Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 15 қазандағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 15 қазанда № 37140 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 296-3-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және осы бұйрықты алғаш ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы
А. Амрин

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 15 қазандағы № 106
бұйрығымен бекітілген

Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 296-3-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттен инвестициялық преференциялар алған заңды тұлғалар жүзеге асыратын инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігі бағалау объектісі болып табылады.

      3. Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау әлеуметтік-экономикалық дамуға берілген инвестициялық преференциялардың тиімділігіне талдау жүргізу үшін жүзеге асырылады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган – арнаулы инвестициялық келiсiмшарттарды қоспағанда, инвестициялық келiсiмшарттарды жасасатын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) инвестициялық преференциялар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына;

      инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржылық лизингі шарты негізінде технологиялық жабдықты инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде импорттайтын лизингтік компанияларға берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтар;

      3) преференциялар алушы – инвестициялық жобаны жүзеге асыратын заңды тұлға, сондай-ақ осындай жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілген заңды тұлға үшін қаржылық лизинг шарты бойынша технологиялық жабдықты әкелетін лизингтік компания, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адрестік сиппаттағы преференциялар беріледі;

      4) тиімділікті бағалау – берілетін инвестициялық преференцияларды мониторингілеу процесінде алынған деректер негізінде есептелетін бағалау;

      5) тиімділік индексі – инвестициялық преференцияларды іске асыруға бағытталған инвестициялық преференцияларды пайдалану тиімділігінің есептік көрсеткіші;

      6) уәкілетті орган – инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігіне бағалау жүргізудің тәртібі

      5. Преференциялар алушы жыл сайын 15 наурызға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органға берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау үшін мәліметтерді жібереді.

      6. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар жыл сайын 15 наурызға дейiн осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органға берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау үшін мәліметтерді жiбередi.

      7. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын 15 наурыздан 15 сәуірге дейінгі кезеңде преференцияларды алушылар берген жиынтық әкімшілік деректердің, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар жетекшілік ететін инвестициялық жобалар бойынша мәліметтердің негізінде ақпарат жинауды жүзеге асырады. Берілген мәліметтер уәкілетті органға жіберіледі.

      8. Уәкілетті орган жыл сайын 15 мамырдан 15 шілдеге дейінгі кезеңде берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігіне және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсеріне бағалау жүргізеді.

      9. Бағалау төрт негізгі өлшемшарт бойынша жүзеге асырылады:

      1) экономикалық тиімділік – өндірілетін өнімнің өсуі, тартылған инвестициялардың көлемі, салық түсімдерінің өсуі, экспорттық және импортты алмастыру әлеуетін арттыру;

      2) әлеуметтік тиімділік – құрылған жұмыс орындарының саны, жалақы деңгейі, адами капиталдың дамуы, еңбек жағдайларының жақсаруы;

      3) экологиялық тиімділік – шығарындыларды азайту бойынша технологияларды енгізу, ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайту;

      4) технологиялық тиімділік – инновацияларды енгізу, өндірісті оқшалаудың деңгейі, технологиялар трансфері және өнімділіктің артуы, мамандарды оқыту.

      10. Жобалардың тиімділігі динамикада талданады, бұл өмірлік циклдің әртүрлі кезеңдерінде нәтижелерді қадағалауға мүмкіндік береді:

      1) қысқа мерзімді бағалау – жоба аяқталғаннан және оны пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл ішінде жүргізіледі;

      2) орта мерзімді бағалау – жинақталған экономикалық және әлеуметтік әсерлерді ескере отырып, жоба аяқталғаннан кейін үш жыл өткен соң жүргізіледі;

      3) ұзақ мерзімді бағалау – қол жеткізілген нәтижелердің орнықтылығын және олардың саланың және жалпы экономиканың дамуына қосқан үлесін айқындау мақсатында жоба аяқталғаннан кейін бес жылдан кейін жүргізіледі.

      Барлық нәтижелер бірыңғай параметрлер бойынша кейіннен талдау мүмкіндігімен бірыңғай дерекқорда жинақталады.

      11. Бағалау инвестициялық келісімшарттар шеңберінде іске асырылған инвестициялық жобаларға қатысты жүргізіледі. Кодексте көзделген инвестициялық преференциялардың бір немесе бірнеше түрін алған барлық жобалар бағалауға жатады.

      12. Бағалау жүргізу кезеңдері:

      1) жобалардың тізбесін қалыптастыру.

      Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган берілген преференциялардың түрі мен инвестициялар көлемін көрсете отырып, осы Қағидалардың 11-тармағы ережелеріне жататын инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастырады. Инвестициялық жобалардың дерекқоры преференцияларды алушылар толтырған портал арқылы жинақталатын әкімшілік есептілік нысандарында қамтылған мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

      2) бастапқы деректерді жинау.

      Жобаны іске асырудың нақты нәтижелері туралы мәліметтер инвесторлардан және тиісті мемлекеттік органдардан сұратылады, оның ішінде:

      экономикалық көрсеткіштер (өнімді шығару және өткізу көлемдері, экспорт, салықтар және т.б.);

      әлеуметтік нәтижелер (жұмыс орындары, еңбекақы төлеу деңгейі, кадрларды оқыту және т.б.);

      қоршаған ортаға әсер ету және технологияларды енгізу көрсеткіштері (жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға инвестициялар және т.б.).

      3) өлшемшарттар бойынша балдар беру.

      Уәкілетті орган алынған мәліметтердің жобалау көрсеткіштеріне сәйкестігін қарайды.

      Жобаның әрбір көрсеткіші бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау өлшемшарттары шеңберінде көрсеткіштер мәндерін бөлу шәкіліне сәйкес 0-ден 2-ге дейінгі балл беріледі.

      4) интегралдық индексті есептеу.

     


      бұл жерде: бкi – өлшемшарт бойынша жиналған балл;

      Wᵢ – мынадай мәндері бар әрбір өлшемшарттың салмақтық коэффициенті:

      Экономикалық тиімділік – 0,4

      Әлеуметтік тиімділік – 0,3

      Экологиялық тиімділік – 0,15

      Технологиялық тиімділік – 0,15

      Нәтижелердің орнықтылығын есепке алу үшін тұрақтылық коэффициенті (Kₛ) енгізіледі, ол мынадай түрде есептеледі:

     


      Тұрақтылықты ескеретін қорытынды индекс:

     


      бұл жерде:

– тұрақтандырылған интегралдық индекс;

      S – интегралдық индекс;

     

– тұрақтылық коэффициенті.

      Егер көрсеткіштер тұрақсыз болса, индекс төменге қарай түзетіледі.

      Бір типтегі жобалар бір-бірімен салыстырылып, ең жақсы көрсеткіштері бар эталондық жоба қалыптасады және басқа жобалардың тиімділігі оған қатысты пайызбен көрсетіледі.

      Жобаның нәтижелеріне сыртқы жағдайлар (дағдарыс, шекараның жабылуы, дүлей зілзалалар) әсер етеді. Форс-мажорлық факторлардың әсерін болдырмау үшін сыртқы себептерді жобаның ішкі тиімсіздігінен бөле отырып жалпы индексті түзететін тәуекел коэффициенті (Kᵣ) енгізіледі.

      5) тиімділік деңгейін беру.

      Индекстің мәні негізінде жобаға деңгей беріледі:

      жоғары;

      орташа;

      төмен;

      тиімсіз.

      Инвестициялық преференциялардың тиімділік индекстері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.

      6) қорытынды есепті қалыптастыру.

      Бағалау аяқталғаннан кейін жиынтық есеп құрылады, оның ішінде:

      талданған жобалардың тізбесі және берілген преференциялар түрі;

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар бөлінісінде жоспар мен фактінің арақатынасына негізделген балл есептеу нысаны бойынша көрсеткіштердің нақты мәндері және әрбір өлшемшарт бойынша балдық бағалау;

      тиімділіктің есептік индексі және берілген деңгей;

      инвестициялық преференциялар беру шарттарын түзету бойынша аналитикалық тұжырымдар мен ұсыныстар.

  Берілетін инвестициялық
преференциялардың тиімділігін
бағалау қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: "Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау үшін мәліметтер"

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-ОЭ

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 наурызынан кешіктірмей

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі

     


      Жинау әдісі – электрондық түрде.

      Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау үшін мәліметтер

Ынталандыру шарасын алған өтініш берушінің атауы

Инвестициялық жобаның атауы

Өңірі (Әкімшілік-аумақтық объектілердің ұлттық жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес)

Қызмет түрі

Өндірілген өнімнің құны, мың теңге

Экспортқа шығарылатын өнімнің құны, мың доллар

Импортты алмастыратын өнімнің құны, мың доллар

1

2

3

4

5

6

7








Кестенің жалғасы

Бюджеттің шартты шығындарының сомасы, мың теңге

Төленген салықтар сомасы, мың теңге

Құрылған жұмыс орындарының саны, адам

Еңбекақы төлеу қоры, миллион теңге

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, мегаватт

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға инвестициялар
миллион теңге

Жобаның қолданылумерзімі, жыл

8

9

10

11

12

13

14








      Телефондары ______________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________________

      Орындаушы ___________________________ қолы ________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________ қолы _______

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

      "Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау үшін мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмесі осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Инвестициялық преференцияларды
беру тиімділігін бағалау
үшін мәліметтер"
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау бағалау үшін мәліметтер" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (1-ОЭ, жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау үшін мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

      3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. Нысанның 1-бағанында ынталандыру шарасын алған өтініш берушінің атауы көрсетіледі.

      2. Нысанның 2-бағанында инвестициялық жобаның атауы көрсетіледі

      3. Нысанның 3-бағанында өңірі (Әкімшілік-аумақтық объектілердің ұлттық жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес) көрсетіледі.

      4. Нысанның 4-бағанында Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызмет түрі көрсетіледі.

      5. Нысанның 5-бағанында өткен жылы өндірілген өнімнің құны мың теңгемен көрсетіледі.

      6. Нысанның 6-бағанында өткен жылы экспортқа әкетілген өнімнің құны кедендік статистика мен экспорттық декларациялар деректері негізінде мың АҚШ долларымен көрсетіледі.

      7. Нысанның 7-бағанында ұқсас импорттық өнімді алмастыратын өнімнің құны мың доллармен көрсетіледі.

      8. Нысанның 8-бағанында бюджеттің шартты шығындарының сомасы мың теңгемен көрсетіледі.

      9. Нысанның 9-бағанында төленген салықтар сомасы мың теңгемен көрсетіледі.

      10. Нысанның 10-бағанында құрылған жұмыс орындарының саны адам санымен көрсетіледі.

      11. Нысанның 11-бағанында еңбекақы төлеу қорының көлемі көрсетіледі

      12. Нысанның 12-бағанында жаңартылған энергия көздері есебінен тұтылатын электр энергиясының көлемі көрсетіледі.

      13. Нысанның 13-бағанында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға инвестициялар көлемі миллион теңгемен көрсетіледі.

      14. Нысанның 14-бағанында жобаның ресми түрде пайдалануға берілген күнінен бастап (қабылдау актілерімен немесе уәкілетті органда тіркелуімен расталған) пайдаланылу жылдарының саны көрсетіледі.

  Берілетін инвестициялық
преференциялардың тиімділігін
бағалау қағидаларына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: "Берілтеін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау үшін мәліметтер"

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 2-ОЭ

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: орталық және жергілікті атқарушы органдар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 наурызынан кешіктірмей

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі

     



      Жинау әдісі – электрондық түрде.

      Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау үшін мәліметтер

Ынталандыру шарасын алған өтініш берушінің атауы

Инвестициялық жобаның атауы

Өңірі (Әкімшілік-аумақтық объектілердің ұлттық жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес)

Қызмет түрі

Өңірге/салаға тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық ағынында жоба бойынша шетел капиталының үлесі, %

Жоба бойынша өндіріс пен экспорттың орташа өсу қарқыны (болған жағдайда), 1, 3, 5 жыл ішінде %

Жобаның жалпы құнындағы импортшығындарының үлесі, %

1

2

3

4

5

6

7








Кестенің жалғасы

Бюджеттің шартты шығындарының сомасы, мың теңге

Жоба бойынша салық түсімдерінің орташа өсу қарқыны, 1, 3, 5 жыл ішінде %

Жоба бойынша жұмыспен қамтылғандар санының орташа өсу қарқыны, 1, 3, 5 жыл ішінде %

Жоба бойынша салықтық, кедендік және заттай преференциялардың болжамды құны, миллион теңге

Жоба бойынша өнімді өндіру кезінде электр энергиясы шығындарындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесі, %

Жобаның жалпы құнындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының үлесі, %

Жобаның қолданылу мерзімі, жылдар (пайдалануға бергеннен кейін)

8

9

10

11

12

13

14








      Телефондары ______________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________________

      Орындаушы ___________________________ қолы ________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________ қолы _______

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

      "Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау үшін мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Инвестициялық преференциялар
берудің тиімділігін бағалау
үшін мәліметтер"
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау үшін мәліметтер" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (2-ОЭ, жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау үшін мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

      3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. Нысанның 1-бағанында ынталандыру шарасын алған өтініш берушінің атауы көрсетіледі.

      2. Нысанның 2-бағанында инвестициялық жобаның атауы көрсетіледі

      3. Нысанның 3-бағанында өңірі (Әкімшілік-аумақтық объектілердің ұлттық жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес) көрсетіледі.

      4. Нысанның 4-бағанында Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызмет түрі көрсетіледі.

      5. Нысанның 5-бағанында өңірге (жергілікті атқарушы органдар үшін)/салаға (орталық мемлекеттік органдар үшін) тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық ағынында жоба бойынша шетел капиталының үлесі, % көрсетіледі.

      Біріңғай дереккөзі ретінде тікелей шетелдік инвестициялар ағыны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми статистикасы қолданылады.

      6. Нысанның 6-бағанында жоба бойынша өндірістің (өнім шығарудың) және экспорттың (болған жағдайда) орташа өсу қарқыны 1 жылға, 3, 5 жылға бөлек % көрсетіледі.

      7. Нысанның 7-бағанында жобаның жиынтық құнындағы импорт шығындарының үлесі, %, пайдалануға берілгенге дейін және кейін көрсетіледі.

      8. Нысанның 8-бағанында бюджеттің шартты шығындарының сомасы мың теңгемен көрсетіледі.

      9. Нысанның 9-бағанында жоба бойынша салық түсімдерінің орташа өсу қарқыны, 1, 3, 5 жыл ішінде % көрсетіледі.

      10. Нысанның 10-бағанында жоба бойынша жұмыспен қамтылғандар санының орташа өсу қарқыны, 1, 3, 5 жыл ішінде % көрсетіледі.

      11. Нысанның 11-бағанында инвесторға мемлекет берген жоба бойынша салықтық, кедендік және заттай преференциялардың бағалау құны миллион теңгемен көрсетіледі.

      12. Нысанның 12-бағанында жоба бойынша өнім өндіру кезінде электр энергиясы шығындарындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесі % көрсетіледі.

      13. Нысанның 13-бағанында жобаның жиынтық құнындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының үлесі % көрсетіледі.

      14. Нысанның 14-бағанында жобаның ресми түрде пайдалануға берілген күнінен бастап (қабылдау актілерімен немесе уәкілетті органда тіркелуімен расталған) пайдаланылу жылдарының саны көрсетіледі.

  Берілетін инвестициялық
преференциялардың тиімділігін
бағалау қағидаларына
3-қосымша

Инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау өлшемшарттары шеңберіндегі көрсеткіштер мәндерін бөлу шәкілі

Өлшемшарт

Индикатор

Сипаттама

Балдары (0–2)

1

Экономикалық тиімділік

Өнімді шығару

2 – жылына 20%-дан жоғары өсу;
1 – жылына 5%-дан 20%-ға дейін өсу;
0 – 5%-дан төмен өсу немесе төмендеп жатқан өсу.


2

Экспортқа бағдарлану

2 – экспорт көлемі жылына 10 миллион доллардан жоғары;
1 – экспорт көлемі жылына 10 миллион долларға дейін;
0 – экспорт жоқ.


3

Импортты алмастыру

2 – 5 миллион долларға және одан жоғары импортты алмастырады;
1 – 5 миллион долларға дейінгі импортты алмастырады;
0 – импортпен бәсекелеспейді.


4

Фискалдық әсер

2 – салықтардың өсуі;
1 – аздаған өсу;
0 – әсері жоқ.


5

Преференциялардың тиімділік коэффициенті = инвестициялар / жеңілдіктер сомасы

2 – преференцияларды өте тиімді пайдалану: 1 теңге жеңілдікке >10 000 теңге инвестиция тартылды;
1 – орташа тиімділік: 1 теңге жеңілдікке 1 000 – 10 000 теңге инвестиция;
0 – тиімсіз: 1 теңге жеңілдікке 1000 теңгеден аз инвестиция.


6

Жоба саласы

2 – басымдық; 1 – бейтарап; 0 – шикізат.


7

Әлеуметтік тиімділік

Құрылған жұмыс орындары: 1 миллиард теңге жеңілдікке шаққандағы жұмыс орындарының саны

2 – жоғары тиімділік: әрбір 1 миллиард теңге жеңілдікке ≥ 50 жұмыс орны;
1 – орташа тиімділік 20-50 жұмыс орны;
0 – төмен тиімділік (көп көлемдегі жеңілдіктерге аз жұмыс орындары) <20.



Жалақы

2 – ортадан жоғары >20%; 1 – ±20%; 0 –ортадан төмен.


8

Өңірлік маңызы

2 – дамуы төмен өңір; 1 –қалыпты; 0 – Алматы/Астана.


9

Жобаның орнықтылығы

2 – 3+ жыл жұмыс істеуде;
1 – үзілісте; 0 – жабық.



Экологиялық тиімділік

ЖЭК пайдалану

2 – жаңартылатын энергия көздері пайдаланылады;
1 – көміртекті-қалыпты; 0 – ластаушы.



Технологиялық тиімділік

ҒЗТКЖ-ға инвестициялар

2 – ҒЗТКЖ-ға 200 мың АЕК-тен астам инвестиция, жылына 100+ қызметкерді оқыту;
1 – ҒЗТКЖ-ға 200 мың АЕК-ке дейін инвестиция, жылына 100 қызметкерге дейін оқыту;
0 – белсенді емес.


      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖЭК – жаңартылатын энергия көздері;

      ҒЗТКЖ – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

  Берілетін инвестициялық
преференциялардың тиімділігін
бағалау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Инвестициялық преференциялар тиімділігінің индекстері

Р/с№

Тиімділік индекстері

1

2

3

технологиялық жабдықтарды, жинақтауыштарды және қосалқы бөлшектерді импорттау кезінде кедендік баж салығынан босату

мемлекеттік заттай гранттар

Салықтар бойынша преференциялар

егер, өлшемшарттар бойынша интервал мәні:

1

тиімділіктің жоғары деңгейі

5-6

7-8

6-7

2

тиімділіктің орташа деңгейі

3-4

5 - 6

4-5

3

тиімділіктің төмен деңгейі

1-2

3-4

2-3

4

тиімсіз

< 1

< 3

< 2

  Берілетін инвестициялық
преференциялардың тиімділігін
бағалау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Өлшемшарттар бөлінісінде жоспар мен фактінің арақатынасына негізделген балл есептеу нысаны

1-өлшемшарт

 
Балл

2-өлшемшарт

 
Балл

3-өлшемшарт

 
Балл

4-өлшемшарт

 
Балл

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

Өлшемшарттар бойынша балл саны















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады