ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
"Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың үлгілік нысаны (бұдан әрі – Шарттың үлгілік нысаны) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Мыналар бойынша белгіленсін:
Шартты үлгілік нысанының 4-тармағының 6) тармақшасы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады:
"6) табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген төлемақыны енгізуге;";
Шартты үлгілік нысанының 4-тармағының 17) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады:
"17) осы Шартты және аквашаруашылық субектісін дамыту жоспарын орындауға, сондай-ақ осы Шарттың және аквашаруашылық субектісін дамыту жоспарының орындалуы туралы ақпаратты аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі арқылы Заңның 14-бабы 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес беруге;".
5. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Шарттың үлгілік нысанының 4-тармағы 13) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 312 бұйрығымен бекітілген |
Жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың үлгілік нысаны
_________________ 20 __ жылғы "___" ___________ (елді мекен)
Бұдан әрі "Аумақтық бөлімше" деп аталатын, "______________________
___________________________________________________________________
_________________________________________________________________"
(аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің
атауы)
республикалық мемлекеттік мекемесі атынан _____________________________
негізінде әрекет ететін _______________________ бір тараптан және бұдан әрі
"Аквашаруашылық субъектісі" деп аталатын
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
атынан _______________________________________________________________
негізінде әрекет ететін
______________________________________________________________________
екінші тараптан, бірге "Тараптар" деп аталып, аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосының жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру туралы 20___ жылғы "___" __________ № _________ шешімі негізінде осы Жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шартты (бұдан әрі – Шарт) төмендегілер туралы жасасты:
1-тарау. Шарттың нысанасы
1. Аумақтық бөлімше Аквашаруашылық субъектісіне _________________
____________________________________________________________________
(жобаның атауы)
жобасын іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру құқығын береді.
2-тарау. Тараптардың құқықтары
2. Аквашаруашылық субъектісі "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес:
1) аквашаруашылыққа арналған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды, балық өсіру тоғанын, балық өсіру бассейнін және өсірілген аквашаруашылық объектілерін, оның ішінде олардан алынған өнімді меншіктенуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда аквашаруашылық мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, инженерлік коммуникациялар тартуды қоса алғанда, су қорғау белдеуінде балық өсіру объектілерін, балық өсіру тоғандарын салуға және пайдалануға, балық өсіру бассейндерін орналастыруға;
4) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иелерінен және (немесе) жер пайдаланушылардан сервитут беруді талап етуге;
5) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес арнайы су пайдалануға, оның ішінде ұңғымаларды (құдықтарды) бұрғылауға;
6) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес ұсынылатын аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға;
7) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінен мәліметтерді алуға және пайдалануға;
8) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесіне өтеусіз қол жеткізуге;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аквашаруашылыққа арналған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды, балық өсіру тоғандарын салуға және пайдалануға, балық өсіру бассейндерін орналастыруға;
10) Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасына сәйкес Аумақтық бөлімшеге осы Шартқа және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
11) арнаулы құрылғылар (тор қоршамалар) орнатылған орындарды кеме қатынасы қауіпсіздігіне және өзге де жүзу құралдарының қозғалысына кедергі келтірмейтін, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермейтін арқандармен және қалтқылармен қоршап қоюға;
12) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Аумақтық бөлімше осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы:
Аквашаруашылық субъектісі аквашаруашылықты жүргізуден өз еркімен жазбаша түрде бас тартқанда;
Аквашаруашылық субъектісінің қызметі тоқтатылғанда;
Аквашаруашылық субъектісі осы Шарттың талаптарын және (немесе) Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасының талаптарын күнтізбелік екі жыл ішінде үш рет және (немесе) одан да көп бұзғанда;
осы Шарттың 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттемелер орындалмағанда;
мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылғанда.
3-тарау. Тараптардың міндеттері
4. Аквашаруашылық субъектісі Заңға сәйкес:
1) аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына сәйкес балық өсіру көлемін сақтауға;
2) жобаның бизнес-жоспары мен жұмыс бағдарламасын сақтауға;
3) қайта өңдеу қуаттарын іске қосуды немесе жұмыс істеп тұрған өндірістерді қоса алғанда, өндірістік және қайта өңдеу қуаттарын реконструкциялау мен жаңғыртуды қоса алғанда, жаңа өндірістік объектілер құрылысын жүзеге асыруға;
4) осы Шарт жасалған сәттен бастап күнтізбелік бір жылдың ішінде Заңның 10-бабы 4-тармағына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу қағидаларына сәйкес аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) әзірленуін және Аумақтық бөлімшемен келісуін қамтамасыз етуге;
5) Аумақтық бөлімшемен биологиялық негіздемені келіскен күннен бастап бір ай ішінде Заңның 10-бабы 4-тармағына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысанға сәйкес аквашаруашылық субъектілерін дамыту жоспарын бекітуге;
6) Заңның 11-бабы 1-тармағына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидаларына сәйкес айқындалған көлемде, тәртіппен және мерзімдерде балық шаруашылығы су айдынының учаскесін бекітіп беруге жарна енгізуге;
7) биологиялық негіздемеде көзделген аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыруға;
8) аквашаруашылықты су биологиялық ресурстарына және оларды қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермейтін тәсілдермен және әдістермен жүргізуді қамтамасыз етуге;
9) аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес ұсынуға;
10) қарсы міндеттемелерді орындау бойынша ақпарат беруге;
11) су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөгде немесе генетикалық түрлендірілген түрлерін интродукциялауға жол бермеуге;
12) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қағидалар мен талаптарды сақтауға;
13) Заңның 6-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінде тіркелуге;
Ескерту. 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 5-тармағымен.
14) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды жолмен өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жіберуге;
15) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларға жәрдемдесуге;
16) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес ортақ пайдаланудағы жерүсті су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермеуге;
17) осы Шартты және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарын орындауға, сондай-ақ осы Шарттың және аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспары талаптарының орындалуы туралы ақпаратты беруге;
18) заңды тұлғаны біріктіру, қосу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, осы Шарт бойынша үшінші тұлғаларға құқықтар мен міндеттемелерді тапсыруға және (немесе) беруге және (немесе) мұндай құқықтар мен міндеттемелердің мұрагерлік бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен үшінші тұлғаға ауысуына жол бермеуге;
19) аквашаруашылық объектілерінің заңсыз аулануына жол бермеу мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін күзетуді қамтамасыз етуге;
20) Аумақтық бөлімшеге Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес бақылау үшін аулауды жүзеге асыру құқығын беруге;
21) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес аншлагтар орнатуға;
22) Қазақстан Республикасының су және экология заңнамасында, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалауларын пайдаланылатын жерлерде оларды күтіп-ұстауға;
23) осы Шарт мерзімінен бұрын бұзылған немесе оның мерзімі өткен жағдайда, аквашаруашылық үшін тұрғызылған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды қисынды мерзімде демонтаждауды, бұзып тастауды жүзеге асыруға;
24) меншік құқығы нәтижесінде жануарлардың мекендеу ортасының экологиялық нашарлауына жол бермеуге, өндірістік процестерді жүзеге асыру кезінде табиғатты қорғау технологиясын қолдануға;
25) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
26) аурулардың алдын алу және олармен күрес жөніндегі кешенді іс-шараларды жүзеге асыруға, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жануарлардың анықталған аурулары туралы, олардың мекендеу ортасы жай-күйінің нашарланғаны туралы, жануарлардың жойылу қауіпі туындаған және олар өлген жағдайда дереу хабардар етуге;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
5. Аумақтық бөлімше құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасына сәйкес Аквашаруашылық субъектісінің осы Шартқа және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарын қарастыруға міндетті.
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
6. Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Осы Шарттың талаптарының толық немесе дұрыс орындалуына жауапты болады.
5-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары
7. Егер Шарттың қандай да бір міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау еңсерілмейтін күштің мән-жайларынан туындаса, онда Тараптардың ешқайсысы оны орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
8. Тараптар болжай алмайтын және осы Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлар, оның ішінде дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай және өзге де осындай мән-жайлар еңсерілмейтін күштің мән-жайлары болып табылады.
Мұндай жағдайларға, атап айтқанда, нарықта орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің болмауы жатпайды.
9. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен Тарап бұл туралы еңсерілмейтін күштің мән-жайларының туындаған күні мен сипаттамасы көрсетілген жазбаша хабарлама жіберу арқылы екінші Тарапты дереу хабардар етеді.
10. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдың шешімін табу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
11. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары тиісті құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарымен расталады.
6-тарау. Шартты мерзімінен бұрын бұзу талаптары
12. Осы Шарттың қолданысы:
1) аквашаруашылықты жүргізуден ерікті түрде жазбаша бас тартылғанда;
2) Аквашаруашылық субъектісінің қызметі тоқтатылғанда;
3) осы Шарттың талаптары және (немесе) Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасының талаптары күнтізбелік екі жыл ішінде үш рет және (немесе) одан да көп бұзылғанда;
4) осы Шарттың 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттемелер орындалмағанда;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылғанда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
13. Аквашаруашылық субъектісі қызметі тоқтатылған жағдайда күнтізбелік он күн ішінде жазбаша хабарлама жіберу арқылы Аумақтық бөлімшеге қызметін тоқтатқаны туралы хабарлайды.
7-тарау. Дауларды қарау талаптары
14. Осы Шарттың талаптарын орындау кезінде туындауы мүмкін Тараптар арасындағы барлық даулар келіссөздер жолымен шешіледі.
15. Келіссөздер жолымен реттелмеген даулар сот тәртібімен шешіледі.
8-тарау. Шарттың ерекше талаптары
16. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар екі данада жасалды.
17. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жасалса және екі Тараптың уәкілетті өкілдері қол қойса, онда олар заңды күшке ие және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
18. Осы Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама тапсырылғаны туралы хабарламамен не электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы не тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, тапсырысты почта жөнелтілімі нысанында жіберіледі.
9-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
19. Осы Шарт қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негізінде анықталған____ жыл мерзiмге (он жылдан қырық тоғыз жылға дейін) жасалынады.