"Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/192 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 11-1-4/575 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 қазанда № 37023 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/192 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20857 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларында:

      27-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Некені (ерлі-зайыптылық) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш қызмет көрсетушіге:

      1) кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылар өзара келісімге келсе, әрі мүліктік даулары мен бір-біріне деген өзге де талаптары болмаған жағдайда жазбаша түрде немесе портал арқылы электрондық түрде (қазақстандық үлгідегі неке қию туралы куәлігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы некені бұзуды тіркеу үшін) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және некені бұзуды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің реттік нөмірі 8-жолының 1 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттары қоса беріле отырып ұсынылады;

      2) ерлі-зайыптылардың бірі:

      Қазақстан Республикасы сотының ерлі-зайыптылардың бірін хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сотының жұбайын қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған үкімі негізінде осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде және некені бұзуды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің реттік нөмірі 8-жолының 2-тармағында көрсетілген құжаттарын қоса бере отырып;

      қылмыстық қудалау органының жұбайын сот санкциялаған күннен бастап үш жыл өткен соң халықаралық іздеуде деп жариялау туралы қаулысы негізінде осы Қағидаларға 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде және мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің реттік нөмірі 8-жолының 3-тармағында көрсетілген құжаттарын қоса бере отырып ұсынады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші "салыстыру үшін" белгісін қоя отырып неке бұзуды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің реттік нөмірі 8-жолында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жасайды да, түпнұсқаларын некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті ерлі-зайыптылардың өзара келісімімен немесе олардың бірінің бастамасымен берген тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қайтарады.";

      көрсетілген қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының Салық кодексіне және "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алымды төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Консулдық алымды төлеуден босату шарты Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес реттеледі.

      ";

      көрсетілген қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының Салық кодексіне және "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алымды төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Консулдық алымды төлеуден босату шарты Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес реттеледі.

      ";

      көрсетілген қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсету мерзімі бірлескен өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң;
2) хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу көрсетілетін қызметті берушіден жіберілген хабарламаны қамауда отырған екінші жұбайы, не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкіне қорғаншылық жасаушы алған күннен бастап қырық бес күн мерзім өткен соң жүзеге асырылады;
3) қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіруді сот санкциялаған күннен бастап үш жыл өткен соң жариялау туралы қаулысы негізінде неке (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу – 2 (екі) жұмыс күні;
4) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбесінің 8-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының Салық кодексіне және "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алымды төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Консулдық алымды төлеуден босату шарты Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес реттеледі.

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1. Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (салыстыру үшін);
3) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
2. Хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сотының жұбайын қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған үкімі негізінде Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
3) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп тану не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот үкімі (салыстыру үшін);
4) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
5) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
3. Қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіруді сот санкциялаған күннен бастап үш жыл өткен соң жариялау туралы қаулысы негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) қылмыстық қудалау органының жұбайын халықаралық іздестіруді жариялау туралы қаулысының негізінде Қағидаларға 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
3) қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіруді сот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң жариялау туралы қаулысы;
4) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
5) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
4. Порталға (кәмелетке толмаған балалары жоқ Қазақстан Республикасы азаматтарының, ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу кезінде):
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсете отырып, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтініш;
2) консулдық алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

      ";

      көрсетілген қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Шетелде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының Салық кодексіне және "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алымды төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Консулдық алымды төлеуден босату шарты Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес реттеледі.

      ";

      көрсетілген қағидаларға 15-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 15-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасынің Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрықтың 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он екінші, он бесінші, жиырмасыншы және жиырма бесінші абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
Е. Кошербаев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 11-1-4/575 бұйрыққа
1-қосымша
Шетелде азаматтық хал
актілерін мемлекеттік тіркеу
саласында мемлекеттік
қызметтерді көрсету
қағидаларына
15-қосымша
Нысан
Жолданды
____________________________
20___жылғы "_____"________
жауап күтілуде
20___жылғы "_____"_________
даудың жоқтығы туралы жауап
алынды, даудың бар екені
туралы, жауап алынған жоқ
(керектігінің астын сызу)
____________________________
(Қазақстан Республикасының
шет елдегі мекемесінің атауы)
Кімнен:_____________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі)
мекенжайы:__________________
___________________________,
телефон нөмірі______________;
____________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі)
мекенжайы:__________________
___________________________,
телефон нөмірі_______________

Ерлі-зайыптылардың бірінің хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сотының жұбайын қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адаммен арадағы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

      ______________________________________ некені (ерлі- зайыптылықты)

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      _______________________________ туралы_______________________________

      (соттың атауы) сотының 20__ жылғы "___" ____________ № _____ шешімі/үкімі

      негізінде бұзуды сұраймын.

      Неке (ерлі-зайыптылықты) бұзушылар туралы мәліметтер:



Азамат

Азаматша

1.

Аты



2.

Әкесінің аты (бар болса)



3.

Тегі: бұзуға дейін




бұзудан кейін



4.

Жеке сәйкестендіру нөмірі



5.

Туған күні, жасы

__________жылы "_____" __
_____ жасқа толды

__________жылы "_____" _________ _____жасқа толды

6.

Ұлты



7.

Азаматтығы



8.

Заңды мекенжайы Қай жылдан бастап тұрады



9.

Білімі



10.

Қайда және кім болып жұмыс істейді (егер жұмыс істемесе, өмір сүру көздерін көрсету)



11.

Нешінші некеде (ерлі-зайыптылық) отырды



12.

Бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) қай жерде қиылған (некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы актілік жазбаның нөмірі мен күні)



13.

18 жасқа дейінгі балалар (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)



14.

Жеке басын куәландыратын құжатының деректері (нөмірі, қашан және кіммен берілді)



      Пошталық мекенжай _____________________________________________.

      (сотталған жұбайының, әрекетке қабілетсіз жұбайының, хабар-ошарсыз кеткен

      мүлкінің қорғаншысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, нақты мекенжайды

      көрсету)

      Өтінішке қосып беремін(міз): ______________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Өтініш берушінің қолдары:

      Азамат _________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Азаматша_______________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) 20___жылғы "_____" _________.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің

      491-бабына сәйкес жалған мағлұмат берген үшін әкімшілік жаза тағайындалатын

      туралы ескертілдім. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан

      Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап

      етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріме қол жеткізуге келісімімді беремін.

      -------------------------------------------------------------------------------------------------------

      қиып алу сызығы

      20 __ жылғы "___" ________ некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркеу

      туралы өтініш қарастыруға қабылданды. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік

      тіркеу туралы куәлікті алу үшін 20____жылғы "___" __________________ келу.

      Құжаттарды қабылдаған қызметкердің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      ___________________________________________________________________.

  2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 11-1-4/575 бұйрыққа
2-қосымша
Шетелде азаматтық хал
актілерін мемлекеттік тіркеу
саласында мемлекеттік
қызметтерді көрсету
қағидаларына
15-1-қосымша
Нысан
____________________________
(Қазақстан Республикасының
шет елдегі мекемесінің атауы)
____________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің
аты (бар болғанда), тегі)
мекенжайы:_______________,
телефон нөмірі_____________,
жеке куәліктің № ___________
___________________________,
(нөмірі, кім және қашан берген)
жеке сәйкестендіру нөмірі
____________________________

Қылмыстық қудалау органының жұбайын халықаралық іздеуде деп жариялау туралы қаулысы негізінде ерлі-зайыптылардың бірінің неке (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші

      _______________________________________некені (ерлі-зайыптылықты)

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20____ жылғы "____" ________________ №___________________ қылмыстық қудалау

      органының халықаралық іздеуге жариялау туралы қаулысының негізінде бұзуды сұраймын.

      Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушы туралы мәліметтер:



Азамат

Азаматша

1.

Аты



2.

Әкесінің аты (бар болса)



3.

Тегі: бұзуға дейін




бұзудан кейін



4.

Туған күні, жасы

_______жылы "_____" _________
_____ жасқа толды

________жылы "_____" _________
_____жасқа толды

5.

Ұлты



6.

Азаматтығы



7.

Заңды мекенжайы



8.

Қай жылдан бастап тұрады



9.

Білімі



10.

Қайда және кім болып жұмыс істейді (егер жұмыс істемесе, күнкөріс көзі көрсетіледі)



11.

Қанша рет некеде (ерлі-зайыптылықта) болған



12.

Бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) қай жерде тіркелген (неке қию туралы актілік жазбаның нөмірі мен күні)



13.

18 жасқа дейінгі балалар (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)



14.

Жеке басын куәландыратын құжатының деректері (нөмірі, қашан және кіммен берілді)



15

Жеке сәйкестендіру нөмірі



      Неке (ерлі-зайыптылықты) бұзылғаннан кейін бір ай ішінде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыру қажеттігі туралы хабардармын (тегін өзгерткісі келетін адамдар үшін).

      Өтінішке қоса беремін: __________________________________________.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәліметтер бергені үшін әкімшілік жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріме қол жеткізуге келісімімді беремін.

      20____ жылғы "____"_________ _______________

      (қолы)

      -------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (қиып алу сызығы)

      20_____ жылғы "____" __________ неке (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш қарауға қабылданды. Қарау нәтижелері 20__ жылғы "____" ___________ күні хабарланады. Құжаттарды қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады