БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылық нормаларында:
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Қонуға дәлме-дәл емес кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ үшін кедергілерді шектеудің мынадай беттері қолданылады:
1) конустық беті;
2) ішкі көлденең беті;
3) қонуға кіру беті;
4) ауыспалы беттер.
Кедергілерді шектеу беттерінің сипаттамасы мен параметрлері осы ҚР АА ӘПЖН 7-қосымшасында келтірілген.";
135-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"135. Биіктігі 100 м-ден жоғары құрылыстар және қаңқалы-торлы құрылыстар (олардың биіктігіне байланыссыз) жоғарғы жағынан іргесіне дейін түсі бойынша кезектесіп келетін жолақтармен таңбаланады, олардың ені осы ҚР АА ӘПЖН 24-қосымшаның кестесінде келтірілген мәліметтерге сәйкес болуы тиіс, бірақ 30 м-ден аспауы қажет. Жолақтар перпендикуляр бойынша үлкен өлшемге қарай жүргізіледі, шеткі жолақтар күңгірт түске боялады. Жолақтардың ені бірдей болуы қажет және осы ҚР АА ӘПЖН 24-қосымшаның кестесінде келтірілген мәндерден айырмашылығы ары кеткенде 20 %-дан аспауы тиіс.
Жел энергетикасы қондырғысы (бұдан әрі - ЖЭҚ), егер оның кедергі болып табылатыны анықталса, таңбаланады. Егер аэронавигациялық зерттеу басқаша көрсетпесе, ротор қалақтары, гондола және жел турбиналарының тіреу діңгегінің жоғарғы 2/3 бөлігі ақ түске боялады.";
286-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"286. Бөгегіш оттары ретінде шағын, орташа немесе жоғары қарқындылықтағы оттар не болмаса олар үйлестіріліп пайдаланылуы тиіс. Жылжымайтын объектілер А немесе Б типіндегі шағын қарқындылықтағы қоршау оттарымен қоршалуы керек. Ұзындығы үлкен немесе жер бетінің деңгейінен 45 м асатын биіктіктегі объектілер А, В немесе С типіндегі орташа қарқындылықтағы қоршау оттарымен қоршалуы тиіс, ал А және С типіндегі орташа қарқындылықтағы бөгегіш оттар жеке қолданылады, ал В типіндегі орташа қарқындылықтағы бөгегіш оттар - не жеке не болмаса В типіндегі шағын қарқындылықтағы қоршау оттарымен үйлестірілуі тиіс.
Ағаштар немесе ғимараттар тобы ұзаққа созылған объект ретінде қарастырылады.";
287-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"287. Егер авиациялық зерттеу нәтижелері мұндай оттарды күндізгі уақытта объектіні тану үшін қажет екенін көрсететін болса, жер бетінен 150 м астам биіктіктегі объектілер А типіндегі жоғары қарқындылықтағы қоршау оттарымен жарықтық қоршалуы тиіс. Объектіде орналасқан оттар бір уақытта жануы тиіс.
Жел электр станциясы, егер ол кедергі болып табылса, жарықпен қоршалады. ЖЭҚ гондоласындағы жарық қоршауы кез келген бағыттан жақындап келе жатқан әуе кемесі үшін кедергісіз шолу қамтамасыз етілетіндей етіп орнатылады.";
299-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"299. Объект В типті орташа қарқындылықтағы оттармен жарықпен қоршалған жағдайда, ал объектінің ең биік нүктесі қоршаған рельеф деңгейінен 45 м-ден астам биіктікте немесе таңбаланатын объектті қоршап тұрған ғимараттардың ең биік нүктелерінен жоғары болса, аралық деңгейлерде қосымша оттар көзделеді. В типті төмен қарқындылықтағы жарықпен қоршау оттары және В типті орташа қарқындылықтағы жарықпен қоршау оттары болып табылатын бұл қосымша аралық оттар мүмкіндігінше кезек-кезек жоғарғы оттар мен жер деңгейі немесе жақын орналасқан ғимараттардың жоғары нүктелерінің деңгейі арасында бір-бірінен тең қашықтықта, қажет болған жағдайда 52 м аспайтын аралықта орналасады.
Жалпы биіктігі 150 м-ден кем (жел турбинасы осінің биіктігі және тік тұрған қалақтың биіктігі) ЖЭҚ-та жарық қоршауы ЖЭҚ гондоласына орнатылатын В типті орташа қарқындылықтағы оттармен қамтамасыз етіледі.
ЖЭҚ-да жалпы биіктігі 150 м-ден 315м-ге дейін:
1) В типті орташа қарқындылықтағы оттарға қосымша, ЖЭҚ гондоласында қолданыстағы оттар істен шыққан жағдайда, жарықпен қоршау оттарын резервтеуді қамтамасыз ету үшін оттардың екінші жиынтығы орнатылады. Оттардың екінші жиынтығы олардың жарық ағындарының өзара бітелуіне жол бермейтін етіп орнатылады;
2) ЖЭҚ гондоласының биіктігінің жартысына сәйкес келетін аралық деңгейде Е типті төмен қарқындылықтағы үш от орнатылады.";
301-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"301. Объект С типтегі орташа қарқындылықтағы бөгегіш оттармен белгіленген жағдайда, ал объектінің ең биік нүктесі қоршаған жергілікті жердің деңгейімен немесе таңбаланатын объектіні қоршап тұрған ғимараттардың ең биік нүктесімен салыстырғанда 45 м астам биіктікте болса, аралық деңгейлерде қосымша оттарды қолдану көзделеді. Бұл қосымша аралық оттар мүмкіндігіне қарай жоғары оттар мен жер беті деңгейінің немесе жақын орналасқан ғимараттардың биік нүктелері деңгейінің арасында бір бірінен бірдей қашықтықта қажет болған жағдайда 52 м-ден аспайтын аралықпен орналасады.".
7-қосымшаның 1-кестесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
7-қосымшаның 2-кестесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Тайжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
ҰҚЖ қонуға кіру жолағындағы кедергілерді шектеу беттерінің өлшемдері, еңістері және салыстырмалы биіктіктері
1-кесте |
Беттер және өлшемдер(1) | ҰҚЖ ЖІКТЕЛУІ | |||||||||
Жабдықталмаған ҰҚЖ-ы, |
Дәлме-дәл емес қонуға арналған ҰҚЖ, | Дәлме-дәл қонуға кіру ҰҚЖ-ы | ||||||||
І санат, кодтық нөмірі | ІІ немесе ІІІ санат, кодтық нөмірі | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 1,2 | 3 | 4 | 1,2 | 3,4 | 3,4 | |
КОНУСТЫҚ | ||||||||||
Еңкіштігі, % | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 |
Биіктігі, м. | 35 | 55 | 75 | 100 | 60 | 75 | 100 | 60 | 100 | 100 |
ІШКІ КӨЛДЕНЕҢ | ||||||||||
Биіктігі, м. | 45 | 45 | 45 | 45 | 45 | 45 | 45 | 45 | 45 | 45 |
Радиусы, м. | 2 000 | 2 500 | 4 000 | 4 000 | 3 500 | 4 000 | 4 000 | 3 500 | 4 000 | 4 000 |
ҚОНУҒА КІРУДІҢ ІШКІ БЕТІ | ||||||||||
Ені, м. | 90 | 120(4) | 120(4) | |||||||
Табалдырықтан қашықтығы, м. | 60 | 60 | 60 | |||||||
Ұзындығы, м. | 900 | 900 | 900 | |||||||
Еңкіштігі, % | 2,5 | 2 | 2 | |||||||
ҚОНУҒА КІРУДІҢ | ||||||||||
Ішкі шегінің ұзындығы, м. | 60 | 80 | 150 | 150 | 150 | 300 | 300 | 150 | 300 | 300 |
Табалдырықтан қашықтығы, м. | 30 | 60 | 60 | 60 | 60 | 60 | 60 | 60 | 60 | 60 |
Алшақтауы (әр жағына қарай), % | 10 | 10 | 10 | 10 | 15 | 15 | 15 | 15 | 15 | 15 |
Бірінші сектор | ||||||||||
Ұзындығы, м. | 1 600 | 2 500 | 3 000 | 3 000 | 2 500 | 3 000 | 3 000 | 3 000 | 3 000 | 3 000 |
Еңкіштігі, % | 5 | 4 | 3,33 | 2,5 | 3,33 | 2 | 2 | 2,5 | 2 | 2 |
Екінші сектор | ||||||||||
Ұзындығы, м. | 3 600(2) | 3 600(2) | 12 000(2) | 3 600(2) | 3 600(2) | |||||
Еңкіштігі, % | 2,5 | 2,5 | 3 | 2,5 | 2,5 | |||||
Көлденең сектор | ||||||||||
Ұзындығы, м. | 8 400(2) | 8 400(2) | – | 8 400(2) | 8 400(2) | |||||
Жалпы ұзындығы, м. | 15 000 | 15 000 | 15 000 | 15 000 | 15 000 | |||||
ӨТПЕЛІ | ||||||||||
Еңкіштігі, % | 20 | 20 | 14,3 | 14,3 | 20 | 14,3 | 14,3 | 14,3 | 14,3 | 14,3 |
ІШКІ ӨТПЕЛІ | ||||||||||
Көлбеуі, % | 40 | 33,3 | 33,3 | |||||||
ҮЗІЛГЕН ҚОНУДЫҢ | ||||||||||
Ішкі шегінің ұзындығы, м. | 90 | 120(4) | 120(4) | |||||||
Табалдырықтан қашықтығы, м. | * | 1 800(3) | 1 800(3) | |||||||
Алшақтауы (әр жағына қарай), % | 10 | 10 | 10 | |||||||
Еңкіштігі, % | 4 | 3,33 | 3,33 |
(1) Барлық өлшемдер көлденең жазықтықта берілген, егер басқаша көрсетілмесе.
(2) Өзгермелі ұзындық, қонуға кіру беті, 2,5 градиентті көлбеу сызығы ҰҚЖ табалдырығынан 150 м. биіктікте көлденең жазықтықты қиып өтіп немесе кез келген нысанның ең жоғарғы нүктесі арқылы өтетін кедергілерден ұшып өту абсолютті/салыстырмалы биіктігін (ОСА/Н) анықтайтын көлденең жазықтықтың, қайсысы жоғары болса, қиылысқан нүктесінен кейін көлденең орналасады.
(3) ҰҚЖ соңына дейінгі қашықтық, қай қашықтық аз екеніне байланысты.
(4) Екінші айналымға кету процесінде тұрақты жол сызығын сақтауға арналған бағыттау нұсқауларын беретін сандық борттық жабдығы бар F кодтық әрпіне сәйкес ұшақтарды қабылдайтын әуеайлақтарды қоспағанда F кодтық әрпі қолданылған жағдайда ені 140 метрге дейін ұлғайтылады.
* жолақтың соңына дейінгі қашықтық.
Кедергілерді шектеу беттерінің өлшемдері мен көлбеуі. Ұшу-көтерілуге арналған ҰҚЖ.
2-кесте |
Беті және өлшемдер(1) | Кодтық нөмірі | ||
1 | 2 | 3 немесе 4 | |
ҰШУ КЕЗІНДЕГІ БИІКТІККЕ КӨТЕРІЛУ | |||
Ішкі шегінің ұзындығы, м. | 60 | 80 | 180 |
Ұшу жолағының соңына дейінгі қашықтық(2), м. | 30 | 60 | 60 |
Алшақтауы (әр жағына қарай), % | 10 | 10 | 12,5 |
Түпкілікті ені, м. | 380 | 580 |
1 200, |
Ұзындығы, м. | 1 600 | 2 500 | 15 000 |
Көлбеуі, % | 5 | 4 | 2(4) |
(1) Барлық өлшемдер көлденең жазықтықта берілген, егер басқаша көрсетілмесе.
(2) Ұшу кезіндегі биіктікке көтерілу беті кедергілерден бос жолақтың соңынан басталады, егер оның ұзындығы көрсетілген қашықтықтан асып кетсе.
(3) Түнгі уақытта аспаптық және көрнекі метеорологиялық жағдайларда орындалатын ұшулар үшін жоспарланған жол 15º-тан астам бағытты өзгеруді қамтитын кезде - 1800 м.
(4) Сыни жағдайларда ұшуды орындау қажет болған жағдайда, 2-кестеде көрсетілген көлбеуді азайтудың қаншалықты орынды екенін анықтау үшін, осы ҰҚЖ қызмет көрсетуге арналған ұшақтардың пайдалану сипаттамаларын зерделеу қажет. Егер көрсетілген көлбеу азаятын болса, 300 м биіктікке дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндей ұшу кезіндебиіктікке көтерілу бетінің ұзындығына сәйкес түзету жүргізілуі керек. Егер жергілікті атмосфералық жағдайлар теңіз деңгейіндегі стандартты атмосфералық жағдайлардан айтарлықтай ерекшеленсе, 2-кестеде келтірілген көлбеуді азайтқан жөн. Көлбеудің төмендеу дәрежесі жергілікті атмосфералық жағдайлардың теңіз деңгейіндегі стандартты атмосфералық жағдайлардан ауытқу дәрежесіне, сондай-ақ осы ҰҚЖ қызмет көрсетуге арналған ұшақтардың пайдалану сипаттамаларына және осы ұшақтарға қойылатын пайдалану талаптарына байланысты. Егер ешбір объект ұшып-көтерілу кезінде 2 (1:50) көлбеу градиенті бетіне жетпесе, жаңа нысандар кедергісіз бетті немесе 1,6 (1:62,5) көлбеу басталғанға дейін созылатын бетті сақтайтындай етіп шектелуі керек.