Жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 22 шiлдедегi № 177-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 шiлдеде № 36497 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 569-бабына, және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген) бұйрығы;

      2) "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалағаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы №19-1/550 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11719 болып тіркелген) бұйрығы.

      3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі
Н. Нуржигитов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің Ұлттық

      статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрі
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 177-НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесі

      1. Осы Жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 569-бабына сәйкес әзірленді және жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу кезінде қолданылады.

      2. Төлемақы мөлшерлемелері осы Әдістемге 1 қосымшада көрсетілген жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін базалық коэффициентер және 2-қосымшада көрсетілген жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін салалық базалық коэффициентерге сәйкес өзен бассейндері және экономика салалары бойынша жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының базалық коэффициенттеріне сәйкес формуламен есептеледі:

      Салалық ТМ = АЕК * K1 * K2o,

      мұндағы:

      Салалық ТМ - салалық төлемақы мөлшерлемесі;

      АЕК - заңнамалық актілерде белгіленген және есептеу кезеңінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш;

      К1 - жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін базалық коэффициентер (нақты алынған су бассейніне қатысты АЕК үлесі);

      K2o - экономиканың белгілі бір секторы үшін жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін салалық базалық коэффициентер.

      3. Жерүсті объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемі осы Әдістеменің 3-қосымшада көрсетілген жерүсті көздерінен алынған су көлеміне төлем мөлшерлемесінің өлшем бірлігіне сәйкес су объектісінен пайдалану үшін алынған су көлемінің бірлігі үшін белгіленеді.

      4. Аймақтың жағдайларды ескере отырып, төлемақы мөлшерін белгілеу кезінде 0,2-ден 2,0-ге дейінгі коэффициентер қолданылады. Жергілікті бюджетке түсетін төлемдердің жалпы сомасы осы Әдістеменің 3-тармағы негізінде есептелген сомадан кем және екі еседен жоғары болмауы тиіс.

  Жерүсті су көздерінің су
ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерлемелерін
есептеу әдістемесіне
1-қосымша

Жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін базалық коэффициентер

      1-кесте. К1* Су бассейндері бөлінісінде Қазақстан Республикасындағы АЕК-нің өзекті мөлшеріне қатысты жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі коэффициентінің мөлшері

 

 

Төлемақы мөлшерлемесінің коэффициенті

 

Өзендер, көлдер, теңіздер бассейні

АЕК (К1) өзекті мөлшеріне қатысты

1

Сырдария өзені және Арал теңізі бассейні

0,089

2

Балқаш және Алакөл көлдері бассейні

0,133

3

Ертіс өзені бассейні

0,055

4

Есіл өзені бассейні

0,256

5

Нұра, Сарысу және Кенгір бассейніне жататын өзендер

0,088

6

Торғай, Ырғыз, Тобыл бассейніне жататын өзендер

0,152

7

Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембі, Еділ, Үлкен және Кіші Өзен өзендері және Каспий теңізі бассейні

 
0,078

8

Шу, Талас және Аса өзендері бассейні

0,156

  Жерүсті су көздерінің су
ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерлемелерін
есептеу әдістемесіне
2-қосымша

Жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін салалық базалық коэффициентер

      1-кесте. - Экономика саласына қарай ауыл шаруашылығына қатысты төлемақының базалық мөлшерлемесінің көлеміне коэффициент, К2о*

  Өзендер, көлдер, теңіздер бассейні

Арнаулы су пайдалану түрі

Тұрғын үй пайдалану және -коммуналдық қызметтер

Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп

Ауыл шаруашылығы

Су көздерінен алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

Гидроэнерге-тика

Су көлігі

1

Сырдария өзені және
Арал теңізі бассейні

1,27

3,61

1,00

1,00

0,37

0,14

2

Балқаш және Алакөл көлдері бассейні

1,26

3,48

1,00

1,00

0,37

0,11

3

Ертіс өзені бассейні

1,24

3,55

1,00

1,00

0,37

0,14

4

Есіл өзені бассейні

1,27

3,52

1,00

1,00

0,35

0,10

5

Нұра, Сарысу және Кенгір бассейніне жататын өзендер

1,21

3,46

1,00

1,00

-

-

6

Торғай, Ырғыз, Тобыл бассейніне жататын өзендер

1,27

3,63

1,00

1,00

-

-

7

Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембі, Еділ, Үлкен және Кіші Өзен өзендері және Каспий теңізі бассейні

1,24

3,55

1,00

1,00

-

0,12

8

Шу, Талас және Аса өзендері бассейні

1,21

3,41

1,00

1,00

0,34

-

  Жерүсті су көздерінің су
ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерлемелерін
есептеу әдістемесіне
3-қосымша

Жерүсті су көздерінен алынған су көлеміне төлем мөлшерлемесінің өлшем бірлігі

Саланың атауы

Есептелген алым мөлшермесінің мөлшеріне қатысты өлшем бірлігі

Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

Теңге/ 1000 есептегенде текше метр

Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп

Теңге/ 1000 есептегенде текше метр

Ауыл шаруашылығы

Теңге/ 1000 есептегенде текше метр

Су көздерінен алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

Теңге/ 1000 есептегенде текше метр

Гидроэнергетика

Теңге /1000 квт.сағат

Су көлігі

Теңге/ 1000 текше шақырым


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады