"Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 731 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте № 37058 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32971 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 83) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган құжаттандырылатын адамның тұрақты тіркелген жері, сондай-ақ нақты болатын жері бойынша паспорт және (немесе) жеке куәлік жоғалған, мерзімінің өтуіне, азаматтық хал актілерінің жазбасы ақпараттық жүйесінен келіп түскен тегінің, атының, әкесінің атының өзгеруі, неке қию (бұзу) бойынша тегін өзгертуі туралы мәліметтер "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚТ ТП) болған жағдайда оларды өзгертуіне, одан әрі пайдалануға жарамсыздығына, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты ауыстырылған, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігі негізінде алғаш рет Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алған, кәмелеттік жасқа толмаған балалар туу туралы куәлігі негізінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алған жағдайларда береді.";

      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ХҚТ ТП ақпараттық жүйесі арқылы жеке басты куәландыратын құжатты ресімдеген кезде уәкілетті органның қызметкері Қазақстан Республикасының азаматтарын олардың келісімімен, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды міндетті түрде "Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 болып тіркелген) дактилоскопиялық тіркеуден өткізеді.";

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат (төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін). Мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар ақпараттық жүйеде оларға мәліметтер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 671-бабының 4) тармақшасында белгіленген жеңілдетілген санатты айқындайтын құжатты ұсынады;";

      13-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат (төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін). Мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар ақпараттық жүйеде оларға мәліметтер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 671-бабының 4) тармақшасында белгіленген жеңілдетілген санатты айқындайтын құжатты ұсынады;";

      3) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын;

      18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат (төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін). Мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар ақпараттық жүйеде оларға мәліметтер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 671-бабының 4) тармақшасында белгіленген жеңілдетілген санатты айқындайтын құжатты ұсынады;";

      21-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат (төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін). Мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар ақпараттық жүйеде оларға мәліметтер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 671-бабының 4) тармақшасында белгіленген жеңілдетілген санатты айқындайтын құжатты ұсынады;";

      31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Қазақстан Республикасының азаматтары жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған, осы Қағидалардың 30-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ақ анықтамалық деректерінің ауысуына, өзгеруіне, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты жаңа құжаттар алу үшін тұрақты тіркелген жері бойынша, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттары жоғалған, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, азаматтық хал актілерінің жазбасы ақпараттық жүйесінен келіп түскен тегінің, атының, әкесінің атының өзгеруі, неке қию (бұзуы) бойынша тегін өзгертуі туралы мәліметтер ХҚТ ТП-да болған жағдайда оларды өзгертуіне, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі негізінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алумен, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігі негізінде Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен (немесе) жеке куәлігін алуына байланысты жағдайларда тұрақты тіркелген орны, сондай-ақ нақты болатын жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіреді.";

      32-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат (төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін). Мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар ақпараттық жүйеде оларға мәліметтер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 671-бабының 4) тармақшасында белгіленген жеңілдетілген санатты айқындайтын құжатты ұсынады;";

      34-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат (төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін). Мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар ақпараттық жүйеде оларға мәліметтер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 671-бабының 4) тармақшасында белгіленген жеңілдетілген санатты айқындайтын құжатты ұсынады;";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Табылған жеке басты куәландыратын құжаттар уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылады. Жоғалған жеке басты куәландыратын құжатты иесі қалпына келтірген, уәкілетті мемлекеттік органға келіп түскен күннен бастап бір жыл ішінде иесі оны талап етпеген жағдайда, табылған құжат осы Қағидалардың 43-1 және 43-2-тармақтарында көзделген тәртіппен жойылады.";

      40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Қайтыс болған, сот қайтыс болды деп жариялаған адамдардың уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылған жеке басын куәландыратын құжаттары осы Қағидалардың 43-1 және 43-2-тармақтарында көзделген тәртіппен жойылады.";

      мынадай мазмұндағы 43-1, 43-2 және 43-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "43-1. Жарамсыз жеке басты куәландыратын құжаттарды жоятын аумақтық ішкі істер органы басшысының бұйрығымен комиссия құрылады, оның саны мен құрамын Полиция басқармасының (бөлімінің) бастығы немесе оның орынбасары айқындайды.

      43-2. Жеке басты куәландыратын құжаттарды жоюды комиссия жойылатын құжаттың нөмірі мен түрін, оның иесі туралы мәліметтерді, құжаттың жарамсыз болу себептерін қамтитын, Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жою туралы акті жасай отырып, он күн сайын жүргізеді. Егер тапсыруға жататын құжатты иесі тапсырмаған жағдайда, актіде құжаттың нөмірі, түрі, оның иесі туралы мәліметтер, жарамсыз болу себебі, ескертпеде құжат тапсырылмағандығы көрсетіледі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттарды жоятын актіге комиссия мүшелері қол қояды және Полиция басқармасының (бөлімінің) бастығы немесе оның орынбасары бекітеді.

      43-3. Көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелері он күн сайын жарамсыздық туралы мәліметтерді деректер базасына енгізу үшін жарамсыз құжаттарды жою туралы актілерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдайды.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қағидаларға қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылық үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін осы бұйрықтың 1-тармағының тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші және жиырма төртінші тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және цифрлық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 731 бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
азаматының паспортын,
Қазақстан Республикасы
азаматының жеке куәлігін,
шетелдіктің Қазақстан
Республикасында тұруына
ықтиярхатты, азаматтығы жоқ
адамның куәлігін және жол
жүру құжатын ресімдеу, беру,
ауыстыру, тапсыру, алып қою
және жою қағидаларына
қосымша

      Нысан

  "БЕКIТЕМIН"
  __________________________
(ішкі істер органының атауы)
___________________ бастығы
__________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)
20__ж. "____"_____________

Жарамсыз жеке басты куәландыратын құжаттарды жоюдың №_______ АКТІСІ

      20__ ж. "___"___________ ______________________

      (облыс, қала, аудан)

      Бiз, төменде қол қойғандар ___________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (комиссия мүшелерiнiң лауазымы және Т.А.Ә. (ол болған кезде) көрсетiледi)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      20__ж. "_____"_________________бастап 20__ж. "_____"__________________

      дейiнгi мерзiмдегi жарамсыз жеке басты куәландыратын құжаттарды жою үшiн

      осы актіні жасадық.

р/с №

Жойылатын құжаттың түрі

Жойылатын құжаттың нөмірі (құжаттың нөмірі)

Азаматтың Т.А.Ә. (ол болған кезде)

Жою себебі

Ескерту

1

2

3

4

5

6

      Барлығы __________ құжат тексерілді және жою үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолданды.

      Комиссия мүшелерінің қолы: ________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)

      Ескертпе: жою актісі жойылатын құжаттың әрбір түріне жеке жасалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады