"Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 338 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 қазанда № 37024 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10087 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бидайды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімінің сатып алу бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Бсат = ((Бнар*Ииф) – ҚҚС – Рөңдеу – Шөңдеу)/Кқ,

      мұнда:

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бнар – алдыңғы жылғы өнім бірлігінің нақты қалыптасқан нарықтық бағасы, теңге/килограмм (өңдеуші кәсіпорындардың деректері немесе Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – ҚР СЖРА ҰСБ) қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат);

      Ииф – инфляция деңгейі, % (алдыңғы жылы ресми статистикалық ақпарат);

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Рөңдеу – өңдеудің рентабельділігі (10%);

      Шөңдеу – тікелей өңдеуге жұмсалған шығындар, теңге/килограмм;

      Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы негізінде субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Нсуб = Бкеп.сат – Бсат,

      мұнда:

      Нсуб – өнім бірлігіне арналған субсидиялар нормативі, теңге/килограмм;

      Бкеп.сат – кепілдендірілген сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасын айқындау туралы шешім комиссияның хаттамалық шешімімен бекітіледі.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы дайын өнім өндірісінің нормативтік рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялар нормативін айқындауға арналған есептік көрсеткіш болып табылады.

      Егер нақты сатып алу бағасы кепілдендірілген сатып алу бағасынан төмен болса, онда субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша есептеледі:

      Нсуб.төмен = Бн.сат – Бсат,

      мұнда:

      Нсуб.төмен – өнім бірлігіне арналған субсидиялардың нормативі, теңге/килограмм;

      Бн.сат – нақты сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.";

      мынадай мазмұндағы 10-2-тармақпен толықтырылсын:

      "10-2. Бидайдың сатып алу бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Бсат = ((Бнар*Ииф) – ҚҚС –Рөңдеу+ Шөңдеу +Тж)/Кқ,

      мұнда:

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бнар – алдыңғы жылғы өнім бірлігінің нақты қалыптасқан нарықтық бағасы, теңге/килограмм (өңдеуші кәсіпорындардың деректері немесе ҚР СЖРА ҰСБ қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат);

      Ииф – инфляция деңгейі, % алдыңғы жылғы ресми статистикалық ақпарат;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Рөңдеу – өңдеудің рентабельділігі (10%);

      Шөңдеу – тікелей өңдеуге жұмсалған шығындар, теңге/килограмм;

      Тж – бастапқы шикізатты өңдеу кезінде жанама (басқа) өнімнен алынатын, бастапқы шикізаттың бір килограмына келтірілген табыс;

      Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасының белгіленген деңгейі негізінде субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Нсуб = Бкеп.сат – Бсат,

      мұнда:

      Нсуб – өнім бірлігіне арналған субсидиялар нормативі, теңге/килограмм;

      Бкеп.сат – кепілдендірілген сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасын айқындау туралы шешім комиссияның хаттамалық шешімімен бекітіледі.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы дайын өнім өндірісінің нормативтік рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялар нормативін айқындауға арналған есептік көрсеткіш болып табылады.

      Егер нақты сатып алу бағасы кепілдендірілген сатып алу бағасынан төмен болса, онда субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша төмендейді:

      Нсуб.төмен = Цн.сат – Цсат,

      мұнда:

      Нсуб.төмен – өнім бірлігіне арналған субсидиялардың төмендетілген нормативі, теңге/килограмм;

      Цн.сат. – нақты сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Цсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.";

      14-тармақтың 3-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2) сары майдың, қатты ірімшіктің, құрғақ сүттің (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған), құрғақ бидай дәнмаңызының (бидай глютені) жалпы өнім көлемінің өткен жылдың деңгейінде сақталуын /өсуін қамтамасыз ету бойынша қарсы міндеттемелерді сақтау, ақшалай мәнде (мың теңге).";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 338 бұйрығына 1-қосымша
Өңдеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алу
шығындарын субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенттері

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті

1

2

3

Сүт

Сары май

22,5

Сүт

Қатты ірімшік

12,0

Сүт

Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)

7,3

Бидай

Құрғақ бидай дән маңызы (бидай глютені)

9,5

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 338 бұйрығына 2-қосымша
Өңдеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алу
шығындарын субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім

      _______________________________________ жергілікті атқарушы органына

      (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)

      кімнен: ________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),

      тегі)

      Маған сары май/қатты ірімшік/құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған), құрғақ

      бидай дәнмаңызы (бидай глютені) өндіру және өткізу үшін __ килограмм көлемінде

      ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға _______________________ теңге

      (сома цифрмен және жазбаша) мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы _______________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі______________________

      мекенжайы:__________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)______________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _______________________________________________________

      кім берді_____________________________________________________

      берілген күні _________________________________________________

      мекенжайы:___________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _________________________________________

      Жеке тұлға үшін дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _______________________________________________

      хабарламаның берілген күні _____________________________________

      2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта

      операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:

      ЖСН/БСН ____________________________________________________

      бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ____________________________

      банктің немесе почта операторының деректемелері: ___________________

      банктің немесе почта операторының aтауы: ______________________

      банктің сәйкестендіру коды ____________________________________

      жеке сәйкестендіру коды _____________________________________

      БСН ______________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды (өтінім берілген сәттегі) растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер (әрбір ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативі және дайындаушы ұйым бойынша мәліметтер жеке толтырылады):

Шот-фактура нөмірі

Шот-фактураның берілген күні

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм

Бағасы, килограмына теңге, ҚҚС-ны есептемегенде

Құны, теңге

Сатушының атауы және ЖСН-сы/БСН-сы

1

2

3

4

5

6

7

8


















Жиыны (нақты сатып алу бағасы көрсетіледі)







      4. Дайын өнімнің (өтінім беру сәтінде) өткізілгенін растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер (әрбір сатып алушы бойынша мәліметтер жеке толтырылады):

Шот-фактура нөмірі

Шот-фактураның берілген күні

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм

Бағасы, килограмына теңге, ҚҚС-ны есептемегенде

Құны, теңге

Сатушының атауы және ЖСН-сы/БСН-сы

















      5. Тиесілі субсидиялар есептемесі (автоматты түрде толтырылады):

Тереңдете өңделген өнімнің атауы

Өндірілген өнімнің көлемі, килограмм

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу нәтижесі

Шот-фактурадан алынған деректер бойынша нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, килограмм

Субсидия нормативі, теңге/ килограмм

Қысқартылған субсидия нормативі, теңге/ килограмм (бар болса)

Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге

























      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бизнес-сәйкестендіру нөмірі 201040000013) "Тіркеуші ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесін құру жобасы аясында және көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша бюджет атқарылуына уәкілетті органға беруге келісім беремін.

      Дербес деректердің трансшекаралық берілуі болмағанын, сондай-ақ жалпыға бірдей қолжетімді дереккөздерде таратылуы болмағанын хабарлаймын.

      Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелер, электрондық почта мекенжайы, телефон нөмірі.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "___"______ сағат _______ қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 338 бұйрығына 3-қосымша
Өңдеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алу
шығындарын субсидиялау
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат

Облыс атауы

Өңдеуші кәсіпорынның атауы

Өңдеуші кәсіпорынның бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Өндірілген өнімнің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) атауы

Агроөнеркәсіптік кешеннің алдыңғы жылға өндірілген өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі заттай мәнде, тонна

Агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауардың немесе көрсетілген қызметтің) бағасы, теңге*

Агроөнеркәсіптік кешеннің алдыңғы жылға жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі, мың теңге (5*6)**

Ауытқу +/-/= мың теңге **

1

2

3

4

5

6

7

8

      Басшы немесе қол қою функциясы жүктелген адам

      _______________________________________________________________

      аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы

      Күні 20__ жылғы "____"______________

      Ескертпе:* агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) баға туралы деректер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген (тіркелген) Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 20-2-тармағына сәйкес субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – СМАЖ) автоматты түрде толтырылады;

      ** СМАЖ-да автоматты түрде есептеледі.

      АӨК өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі туралы ақпарат ұсынылған кезде АӨК субъектісі субсидиялар алуға өтінім берер алдында өндірілген өнімнің – сары май, қатты ірімшік және құрғақ сүттің (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған), құрғақ бидай дәнмаңызы (бидай глютені) көлемін көрсетеді.

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген) бекітілген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына өнімді (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру және тиеп-жөнелту туралы алғашқы статистикалық деректерді беруге келісемін. Бұл талап жұмыскерлерінің санына қарамастан, "Өнеркәсіп" қызметінің негізгі және (немесе) қосалқы түрлерімен (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 05-33, 35-39 кодтарына сәйкес) заңды тұлғаларға және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелеріне қолданылады.

      Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады