ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы преамбуламен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) және 11) тармақшаларына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3 және 4-тармақтарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларында:
8-тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Денешынықтыру және спорт бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының лауазымдарына конкурс әңгімелесу кезеңінің алдында конкурсқа қатысушыларды дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органмен келісудің кезеңін қамтиды.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарағаннан кейін персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) екі жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушылар құжаттарының электронды түрдегі көшірмелерін дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органға жолдайды.
Конкурсқа қатысушыларды келісу конкурс комиссиясынан конкурсқа қатысушылар құжаттарының электронды көшірмелерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органмен жүргізілетін конкурсқа қатысушылармен сұхбат арқылы жүзеге асырылады.";
83-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Қағидалардың 76 және 79-тармақтарында көрсетілген құжаттарды сақтау мерзімдері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген сақтау мерзімдері көрсетіле отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесіне сәйкес айқындалады";
мынадай мазмұндағы 87-1-тармақпен толықтырылсын:
"87-1. Кандидат болып табылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшінің жұмыс берушісі персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру интегралды ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.";
101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"101. Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен лауазымға орналасу жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ егер алдыңғы жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес бір айлық жұмыспен өтеу мерзімін белгілесе немесе тараптардың келісімі бойынша өзге мерзім белгіленсе, мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адам конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң, бірақ он жұмыс күнінен кешіктірмей, оң қорытынды алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды.
Әңгімелесуге бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындала алады.
Бұл ретте алдыңғы жұмыс беруші конкурс комиссиясының шешімі туралы хабарлама алғаннан кейін конкурсқа қатысқан мемлекеттік қызметшіні Заңның 61-бабы 1-1-тармағының және осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, атқарып отырған лауазымынан босатады. Конкурс комиссиясының шешімі туралы хабарлама алдыңғы жұмыс берушіге интегралды ақпараттық жүйе арқылы конкурс комиссиясының шешімі қабылданғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жолданады.
Мемлекеттік орган жарияланған лауазымға мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген азаматтарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеруді жүргізу үшін жолдайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 қаулысымен және Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда мемлекеттік лауазымға тағайындауға құқығы бар адам кандидатты жоғары тұрған лауазымды адамның (органның) келісімі бойынша лауазымға қабылдайды.";
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары:
мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3-тармақтармен толықтырылсын:
"10-1. Үміткер осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарын бұзған жағдайда бір жұмыс күні ішінде тестілеуден өту кезінде прокторингпен тіркелген бұзушылықтардың тізімі, жүйе арқылы үміткердің "жеке кабинетіне" жіберіледі. Бұл ретте тестілеу нәтижелері автоматты түрде жойылады.
10-2. Осы Қағидалардың 10-1-тармағында көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
10-3. Осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарын қайтадан бұзуға жол берген үміткерлерді тестілеуге қайта тестілеуден өткен күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.";
44, 45, 46-тармақтар алынып тасталсын;
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Бос немесе уақытша бос төменгі лауазымға орналасуға арналған конкурстарды қоспағанда, конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1) жүйеде конкурс өткізу туралы хабарландыру;
2) жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау;
3)үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан және үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтуі;
4) эссе жазу (белгілі бір лауазымдар үшін не мемлекеттік органның шешімі бойынша);
5) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу;
6) конкурс қорытындысын шығару.";
мынадай мазмұндағы 61-1-тармақпен толықтырылсын:
"61-1. Бос немесе уақытша бос төменгі лауазымға орналасуға конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1) жүйеде конкурс өткізу туралы хабарландыру;
2) жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау;
3) үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан және үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтуі;
4) практикалық бағалау;
5) конкурс қорытындысын шығару.";
68-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Бос лауазымға өтінімдерді қабылдау (жауап беру) мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін үш күнтізбелік күнін құрайды;";
мынадай мазмұндағы 68-1-тармақпен толықтырылсын:
"68-1. Бос немесе уақытша бос төменгі лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) орналасқан жері, телефон нөмірлері көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауы;
2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекақы мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдардың атауы;
3) біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік орган айқындайтын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;
4) бос лауазымға өтінімдерді қабылдау (жауап беру) мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін үш күнтізбелік күнін құрайды;
5) жеке қасиеттерін бағалаудан өту мерзімдері;
6) үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өту мерзімдері;
7) практикалық бағалаудан өту мерзімдері;
8) конкурс қорытындыларына шағымдану тәртібі туралы ақпарат.";
105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"105. Өзге де санаттағы лауазымдарда эссе жазу кезеңі, төменгі лауазымдарды қоспағанда, мемлекеттік органның қалауы бойынша жүргізілуі мүмкін.";
109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"109. Эссе жазуды үміткер жүйеде онлайн режимде тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында, жүйемен айқындалатын кестеге сәйкес жүргізеді және мемлекеттік немесе орыс тілінде екі жүз елу сөзден аспайды.
Дипломатиялық лауазымға үміткерлер үшін әңгімелесу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы заңнамаға сәйкес шет тілінде өткізілуі мүмкін.";
мынадай мазмұндағы 118-1-тармақпен толықтырылсын:
"118-1. Төменгі лауазымдарға орналасуға арналған конкурстар бойынша әңгімелесу жүргізілмейді.";
126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"126. Конкурстық комиссияның мүшелері үміткермен байланыс орнатуға және орналасуға, ашықтықты, ойды анық, қисынды түрде білдіру қабілетін анықтауға, сондай-ақ жеке құзыреттері тұрғысынан жалпы сипаттағы сұрақтар қояды.
Дипломатиялық лауазымға үміткерлер үшін эссе жазу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы заңнамаға сәйкес шет тілінде өткізілуі мүмкін.";
мынадай мазмұндағы 6-1-параграфпен толықтырылсын:
"6-1-параграф. Мемлекеттік органда практикалық бағалау
129-1. Практикалық бағалау кезеңіне конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған екі үміткер жіберіледі.
Конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша шекті мәнін бір үміткер жинаған жағдайда, бір үміткердің қатысуына жол беріледі.
Конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған үміткерлердің баллдары тең болған жағдайда практикалық бағалауға жіберілетін үміткерлердің белгіленген санынан асып кетуіне жол беріледі.
129-2. Мемлекеттік органның кадр қызметімен жүйе арқылы үміткерлерге практикалық бағалаудың жүргізу мерзімдері туралы хабарлама жіберіледі.
129-3. Практикалық бағалауға жіберілген үміткерлерлер оны практикалық бағалауға жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда қашықтықтан өтеді.
129-4. Бірнеше бос лауазымдарға арналған конкурсқа қатысатын үміткер әрбір бос лауазым бойынша жеке практикалық бағалаудан өтеді.
129-5. Практикалық бағалау кезеңі басталмас бұрын үміткер жүйеде осы кезеңнің өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
129-6. Практикалық бағалау кезеңінде үміткерлердің бос лауазымның функционалдық бағыттарынан туындайтын кәсіби қабілеттері анықталады.
Практикалық тапсырмалар қысқа, анық, нақты және қабілеттерді бағалауға бағытталған болуы керек:
1) тиісті саладағы мемлекеттік саясатты, нормативтік құқықтық актілер және әкімшілік рәсімдерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу бойынша;
2) бос лауазымның лауазымдық міндеттері шеңберінде мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға ресми сауалдар мен хаттар дайындау бойынша;
3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, заңнамаға сәйкес дәлелді жауаптар дайындау бойынша жүзеге асырылады.
129-7. Бос лауазымы бар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшеcі осы Қағидалардың 129-6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген әр қабілеті бойынша бес практикалық тапсырмадан кем емес тізбені қалыптастырады.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам, конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін тапсырмаларды сапалы орындау үшін қажетті материалдарды және нормативтік құқықтық актілерді қоса бере отырып практикалық тапсырмалардың тізбесін жүйеге жүктейді.
Практикалық бағалау кезеңінде жүйе үміткерлер үшін үш практикалық тапсырманы автоматты түрде анықтайды.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамдар практикалық тапсырмалар тізбесін жария ету және өзектендіру үшін дербес жауапты болады.
Практикалық тапсырмалар тізбесі тоқсанына кемінде бір рет кезеңділікпен өзектендіріледі.
129-8. Үміткерлер бірдей тапсырмаларды бірдей мөлшерде орындайды.
Үміткерлер жүйеде онлайн режимде тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында 21.00 сағаттан кешіктірмей, жүйемен айқындалатын кестеге сәйкес, мемлекеттік немесе орыс тілінде күніне бір тапсырмадан орындайды.
Төменгі дипломатиялық лауазымға үміткерлер үшін тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы заңнамаға сәйкес шет тілінде өткізілуі мүмкін.
Бір тапсырманың орындау уақыты жүйеде тапсырма орындаудың "терезесі" ашылғаннан бастап есептеледі және 120 минуттан аспауы қажет.
Бұл жағдайда үміткер белгіленген уақыт аяқталғанға дейін тапсырманы бастауы және аяқтауы керек.
129-9. Әр тапсырманы аяқтағаннан кейін үміткердің өтініміне автоматты түрде "Тексеруде" мәртебесі беріледі.
Үміткердің практикалық бағалау кезеңіне жазылуы болмаған жағдайда, өтініміне "Өтпеген" мәртебесі беріледі және үміткер практикалық бағалау кезеңіне қатысуды аяқтайды.
129-10. Барлық үш тапсырманы орындау аяқталған күні нәтижелер прокторға тексеруге жіберіледі.
Проктор тексеруді келесі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
129-11. Үміткермен Қағидалар талаптары бұзылмаған жағдайда проктор тексерісінің нәтижелері жарияланғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бос лауазымы бар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша практикалық бағалау кезеңінің нәтижелерін жүйеге енгізеді.
Бос лауазымы бар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысы болмаған жағдайда практикалық бағалау кезеңінің қорытындыларын жоғары тұрған басшы енгізеді.
Практикалық бағалау кезеңіне жіберілген үміткерлердің ешқайсысы осы кезеңге қатыспаған жағдайда, конкурс мәртебесі жүйемен "Аяқталған" болып өзгереді.
Конкурс аяқталғаны туралы хабарлама жүйемен үміткерлерге жолданады.
129-12. Практикалық бағалаудың материалдары, үміткермен орындалған тапсырмалар жүйеде конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні бойы сақталады, оның ішінде мемлекеттік органның кадр қызметі оларды жүктеуді және конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде бір жыл сақтауды қамтамасыз етеді.";
134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"134. Бірнеше үміткердің баллдары тең болған жағдайда, еңбек өтілі көп үміткер жеңімпаз болып танылады. Еңбек өтілі тең болған жағдайда білім деңгейі қарастырылады.
Баллдары, еңбек өтілі және білім деңгейі тең болған жағдайда "Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау" кезеңінің нәтижесі бойынша баллдарды ескере отырып жеңімпаз анықталады.
Егер әңгімелесу кезеңіне бір үміткер қатысып, осы кезеңдегі нәтижесі бір баллдан кем болған жағдайда конкурстың жеңімпазы анықталмады деп танылады.";
мынадай мазмұндағы 7-1-параграфпен толықтырылсын:
"7-1-параграф. Бос немесе уақытша бос төменгі лауазымға орналасуға конкурстың қорытындысын шығару
135-1. Практикалық бағалау қорытындылары енгізілгеннен кейінгі келесі жұмыс күні жүйе автоматты түрде осы Қағидалардың 3-1-қосымшасында көзделген әдістемеге сәйкес үміткерлердің баллдарын есептейді.
Практикалық бағалау кезеңінің қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған үміткер конкурс жеңімпазы ретінде анықталады.
135-2. Практикалық бағалау кезеңінің нәтижесі бойынша бірнеше үміткердің баллдары тең болған жағдайда іріктеудің алдыңғы кезеңдерінің: жеке қасиеттерді бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудың қорытындылары бойынша ең көп жиынтық балл жинаған үміткер жеңімпаз болып танылады.
Алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша балладар тең болған жағдайда білім деңгейі қарастырылады.
Егер практикалық бағалау кезеңіне бір үміткер қатысып, осы кезеңдегі нәтижесі бір баллдан кем болған жағдайда конкурстың жеңімпазы анықталмады деп танылады.
135-3. Конкурс қорытындысы шығарылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүйемен хаттама ресімделеді, оған ЭЦҚ көмегімен кадр қызметі қол қояды.
Мемлекеттік органның кадр қызметіне және үміткерлердің жеке кабинеттеріне жүйе арқылы конкурс қорытындылары туралы хабарлама жіберіледі.";
136, 137-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"136. Мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адам үш күнтізбелік күні өткеннен кейін, бірақ конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, егер алдыңғы жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес бір айлық жұмыспен өтеу мерзімін белгілемесе немесе тараптардың келісімдері бойынша өзге мерзім белгіленбесе, жарияланған бос лауазымға үміткер - конкурс жеңімпазын қабылдайды.
Бұл ретте алдыңғы жұмыс беруші конкурс комиссиясының шешімі туралы хабарлама алғаннан кейін конкурсқа қатысқан мемлекеттік қызметшіні Заңның 61-бабы 1-1-тармағының және осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, атқарып отырған лауазымынан босатады. Конкурс комиссиясының шешімі туралы хабарлама алдыңғы жұмыс берушіге интегралды ақпараттық жүйе арқылы конкурс комиссиясының шешімі қабылданғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жолданады.
137. Әңгімелесу кезеңіне немесе практикалық бағалау кезеңіне бір үміткер қатысқан жағдайда, оны тағайындау конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап жүзеге асырылуы мүмкін.";
141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурс қорытындысына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап үш күнтізбелік күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.";
осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын;
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларының 4-қосымшасында:
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеуді және конкурстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың Тізбесінде:
төртінші бөлігінің 1-тармағы алынып тасталсын;
бесінші бөлігі мынадай мазмұндағы 27-тармағымен толықтырылсын:
"27. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі.".
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке дайындау және кіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. 2025 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырық, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу жетінші, елу сегізінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан тоғызыншы, жүзінші, жүз бірінші, жүз екінші, жүз үшінші, жүз төртінші, жүз бесінші, жүз алтыншы, жүз жетінші, жүз сегізінші, жүз тоғызыншы, жүз оныншы, жүз он бірінші, жүз он екінші, жүз он үшінші, жүз он төртінші, жүз он бесінші абзацтарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі министрлігі
Бағалау әдістемесі
Үміткердің практикалық бағалау нәтижелері
Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Бағаланатын қабілеттер |
Баға |
1. | 1 тапсырма | |
2 тапсырма | ||
3 тапсырма | ||
Барлығы |