БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2025 жылғы 6 қазандағы № 750 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Алып қойылған, ерiктi түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш материалдарды ішкi iстер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 150 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10565 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 309) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қару, оқ-дәрілер және жарылғыш материалдарды ішкі істер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамсыз ету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Келіп түсетін әкімшілік және азаматтық істер бойынша алынған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды (бұдан әрі – қару-жарақ құралдарын) қабылдауды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ оларды қабылдау, есепке алу, сақтау тәртібіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және көліктегі полиция департаменттері (бұдан әрі – (К)ПД), қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың, көліктегі полиция органдары аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – (К)ҚАПО) (К)ПД бастықтарының бұйрықтарымен әкімшілік және азаматтық істер бойынша алынған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды қабылдау және бақылау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар (бұдан әрі- комиссия) құрылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссияның құрамына (К)ПД әкімшілік және криминалдық полиция бөліністерінің, тергеу, өзіндік қауіпсіздік, тылдық қамтамасыз ету, жедел криминалистикалық бөліністерінің (бұдан әрі – ЖКб) және ақпараттандыру және байланыс бөлімшелерінің (бұдан әрі – АББ) қызметкерлері кіреді. Осы комиссияларды (К)ПД бастықтарының орынбасарларының бірі басқарады.
Көрсетілген комиссиялар қару-жарақ заттарын (К)ПД арттехқару-жарақ (бұдан әрі – АТҚЖ) қоймаларына қабылдауды, сондай-ақ (К)ПД, (К)ҚАПО осы Қағидалардың талаптарын сақтауы бойынша тексерісті жүзеге асырады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. (К)ҚАПО-да қару-жарақ заттарын қабылдауды Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылауды (бұдан әрі – АҚҚАБ) жүзеге асыратын қызметкерлер немесе оның міндетін атқаратын қызметкерлер, түнгі және жұмыстан тыс уақытта ішкі істер органдарының жедел кезекшілері жүзеге асырады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ішкі істер органдарында (бұдан әрі – ІІО) тіркелмеген барлық қарулар атуға жарамдылығын және оның үлгісін және түрін анықтау үшін ЖКб жолданады, егер сәйкестендіру нөмірі, маркасы, моделі немесе оларды анықтау мүмкін болмаған (бейнеленуі анық болмаған) жағдайда қарудың жойылған зауыттық нөмірін, таңбаларын анықтау бойынша криминалистикалық зерттеу жүргізу үшін қару (К)ПД ЖКб-ға жолданады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Ерікті түрде тапсырылған қаруды ЖКБ(б)-ның сұрау салуы бойынша анықтамалық коллекцияларын құру, толықтыру, алмастыру және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) (К)ПД мұражайларында экспонаттау үшін беруге жол беріледі.";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. ЖКБ анықтамалық коллекцияларын құру, толықтыру, алмастыру, Қазақстан Республикасы ІІМ, (К)ПД мұражайларында экспонаттау үшін беру тек АТҚЖ қоймасынан осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТҚБ-ның бастығы қол қоятын, шығыс хат-хабарлар журналына тіркелетін және (К)ПД елтаңбалық мөрімен бекітілетін қаруды беруге арналған жолдаманың негізінде ПД ТҚБ қызметкерлері жүргізеді.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Қару-жарақ заттарының қозғалысы (ЖКБ анықтамалық коллекцияларын құру, толықтыру, алмастыру Қазақстан Республикасы ІІМ, (К)ПД мұражайларында экспонаттау үшін беру) туралы ақпаратты қойма меңгерушісі осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АТҚЖ қоймасына келіп түскен алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, табылған қаруды және оқ-дәрілерді есепке алу журналына енгізеді, бір тәулік ішінде ІІО-да тіркелмеген қару бойынша ақпараттандыру және байланыс бөлімшелеріне БДБ-ға тиісті түзетулер енгізу үшін қарудың қозғалысы туралы ақпаратты қамтитын баянат жолданады, бір тәулік ішінде ІІО-да тіркелген қару бойынша АҚҚАБ қызметкеріне БДБ-ға тиісті түзетулер енгізу үшін қарудың қозғалысы туралы ақпаратты қамтитын баянат жолданады.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған атыс қаруы жедел-криминалистикалық бөліністердің анықтамалық коллекцияларын құру, толықтыру, ауыстыру Қазақстан Республикасы ІІМ, (К)ПД мұражайларында экспонаттауға қою үшін тек (К)ПД АТҚ қоймаларынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, (К)ПД бастығының жазбаша нұсқауымен беріледі.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. АТҚЖ қоймасынан ЖКБ(б)-ге, Қазақстан Республикасы ІІМ, (К)ПД мұражайларына экспонаттау үшін берілген қару мен оқ-дәрілерді осы бөлімшелер кіріске алады.
Қойма меңгерушісі АТҚЖ қоймасына келіп түскен алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған атыс қаруын және оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды есепке алу кітабында ол туралы тиісті жазба жүргізеді.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. ІІМ, (К)ПД мұражайларына экспонаттау үшін берілетін қаруды қару-жарақ қызметінің қызметкерлері атуға жарамсыз күйге келтіреді:
1) ұңғының оқталатын бөлігінің төменгі жағынан (Шпагин-41 тапанша-пулеметінде – жоғарғы жағынан) сегментті ойық жасалады, сондай-ақ ұңғының басына оқжатарына қарай ені 4 мм, Калашников автоматы мен Калашниковтың қол пулеметінде ұзындығы – 48 мм, Симоновтың тез атқыш карабинінде – 38 мм, Шпагин-41 тапанша-пулеметінде – 51 мм, Дегтяревтің қол пулеметінде – 48 мм, Дегтярев пулеметі мен Дегтяревтің жетілдірілген пулеметінде – 65 мм, Драгуновтың мергендік винтовкасында – 60 мм, Калашников пулеметінде – 52 мм, 1938-1944 жылдар үлгісіндегі карабиндерде – 57 мм тесілген ойық жасалады;
2) шаппасы арамен кесіледі (қарудың барлық түрінде) соқыш, (Калашников автоматында, Калашниковтың жетілдірілген автоматында және Симоновтың тез атқыш карабинінде) шүріппесі немесе (Дегтяеревтің қол пулеметінде) соққы орнындағы бекіткіш раманың тіреуі кесіледі;
3) оқу қаруына жауынгерлік қарудың ұңғысын салуға кедергі жасайтын ұңғы қорабына (Шпагин-41 тапанша-пулеметінде, Дегтярев пулеметі мен Дегтяревтің жетілдірілген пулеметінде, Калашников пулеметінде) ұңғыны шектегіш салынады;
4) ұңғы қорабының ішінен шығып тұратын ұңғының шектегішіне енгізу үшін (Шпагин-41 тапанша-пулеметінде, Дегтярев пулеметі мен Дегтяревтің жетілдірілген пулеметінде, Калашников пулеметінде) ұңғының оқталатын бөлігіне тесік жасалады;
5) ұңғының алдыңғы бөлігінің жоғарғы жағына және ұңғы қорабының қақпағына ұзына бойы тесілген ойық жасалады;
6) соққылау-басу тетігі алып тасталады.
Қазақстан Республикасы ІІМ Тыл департаментінің қызметкерлері тылдық қамтамасыз ету қызметінің жұмысын тексеру жөніндегі қызметтік іссапар кезінде міндетті түрде комиссияның және АТҚЖ қоймалары меңгерушілерінің қызметтеріне осы Қағидалар талаптарының сақталуы мәніне тексеру жүргізеді.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Қару-жарақ заттарын ІІО-дан АТҚЖ қоймасына дейін тасымалдауды барлық жүру жолдарында қару-жарақ заттарын тапсырушы ІІО-ның бастығы тағайындаған қарулы күзеттің ілесіп жүруімен мамандандырылған автокөлікте ІІО-ның қызметкерлері жүргізеді.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Қаруды және оқ-дәрілерді ПД ТҚеБ(б)-ға тапсыру үшін қару мен оқ-дәрілерді тапсырушы ІІО-ның бастығы қол қойған хаты жолданады.";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Қару мен оқ-дәрілерді тапсырушы ІІО-ның бастығы оң жауап алғаннан кейін АТҚЖ қоймасына тапсыруға жауапты адамды тағайындайды.";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Одан әрі пайдалануға жарамсыз қызметтік қару мен оның патрондарын одан әрі жою үшін заңды тұлғалардан қару мен оқ-дәрілерді қабылдау аумақтығы бойынша АҚҚА бөлімшелеріне хабарлағаннан кейін (К)ПД бастығының немесе оның орынбасарының рұқсатымен осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды беру туралы жазбаша қолдаухат бойынша жүзеге асырылады.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Одан әрі пайдалануға жарамды қызметтік қару мен оның патрондарын уақытша сақтау үшін заңды тұлғалардан қабылдау аумақтығы бойынша АҚҚА бөлімшелеріне хабарлағаннан кейін (К)ПД бастығының немесе оның орынбасарының рұқсатымен осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың жазбаша қолдаухаты бойынша жүзеге асырылады. Қолдаухатта егер қарудың иесі қолдаухатта көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін дәлелсіз себептермен (науқастығына, ұзақ іссапар) ІІО-ға қаруды қайтару туралы өтініш жасамаған жағдайда тапсырылған қару өтеусіз мемлекеттің меншігіне өтеді.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әскери және арнайы жабдықтау базасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Әскери және арнайы жабдықтау базасы) қоймасына, (К)ПД АТҚЖ мүлкі қоймасына қабылданған барлық қару-жарақ заттарына осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаруды, оқ-дәрілерді қабылдау актісі екі данада жасалады, оның әрбір парағына комиссия мүшелері, қойма меңгерушісі мен тапсырушы қызметкер қолдарын қояды.
Актінің бірінші данасы қару-жарақ қызметінде қалады және қару мен оқ-дәрілерді қоймаға кіріске алу үшін негіз болып табылады, екінші данасы тапсырушыда қалады және қаруды АТҚ қоймасына жайғастыру туралы БДБ-ге түзету енгізу үшін негіз болып табылады.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. (К)ПД-нің Қару-жарақ қызметі қабылданған, сақтауда тұрған және кәдеге жаратылған қару-жарақ заттары туралы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Тыл департаментіне ай сайын есеп жолдайды.";
78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"78. Әскери және арнайы жабдықтау базасының, (К)ПД АТҚЖ қоймаларына тапсыруға жататын қару, оқ-дәрілер тасымалдаған кезде олардың сақталуына кепілдік беретін арнайы ыдысқа орап салынады.";
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"79. Қару-жарақ заттарын ІІО-дан Әскери және арнайы жабдықтау базасының қоймасына дейін кәдеге жарату үшін тасымалдауды (К)ПД ТҚЕБ, ТҚб бөлімшелерінің қызметкерлері арнайы автокөліктегі қарулы күзеттің және патрульдік автокөліктегі патрульдік полициясы экипажының ілесіп жүруімен жүзеге асырады.";
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"89. (К)ҚАПО-да қару-жарақ заттарын сақтау, қаруды, оқ-дәрілерді сақтауға арналған бөлмелердегі АҚҚАБ қызметкерінің жеке мөрімен мөріленетін арнайы мақсаттағы металл шкафта жүзеге асырылады.";
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"94. (К)ҚАПО-да металл шкафтарда орналасқан қару-жарақ құралдарын сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер оларды АТҚЖ қоймасына жоюға немесе уақытша сақтауға, қару-жарақ саудасы жөніндегі мамандандырылған дүкенге комиссиялық сату үшін тапсырғанға дейін не иесіне қайтарылғанға дейін, осы қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаты болған кезде АҚҚАБ қызметкерлеріне жүктеледі.";
98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"98. Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды ІІО-да, АТҚЖ қоймаларына қабылдау, сақтау, есепке алу тәртібін тексереді:
1) (К)ҚАПО-ның бастықтары өз бөлімшелерінде – айына кемінде бір рет;
2) Қазақстан Республикасы (К)ПД тұрақты жұмыс істейтін комиссияның мүшелері – тоқсанына кемінде бір емес, сондай-ақ қарудың, оқ-дәрілердің жетпей қалуына, артық шығуына, ұрлануына байланысты төтенше оқиғалар фактілері бойынша;
3) Қазақстан Республикасы ІІМ қызметкерлері – (К)ПД-нің кешенді, инспекторлық, бақылау тексерістері кезінде, сондай-ақ қарудың және оқ-дәрілердің жетпей қалуына, артық шығуына, ұрлануына байланысты төтенше оқиғалар фактілері бойынша жүргізеді;
4) Қазақстан Республикасы ІІМ, (К)ПД жоспарларына сәйкес жылына бір рет алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды есепке алу, қабылдау және тапсыру есебінің дұрыстығына құжаттамалық ревизия жүргізіледі, сондай-ақ ішкі істер органдарында, заттай дәлелдемелер сақталатын камераларда, АТҚЖ қоймаларында барлық сақталып тұрған қару мен оқ-дәрілерге түгендеу жүргізіледі.";
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"99. Қару-жарақ заттарының сақталуын тексеру кезінде:
(К)ҚАПО-да – АҚҚАБ қызметкерінің тапсырылған атыс қаруының және оқ-дәрілердің, жарылғыш материалдардың түбіртектерін ресімдеу тәртібі, ІІО жедел кезекшісінің қабылданған заттары туралы басшылыққа уақтылы баяндауы, (К)ПД ТҚЕБ қоймасына қаруды тасымалдау ережесі мен тапсыру мерзімдерінің сақталуы;
АТҚЖ қоймасында – қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш материалдарды қабылдау ережесін сақтау, қажетті құжаттарды ресімдеу, қабылданған қарудың санатын айқындаудың дұрыстығы тексеріледі. Барлық жағдайда қаруды нөмірі бойынша салыстыра тексеруге ерекше көңіл бөлінеді.";
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған атыс қарулары, оқ-дәрілер және жарылғыш материалдардың барлық жетіспеген, артық шыққан, жоғалған және бүлінген жағдайлары, сондай-ақ оларды есептен жасыру, ІІО-ның қызметкерлері иемденген фактілер туралы белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы ІІМ, (К)ПД-ге дереу хабарланады, содан соң бір айдың ішінде қызметтік тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың, кінәлі адамдарды жазалау туралы бұйрықтардың көшірмелері жіберіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 16-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 17-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 536 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18849 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламалары (бұдан әрі – Бағдарламалар) "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 2) – 11) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қолданылады";
3. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзит жасауға қорытындылар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1) жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзит жасауға қорытындылар алу үшін: |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзитке қорытындылар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
".
№___ қабылдау актісі (Әскери және арнайы жабдықтау базасы, (К)ПД АТҚЖ қоймаларына қабылданған қару, оқ-дәрілер, жарылғыш материалдар)
20___ж. "__" _________
Комиссия құрамында: ______________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(қару-жарақ заттарын қабылдауды жүзеге аыратын комиссия мүшелерінің лауазымы,
атағы, тегі, аты-жөні)
_______________________________ АТҚЖ қоймасына келіп түскен қару мен
(ішкі істер органының атауы)
оқ-дәрілерді тексеруді, қарауды және қабылдауды жүргізді.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қару-жарақ заттарын тапсырған ішкі істер органының атауы, тапсырушының тегі
мен аты-жөні)
Тексеруде, қарау және қабылдау кезінде мыналар анықталды:
р/с№ | Қарудың түрі, атауы, жүйесі | Құжат бойынша есепте бар | Нақты қабылданды | Оқ-дәрілер мен жарылғыш материалдардың саны, калибрі (дана, кг) | Құжат бойынша есепте бар | Нақты қабылданды | ||
калибрі | номері | калибрі | номері | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Жетіспей қалудың, артық шығудың және айырмашылықтардың себептері
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Комиссияның қорытындылары мен ұсыныстары
______________________________________________________________________
Комиссия мүшелері: 1._________ 2._________ 3._________
(қолы) (қолы) (қолы)
Тапсырдым ____________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, қолы)
Жауапты сақтауға қабылдадым _______________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, қолы)
20___ж. "___"______________
1 дана. Қару мен оқ-дәрілерді тапсырған қызметкерге беріледі
2 дана. Қару-жарақ қызметінде қалады
Нысан
Қабылданған, сақтаудағы тұрған және кәдеге жаратылған қару-жарақ заттары туралы есеп
ІІО Атауы | Акт бойынша ПД АТҚЖ қоймасына қабылданды, барлығы | оның ішінде | ||||||||||
Ойықты | олардың ішінде | |||||||||||
автоматтар | тапаншалар | револьверлер | винтовкалар | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы |
Кестенің жалғасы
оның ішінде | |||||||||||
олардың ішінде | тегіс ұңғылы | оның ішінде шолақ | жарақат салатын | ||||||||
карабиндер | құрастырылған | оның ішінде шолақ | |||||||||
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы |
Кестенің жалғасы
оның ішінде | |||||||||||||||||||
газды | жарақат салатын әсері бар патронмен ату мүмкіндігі бар газды қарулар | электрлі | қолдан жасалған | ||||||||||||||||
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | ||||||||||||
өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | ||||||||||||
ІІО Атауы | Ерікті тапсырылғандар арасынан | оның ішінде | |||||||||||||||||
Ойықты | олардың ішінде | ||||||||||||||||||
автоматтар | тапаншалар | револьверлер | винтовкалар | ||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | |||||||
өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы |
Кестенің жалғасы
оның ішінде | |||||||||||
олардың ішінде | тегіс ұңғылы | оның ішінде шолақ | жарақат салатын | газды | |||||||
карабиндер | құрастырылған | ||||||||||
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы |
Кестенің жалғасы
оның ішінде | |||||||||||||||||||
газды | жарақат салатын әсері бар патронмен ату мүмкіндігі бар газды қарулар | электрлі | қолдан жасалған | ||||||||||||||||
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | ||||||||||||
өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | ||||||||||||
ІІО Атауы | Сот тәркілендер ішінен | оның ішінде | |||||||||||||||||
Ойықты | олардың ішінде | ||||||||||||||||||
автоматтар | тапаншалар | револьверлер | винтовкалар | ||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | |||||||
өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы |
Кестенің жалғасы
оның ішінде | |||||||||||
олардың ішінде | тегіс ұңғылы | оның ішінде шолақ | жарақат салатын | ||||||||
карабиндер | құрастырылған | оның ішінде шолақ | |||||||||
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы |
Кестенің жалғасы
оның ішінде | |||||||||||||||||||
газды | жарақат салатын әсері бар патронмен ату мүмкіндігі бар газды қарулар | электрлі | қолдан жасалған | ||||||||||||||||
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | ||||||||||||
өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | ||||||||||||
ІІО Атауы | Жойылды | оның ішінде | |||||||||||||||||
Ойықты | олардың ішінде | ||||||||||||||||||
автоматтар | тапаншалар | револьверлер | винтовкалар | ||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | |||||||
өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы |
Кестенің жалғасы
оның ішінде | |||||||||||
олардың ішінде | тегіс ұңғылы | оның ішінде шолақ | жарақат салатын | ||||||||
карабиндер | құрастырылған | оның ішінде шолақ | |||||||||
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы |
Кестенің жалғасы
оның ішінде | |||||||
газды | жарақат салатын әсері бар патронмен ату мүмкіндігі бар газды қарулар | электрлі | қолдан жасалған | ||||
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 |
өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы | өткен жылы | ағымдағы жылғы |