Мемлекеттік кірістер органы шешімдерінің және өзара келісу рәсімі мәселесі бойынша өтініштердің нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 530 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қыркүйекте № 36926 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабының 4-тармағына, 113-бабының 2-тармағына және 232-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтініш нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы шешім нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы шешім нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін тоқтату туралы өтініш нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу қорытындысы бойынша қабылданған шешім нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 530 Бұйрығына 1-қосымша
нысан
____________________________
(көрсетілетін қызмет алушының
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол
жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе) немесе
ұйымның атауы)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
____________________________
  (көрсетілетін қызмет алушының
мекенжайы)

Шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтініш

      20__ жылғы "___" _________

      1. Салық төлеуші туралы мәліметтер:

      __________________________________________________________________

      (Заңды/жеке тұлғаның атауы, БСН/ЖСН, заңды мекенжайы, резиденттік елі)

      2. Төлем көзінен табыс салығын ұстаған компания:

      __________________________________________________________________

      (заңды/жеке тұлғаның атауы, БСН/ЖСН, заңды мекенжайы, резиденттік елі)

      3. Дау мәнінің қысқаша сипаттамасы:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (Мәміленің сипаттамасы (қызметтер, роялти, қаржыландыру және т. б.), шетелдік салық органының ұстанымы / шетелдік тексеру нәтижесі (бар болса), Қазақстандағы салық дауының мәні, анықталған сәйкессіздіктер, күдік (құқықтық актілердің нормасына сілтемелермен))

      4. Дау айтылатын салық кезеңдері мен сомасы:

      __________________________________________________________________

      (Салық кезеңдері, түзетуге жататын салық сомасы, ұсталған / қоса есептелген

      салықтар)

      5. Ағымдағы мәртебе туралы мәліметтер:

      __________________________________________________________________

      (Актіге шағым жасалуда ма (сатысын көрсету: апелляция / сот / түпкілікті шешім,

      (егер болса, күшіне ену/ талап қоюдың ескіру мерзімін көрсету))

      6. Өтінішке қоса берілетін құжаттар:

      __________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 232-бабының 2-тармағына сәйкес тұлға өтінішке мыналарды қоса беруге міндетті:

      1) алынған (алынуға жататын) кірістердің және (немесе) ұсталған (олар ұсталған жағдайда) салықтардың сомасын растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмесі;

      2) сондай-ақ нотариат куәландырған көшірмелері:

      жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге немесе өзге де мақсаттарға арналған келісімшарттар (шарттар, келісімдер);

      заңды тұлғалар үшін мынадай құжаттар:

      заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын) және мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, құрылтай құжаттарын не сауда тізілімінен үзінді көшірмелерді;

      заңды тұлғаның тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (директорлар кеңесінің жалпы жиналысының немесе оны өткізу орны көрсетілген ұқсас органның хаттамасының немесе басқару және (немесе) бақылау орнын растайтын өзге де құжаттардың, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті коммерциялық шешімдердің қабылданғанын растайтын құжаттың;

      жеке тұлғалар үшін:

      Қазақстан Республикасының жеке куәлігі немесе паспорты;

      шетелдік төлқұжат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

      Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат (ол болған кезде);

      Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжат (виза немесе өзге де құжаттар);

      Қазақстан Республикасы және (немесе) шет мемлекет сотының заңды күшіне енген шешімі (ол болған кезде).

      7. Өзара келісу рәсімі мәселесі бойынша байланыс жасайтын адам:

      __________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. ЖСН, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

      Өтініш беруші _______________________________ _________ (Т.А.Ә.) (қолы)

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 232-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган адамнан өзара келісу рәсімін жүргізу үшін қажетті қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуге құқылы.

      Ескертпе: аббревиатуралардың ашып жазылуы:

      БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 530 Бұйрығына 2-қосымша
нысан ___________________
(көрсетілетін қызмет алушының
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол
жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе)
немесе ұйымның атауы)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
____________________________
(көрсетілетін қызмет
алушының мекенжайы)

Шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін өткізу туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы шешім

      20__ жылғы "___" _________

      ________________________________________________________________

      (шешім қабылдаған уәкілетті органның атауы)

      Салық кодексінің 232 бабының 4 тармағына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе) немесе өтініш берген ұйымның атауы, өтініштің күні мен нөмірі)

      өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтінішті мынадай негіздер бойынша

      қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдады:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органының башысы (басшысының орынбасары)

      ________________________ _________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 232-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тұлға, егер жол берілген бұзушылықтарды жойған болса, өтінішті қайта беруге құқылы.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 530 Бұйрығына 3-қосымша
нысан ____________________
(көрсетілетін қызмет алушының
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол
жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе)
немесе ұйымның атауы)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
__________________________
(көрсетілетін қызмет
алушының мекенжайы)

Шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім

      20__ жылғы "___" _________

      _______________________________________________________________

      (шешім қабылдаған уәкілетті органның атауы)

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 232-бабының 7-тармағына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе) немесе өтініш берген ұйымның атауы, өтініштің күні мен нөмірі)

      өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтінішті мынадай негіздер бойынша

      қараудан бас тартады:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органының башысы (Басшысының орынбасары)

      ________________________ _________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
  2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 530 Бұйрығына 4-қосымша
нысан ____________________
(көрсетілетін қызмет алушының
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол
жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе)
немесе ұйымның атауы)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
__________________________
(көрсетілетін қызмет
алушының мекенжайы)

Шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы шешім

      20 жылғы "___" _________ _________

      _______________________________________________________________

      (шешім қабылдаған уәкілетті органның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе) немесе өтініш берген ұйымның атауы, өтініштің күні мен нөмірі)

      өтінішін қарап, ______________________________________________________

      (өзара келісу рәсімінің басталған күні)

      бастап өзара келісу рәсімін жүргізу туралы шешім қабылдады.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 232-бабының 8-тармағына сәйкес уәкілетті орган осындай рәсімді жүргізу туралы шет мемлекеттің құзыретті органына сұрау салады.

      Өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша қабылданған шешім Салық кодексінің 232-бабының 10-тармағына сәйкес жолданатын болады.

      Мемлекеттік кірістер органының башысы (Басшысының орынбасары)

      ________________________ _________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

  Қазақстан Реcпубликасының
  Қаржы министрі
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 530 Бұйрығына 5-қосымша
нысан ____________________
(көрсетілетін қызмет алушының
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол
жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе)
немесе ұйымның атауы)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
__________________________
(көрсетілетін қызмет
алушының мекенжайы)

Шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуді тоқтату туралы өтініш

      20__ жылғы "___" _________

      ______________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе) немесе өтініш берген ұйымның атауы, өтініштің күні мен нөмірі)

      20 жылғы "___" ________ № ___ басталған өзара келісу рәсімін жүргізуді

      мынадай негіздерге байланысты:

      ____________________________________________________________________

      (қажет болған жағдайда себебін көрсетіңіз, мысалы: дау басқа жолмен шешілді/салық

      ерікті түрде төленді / талаптан бас тарту)

      тоқтатуды сұрайды.

      Өтініш беруші ________________________________ __________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 530 Бұйрығына 6-қосымша
нысан ____________________
(көрсетілетін қызмет алушының
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол
  жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе)
немесе ұйымның атауы)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
__________________________
(көрсетілетін қызмет алушының
мекенжайы)

Шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша қабылданған шешім

      20__ жылғы "___" _________

      _______________________________________________________________

      (шешім қабылдаған уәкілетті органның атауы)

      ___________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе) немесе өтініш берген ұйымның атауы, өтініштің күні мен нөмірі)

      20 жылғы "___" ________ № ___ өтініші бойынша өткізілген өзара келісу

      рәсімінің қорытындысы бойынша қабылданған шешім:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органының башысы (Басшысының орынбасары)

      _________________________ _________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады