"Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 713, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 546-НҚ және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 187 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 қазанда № 37066 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14845 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 12-тармағына және "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Дене шынықтыру және спорт туралы" және "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және спортшылардың қатысуымен оқу-жаттығу жиындарын қоспағанда, спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар (бұдан әрі – бұқаралық іс-шаралар) өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларын қолдануды нақтылайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін ЖАО ұйымдастырушылық комитеттерін (бұдан әрі - комитеттер) құрады, олар бұл іс-шараларды дайындау және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді.

      Комитет құрамына ІІО-ның және азаматтық қорғау органдарының өкілдері, бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы кіреді. Комитетті ЖАО-ның уәкілетті өкілі басқарады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат, туризм және спорт вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
________Е. Мырзабосынов
      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
_________А. Балаева
      Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі _________Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады