қызметті көрсету
 қағидаларына
 2-қосымша
 | 
| 
"Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | 
| 
1 | 
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің орталық мемлекеттік архивтері, жергілікті атқарушы органдардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). | 
| 
2 | 
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | 
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). | 
| 
3 | 
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 
11 (он бір) жұмыс күні ішінде. | 
| 
4 | 
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | 
Электронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде. | 
| 
5 | 
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | 
Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау жөніндегі архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді, сондай-ақ құжаттар архивте мемлекеттік сақтауда бар, бірақ сұратылған мәліметтер оларда болмаған кезде берілетін теріс жауап, көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқтығы туралы, сұрау салуды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберілгендігі туралы жауаптар не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. | 
| 
6 | 
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | 
Тегін. | 
| 
7 | 
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | 
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, Астана қаласының мемлекеттік архиві сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін жүзеге асырады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
 Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы түскен өтінішті кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркейді және жауапты орындаушыны белгілеу үшін басшыға жолдайды (сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі). Басшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті орындау үшін жауапты орындаушыға жолдайды.
 | 
| 
8 | 
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мәліметтер және құжаттар тізбесі | 
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы:1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш. Болған жағдайда өтінішке сұратылған мәліметтерді растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі;
 2) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат, өкілеттігін растайтын құжат не нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы сәйкестендіру үшін жеке куәліктің көшірмесін жасайды, содан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады);
 Көрсетілетін қызметті алушы пошта арқылы жүгінгенде:
 жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қойған, өтініш білдіруші туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін – тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері, байланыс телефондары, заңды тұлға үшін – оның атауы, заңды мекенжайы) көрсетiлген және сұрау салынған мәліметтерді іздестіруге қажетті ақпарат бар еркін нұсқада жазылған өтініш. Болған жағдайда сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері өтінішке қоса беріледі.
 Мемлекеттік корпорация арқылы:
 1) осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш. Болған жағдайда өтінішке сұратылған мәліметтерді растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі;
 2) жеке басын куәландыратын құжат, немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін) және заңды тұлға үшін – өкілеттігін растайтын құжат не жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат (уәкілетті өкіл жүгінген кезде);
 3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады".
 Портал арқылы:
 көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Болған жағдайда өтінішке сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
 | 
| 
9 | 
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер | 
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
 3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті тұтынушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
 | 
| 
10 | 
Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | 
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ-ны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777. | 
|  | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат
 министрі
 2025 жылғы 15 қазандағы
 № 561-НҚ бұйрығына
 2-қосымша
 "Ұлттық архив қорының
 мемлекеттік меншіктегі
 құжаттарын
 Қазақстан Республикасынан
 тысқары жерлерге уақытша
 әкетуге рұқсат беру"
 мемлекеттік қызметті көрсету
 қағидаларына
 2-қосымша
 | 
| 
"Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | 
| 
1 | 
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті. | 
| 
2 | 
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | 
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). | 
| 
3 | 
Мемлекеттік қызметі көрсету мерзімі | 
15 (он бес) жұмыс күні. | 
| 
4 | 
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | 
Электронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде. | 
| 
5 | 
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | 
Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) не мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге беріледі. | 
| 
6 | 
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | 
Тегін. | 
| 
7 | 
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | 
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
 Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы түскен өтінішті кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркейді және жауапты орындаушыны белгілеу үшін басшыға жолдайды (сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі). Басшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті орындау үшін жауапты орындаушыға жолдайды.
 | 
| 
8 | 
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мәліметтер және құжаттар тізбесі | 
Мемлекеттік корпорация арқылы:1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
 2) жеке басын куәландыратын құжат, немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат, өкілеттігін растайтын құжат не көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы сәйкестендіру үшін жеке куәліктің көшірмесін жасайды, одан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады);
 3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша әкетуге рұқсат сұралатын мемлекеттік меншіктегі Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының тізбесі;
 4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына 76-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұратылған құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің болуы туралы мемлекеттік архивтің анықтамасы.
 Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады".
 Портал арқылы:
 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы немесе бір рет қолданылатын парольді енгізу арқылы сұрау салу;
 2) құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат сұратылған құжаттардың тізбесі;
 3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына 76-қосымшаға сәйкес сұратылған құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің бар болуы туралы мемлекеттік архивтің электрондық анықтамасы.
 | 
| 
9 | 
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер | 
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
 3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті тұтынушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
 | 
| 
10 | 
Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | 
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ-ны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.
 Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
 Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.
 | 
|  | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат
 министрі
 2025 жылғы 15 қазандағы
 № 561-НҚ бұйрығына
 3-қосымша
 "Қазақстан Республикасының
 мемлекеттік архивтерінен
 шығатын және шетелге
 жіберілетін архивтік
 анықтамаларға, архивтік
 құжаттардың көшірмелеріне
 немесе архивтік үзінділерге
 апостиль қою" мемлекеттік
 қызметті көрсету қағидаларына
 2-қосымша
 | 
| 
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | 
| 
1 | 
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті. | 
| 
2 | 
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | 
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). | 
| 
3 | 
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 
1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші және Астана қаласының Мемлекеттік корпорация бөлімшелері – 3 (үш) жұмыс күні;2) басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін – пошталық жөнелтілімдерді ескере отырып 10 (он) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
 3) порталда – 3 (үш) жұмыс күні. Көрсетілетін қызметті алушыны құжаттардың сәйкес еместігі туралы хабардар еткен және оларды сәйкес келтірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күніне ұзартылады.
 | 
| 
4 | 
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | 
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде | 
| 
5 | 
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларда, архивтік құжаттардың көшірмелерінде немесе архивтік үзінділерде апостиль мөртабаны, не мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап. | 
| 
6 | 
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | 
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 664-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына және 667-бабының 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әр құжат үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,5 құрайтын мемлекеттік баж алынады.Салық кодексінің 671-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
 | 
| 
7 | 
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | 
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
 | 
| 
8 | 
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мәліметтер және құжаттар тізбесі | 
Мемлекеттік корпорация арқылы:1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтініш;
 2) жеке басын куәландыратын құжат, немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат, өкілеттігін растайтын құжат не көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы сәйкестендіру үшін жеке куәліктің көшірмесін жасайды, одан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады);
 3) апостиль мөртабаны қойылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына 76-қосымшаға сәйкес нысандағы мемлекеттік архивпен берілген архивтік анықтама, немесе архивтік құжаттың көшірмесі немесе 77-қосымшаға сәйкес нысан бойынша архивтік үзінді;
 4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
 Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады".
 Портал арқылы:
 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы немесе бір рет қолданылатын парольді енгізу арқылы сұрау салу;
 2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына 76-қосымшаға сәйкес мемлекеттік архивтен берілген электрондық архивтік анықтама немесе архивтік анықтамалықтың электрондық көшірмесі немесе 77-қосымшаға сәйкес архивтік үзіндінің электрондық көшірмесі;
 3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).
 | 
| 
9 | 
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер | 
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда жүзеге асырылады;
 3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті тұтынушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
 | 
| 
10 | 
Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | 
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ-ны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777. |