Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 мамырда № 18702 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 627-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 144) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 21.07.2025 № 11-1-4/433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекітілсін.

      2. Осы Бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Сыртқы істер министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнама белгілеген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
Б. Атамқұлов

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2019 жылғы 20 мамырдағы
№ 11-1-4/227 бұйрығына
1-қосымша

Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 21.07.2025 № 11-1-4/433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/н

Консулдық іс- әрекеттердің атауы

Валютадағы алым мөлшерлемелері

1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу

1.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу

100 АҚШ доллары

75 еуро

65 ағылшын фунт стерлингі

110 швейцар франкі

10000 ресей рублі

660 қытай юані

2. Қазақстан Республикасының визаларын беру

2.

Бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа)

80 АҚШ доллары

75 еуро

75 ағылшын фунт стерлингі

80 швейцар франкі

8000 ресей рублі

515 қытай юані

3.

Көп мәртелiк виза (туристік және транзиттік визалардан басқа)

бір жылға дейін - 200 АҚШ доллары екі жылға дейін - 400 АҚШ доллары үш жылға дейін - 600 АҚШ доллары төрт жылға дейін - 800 АҚШ доллары бес жылға дейін - 1000 АҚШ доллары

бір жылға дейін - 170 еуро екі жылға дейін - 330 еуро үш жылға дейін - 450 еуро төрт жылға дейін - 600 еуро бес жылға дейін - 850 еуро

бір жылға дейін - 170 ағылшын фунт стерлингі екі жылға дейін - 330 ағылшын фунт стерлингі үш жылға дейін - 450 ағылшын фунт стерлингі төрт жылға дейін - 600 ағылшын фунт стерлингі бес жылға дейін - 810 ағылшын фунт стерлингі

бір жылға дейін - 200 швейцар франкі екі жылға дейін - 400 швейцар франкі үш жылға дейін - 600 швейцар франкі төрт жылға дейін - 800 швейцар франкі бес жылға дейін - 1000 швейцар франкі

бір жылға дейін
- 20000 ресей рублі екі жылға дейін - 40000
ресей рублі үш жылға дейін
- 60000 ресей рублі төрт жылға дейін -80000
ресей рублі бес жылға дейін
-100000 ресей рублі

бір жылға дейін - 1285 қытай юані
екі жылға дейін - 2570 қытай юані
үш жылға дейін
- 3855 қытай юані
төрт жылға дейін
- 5140 қытай юані
бес жылға дейін
- 6525 қытай юані

4.

Туристтік виза:

бір мәртелік

60 АҚШ доллары

50 еуро

50 ағылшын фунт стерлингі

60 швейцар франкі

6000 ресей рублі

385 қытай юані

көп мәртелік

90 АҚШ доллары

80 еуро

80 ағылшын фунт стерлингі

90 швейцар франкі

9000 ресей рублі

580 қытай юані

5.

Транзиттік виза:

бір мәртелік

20 АҚШ доллары

15 еуро

15 ағылшын фунт стерлингі

20 швейцар франкі

2000 ресей рублі

130 қытай юані

көп мәртелік

90 АҚШ доллары

80 еуро

80 ағылшын фунт стерлингі

90 швейцар франкі

9000 ресей рублі

580 қытай юані

3. Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлікті беру

6.

Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлікті беру

10 АҚШ доллары

10 еуро

10 ағылшын фунт стерлингі

10 швейцар франкі

570 ресей рублі

65 қытай юані

4. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұру мәселелері бойынша қолдаухаттарды ресімдеу

7.

Шетелге жеке ісі бойынша барған Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұрақты тұруға қалу туралы қолдаухаттарын ресімдеу

140 АҚШ доллары

120 еуро

120 ағылшын фунт стерлингі

140 швейцар франкі

14000 ресей рублі

900 қытай юані

5. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі құжаттарды ресімдеу

8.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келу және отбасымен бірігу туралы қолдаухатын ресiмдеу

100 АҚШ доллары

75 еуро

65 ағылшын фунт стерлингі

100 швейцар франкі

10000 ресей рублі

645 қытай юані

9.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және азаматтығын қалпына келтiру туралы қолдаухатты ресiмдеу

100 АҚШ доллары

90 еуро

90 ағылшын фунт стерлингі

100 швейцар франкі

10000 ресей рублі

645қытай юані

10.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы қолдаухатты ресiмдеу

150 АҚШ доллары

130 еуро

130 ағылшын фунт стерлингі

150 швейцар франкі

15000 ресей рублі

1025 қытай юані

6. Азаматтық хал актілерін тіркеу

11.

Тууды тiркеу және тиiстi куәлiктер беру

25 АҚШ доллары

20 еуро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

2500 ресей рублі

165 қытай юані

12.

Неке қиюды тіркеу және неке туралы куәлiк беру

35 АҚШ доллары

30 еуро

30 ағылшын фунт стерлингі

35 швейцар франкі

3500 ресей рублі

225 қытай юані

13.

Неке бұзуды тіркеу тiркеу және неке бұзу туралы куәлік беру (әрбір куәлік үшін)

45 АҚШ доллары

40 еуро

40 ағылшын фунт стерлингі

45 швейцар франкі

4500 ресей рублі

290 қытай юані

14.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзуды тіркеу

25 АҚШ доллары

20 еуро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

2500 ресей рублі

165 қытай юані

15.

Азаматтық хал актілері жазбаларының өзгеруі, толықтырылуы, түзетілуі және қалпына келтірілуімен байланысты құжаттарды ресімдеу

25 АҚШ доллары

20 евро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

2500 ресей рублі

165 қытай юані

16.

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi беру

25 АҚШ доллары

20 евро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

2500 ресей рублі

165 қытай юані

7. Құжаттарды талап ету

17.

Құжаттарды талап ету (әрбір құжат үшін)

30 АҚШ доллары

25 еуро

25 ағылшын фунт стерлингі

30 швейцар франкі

3000 ресей рублі

195 қытай юані

8. Құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостиль қою үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі жолдау

18.

Құжаттарды заңдастыру (әрбір құжат үшін)

35 АҚШ доллары

30 еуро

30 ағылшын фунт стерлингі

35 швейцар франкі

3500 ресей рублі

225 қытай юані

19.

Апостиль қою үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі жолдау (әр бір құжат үшін)

35 АҚШ доллары

30 еуро

30 ағылшын фунт стерлингі

35 швейцар франкі

3500 ресей рублі

225 қытай юані

9. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

20.

Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын
мүлікті иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландыру

50 АҚШ доллары

45 еуро

45 ағылшын фунт стерлингі

50 швейцар франкі

5000 ресей рублі

325 қытай юані

21.

Мұраға құқық туралы куәлiктер беру

50 АҚШ доллары

45 еуро

45 ағылшын фунт стерлингі

50 швейцар франкі

5000 ресей рублі

325 қытай юані

22.

Ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер беру

50 АҚШ доллары

45 еуро

45 ағылшын фунт стерлингі

50 швейцар франкі

5000 Ресей рублі

325 Қытай юані

23.

Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру

30 АҚШ доллары

25 еуро

25 ағылшын фунт стерлингі

30 швейцар франкі

3000 ресей рублі

195 қытай юані

24.

Құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру (әр бiр құжат үшiн)

30 АҚШ доллары

25 еуро

25 ағылшын фунт стерлингі

30 швейцар франкі

3000 ресей рублі

195 қытай юані

25.

Құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландыру

40 АҚШ доллары

35 еуро

35 ағылшын фунт стерлингі

40 швейцар франкі

4000 ресей рублі

260 қытай юані

26.

Азаматтың тірі екендігі фактісін куәландыру

25 АҚШ доллары

20 еуро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

2500 ресей рублі

165 қытай юані

27.

Азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру

25 АҚШ доллары

20 еуро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

2500 ресей рублі

165қытай юані

28.

Құжаттар берiлген уақытты куәландыру

25 АҚШ доллары

20 еуро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

2500 ресей рублі

165 қытай юані

29.

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға беру

30 АҚШ доллары

25 еуро

25 ағылшын фунт стерлингі

30 швейцар франкі

3000 ресей рублі

195 қытай юані

30.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету

30 АҚШ доллары

25 еуро

25 ағылшын фунт стерлингі

30 швейцар франкі

3000 ресей рублі

195 қытай юані

10. Консулдық мекемеде өсиет қағазын, құжаттар салынған пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерліктен басқа) сақтау

31.

Өсиет хатты консулдық мекемелерде сақтау

50 АҚШ доллары

45 еуро

45 ағылшын фунт стерлингі

50 швейцар франкі

5000 ресей рублі

325 қытай юані

32.

Консулдық мекемеде өсиетхаттан басқа құжаттар пакетiн сақтау (айына)

20 АҚШ доллары

15 еуро

15 ағылшын фунт стерлингі

20 швейцар франкі

2000 ресей рублі

130 қытай юані

33.

Мұраға қалдырылғандарды қоспағанда, ақшаны, бағалы қағаздарды сақтау (ай сайын)

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

11. Көпшілік сауда-саттықта тауарлар немесе өзге де мүлік сату

34.

Көпшілік сауда-саттықта тауарлар немесе өзге де мүлік сату

түскен соманың
1%-ы,
бiрақ
60 АҚШ долларынан кем емес

түскен соманың 1%-ы, бiрақ 45 еуродан кем емес

түскен соманың 1%-ы, бiрақ 40 ағылшын фунт стерлингтен кем емес

түскен соманың 1%-ы, бiрақ 65 швейцар франктен кем емес

түскен соманың
1%-ы, бiрақ
6000 ресей рублінен кем емес

түскен соманың 1%-ы, бiрақ
385 қытай юанінен кем емес

12. Алты айға дейінгі мерзімге мүлікті немесе ақша сомаларын тиесілігі бойынша беру үшін депозитке қабылдау

35.

Алты айға дейінгі мерзімге мүлікті немесе ақша сомаларын тиесілігі бойынша беру үшін депозитке қабылдау (ай сайын)

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

13. Заңды тұлғалардың мекен-жайына дипломатиялық пошта арқылы құжаттар жіберу

36.

Заңды тұлғалардың мекенжайына дипломатиялық пошта арқылы құжаттар жіберу

65 АҚШ доллары

60 еуро

60 ағылшын фунт стерлингі

65 швейцар франкі

6500 ресей рублі

420 қытай юані

14. Кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру

37.

Кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру

50 АҚШ доллары

45 еуро

45 ағылшын фунт стерлингі

50 швейцар франкі

5000 ресей рублі

325 қытай юані

15. Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру

38.

Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру

60 АҚШ доллары

55 еуро

55 ағылшын фунт стерлингі

60 швейцар франкі

6000 ресей рублі

385 қытай юані

16. Шетелдегі Қазақстан Республикасы кемесінің немесе жүгінің опат болуы немесе зақымдануы (кемелердің апатқа ұшырауы) жағдайында теңіз наразылығы туралы акт жасау

39.

Шетелдегі Қазақстан Республикасы кемесінің немесе жүгінің опат болуы немесе зақымдануы (кемелердің апатқа ұшырауы) жағдайларында немесе тұрған кезеңде орын алған оқиға туралы кеме капитанының дәлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында кеме иесiне мүлiктiк талаптар қоюға негiздеме бола алатын мәлiмдемесi теңіз наразылығы туралы акт жасау

60 АҚШ доллары

55 еуро

55 ағылшын фунт стерлингі

60 швейцар франкі

6000 ресей рублі

385 қытай юані

17. Заңдық мәні бар басқа да құжаттар (анықтамалар) беру

40.

Заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру

50 АҚШ доллары

45 еуро

40 ағылшын фунт стерлингі

50 швейцар франкі

5000 ресей рублі

325 қытай юані

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2019 жылғы 20 мамырдағы
№ 11-1-4/227 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 08-1-1-1/249 "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылғы 2 тамызда № 6372 болып тіркелді, ("Казахстанская правда" газетте 06.11.2010 ж., № 295-296 (26356-26357) жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 8-1-1-1/352 "Консулдық іс-әрекеттерді жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының, сонымен қатар жеделдік үшін консулдық алым ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 08-1-1-1/249 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрығы, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылы 24 қыркүйекте № 7923 тіркелді, "Егемен Қазақстан" газетте 31.10.12 ж. № 710-716 (27788); "Казахстанская правда" от 31.10.12 ж. № 375-376 (27194-27195) жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 08-1-1-1/205 "Консулдық іс-әрекеттерді жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының, сонымен қатар жеделдік үшін консулдық алым ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 08-1-1-1/249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" бұйрығы, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылы 14 маусымда № 8512 тіркелді, "Егемен Қазақстан" 03.07.2013 ж. № 162 (28101); "Казахстанская правда" газетте 03.07.2013 ж. № 224 (27498) жарияланған).

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-1-2/582 "Консулдық іс-әрекеттерді жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының, сонымен қатар жеделдік үшін консулдық алым ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 08-1-1-1/249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12710 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 27.01.2016 ж.; "Егемен Қазақстан" 28.07.2016 ж. № 143 (28871); 30.07.2016 ж. № 145 (28873); "Казахстанская правда" 28.07.2016 ж. № 143 (28269); от 30.07.2016 г. № 145 (28271) жарияланған).

      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 3 қарашадағы № 11-1-2/508 "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 08-1-1-1/249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2017 жылғы 3 қарашада № 15972 болып тіркелді, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 21.11.2017 ж. жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады