Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 250-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте № 36974 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 628-бабына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. "Жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 177-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36497 болып тіркелген) бұйрығы күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі
Н. Нуржигитов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің Ұлттық

      статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 250-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

      1. Осы Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 628-бабына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес әзірленді және жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу кезінде қолданылады.

      2. Төлемақы мөлшерлемелері осы Әдістемге 1 қосымшада көрсетілген жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін базалық коэффициентер және 2-қосымшада көрсетілген жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін салалық базалық коэффициентерге сәйкес өзен бассейндері және экономика салалары бойынша жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының базалық коэффициенттеріне сәйкес формуламен есептеледі:

      Салалық ТМ = АЕК * K1 * K2o,

      мұндағы:

      Салалық ТМ - салалық төлемақы мөлшерлемесі;

      АЕК - заңнамалық актілерде белгіленген және есептеу кезеңінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш;

      К1 - жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін базалық коэффициентер (нақты алынған су бассейніне қатысты АЕК үлесі);

      K2o - экономиканың белгілі бір секторы үшін жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін салалық базалық коэффициентер.

      3. Жерүсті объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемі осы Әдістеменің 3-қосымшада көрсетілген жерүсті көздерінен алынған су көлеміне төлем мөлшерлемесінің өлшем бірлігіне сәйкес су объектісінен пайдалану үшін алынған су көлемінің бірлігі үшін белгіленеді.

      4. Аймақтық жағдайларды ескере отырып, төлемақы мөлшерлемелерін бекіту кезінде салалық төлемақы мөлшерлемесі осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес тиісті коэффициенттерге көбейтіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 21.05.2026 № 157-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жерүсті су объектілерінің су
ресурстарын пайдаланғаны
үшін төлемақы
мөлшерлемелерін
есептеу әдістемесіне
1-қосымша

Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін базалық коэффициентер

      1-кесте. К1* Су бассейндері бөлінісінде Қазақстан Республикасындағы АЕК-нің өзекті мөлшеріне қатысты жерүсті объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі коэффициентінің мөлшері

Өзендер, көлдер, теңіздер бассейні

Төлемақы мөлшерлемесінің коэффициенті

АЕК (К1) өзекті мөлшеріне қатысты

1

Сырдария өзені және Арал теңізі бассейні

0,089

2

Балқаш және Алакөл көлдері бассейні

0,133

3

Ертіс өзені бассейні

0,055

4

Есіл өзені бассейні

0,256

5

Нұра, Сарысу және Кенгір бассейніне жататын өзендер

0,088

6

Торғай, Ырғыз, Тобыл бассейніне жататын өзендер

0,152

7

Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембі, Еділ, Үлкен және Кіші Өзен өзендері және Каспий теңізі бассейні

0,078

8

Шу, Талас және Аса өзендері бассейні

0,156

  Жерүсті су объектілерінің су
ресурстарын пайдаланғаны
үшін төлемақы өлшерлемелерін
есептеу әдістемесіне
2-қосымша

Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін салалық базалық коэффициентер

      1-кесте. - Экономика саласына қарай ауыл шаруашылығына қатысты төлемақының базалық мөлшерлемесінің көлеміне коэффициент, К2о*

Өзендер, көлдер, теңіздер бассейні

Арнаулы су пайдалану түрі

Тұрғын үй пайдалану және -коммуналдық қызметтер

Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп

Ауыл шаруашылығы

Су көздерінен алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

Гидроэнерге-тика

Су көлігі

1

Сырдария өзені және Арал теңізі бассейні

1,27

3,61

1,00

1,00

0,37

0,14

2

Балқаш және Алакөл көлдері бассейні

1,26

3,48

1,00

1,00

0,37

0,11

3

Ертіс өзені бассейні

1,24

3,55

1,00

1,00

0,37

0,14

4

Есіл өзені бассейні

1,27

3,52

1,00

1,00

0,35

0,10

5

Нұра, Сарысу және Кенгір бассейніне жататын өзендер

1,21

3,46

1,00

1,00

-

-

6

Торғай, Ырғыз, Тобыл бассейніне жататын өзендер

1,27

3,63

1,00

1,00

-

-

7

Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембі, Еділ, Үлкен және Кіші Өзен өзендері және Каспий теңізі бассейні

1,24

3,55

1,00

1,00

-

0,12

8

Шу, Талас және Аса өзендері бассейні

1,21

3,41

1,00

1,00

0,34

-

  Жерүсті су объектілерінің су
ресурстарын пайдаланғаны
үшін төлемақы
мөлшерлемелерін есептеу
әдістемесіне
3-қосымша

Жерүсті су объектілерінің алынған су көлеміне төлем мөлшерлемесінің өлшем бірлігі

Саланың атауы

Есептелген алым мөлшермесінің мөлшеріне қатысты өлшем бірлігі

Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

Теңге/ 1000 есептегенде текше метр

Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп

Теңге/ 1000 есептегенде текше метр

Ауыл шаруашылығы

Теңге/ 1000 есептегенде текше метр

Су көздерінен алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

Теңге/ 1000 есептегенде текше метр

Гидроэнергетика

Теңге /1000 квт.сағат

Су көлігі

Теңге/ 1000 текше шақырым

  Жерүсті су объектілерінің су
ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерлемелерін
есептеу әдістемесіне
4-қосымша

Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесінің аймақтық коэффициенттері

      Ескерту. Әдістеме 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 21.05.2026 № 157-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Аймақтар

Өзендер, көлдер, теңіздер бассейндері

Аймақтық коэффициенттер

Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп

Ауыл шаруашылығы

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

Гидроэнергетика

Су көлігі

1

Абай облысы

Ертіс өзені бассейні

1

1

1

0,136

1

1

Балқаш және Алакөл көлдері бассейндері

0,5

0,5

0,5

0,048

0,5

0,5

2

Ақмола облысы

Есіл өзені бассейні

0,08

0,08

0,08

0,040

0,08

0,08

3

Ақтөбе облысы

Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембі өзендерінің бассейндері

1

1

1

0,112

1

1

Торғай, Ырғыз өзендерінің бассейндері

0,5

0,5

0,5

0,049

0,5

0,5

4

Алматы облысы

Балқаш және Алакөл көлдері бассейні

0,1

0,3

0,03

0,030

0,7

0,15

5

Атырау облысы

Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембі, өзендері және Каспий теңізі бассейндері

0,65

1

0,65

0,066

1

1

6

Шығыс Қазақстан облысы

Ертіс өзені бассейні

1

1

1

0,115

1

1

7

Жамбыл облысы

Шу, Талас және Аса өзендерінің бассейндері

0,2

0,2

0,04

0,040

0,2

1

8

Жетісу облысы

Балқаш және Алакөл көлдері бассейндері

0,1

0,3

0,03

0,030

0,7

0,15

9

Қарағанды облысы

Балқаш және Алакөл көлдері бассейндері

0,5

0,5

0,5

0,055

0,5

0,5

Ертіс өзені бассейні

1

1

1

0,154

1

1

Есіл өзені бассейні

0,3

0,3

0,3

0,031

0,3

0,3

Нұра, Сарысу және Кенгір өзендерінің бассейндері

1

1

1

0,100

1

1

10

Қостанай облысы

Торғай, Ырғыз, Тобыл өзендерінің бассейндері

0,5

0,5

0,5

0,053

1

1

11

Қызылорда облысы

Сырдария өзені және Арал теңізі бассейндері

1

0,5

0,025

0,025

1

0,5

12

Павлодар облысы

Ертіс өзені бассейні

1

1

1

0,182

1

1

13

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл өзені бассейні

0,3

0,3

0,3

0,031

0,3

0,3

14

Ұлытау облысы

Нұра, Сарысу және Кенгір өзендерінің бассейндері

1

1

0,5

0,055

1

1

Торғай, Ырғыз, Тобыл өзендерінің бассейндері

0,5

0,5

0,2

0,066

1

1

15

Түркістан облысы

Сырдария өзені және
Арал теңізі бассейндері

0,4

0,5

0,1

0,100

0,4

0,3

16

Батыс Қазақстан облысы

Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембі, Еділ, Үлкен және Кіші Өзен өзендері және Каспий теңізі бассейндері

1

1

1

0,107

1

1

17

Маңғыстау облысы

Каспий теңізі бассейні

0,3

0,4

0,5

0,049

1

1

18

Астана қаласы

Есіл өзені бассейні

0,3

0,3

0,3

0,031

0,3

0,3

Нұра өзені бассейні

1

1

1

0,100

1

1

19

Алматы қаласы

Балқаш және Алакөл көлдері бассейндері

0,2

0,2

0,2

0,100

0,2

0,2

20

Шымкент қаласы

Сырдария өзені және
Арал теңізі бассейндері

0,4

0,5

0,1

0,100

0,3

0,3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады