ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) және 11) тармақшаларына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3 және 4-тармақтарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурсты өткізу қағидалары;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2) тармақша осы бұйрықтың 5-тармағына сәйкес 01.04.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты өткізу қағидалары;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3) тармақша осы бұйрықтың 5-тармағына сәйкес 01.04.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4) тармақша осы бұйрықтың 5-тармағына сәйкес 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.04.2026 дейін қолданылады.
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған іріктеудің қағидалары;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5) тармақша осы бұйрықтың 5-тармағына сәйкес 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.04.2026 дейін қолданылады.
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Цифрлық іріктеу және кадрлық процестер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызметті цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларын және 2026 жылғы 1 сәуірге дейін қолданыста болатын 4) және 5) тармақшаларын қоспағанда, осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығына 1-қосымша |
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс өткізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – ішкі конкурс).
2. Ішкі конкурсты "Б" корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары (бұдан әрі – бос лауазымдар) бар мемлекеттік орган өткізеді.
3. Мемлекеттiк орган бос лауазымға орналасуға кандидаттарды iрiктеу үшін конкурстық комиссияны қалыптастырады.
4. Конкурстық комиссияның шешімі бос лауазымға қабылдау немесе мұндай лауазымға қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған ішкі конкурстар функциялары, өкілеттіктері мен штат сандары қандай да бір өзгерістерге жатпайтын мемлекеттік органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының бос лауазымдарына орналасуға арналған ішкі конкурстарды қоспағанда, оларды өткізудің кез келген кезеңінде жойылады.
6. Денешынықтыру және спорт бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының лауазымдарына ішкі конкурс әңгімелесу кезеңінің алдында ішкі конкурсқа қатысушыларды дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органмен келісудің кезеңін қамтиды.
Келісудің теріс нәтижесі бар қорытынды кандидаттарды конкурстық комиссиямен әңгімелесуге жібермеуге негіз болып табылмайды.
7. Азаматтар ішкі конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
8. Ішкі конкурсқа Заңның 16-бабында көрсетілген тиісті талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
9. Мемлекеттік органға осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары ішкі конкурс қатысушылары болып табылады.
10. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген ішкі конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.
11. Конкурстық комиссия кандидаттармен әңгімелесуді өткізеді және олардың арасынан бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады немесе бос лауазымдарға қабылдаудан бас тартады.
2-тарау. Конкурстық комиссияны қалыптастыру
12. Конкурстық комиссия осы Қағидалармен айқындалған тәртіппен тиісті мемлекеттік органның басшысымен немесе аппарат басшысымен қалыптастырылады.
13. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болып табылады және осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық комиссияның құрамын бекіткен адамның шешімі бойынша тағайындалады.
14. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық атқарушы органдардың бірыңғай конкурстық комиссия осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
Бірыңғай конкурстық комиссияның төрағасы бірыңғай конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болып табылады және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның шешімі бойынша тағайындалады.
15. Орталық мемлекеттік орган басшысының шешімімен орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі не орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының шешімімен орталық мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі.
Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшелерінде бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурстық комиссия орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
Бірыңғай конкурстық комиссияның төрағасы бірыңғай конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болып табылады және осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамның шешімі бойынша тағайындалады.
16. Конкурстық комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады. Бұл ретте орталық мемлекеттік органда және оның ведомствосында құрылатын конкурстық комиссияның құрамына саны конкурстық комиссияның үштен бірінен кем емес түрлі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қосылады.
17. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның құрамына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскерлері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндетін атқару жүктелген адамдар, ішкі конкурс өткізілетін бос лауазымдары бар құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлері, сондай-ақ осы Қағидалардың 12-тармағында, 14-тармағының бірінші бөлігінде, 15-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) анықтайтын өзге адамдар енгізіледі.
Аудан, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің орынбасары лауазымына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы орган, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органы басшысының орынбасары лауазымына орналасуға ішкі конкурс, конкурстық комиссияның құрамына осы ауданның, қаладағы ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімі аппаратының немесе осы атқарушы органның өкілін қоса отырып, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі аппаратының конкурстық комиссиямен немесе бірыңғай конкурстық комиссиямен өткізіледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) басшысының лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның құрамына мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі енгізіледі.
18. Бірыңғай конкурстық комиссияның құрамына аталған комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың не мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары енгізіледі.
19. Егер орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілеттіктеріне осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының қызмет бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру жататын болса, онда осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарының басшылары лауазымдарына орналасуға ішкі конкурстар өткізу үшін құрылатын конкурстық комиссиялардың жұмысына қатысуға құқылы.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының басшылары лауазымдарына орналасуға ішкі конкурстар өткізу үшін конкурстық комиссия құратын мемлекеттік орган тиісті орталық атқарушы органға конкурстық комиссияның құрамына кандидатура ұсыну туралы сұрау салуды жіберуге міндетті.
Орталық атқарушы органмен немесе оның ведомствосымен сұрау түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның құрамына кандидатура ұсынылмаған жағдайда конкурстық комиссия осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілісіз құрылады.
20. Конкурстық комиссияның құрамына ішкі конкурс қатысушысы кірмейді.
21. Конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттік қызметшілердің қатарынан тағайындалады, оның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
22. Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
23. Конкурстық комиссияның құрамын өзгерту уәкілетті адамның шешімі бойынша тиісті актіні шығару жолымен жүзеге асырылады.
24. Конкурстық комиссия әрбір жарияланған бос лауазым үшін тиісті "Б" корпусының бос немесе уақытша бос лауазымының лауазымдық өкілеттіліктерін ескере отырып, он бағыттан аспайтын ішкі конкурс сұрақтарының тізімін, сондай-ақ А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 лауазымдары үшін тиісті мемлекеттік органның қызметі саласында эссенің тақырыптар тізімін қалыптастырады.
25. Ішкі конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасымен белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органның жұмыскерлерімен конкурстық комиссияның құрамы туралы деректерді көпшілікке жария етуге жол берілмейді.
26. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелері жұмыскерлерінің конкурстық комиссияның отырысына, оның ішінде қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы қатысуына жол беріледі.
2-тарау. Ішкі конкурс өткізу тәртібі
27. Заңның 29-бабы 1-тармағына сәйкес бос лауазымға орналасу үшін мемлекеттік орган ішкі конкурс өткізеді, оған осы мемлекеттік органның, оның ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ Заңда және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.
28. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.
29. Төменгі болып табылатын бос немесе уақытша бос лауазымға орналасу үшін ішкі конкурс өткізілмейді.
30. Ішкі конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;
3) ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау;
4) А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына эссе жазу;
5) кандидаттармен мемлекеттік органның конкурстық комиссия өткізетін әңгімелесу;
6) мемлекеттік органның конкурстық комиссияның қорытындысы.
1-параграф. Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау
31. Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде ішкі конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдар мен уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды басқа интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде қосымша жариялауға жол беріледі.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда ішкі конкурс өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды басқа интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде қосымша жариялауға жол беріледі.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландырулар өзі соның құрылымында тұрған мемлекеттік органның интернет-ресурсында да орналастырылады.
32. Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін азаматтарды ішкі конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін Заңның 15-бабы 3, 3-2, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында, 27-бабы 7 және 10-тармақтарында, 41-бабы 1-тармағында көзделген тәртіппен жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
33. Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) орналасқан жері көрсетілген ішкі конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауы, пошталық мекенжайлары, телефон нөмірлері, барынша рұқсат етілген файлдар өлшемінің шектеулерін көрсетумен электрондық пошта мекенжайлары;
2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының көлемі мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы;
3) мемлекеттік орган айқындаған біліктілік талаптарына сәйкес ішкі конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;
4) құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам құжаттарды Заңның 32-бабы 3-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген мемлекеттік органның жұмыс уақытында қабылдайды.
5) осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;
6) әңгімелесу өткізудің мерзімдері мен орны;
7) ішкі конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны;
8) конкурстық комиссияның іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы ақпарат;
9) осы Қағидалармен көзделмеген кандидаттарды іріктеу құралдарын қолдану туралы ақпарат.
34. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда денсаулық сақтау, әлеуметтік-еңбек және білім саласындағы уәкілетті органдардың, олардың ведомстволарының, олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бос лауазымдарына орналасуға арналған ішкі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі конкурстық комиссияның шешімі бойынша бір жұмыс күнін құрауы мүмкін.
35. Егер ішкі конкурс "Б" корпусының уақытша бос лауазымына өткізілсе, бұл шарт, жұмыс орны (лауазымы) сақталатын уақытша болмайтын жұмыскердің жұмысқа шығу күнін, сондай-ақ негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы туралы ақпараттың көрсетілуімен, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
2-параграф. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың құжаттарын қабылдау
36. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар ішкі конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электрондық үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
37. Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі немесе электрондық тасымалдағыштағы еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
38. Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
39. Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
3-параграф. Ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
40. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды кандидаттардың Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, ішкі конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
41. Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгіде (бұдан әрі – Шешім) ресімделеді және оған комиссияның хатшысы және персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам (бұдан әрі – персоналды басқару қызметінің басшысы) қол қояды.
Персоналды басқару қызметінің басшысы шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.
42. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша конкурстық комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және осы қағидалардың 43-қосымшаға сәйкес үлгіде оны өткізудің кестесін қалыптастырады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесуді өткізу кестесі ішкі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адаммен шешімді қабылдаған күннен бастап келесі жұмыс күні өткенге дейін және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.
43. Конкурстық комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу және эссе, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру кандидаттардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
44. Конкурстық комиссияның хатшысы рұқсат алмаған ішкі конкурс қатысушыларына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның шешімі қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
4-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен мемлекеттік органның конкурстық комиссия өткізетін әңгімелесу
45. Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.
46. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап келесі бір жұмыс күн ішінде ішкі конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
47. Кандидаттарды бағалау кезінде конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және тиісті бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенеді.
Әңгімелесу алдында конкурстық комиссияның хатшысы кандидатқа конкурстық комиссияның мүшелерін, уәкілетті органның өкілін таныстырады.
Әңгімелесуге конкурстық комиссияның үштен кем емес мүшелері қатысады.
Конкурстық комиссияның мүшелері әңгімелесу барысында әдеп нормаларын, кандидаттарға құрметпен, сыпайы, әдепті және тілектесттік қарым-қатынасын сақтайды.
Ішкі конкурсқа (-тарға) қатысатын және бос лауазымға (-дарға) орналасуға (оның ішінде екі және одан көп лауазымдарға) арналған әңгімелесуге жіберілген кандидат бір әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған үміттенген бос лауазымға (-дарға) байланысты сұрақтар қойылады және осы Қағидалардың 48-тармағында белгіленген жағдайларда конкурстық комиссия айқындаған тақырыптардың біреуіне эссе жазады.
Бір лауазымға үміткер бірнеше кандидаттарға сұрақтардың саны тең көлемде қойылады.
Әрбір кандидатпен әңгімелесу өткізу, осы Қағидалардың 48-тармағында белгіленген жағдайларда эссе жазу барысы техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленеді.
Бұл ретте әңгімелесудің бейнежазбасымен кандидат және комиссия мүшелері қамтылады.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Әңгімелесу барысында техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар ішкі конкурс аяқталған сәттен бір жылдан кем емес персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
Әңгімелесу кезінде егер конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
48.А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурстық комиссия айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурстық комиссия хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурстық комиссия осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
5-параграф. Конкурстық комиссияның отырысы
49. Әңгімелесуді өткізу аяқталған күні конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ эссені бағалау нәтижелерін және ішкі конкурс сұрақтарына жауаптарды қамтитын өткізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша кандидаттардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшін іріктеуді жүзеге асырады.
50. Кандидаттарды бағалау нәтижелерін конкурстық комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы кандидаттарды бағалау парағына (бұдан әрі – Бағалау парағы) әрбір үміттенген бос лауазым бойынша енгізеді.
Кандидатты бағалау парағы электронды түрде толтырылуы мүмкін.
51. Конкурстық комиссияның шешімі кандидаттарды бағалау парағында қойылған баллдар негізінде қабылданады.
52. Егер бағалау парақтарын комиссия құрамының кемінде үштен екісі оның ішінде төраға, бірақ үштен кем емес адам толтырса, конкурстық комиссияның шешімі заңды деп есептеледі.
53. Ең көп балл сомасын алған кандидат конкурстық комиссияның оң қорытындысын алады. Балл сомалары тең болған жағдайда, конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидатты анықтайды.
Балл сомаларын есептеуді конкурстық комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттың жоқтығы туралы шешім қабылдай алады.
54. Талқылау барысы мен конкурстық комиссияның шешiмi конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған еркін нысандағы қағаз және (немесе) электронды түрдегі хаттама түрiнде ресiмделедi.
Конкурстық комиссияның мүшелерi шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.
55. Конкурстық комиссияның шешімі қабылданған кейін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның интернет-ресурсында конкурстық комиссияның шешімі орналастырылады.
Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда, оның конкурстық комиссиямен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
56. Конкурстық комиссияның хатшысы әңгімелесуден сәтті өткен кандидаттарға ішкі конкурс нәтижесі туралы, конкурстық комиссия шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.
7-тарау. Кандидаттың лауазымға орналасуы
57. Мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адам конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін келесі жұмыс күні оң қорытынды алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды.
Бұл ретте алдыңғы жұмыс беруші конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарлама алғаннан кейін ішкі конкурсқа қатысқан мемлекеттік қызметшіні Заңның 61-бабы 1-1-тармағының және осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, атқарып отырған лауазымынан босатады. Конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарлама алдыңғы жұмыс берушіге ықпалдастырылған ақпараттық жүйе арқылы конкурстық комиссияның шешімі қабылданғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жолданады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 қаулысымен және Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда мемлекеттік лауазымға тағайындауға құқығы бар адам кандидатты жоғары тұрған лауазымды адамның (органның) келісімі бойынша лауазымға қабылдайды.
58. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне сәйкес шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда денсаулық сақтау, әлеуметтік-еңбек және білім саласындағы уәкілетті органдардың, олардың ведомстволарының, олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бос лауазымдарына тағайындауға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидатты тағайындау конкурстық комиссияның отырысы өткен күннен бастап жүзеге асырылуы мүмкін.
8-тарау. Шағым жасау тәртібі
59. Кандидаттардың ішкі конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануына жол беріледі.
60. Ішкі конкурс қорытындысына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне ішкі конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін ішкі конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
61. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.
62. Шағымды қарау қорытындысы бойынша, осы Қағидалардың талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік органға ұсыныс енгізеді.
63. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ұсынымын конкурстық комиссия оның отырысында бұрынғы құрамда, кворум болмаған жағдайда – персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қарайды.
Конкурстық комиссия немесе кадр қызметі қабылданған шешім туралы уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне және шағым берген кандидатқа ол қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарлайды.
64. Кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде танысады, сондай-ақ уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері ішкі конкурстық құжаттаманы сұратады және алады.
Өтініш
Мені ____________________________________________________________
_________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ________________ (иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___" _______________
| "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы Нысан |
Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ
№ | Лауазым | Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Шешім (жіберілді / жіберілген жоқ) | Жіберілмеу себебі |
1. | 1) | |||
2) | ||||
3) | ||||
… | ||||
2. | 1) | |||
2) | ||||
3) | ||||
… |
___________________________________________________________________
(Персоналды басқару қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
| "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасы Нысан |
Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ
Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ
№ | Лауазым | Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты | Эссе өтетін орны, күні және уақыты |
3. | 1) | |||
2) | ||||
3) | ||||
… | ||||
4. | 1) | |||
2) | ||||
3) | ||||
… |
___________________________________________________________________
(Персоналды басқару қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
| "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу қағидаларының 4-қосымшасы Нысан |
Кандидаттарды бағалау парағы
№ | Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Лауазымның атауы | Сұрақтарға жауаптарды бағалау | Жалпы балл** | |||||||||
кәсіби тәжірибе | білім деңгейі | Коммуникативтік дағдылар | Басқару. Дағдылар**** | Эссе*** | Іріктеудің басқа әдістері (қолданған жағдайда) | Бейіндік*/ сұрақ № | |||||||
"__"______20__ ж. (сағ. 00.00) | |||||||||||||
1. | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Лауазымның атауы, санаты | |||||||||||
2. | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Лауазымның атауы, санаты | |||||||||||
Лауазымның атауы, санаты | |||||||||||||
3. | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Лауазымның атауы, санаты | |||||||||||
Лауазымның атауы, санаты | |||||||||||||
Лауазымның атауы, санаты | |||||||||||||
Лауазымның атауы, санаты | |||||||||||||
___________________________________________
(конкурстық комиссия мүшесінің қолы)
_______________________________________________________________
(конкурстық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"__"_______ 20__ ж.
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығына 2-қосымша |
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты (бұдан әрі – жалпы конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.
2. Жалпы конкурс ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – жүйе) "eqyzmet.gov.kz" сыртқы интернет-порталында жүргізіледі.
3. Жалпы конкурсқа қатысуға тестілеу бағдарламасында белгіленген шекті мәндерден төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден, жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден алдын ала өткен кандидаттар жіберіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін шекті мән белгіленбейді.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кандидат – жүйеде тіркелген және "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалуға үміттенген Қазақстан Республикасының азаматы;
2) бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері;
3) прокторинг – жүйенің автоматты бақылау функциясы арқылы байқау кезеңдерін бақылау және қадағалау рәсімі;
4) проктор – іріктеу кезеңдерінен өту рәсімін тексеруді жүзеге асыратын тұлға;
5) кадр қызметі – мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі немесе персоналды басқарудың бірыңғай қызметі;
6) жеке кабинет – тіркелгеннен және/немесе авторизациядан кейін қолжетімді болатын жүйедегі кандидаттың жеке парақшасы;
7) басшылық мемлекеттік әкімшілік лауазым – лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес бағынысты мемлекеттік қызметшілердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер берілген осы қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы;
9) электрондық жеке іс (бұдан әрі – ЭЖІ) - "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған жеке басын куәландыратын құжаттар, тіркелген жері, еңбек жолы мен білімі туралы мәліметтерді, сондай-ақ кандидаттың электрондық пошта мекенжайын, фотосуреттерін және ұялы телефон нөмірін қамтитын электрондық форматтағы деректер жиынтығы.
5. Жалпы конкурсқа қатысу үшін кандидат жүйеде тіркеледі, бірыңғай авторландыру (IDP/SSO) құралы арқылы аутентификациядан өтеді және ол үшін жеке сәйкестендіру нөмірін, ЭЦҚ мәліметтерін енгізеді немесе цифрлық сәйкестендіруді пайдаланады.
6. Техникалық қолдау қызметіне жүгіну барысында, жалпы конкурс кезеңдерінен өту кезінде кандидат жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды сақтауы ұсынылады.
Жалпы конкурс кезеңдерінен өткен кезде үміткер қоғамдық мораль мен этика нормаларын бұзбайтын, тиісінше ұқыпты сырт келбетті сақтауы тиіс.
7. Өтінім беру кезінде кандидат жалпы конкурсты өткізу тәртібімен танысады, осы Қағидалардың талаптарын сақтайды, ЭЖІ қалыптастыру үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.
8. Кандидат ЭЖІ деректерінің дұрыстығын тексереді, әрбір еңбек жазбасы бойынша функционалдық бағытын көрсетеді, қажет болған жағдайда мәліметтерді толықтырады және түзетеді.
9. Жалпы конкурсқа қатысу үшін техникалық жабдықтар (компьютер, интернеттің тұрақты жылдамдығы кемінде 5 мб/сек, жұмыс істеп тұрған веб-камера, микрофон және жеткілікті көрінуді қамтамасыз ететін жарықтандыру) кандидатпен қамтамасыз етіледі.
10. Прокторинг қолданылатын жалпы конкурс барысында кандидат жеке қатысуын және бөгде адамдардың болмауын қамтамасыз етеді; орнын тастап кетпейді; экраннан бұрылмайды; кескінді жаппайды; бейнекамераны ажыратпайды; дербес компьютердің/ноутбуктың микрофонын ажыратпайды, жүйенің сұранысы бойынша ол жалпы конкурс кезінде орналасқан бөлмеге (360 градус) дөңгелек шолу жасайды; (360 градус) дөңгелек шолу жасауды қамтамасыз ететін құралда микрофон мен камераны ажыратпайды, телефонмен сөйлеспейді; сұрақтарды дауыстап оқымайды, басқа тұлғалардың дербес компьютерге (қашықтан қол жеткізу бағдарламалары) қол жеткізуіне мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтамасын қолданбайды және оның жоқтығын қамтамасыз етеді, аудио гарнитура (құлаққап), көмекші электрондық, баспа, қағаз және өзге де материалдар, сондай-ақ заттарды пайдаланбайды.
11. Кандидат осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарын бұзған жағдайда бір жұмыс күні ішінде жалпы конкурстан өту кезінде прокторингпен тіркелген бұзушылықтардың тізімі, жүйе арқылы кандидаттың "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Бұл ретте кандидаттың "Тексеруде" өтінімінің жай-күйі "Бұзушылық нәтижесінде жойылды" күйіне ауыстырылады және кандидат жалпы конкурсқа қатысуын тоқтатады. Жалпы конкурс нәтижелері жойылады.
12. Жүйенің техникалық ақауы (техникалық ақау) туындаған жағдайда тиісті жалпы конкурс автоматты түрде аяқталады, іріктеу рәсімінің әкімшісі техникалық ақау туралы актіні тіркейді.
Бұл ретте кандидат жиырма төрт сағат ішінде іріктеу кезеңінен өту үшін қайта жазылуға техникалық қолдау қызметіне жүгінеді.
13. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда, оның функциялары, өкілеттіктері мен штат бірліктері қандай да бір өзгерістерге жатпайтын мемлекеттік органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының бос лауазымдарына орналасуға арналған жалпы конкурстарды қоспағанда, жалпы конкурс оны өткізудің кез келген кезеңінде жойылады.
14. Денешынықтыру және спорт бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының лауазымдарына жалпы конкурс әңгімелесу кезеңінің алдында жалпы конкурсқа қатысушыларды дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органмен келісудің кезеңін қамтиды.
Келісудің теріс нәтижесі бар қорытынды кандидаттарды конкурстық комиссиямен әңгімелесуге жібермеуге негіз болып табылмайды.
15. Жалпы конкурс кезеңдерінің жазбалары жүйеде жалпы конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні бойы сақталады, оның ішінде мемлекеттік органның кадр қызметі оларды жүктеуді және жалпы конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде бір жыл сақтауды қамтамасыз етеді.
2-тарау. Конкурстық комиссияны қалыптастыру
16. Бос лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеу үшін конкурстық комиссия тиісті мемлекеттік органның басшысы немесе аппарат басшысымен қалыптастырылады, бұл ретте конкурстық комиссия құрамының кемінде үштен бірін жүйе кездейсоқ тәртіппен қалыптастыратын тиісті тізімнен бағалаушылар құрайды.
17. Конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру кадр қызметімен жүзеге асырылады.
18. Орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін не орталық мемлекеттік орган ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі.
Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бірыңғай конкурстық комиссия осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
19. Конкурстық комиссия кемінде үш мүшеден тұрады және мынадай құрамда қалыптастырылады:
1) жалпы конкурс жарияланған бос лауазымы бар мемлекеттік органның не құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысы;
2) кадр қызметінің қызметшісі немесе кадр қызметінің міндеттерін орындау жүктелген адам;
3) бағалаушы.
20. Конкурстық комиссияның құрамына жалпы конкурсқа қатысушы кірмейді.
21. Жалпы конкурс жарияланған бос лауазымы бар мемлекеттік органның не құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысы болмаған жағдайда, конкурстық комиссия құрамына оның міндетін атқарушы немесе конкурстық комиссияның мүшесін осы мемлекеттік органның қызметкерлері қатарынан кадр қызметі дербес айқындайды.
22. Конкурстық комиссияның мүшесі ретінде қабылдау туралы шақырту (хабарлама) жүйедегі конкурстық комиссия мүшесінің жеке кабинетіне, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы – 1414 арқылы жолданады.
23. Конкурстық комиссия мүшелігіне үміткердің шақыртудан бас тартуы жағдайында, мемлекеттік органның кадр қызметіне жүйе арқылы тиісті хабарлама түседі және жүйе келесі үміткерді таңдап, оған шақырту жолдайды.
24. Кворум болмаған немесе комиссия мүшелері ауыстырылған жағдайда, комиссия отырысына дейін кадр қызметі конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізеді.
25. Конкурстық комиссияның кворумы оның құрамының кемінде үштен екі бөлігін, бірақ үштен кем емес адамды құрайды.
Конкурстық комиссияның жоқ мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
26. Конкурстық комиссия мүшелері кандидаттардың дербес деректеріне қатысты мәліметтерді таратпауды, жалпы конкурс тапсырмаларының және өзге де конкурстық сұрақтардың мазмұнын жария етпеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін өзге де іс-әрекеттерді жасамайды.
Конкурстық комиссия мүшелері техникалық жабдықтарын (компьютер, интернеттің тұрақты жылдамдығы кемінде 5 мб/сек, жұмыс істеп тұрған веб-камера, микрофон және жеткілікті көрінуді қамтамасыз ететін жарықтандыру) пайдаланады.
27. Конкурстық комиссияның мүшелері кандидаттарды дербес бағалайды.
28. Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін мемлекеттік орган бағалаушыларды іріктеуді жүзеге асырады.
Бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру жүйеде, сондай-ақ мемлекеттік орган мен уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады. Қатысуға өтінім беру мерзімдері хабарландыруда көрсетіледі. Өтінімдер жүйе арқылы авторизацияланған пайдаланушылардан қабылданады.
29. Егер бағалаушы осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, жүйе арқылы бағалаушы рөліне үміткердің жеке кабинетіне, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы – 1414 арқылы тиісті хабарлама жіберіледі.
30. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) басшысы лауазымына жалпы конкурс өткізу кезінде бағалаушы ретінде конкурстық комиссияның құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі енгізіледі.
31. Бағалаушыға мемлекеттік органның конкурстық комиссияның құрамына енгізілгені туралы хабарлама жүйе арқылы жолданады.
32. Жүйемен ұсынылып, өзінің қатысуын жүйеде растаған бағалаушы, конкурстық комиссия құрамынан негізсіз шығарылуға жатпайды.
Бағалаушыны қатыспау себебінен шығарып жіберген жағдайда кадр қызметі шығару себебін көрсетеді.
Конкурстық комиссияны қалыптастыру кезеңінде кадр қызметінің әңгімелесу басталғанға дейін кемінде 30 минут бұрын қосымша бағалаушыны қосу мүмкіндігі бар.
33. Бағалаушы конкурстық комиссияның құрамына енгізілген жағдайларды қоспағанда, жүйедегі бағалаушылар тізімінен кез келген уақытта шыға алады.
3-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурстың кезеңдері
34. Жалпы конкурс бірқатар кезеңдерді қамтиды:
1) жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) кандидаттардың құжаттарын қабылдау және қарау;
3) эссе жазу;
4) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясымен әңгімелесу;
5) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының қорытындысы.
1-параграф. Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау
35. Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік органның кадр қызметі қалыптастырады.
36. Хабарландыру жүйеде, мемлекеттік және уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында өтінімдерді қабылдау мерзімі басталғанға дейін екі жұмыс күні бұрын жарияланады.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында, өзге де мерзімді баспасөз басылымдарында, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде хабарландыруларды қосымша жариялауға жол беріледі.
37. Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін адамдар жалпы конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін Заңның 15-бабының 3, 3-2, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында, 27-бабының 7 және 10-тармақтында, 41-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен жарияланған бос лауазымға тағайындалмайды.
38. Жалпы конкурсты өткізу барысында жарияланған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
39. Жалпы конкурсты өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) орналасқан жері, телефон нөмірлері көрсетілген жалпы конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауы;
2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекақы мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдардың атауы;
3) біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік орган айқындайтын жалпы конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;
4) өтінімдерді қабылдау (жауап беру) мерзімі жалпы конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап екі жұмыс күнін құрайды;
5) жалпы конкурстан өту мерзімдері;
6) жалпы конкурс қорытындыларына шағымдану тәртібі туралы ақпарат.
40. Егер жалпы конкурс уақытша бос лауазымға өткізілсе, бұл шарт жұмыс орны (лауазымы) сақталатын уақытша болмаған қызметкердің жұмысқа шығу күні, сондай-ақ аталған мерзім аяқталғанға дейін жұмысқа оралу құқығы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
2-параграф. Кандидаттардың құжаттарын қабылдау және қарау
41. Кандидат жүйеде бос лауазым туралы хабарландыруға өтінім беру арқылы жалпы конкурсқа қатысуын растайды.
42. Кандидаттың мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүйемен азаматтардың денсаулығын қорғау және қадағалау саласындағы стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның және құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен ақпарат сұратылады.
43. Кандидат Заңның 16-бабының 3, 3-1 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда іріктеудің кез-келген кезеңінен шығарылады.
44. Кандидаттың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу сертификатының болуы жүйемен анықталады.
45. Мемлекеттік қызметшілерге және Заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу сертификаты талап етілмейді.
46. Кадр қызметі өтінімдерді қабылдау мерзімі ішінде кандидаттардың өтінімдерін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігіне қарауды жүргізеді, сондай-ақ электрондық тасымалдағышта мынадай құжаттардың нұсқаларының болуын және толықтығын тексереді:
1) еңбек кітапшасы және/немесе қызметтік тізім (біліктілік талаптары өтілінің болуын көздейтін лауазымдар үшін);
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбекқызметін растайтын құжаттарды тапсыруға жол беріледі.
2) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшалары.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Кандидат осы тармақта көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, кадр қызметі өтінімдерді қабылдау мерзімі ішінде жүйе арқылы қажетті құжаттарды толықтыру және ЭЖІ-ті түзету туралы хабарлама жібереді.
Кандидат қажетті құжаттарды толықтыру және ЭЖІ-ті түзету мүмкіндігі өтінімдерді қабылдау мерзімі ішінде, сондай-ақ өтінімдерді қабылдау аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бір рет беріледі.
Кадр қызметі қажетті құжаттар толықтырылғаннан және ЭЖІ түзетілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған кандидаттың ЭЖІ-ін бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкестігіне қайта тексереді.
Кандидат біліктілік талаптарына сәйкес келмеген және (немесе) осы тармақта көзделген құжаттар ұсынылмаған не жоқ болған жағдайда және құжаттардың толық емес топтамасын не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттар оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, кандидатты жалпы конкурстың келесі кезеңіне жіберуден бас тартылады және жүйемен жалпы конкурс кезеңдерінен өтуге жіберуден бас тарту туралы хабарлама жолданады.
Кандидат құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда кадр қызметімен жалпы конкурс кезеңдеріне жіберуден негізсіз бас тартуға жол берілмейді.
47. Егер кандидаттың ешқайсысы жарияланған бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келмесе, жүйе кадр қызметіне біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттың жоқтығы және жалпы конкурстың аяқталуы туралы хабарлама жібереді.
48. Кандидат жалпы конкурс кезеңдеріне жіберілгеннен кейін жүйемен кандидатқа дербес сәйкестендіру нөмірі беріледі.
Кандидаттың дербес сәйкестендіру нөмірі іріктеу кезеңдеріне қатысқан кезде кандидатты оның дербес деректерін көрсетпей иесіздендіру үшін пайдаланылады.
Құжаттарды қабылдау және қарау аяқталған күні жүйе жалпы конкурс кезеңдеріне жіберілген кандидаттардың тізімін қалыптастырады.
Параграф 3. "Эссе" жазу
49. Басшылық мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының функционалдық бағыты бойынша кадр қызметі эссе тақырыптарының тізімін қалыптастырады, ол жүйеде орналастырылады және жеке кабинетіне жіберіледі.
50. Кадр қызметі немесе кадр қызметінің міндеттерін орындау жүктелген адам "эссе" тақырыптарының жария етілмеуі және өзектілігі үшін дербес жауап береді.
51. "Эссе" жазу кезеңіне жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған бестен артық емес кандидаттар жіберіледі.
Балдары тең болған жағдайда жеке қасиеттерді бағалау бойынша ең жоғары балл жинаған кандидаттар санын белгіленген шектен асыруға жол беріледі.
52. Егер өтінімді бір ғана кандидат берген жағдайда, бір кандидаттың қатысуына рұқсат етіледі.
53. Кандидаттың "эссені" жазу күні жүйе арқылы автоматты түрде айқындалады.
54. Эссе жазу кезеңі басталғанға дейін кандидат жүйеде осы кезеңнен өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
55. "Эссе" жазуды кандидат жүйеде онлайн режимде тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында, жүйемен айқындалатын кестеге сәйкес жүргізеді және мемлекеттік немесе орыс тілінде екі жүз елу сөзден аспайды.
Дипломатиялық лауазымға кандидат үшін әңгімелесу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы заңнамаға сәйкес шет тілінде өткізілуі мүмкін.
56. Бірнеше бос лауазымдарға жалпы конкурсқа қатысатын кандидат әрбір бос лауазым бойынша жеке эссе жазады.
57. "Эссе" жазу кезеңі бейнежазу арқылы жүйемен жазылады.
58. "Эссе" жазу уақыты жүйеде эссе жазудың "терезесі" ашылғаннан бастап есептеледі және 45 минуттан аспауы қажет.
Бұл жағдайда кандидат белгіленген уақыт аяқталғанға дейін эссе жазуды бастауы және аяқтауы керек.
59. "Эссе" жазу аяқталғаннан кейін нәтиже прокторға тексеруге жіберіледі.
60. Проктордың тексеруі және жалпы конкурстық комиссия мүшелерінің бағалауы келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Проктордың тексеруден өтуі аяқталғанға дейін өтінімнің мәртебесі "Тексеруде" болады.
61. "Эссені" конкурстық комиссияның мүшелері осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес бес баллдық шәкіл бойынша бағалайды.
"Эссені" бағалауға конкурстық комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысады. Әрбір "эссе" конкурстық комиссия мүшелерінің бірдей санымен бағаланады және ЭЦҚ көмегімен расталады.
Конкурстық комиссия мүшесінің кандидаттың эссесін бағалаудан бас тартуына жол берілмейді.
62. "Эссе" жазу кезеңіне жіберілген кандидаттардың ешқайсысы осы кезеңге қатыспаған жағдайда, жалпы конкурс мәртебесі жүйемен "Аяқталған" болып өзгереді.
Жалпы конкурстың аяқталғаны туралы хабарлама кандидаттарға жүйе арқылы жіберіледі.
4- параграф. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясымен әңгімелесу
63. Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби мен жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.
64. Әңгімелесу бейнебайланыс немесе практикалық бағалау арқылы жүргізіледі.
65. Бейнебайланыс арқылы әңгімелесу (бұдан әрі –әңгімелесу) төменгі лауазымдарға жалпы конкурстар бойынша жүргізілмейді.
66. Әңгімелесу "эссе" жазу кезеңінен кейін келесі жұмыс күні басталады.
67. Әңгімелесу кезеңіне "эссе" жазу кезеңінен сәтті өткен кандидаттар қатысады.
68. Әңгімелесу кезеңі алдында кандидаттарға кадр қызметі жүйе арқылы әңгімелесу өткізу күні, уақыты мен сілтемесі көрсетілген хабарламалар жібереді.
69. Кандидаттармен әңгімелесу жүйе арқылы жеке қабинетке жіберілген сілтеме бойынша бейнебайланыс режимінде жүргізіледі.
Кандидаттарды жүйеде әңгімелесу кезеңіне кіруден негізсіз бас тартуға жол берілмейді.
70. Бірнеше бос лауазымдарға арналған жалпы конкурсқа қатысатын кандидат әрбір бос лауазым бойынша жеке әңгімелесуден өтеді.
71. Жалпы конкурстық комиссияның мүшелері көрсетілген уақытқа сәйкес сілтемеге өтеді. Комиссия хатшысы конкурстық комиссияның уақтылы қатысуын қамтамасыз етеді. Әңгімелесу сессиясының уақыт есебі кандидат күту режимінен әңгімелесуге ауысқаннан кейін жүйемен автоматты түрде іске қосылады.
72. Конкурстық комиссия әрбір жарияланған бос лауазым үшін тиісті "Б" корпусының бос немесе уақытша бос лауазымының лауазымдық өкілеттіліктерін ескере отырып, он бағыттан аспайтын жалпы конкурс сұрақтарының тізімін қалыптастырады.
73. Әңгімелесу өткізу барысында жарияланған бос лауазымның функционалдық міндеттерінен тыс, терең арнайы білімді талап ететін сұрақтар қоюға, оның ішінде заңнама нормаларын шамадан тыс нақтылауға жол берілмейді.
74. Әңгімелесу кандидаттың таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі
Дипломатиялық лауазымға кандидаттармен әңгімелесу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы заңнамаға сәйкес шет тілінде өткізілуі мүмкін.
75. Бір лауазымға үміткер кандидаттарға сұрақтардың саны тең көлемде қойылады.
76. Әр кандидатпен әңгімелесу ұзақтығы 15 минуттан аспайды.
77. Конкурстық комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес жүйеге баллды енгізу арқылы кандидаттармен әңгімелесу қорытындыларын жеке бағалайды және ЭЦҚ көмегімен растайды.
Комиссия мүшесіне кандидаттармен әңгімелесу қорытындыларын бағалаудан және ЭЦҚ көмегімен бағалауды растаудан бас тартуға жол берілмейді.
78. Әңгімелесу кезеңіне жіберілген кандидаттардың ешқайсысы осы кезеңге қатыспаған жағдайда, жалпы конкурс мәртебесі жүйемен "Аяқталған" болып өзгереді.
Жалпы конкурс аяқталғаны туралы хабарлама жүйемен кандидаттарға жолданады.
79. Егер жүйеде бағалау қорытындыларын комиссия құрамының кемінде үштен екісі, бірақ үштен кем емес адам толтырса, жалпы конкурстық комиссияның шешімі заңды деп есептеледі.
80. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидат, конкурстық комиссия мүшелеріне ауызша хабарлай отырып, техникалық жазу құралдарын да пайдалана алады.
81. Практикалық бағалау арқылы өткізілетін әңгімелесу (бұдан әрі – практикалық бағалау) рұқсат алғаннан кейін келесі жұмыс күні басталады.
82. Практикалық бағалау кезеңіне жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған бестен артық емес кандидат қатысады.
Жеке қасиеттерді бағалау кезеңінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған кандидаттардың баллдары тең болған кезде практикалық бағалауға жіберілетін кандидаттардың белгіленген санынан асып кетуіне жол беріледі.
83. Өтінімді бір кандидат жіберген жағдайда, бір кандидаттың қатысуына жол беріледі.
84. Практикалық бағалау кезеңі алдында мемлекеттік органның кадр қызметімен жүйе арқылы кандидаттарға практикалық бағалаудың жүргізу мерзімдері туралы хабарлама жіберіледі.
85. Кандидаттар практикалық бағалауды оларды практикалық бағалауға жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап бір жумыс күні ішінде жалпы конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда жүйе арқылы қашықтықтан өтеді.
86. Бірнеше бос лауазымдарға арналған жалпы конкурсқа қатысатын кандидат әрбір бос лауазым бойынша жеке практикалық бағалаудан өтеді.
87. Практикалық бағалау кезеңі басталмас бұрын кандидат жүйеде осы кезеңнің өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
88. Практикалық бағалау кезеңінде кандидаттар бос лауазымның функционалдық бағыттарынан туындайтын кәсіби қабілеттері анықталады. Практикалық тапсырмалар қысқа, анық, нақты және қабілеттерді бағалауға бағытталған болуы керек:
"Б" корпусының басшылық мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін:
1) тапсырманың материалдары негізінде аналитикалық жазба дайындау бойынша;
2) бос лауазымның функционалдық міндеттері шеңберінде мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға ресми сауалдар мен хаттар дайындау немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, заңнамаға сәйкес дәлелді жауаптар дайындау бойынша.
жұмыс өтілін талап етпейтін төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін:
ашықтықты, ойды анық, қисынды түрде білдіру қабілетін анықтауға, сондай-ақ жеке құзыреттері тұрғысынан жалпы сипаттағы екі сұраққа жазба түрінде жауап ұсыну бойынша жүзеге асырылады.
89. Бос лауазымы бар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшеcі осы Қағидалардың 88-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген әр қабілеті бойынша бес практикалық тапсырмадан кем емес тізбені қалыптастырады.
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам, жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін тапсырмаларды сапалы орындау үшін қажетті материалдарды және нормативтік құқықтық актілерді қоса бере отырып практикалық тапсырмалардың тізбесін жүйеге жүктейді.
Практикалық бағалау кезеңінде жүйе кандидаттар үшін екі практикалық тапсырманы автоматты түрде анықтайды.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамдар практикалық тапсырмалар тізбесін жария ету және өзектендіру үшін дербес жауапты болады.
Практикалық тапсырмалар тізбесі тоқсанына кемінде бір рет кезеңділікпен өзектендіріледі.
90. Бір бос мемлекетті әкімшілік лауазымға кандидаттар бірдей тапсырмаларды бірдей мөлшерде орындайды.
Кандидаттар жүйеде онлайн режимде тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында 21.00 сағаттан кешіктірмей, жүйемен айқындалатын кестеге сәйкес, мемлекеттік немесе орыс тілінде екі тапсырманы орындайды.
Дипломатиялық лауазымға кандидаттар үшін тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы заңнамаға сәйкес шет тілінде өткізілуі мүмкін.
Тапсырмалардың орындау уақыты жүйеде тапсырма орындаудың "терезесі" ашылғаннан бастап есептеледі және 120 минуттан аспауы қажет.
Бұл жағдайда кандидат белгіленген уақыт аяқталғанға дейін тапсырманы бастауы және аяқтауы керек.
91. Тапсырмаларды аяқтағаннан кейін кандидаттың өтініміне автоматты түрде "Тексеруде" мәртебесі беріледі.
Кандидаттың практикалық бағалау кезеңіне қатыспаған жағдайда, өтініміне "Өтпеген" мәртебесі беріледі және кандидат практикалық бағалау кезеңіне қатысуды аяқтайды.
92. Тапсырмаларды орындау аяқталған күні нәтижелер прокторға тексеруге жіберіледі.
Проктор тексеруі және конкурстық комиссиямен бағалау келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурстық комиссияның мүшелері Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша практикалық бағалау кезеңінің нәтижелерін жүйеге енгізеді.
Комиссия мүшесіне кандидаттармен практикалық бағалау қорытындыларын бағалаудан және ЭЦҚ көмегімен бағалауды растаудан бас тартуға жол берілмейді.
93. Практикалық бағалау кезеңіне жіберілген кандидаттардың ешқайсысы осы кезеңге қатыспаған жағдайда, жалпы конкурс мәртебесі жүйемен "Аяқталған" болып өзгереді.
Жалпы конкурс аяқталғаны туралы хабарлама жүйемен кандидаттарға жолданады.
94. Егер жүйеде бағалау қорытындыларын комиссия құрамының кемінде үштен екісі, бірақ үштен кем емес адам толтырса, конкурстық комиссияның шешімі заңды деп есептеледі.
6-параграф. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының қорытындысы
95. Конкурстық комиссияның қорытындысы жүйеде хаттама ретінде қалыптастырады.
96. Жалпы конкурс қорытындылары енгізілген күні жүйе автоматты түрде осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген Әдістемеге сәйкес кандидаттардың баллдарын есептейді.
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден және жалпы конкурс кезеңдерінен ең көп жиынтық балл жинаған кандидат жалпы конкурс жеңімпазы ретінде анықталады.
97. Бірнеше кандидаттың баллдары тең болған жағдайда, еңбек өтілі көп кандидат жеңімпаз болып танылады. Еңбек өтілі тең болған жағдайда білім деңгейі қарастырылады.
Еңбек өтілін талап етпейтін лауазымдарға кандидаттардың баллдары тең болған жағдайда, еңбек өтілі есептелмейді.
Баллдары, еңбек өтілі және білім деңгейі тең болған жағдайда жеке қаситеттерді бағалау кезеңінің нәтижесі бойынша баллдарды ескере отырып жеңімпаз анықталады.
Егер жалпы конкурсқа бір кандидат қатысып, әңгімелесу немесе практикалық бағалау кезеңінде нәтижесі бір баллдан кем болған жағдайда жалпы конкурстың жеңімпазы анықталмады деп танылады.
98. Жалпы конкурс қорытындысы шығарылған күні жүйемен хаттама ресімделеді, оған ЭЦҚ көмегімен кадр қызметі қол қояды.
Мемлекеттік органның кадр қызметіне және кандидаттардың жеке кабинеттеріне жүйе арқылы жалпы конкурс қорытындылары туралы хабарлама жіберіледі.
99. Жалпы конкурс қорытындысы бос лауазымға қабылдау үшін негіз болып табылады.
3-тарау. Кандидаттың лауазымға орналасуы
100. Мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адам жалпы конкурс қорытындылары шығарылғаннан кейін келесі жұмыс күні, егер алдыңғы жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес бір айлық жұмыспен өтеу мерзімін белгілемесе немесе тараптардың келісімдері бойынша өзге мерзім белгіленбесе, жарияланған бос лауазымға кандидат - жалпы конкурс жеңімпазын қабылдайды.
Бұл ретте алдыңғы жұмыс беруші конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарлама алғаннан кейін жалпы конкурсқа қатысқан мемлекеттік қызметшіні Заңның 61-бабы 1-1-тармағының және осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, атқарып отырған лауазымынан босатады. Конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарлама алдыңғы жұмыс берушіге интегралды ақпараттық жүйе арқылы конкурстық комиссияның шешімі қабылданғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жолданады.
101. Жеңімпаз, мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, жалпы конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде кадр қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);
2) амбулаториялық-емханалық ұйымдарда қолданылатын медициналық есептік құжаттама нысандарына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің мiндетiн атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 075/у нысаны бойынша құжаттарды ұсынған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде берілген (не нотариалды куәландырылған көшірмесін) медициналық анықтамасы (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды).
4-тарау. Шағымдану тәртібі
102. Кандидаттардың жалпы конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануына жол беріледі.
103. Жалпы конкурстың қорытындысына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін жалпы конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
104. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.
105. Шағымды қарау қорытындысы бойынша, осы Қағидалардың талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік органға ұсыныс енгізеді.
106. Осы Қағидалардың талаптарын бұзу жалпым жалпы конкурс қорытындысын немесе кезеңдерін жоюға негіз болып табылу мүмкін.
107. Кандидаттар конкурстық құжаттарды, тестілеу, жеке қасиеттерін бағалау, эссе, әңгімелесу және практикалық бағалау нәтижелерімен өздеріне қатысты бөлігінде танысады, сондай-ақ уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері сұратады және алады.
| "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу қағидаларына 1 - Қосымша |
"Б"корпусының басқарушы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары
Санат | Лауазымы |
"Б" Корпусы | |
А санаттар тобы | |
А-1 | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратының Сектор меңгерушісі |
В санаттар тобы | |
В-1 | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық аппараты басшысының орынбасары |
Құрылымдық бөлімшенің басшысы | |
В-2 | Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары |
В-3 | Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары Аппараттарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының сектор меңгерушісі |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің және оның ведомствосының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының басқарма (қызмет) басшысы | |
В-4 | Сектор меңгерушісі |
С санаттар тобы | |
С-1 | Орталық атқарушы орган комитеті төрағасының орынбасары |
Департамент директоры | |
Сенімді уәкіл | |
Халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілдің орынбасары | |
Бас консул | |
Шетелдік мекеменің кеңесші-елшісі | |
Баспасөз хатшысы | |
С-2 | Департамент директорының орынбасары |
С-3 | Басқарма басшысы |
Басқарма басшысының орынбасары | |
Консул-консулдықтың басшысы | |
С-О-1 | Басшы |
Кеден басшысы | |
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі | |
С-О-2 | Басшының орынбасары |
Кеден басшысының орынбасары | |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі | |
С-О-3 | Басқарма басшысы |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық органы басқармасының басшысы | |
Кеден бекетінің басшысы | |
Аумақтық бөлімнің басшысы - аға сот орындаушысы | |
С-О-4 | Бөлім басшысы |
Кеден бекеті басшысының орынбасары | |
C-R-1 | Аудандық аумақтық басқармасының басшысы |
Аудандық және оған теңестірілген сот Әкімшісінің басшысы | |
C-R-2 | Аудандық аумақтық басқарма басшысының орынбасары |
Аудандық және оған теңестірілген сот әкімшісі басшысының орынбасары | |
C-R-3 | Аудандық аумақтық басқару бөлімінің басшысы |
D санаттар тобы | |
D-1 | Мәслихат аппаратының басшысы |
D-2 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары аппаратының басшысы |
Әкім аппараты басшысының орынбасары | |
Мәслихат аппараты басшысының орынбасары | |
D-3 | Құрылымдық бөлімшенің басшысы |
D-О-1 | Басшы |
D-O-2 | Басшының орынбасары |
Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі | |
D-O-3 | Бөлім басшысы |
D-R-1 | Бөлім басшысы |
D-R-2 | Бөлім басшысы орынбасары |
D-R-3 | Сектор меңгерушісі |
Е санаттар тобы | |
Е-1 | Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары |
Е-2 | Аппарат басшысы |
Е-3 | Құрылымдық бөлімшенің басшысы |
E-R-1 | Бөлім басшысы |
E-R-2 | Бөлім басшысының орынбасары |
E-R-3 | Сектор меңгерушісі |
E-G-1 | Әкімнің орынбасары |
E-G-2 | Құрылымдық бөлімшенің басшысы |
| Қосымша 2 | |
| "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу қағидаларына |
Бағалау әдістемесі
Жалпы конкурс бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша айқындалады:
"Эссе" жазу кезеңі бар басшылық лауазымдар үшін:
И=0,4*О+0,4 *Э +0,2*С;
бойынша:
И - жалпы конкурс нәтижелері бойынша қорытынды балл;
О- жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері;
Э – "эссе" жазуды бағалау нәтижелері;
С- әңгімелесу нәтижелері;
0,5- жеке қасиеттерді бағалаудың салмақ коэффициенті (40 пайыз).
0,2- "эссе" жазуды бағалаудың салмақ коэффициенті (40 пайыз).
0,3- әңгімелесуді бағалаудың салмақ коэффициенті (20 пайыз).
Басшылық емес лауазымдар үшін:
И=0,3*О+0,7*П;
бойынша:
И - жалпы конкурс нәтижелері бойынша қорытынды балл;
О- жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері;
П- практикалық бағалау нәтижелері;
0,3- жеке қасиеттерді бағалаудың салмақ коэффициенті (30 пайыз);
0,7- практикалық бағалаудың салмақ коэффициенті (70 пайыз).
| "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты өткізу қағидаларына 3-қосымша |
Кандидаттың практикалық бағалау қорытындысы
Кандидаттың ID | Бағаланатын қабілеттер | Баға (0-5 балл арасында) |
1 тапсырма | ||
2 тапсырма | ||
Барлығы |
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет |
|
| істері агенттігі төрағасы 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығына 3-қосымша |
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына және мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды (бұдан әрі – кандидат) тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.
2. Кандидат осы Қағидаларға сәйкес конкурс басталғанға дейін не конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі ішінде мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге, сондай-ақ жеке қасиеттерін бағалауға кандидаттарды тестілеуден өтуге құқылы.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі білуге арналған тестілеуден өту үшін шекті мән белгіленбейді.
4. Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тіл мен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өтпейді.
5. "Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызмет көрсетушісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді, әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне, азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылданатын азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлға (бұдан әрі – Іріктеу рәсімінің әкімшісі) болып табылады.
6. Кандидат қалауы бойынша тестілеуден іріктеу рәсімінің әкімшісінің ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – жүйе) "eqyzmet.gov.kz" сыртқы интернет-порталда немесе арнайы жабдықталған тестілеу залдарында өте алады.
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар, сондай-ақ жеке қасиеттерін бағалау қорытындылары тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде сертификаттың және жеке қасиеттерін бағалау қорытындыларының жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.
2-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды жүйеде тестілеу
8. Тестілеуге қатысу үшін кандидат өзін техникалық жабдықтармен (компьютердің, интернеттің тұрақты жылдамдығы кемінде 5 мб/сек, жұмыс істеп тұрған веб-камера, микрофон және жеткілікті көрінуді қамтамасыз ететін жарықтандыруды) қамтамасыз етеді.
9.Тестілеу кезеңдерінен өту кезінде кандидат жеке қатысуын және бөгде адамдардың болмауын қамтамасыз етеді; орнын тастап кетпейді; экраннан бұрылмайды; кескінді жаппайды; бейнекамераны ажыратпайды; жеке компьютердің/ноутбуктің микрофонын өшірмейді; жүйенің сұранысы бойынша тестілеу өтіп жатқан кезінде орналасқан бөлмеге (360 градус) дөңгелек шолу жасайды, бөлменің (360 градус) шолуын қамтамасыз етуге арналған құрылғыдағы микрофон мен камераны өшірмейді; телефонмен сөйлеспейді; сұрақтарды дауыстап оқымайды, басқа тұлғалардың дербес компьютерге (қашықтан қол жеткізу бағдарламалары) қол жеткізуіне мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтамасын қолданбайды және оның жоқтығын қамтамасыз етеді, аудио гарнитура (құлаққап), көмекші электрондық, баспа, қағаз және өзге де материалдар, сондай-ақ заттарды пайдаланбайды.
10. Техникалық қолдау қызметіне жүгіну барысында, тестілеуден өту кезінде кандидат жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды сақтауы ұсынылады.
Тестілеуден өту кезінде үміткер қоғамдық мораль мен этика нормаларын бұзбайтын, тиісінше ұқыпты сырт келбетті сақтауы тиіс.
11. Кандидат осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарын бұзған жағдайда тестілеуден өту кезінде прокторингпен тіркелген бұзушылықтардың тізімі, жүйе арқылы бір жұмыс күні ішінде кандидаттың "жеке кабинетіне" жіберіледі. Бұл ретте тестілеу нәтижелері жойылады.
Бұл ретте кандидаттың "Тексеруде" өтінімінің жай-күйі "Бұзушылық нәтижесінде жойылды" күйіне ауыстырылады.
12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
13. Осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарын қайтадан бұзған кандидаттарды тестілеуге қайта тестілеуден өткен күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
14. Тестілеуді өткізу барысында жалған адам анықталған жағдайда тест нәтижелері жойылады.
Бұл ретте оператор осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы актіні толтырады.
Тестілеуден өту үшін тіркелген адамды қайта тестілеуге осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген Акт жасалған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жол беріледі.
15. Жүйенің техникалық ақауы (техникалық ақау) туындаған жағдайда іріктеудің тиісті кезеңі автоматты түрде аяқталады, іріктеу рәсімінің әкімшісі жүйеде техникалық ақау туралы актіні тіркейді.
Бұл ретте кандидаттар жиырма төрт сағат ішінде іріктеу кезеңінен өту үшін қайта жазылуға техникалық қолдау қызметіне жүгінеді.
Параграф 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге кандидаттарды тестілеу
16. Іріктеу рәсімінің әкімшісі азаматтардың өтініш жасауына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге тестілеуді өткізеді.
17. Кандидаттар тестілеуге өтінім беруге қатысты ақпаратты және кеңесті жүйеде және (немесе) уәкілетті органның интернет-ресурсында жұмыс уақытында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін алады.
18. Кандидат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білу тестілеуінен өтеді.
19. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден өткен және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін тестілеу бағдарламасында көрсетілген мәндерден төмен емес алған кандидатқа жеке кабинетке осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өткені туралы сертификат (бұдан әрі-сертификат) электрондық түрде жіберіледі.
Сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде кандидат Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден қайта өтпейді.
20. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін тестілеу бағдарламасында көрсетілген мәндерден төмен алған кандидатқа осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде тестілеуден өту мәндерінен төмен нәтижелері бар тестілеуден өткені туралы анықтама жеке кабинетке жіберіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік үш күннен кейін жол беріледі.
21. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 5-қосымшасында келтірілген.
22. Тестілеуге қатысу үшін кандидат тестілеу күніне дейін күнтізбелік бір күннен кешіктірмей жеке кабинетінде өтінім береді.
Кандидат тестілеу уақытын жүйе қалыптастыратын кестеге сәйкес дербес таңдайды.
23. Кандидаттың жеке кабинетінде өтінімді тіркеуді растау мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебені көрсету болып табылады.
24. Тестілеуге жазылу тестілеуден өту күні мен уақытын көрсете отырып, жүйе қалыптастыратын хабарламамен расталады.
25. Тестілеуге қатысу үшін кандидат таңдаған уақытынан кешікпей жүйедегі жеке кабинеті арқылы тестілеуді бастайды.
26. Тестілеу басталмас бұрын кандидат жүйеде тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
27. Кандидат тестілеу басталғанға дейін жеке кабинетте өтінімнің күшін жоя алады.
28. Кандидат өтінішін кері қайтарып алмаған жағдайда тестілеуге келмеген (қатыспаған) кезде, жүйе автоматты түрде кандидатты бұғаттайды және үш күнтізбелік күн өткен соң қайта тестілеуден өту үшін бұғатты ашады.
29. Тестілеу рәсімі аяқталғанға дейін қатысушы сұрақтарға жауап беруге, жауаптарды, оның ішінде алдыңғы жауаптарды түзетуге мүмкіндігі бар.
30. Кандидат тестілеуді "Ескертусіз аяқтау" немесе "Ескертулермен аяқтау" батырмасын таңдау арқылы тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт өткенге дейін өз бетінше аяқтайды, ал ескертулер болған жағдайда "Ескертулер" жолына кандидат өз ескертулерін, ұсыныстарын енгізеді не шағымын ресімдейді.
31. Кандидат компьютерді қуаттан өз бетінше ажырату, интернетке қосылуды ажырату, тестілеу терезесіне кіруді тоқтату арқылы тестілеуді аяқтаған кезде тестілеу нәтижелеріне "Өтпеген" мәртебесі беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімнен кейін жүзеге асырылады
32. Тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт өткеннен кейін тестілеу автоматты түрде аяқталады.
33. Тестілеудің дұрыс жауаптарын санауды жүйе автоматты түрде жүзеге асырады.
34. Тестілеу аяқталғаннан кейін жүйе тиісті нәтижені көрсетеді.
35. Шекті мәнді еңсерген кандидаттардың нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейін өтінімнің мәртебесін "Тексеруде" деп көрсетеді.
36. Проктормен тексеру тестілеу аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
37. Тестілеуді өткізу тәртібін бұзушылықтар болмаған жағдайда кандидаттың өтінім мәртебесі "Тексеруде" дегеннен "Өтті" дегенге ауыстырылады және кандидат іріктеудің келесі кезеңіне жіберіледі.
Параграф 2. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалаудан өтуі
38. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалау осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес бағдарламалар бойынша тестілеу түрінде жүргізіледі.
39. Жеке қасиеттерді бағалау жүйеде көзделген кестеге сәйкес жүргізіледі. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалаудан өту күнін (кестесін) жүйемен автоматты түрде айқындалады, тиісті хабарлама кандидаттың жеке кабинетіне жіберіледі.
Жеке қасиеттерді бағалаудан өту уақытын кандидат жүйе қалыптастыратын кестеге сәйкес дербес таңдайды.
40. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту басталардан бір сағат бұрын қатысушының жеке кабинетіне, электрондық поштасына және ұялы телефон нөміріне жүйемен тиісті ескерту-хабарлама жіберіледі.
41. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту үшін кандидат жеке кабинетке ескерту-хабарламада көрсетілген уақыттан кешікпей кіреді.
42. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту басталғанға дейін кандидат жүйеде жеке қасиеттерін бағалаудан өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
43. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту рәсімі аяқталғанға дейін кандидат сұрақтарға жауап беруге, жауаптарды, оның ішінде алдыңғы жауаптарды түзетуге мүмкіндігі бар.
44. Кандидат "Аяқтау" батырмасын таңдап, жеке қасиеттерін бағалаудан өтуге бөлінген уақыт өткенге дейін жеке қасиеттерін бағалауды өз бетінше аяқтайды.
45. Жеке қасиеттерді бағалауға бөлінген уақыт өткеннен кейін рәсім автоматты түрде аяқталады.
46. Жеке қасиеттерді бағалауды аяқтаған кандидаттарға нәтижесі жүйе арқылы көрсетіледі.
47.Шекті мәнді еңсерген кандидаттардың нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейінгі өтінімнің мәртебесі "Тексеруде" болады.
48. Проктор тексеруді жеке қасиеттерін бағалау аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
49. Жеке қасиеттерін бағалаудан өткен кандидат талаптарды бұзбаған жағдайда оның өтінімінің мәртебесі "Тексеруде" дегеннен "Өтті" дегенге ауыстырылады.
50. Жеке қасиеттерді бағалау тестілеу нәтижелері бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы "Б" корпусының лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалау нәтижесі бойынша қорытынды осы Қағидаларға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша кандидаттың жеке кабинетіне жолданады.
51. Кандидаттар жеке қасиеттерді бағалау тестілеу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен күнтізбелік ай ішінде үш реттен артық емес "өткен" мәртебесі бар қорытынды алғанға дейін тапсыра алады.
52. Жеке қасиеттерді бағалау тестілеу шекті мәндерінен жоғары нәтиже алған және өз нәтижесін жақсартқысы келетін кандидаттар "өткен" мәртебесі бар қорытынды алған күннен бастап үш ай өткеннен кейін қайта тестілеуден өтуге құқылы.
53. Бұл ретте, конкурсқа қатысу кезінде ең жоғары қорытынды балл алған тестілеу нәтижесі ескеріледі.
3-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды залда тестілеу
54. Тестілеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылданатын азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлғаның қызметкері болып табылатын тестілеу операторының (бұдан әрі – оператор) қатысуымен өткізіледі.
55. Тестілеуді өткізудің әділдігі жағдайлардың, уақыттың, нәтижелерді есептеудің, тест мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ оператордың сыбайлас жемқорлықты жібермеу әрекеттері туралы жазбаша шектеулерді қабылдауымен қамтамасыз етіледі.
Параграф 1. Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі
56. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.
57. Тестiлеу залына кiру алдында тыйым салынған құрылғылардың (ақпаратты беру, сақтау немесе қайта жаңғырту мүмкіндігі бар кез келген техникалық құралдар, оның ішінде мобильді телефондар, смарт-сағаттар, құлаққаптар, планшеттер және өзге де электрондық құрылғылар) бар-жоғы металл іздегіштің көмегімен тексеріледі.
58. Белгіленген уақыттан кейін келген адамдар тестілеу залына кіргізілмейді.
59. Тестілеу басталғанға дейін оператор тестіленуші адамдарды тестілеу бойынша нұсқаулықпен таныстырады және оларда тестілеу рәсімдеріне қатысты туындаған сұрақтарға жауап береді.
60. Тестілеу сәтінде өзін нашар сезінген адамдар ол туралы операторға тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамдарды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.
61. Тестілеу кестесі автоматты түрде айқындалады.
62. Тестілеуден өтетін адамдар басқа адамдармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды, орын-жайды тастап кетпейді.
Тестілеуден өтетін адамдарға тестілеу залына қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) кіргізуге рұқсат берілмейді. Мұндай құрылғылар тестілеуді өткізу уақытында ұяшықтары бар арнайы шкафтарға сақтауға салынады.
63. Тестілеуге кіргізу кезінде немесе тестілеуді өткізу барысында жалған адам анықталған жағдайда аталған адам тестілеуге жіберілмейді немесе оператор осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді.
Бұл ретте оператор осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы актіні толтырады.
Тестілеуден өту үшін тіркелген адамды қайта тестілеуге осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген Акт жасалған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жол беріледі.
64. Тестіленуші адам осы Қағидалардың 62-тармағының талаптарын бұзған жағдайда оператор осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді.
Бұл ретте оператор бір жұмыс күн ішінде осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы Қағиданы бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады.
Акт толтырылған адамдар қайта тестілеуді бұзу болған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді. Осы Қағидалардың 62-тармағының талаптарын бұзған адамдардың тестілеу нәтижелері жойылады.
65. Тестілеуді еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар, әскери қимылдар), салдарынан, сонымен қатар техникалық ақаулықтарға байланысты себептермен жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда тестілеу тоқтатыла тұрады және осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеуді тоқтата тұру туралы акт жасалады.
Мұндай жағдайда, "Б" корпусының лауазымына кандидат тестілеуге осы Қағидалардың 72 және 73-тармақтарында айқындалған тәртіпте жазыла алады.
66. Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, тестілеу автоматты түрде жабылады.
67. Тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк тестілеу бағдарламасының көмегiмен автоматты түрде жүзеге асырылады.
68. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы кандидаттың "жеке кабинетіне" 20 (жиырма) минут ішінде жолданады.
69. Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Іріктеу рәсімінің әкімшісі қамтамасыз етеді.
70. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Іріктеу рәсімінің әкімшісіне жібереді.
Параграф 2. Кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге тестілеу
71. Азаматтардың өтініш білдіруі бойынша Іріктеу рәсімінің әкімшісі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды (бұдан әрі – "Б" корпусының лауазымына кандидаттар) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуді өткізеді.
72. "Б" корпусының лауазымына кандидаттар тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тапсырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Іріктеу рәсімінің әкімшісі тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.
Портал арқылы жүгінген кезде кандидаттың "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы жәй-күйі көрсетіледі.
Портал арқылы өтініш берілген кезде, құжаттардың қабылданғанын растау осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Іріктеу рәсімінің әкімшісінің электронды цифрлы қолтаңбасы нысанындағы тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхат болып табылады.
Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен кеңесті Іріктеу рәсімінің әкімшісінен ала алады.
73. "Б" корпусының лауазымына кандидат тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.
Тестілеуге жазылу "электрондық үкімет" веб-порталында қалыптастырылатын осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысанда тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады.
74. Тестілеуден өтуден бас тарту негіздері Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.
75. "Б" корпусының лауазымына кандидаттар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары (бұдан әрі – тестілеу бағдарламалары) бойынша олардың өтініштерінде көрсетілген мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өтеді.
76. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін мән белгіленбейді.
77. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына кандидаттардың жеке кабинетіне портал арқылы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы электрондық сертификат (бұдан әрі-Сертификат) жолданады.
Берілген Сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде азамат қайта тестілеуден өтпейді.
Бұл ретте, тест нәтижелері ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде сақталады.
78. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен алған "Б" корпусының лауазымына кандидаттарға "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жеке кабинетке осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту мәндерінен төмен нәтижелері бар тестілеуден өткені туралы анықтама жіберіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге жіберуге тестілеу өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік үш күн өткен соң жол беріледі.
Параграф 3. "Б" корпусының лауазымына кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібі
79. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалау осы Қағидаларға 6-қосымшаларға сәйкес бағдарламалар бойынша тестілеу түрінде жүргізіледі.
80. "Б" корпусының лауазымына кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу олардың мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін тестілеу кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Бұл ретте, жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған адамдар, мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, жіберілмейді.
81. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен емес нәтиже алған және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге тестілеу кестесіне сәйкес келмеген адамдар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 72 және 73-тармақтарымен белгіленген тәртіпте қатысуға жіберіледі.
82. "Б" корпусының лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 7 және 8-қосымшаларына сәйкес нысандағы қорытынды портал арқылы "жеке кабинетіне" жолданады.
Бұл ретте, тест нәтижелері ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде сақталады.
83. Кандидаттар жеке қасиеттерді бағалау тестілеу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен күнтізбелік ай ішінде үш реттен артық емес "Өтті" мәртебесі бар қорытынды алғанға дейін тапсыра алады.
84. Жеке қасиеттерді бағалау тестілеу шекті мәндерінен жоғары нәтиже алған және өз нәтижесін жақсартқысы келетін кандидаттар "Өтті" мәртебесі бар қорытынды алған күннен бастап үш ай өткеннен кейін қайта тестілеуден өтуге құқылы.
85. Бұл ретте, конкурсқа қатысу кезінде ең жоғары қорытынды балл алған тестілеу нәтижесі ескеріледі.
4-тарау. Тестілеу нәтижелеріне шағымдану тәртібі
86. Кандидаттардың тестілеу нәтижелеріне қатысты шағымдары Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңымен белгіленген тәртіпте уәкілетті орган арқылы қарастырылады.
87. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде шағым берген кандидаттың тестілеуден өтуі туралы материалдарды Іріктеу рәсімінің әкімшісінен сұратады.
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттың ітестілеуді ұйымдастыру,бағдарламалары мен қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы акті
_________қаласы
"____" ____ 20___ ж.
__ сағ.. _ мин.
_____________________________________________ тестілеу операторымен
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
азамат _____ЖСН_____ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))орнына азамат
___________ЖСН___________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
тестілеуді тапсыру әрекеті дерегі анықталды.
Тестілеу операторының қолы: _____________________________________
Актімен таныстым: _______________________________________________
(жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген азаматтың тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол қоюдан
бас тартқан жағдайда – тиісті жазба __________________________
(жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол қоюдан
бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), ЖСН)
| Мемлекеттік әкімшілік | |
| қызметшілерді, мемлекеттік | |
| әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 2-қосымша |
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және заңнамаларын білу тестілеу бағдарламасы
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасы:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тесттің (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (10 сұрақ) бiлуге арналған тесттер.
Тестілеуден өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (55 сұрақ) кемінде 30 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық акт бойынша кемінде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындаудың жалпы уақыты 55 минутты құрайды.
| Мемлекеттік әкімшілік | |
| қызметшілерді, мемлекеттік | |
| әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 3-қосымша | |
| Нысан |
СЕРТИФИКАТ
Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болып табылады.
Бұл сертификат ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты іріктеуге және өткізуге қатысу үшін жарамды. ekyzmet.kz сайтында тексеру коды _______

20 __ ж. "____" _______________
| Мемлекеттік әкімшілік | |
| қызметшілерді, мемлекеттік | |
| әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 4-қосымша | |
| Нысан |
Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА
_____________________________________________________ |
| ||
Тест атауы | Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны | Тестілеуді өту мәні | Дұрыс жауаптардың саны |
ҚОРЫТЫНДЫ | |||
Осы кандидат қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімнен кейін өте алады.
ekyzmet.kz сайтында тексеру коды ____

20 __ ж. "____" _______________
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 5-қосымша |
"Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi – портал) |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі | Тестілеу өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік бір күннен ерте емес және кандидат таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі. |
4 | Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі | Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестілеуден өткенін растайтын сертификат, не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту нәтижелері белгіленген өту баллынан төмен болған жағдайда берілетін анықтама, сондай-ақ осы Қағидаларға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша "Б" корпусының лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері бойынша қорытынды. Тестілеудің нәтижесі портал арқылы кандидаттың жеке кабинетіне 20 (жиырма) минут ішінде жіберіледі. |
6 | Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері, және оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушінің шешімі бойынша тестілеу залдарының жұмыс уақытын 23.00-ге дейін ұзартуға жол беріледі; |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік қызметті алу үшін кандидат портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге кандидаттың ЭЦҚ-мен немесе ұялы байланыс операторы беретін кандидаттың абоненттік нөмірі тіркелген қосылған жағдайда порталдың есептік жазбасына бір реттік пароль куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным жолдайды. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздері |
1) кандидаттың соңғы үш күнтізбелік күн ішінде шекті мәндерден төмен нәтижелермен тестілеуден өтуі; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар | Кандидат ЭЦҚ қолдану арқылы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Кандидаттың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі -1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 6-қосымша | |
| Нысан |
"Б" корпусының лауазымдарына орналасуға кандидаттарды жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ("Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарын қоспағанда) орналасуға кандидаттарды жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары мынадай құзыреттерді айқындауға арналған тестілерді қамтиды:
проактивтілік (12 тапсырма); коммуникативтілік (12 тапсырма); талдамалық ойлау (12 тапсырма); стратегиялық ойлау (12 тапсырма); көшбасшылық (12 тапсырма); әдептілік (12 тапсырма); нәтижеге бағдарлану (12 тапсырма); сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма); жауапкершілік (12 тапсырма); қызметті басқару (12 тапсырма).
Бірінші бағдарлама басшылық әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының А-1, В-1, В-2, В-3, B-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, С-R-1, C-R-2, C-R-3, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, D-R-1, D-R-2, D-R-3, Е-1, Е-2, Е-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесі құзыреттерді қамтиды:
проактивтілік; коммуникативтілік; талдамалық ойлау; стратегиялық ойлау; көшбасшылық; әдептілік; нәтижеге бағдарлану; сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жауапкершілік; қызметті басқару.
Тестілеуден өту шекті мәні кемінде 30 баллды құрайды, оның ішінде әрбір құзырет бойынша кемінде 2,5 балл құрауы тиіс.
Екінші бағдарлама басшылық емес әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының А-2, А-3, А-4, А-5, В-2, В-3, В-4, B-5, С-3, С-4, С-О-4, D-3, D-4 санаттарына арналған және мынадай құзыреттерді қамтиды:
проактивтілік; коммуникативтілік; талдамалық ойлау; әдептілік; нәтижеге бағдарлану; сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жауапкершілік.
Тестілеуден өту шекті мәні кемінде 20 баллды құрайды, оның ішінде әрбір құзырет бойынша кемінде 2,5 балл құрауы тиіс.
Тестілерді орындауға жалпы берілетін уақыт 120 минут, оның ішінде . логикалық ойлау – 30 минут.
Үшінші бағдарлама жұмыс өтілін қажет етпейтін, төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының B-6, C-5, C-O-5, C-O-6, C-R-4, C-R-5, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, D-R-4, D-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және әлеуметтік интеллектіні (30 тапсырма), эмоционалдық интеллектіні (71 тапсырма) және логикалық ойлауды (30 сұрақ) айқындауға арналған тестілерді қамтиды.
Логикалық ойлау деңгейін айқындауға арналған тестілеуден өту көрсеткіші кемінде 10 балл құрауы тиіс.
Әлеуметтік интеллектіні және эмоционалдық интеллектіні айқындауға арналған тестілеу үшін шекті мәндер белгіленбейді.
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 7-қосымша | |
| Нысан |
"Б" корпусының лауазымына кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым
Тестіден өтушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):
Тесттің уақыты мен күні:
ЖСН:
№ | Құзыреттердің атауы | Өту шегі | Тестілеу нәтижелері |
1. | Проактивтілік | ||
2. | Коммуникативтілік | ||
3. | Талдамалық ойлау | ||
4. | Стратегиялық ойлау | ||
5. | Көшбасшылық | ||
6. | Әдептілік | ||
7. | Нәтижеге бағдарлану | ||
8. | Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік | ||
9. | Жауапкершілік | ||
10. | Қызметті басқару | ||
Жалпы өту баллының төменгі шегі | |||
Мәртебесі:
№ | Құзыреттердің атауы | Қысқаша сипаттама |
1. | Проактивтілік | |
2. | Коммуникативтілік | |
3. | Талдамалық ойлау | |
4. | Стратегиялық ойлау | |
5. | Көшбасшылық | |
6. | Әдептілік | |
7. | Нәтижеге бағдарлану | |
8. | Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік | |
9. | Жауапкершілік | |
10. | Қызметті басқару |
"____" ____________ 20 __ ж.
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 8-қосымша | |
| Нысан |
"Б" корпусының лауазымына кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым
Тестіден өтушінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда):
Тесттің уақыты мен күні:
ЖСН:
№ | Құзыреттердің атауы | Өту шегі | Тестілеу нәтижелері |
11. | Әлеуметтік интеллект | ||
12. | Эмоционалдық интеллект | ||
13. | Логикалық ойлау | ||
Жалпы өту баллының төменгі шегі | |||
"____" ____________ 20 __ ж.
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 9-қосымша | |
| Нысан |
Тестілеу ережелерін бұзу туралы АКТ
20_ ж. "___" _____________ сағат ______ мин.
Тестілеу операторы_______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Қызметшінің/кандидаттың_________________________________
ЖСН _______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды тестілеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен
қағидаларының 62-тармағын бұзу фактісі анықталды:
_______________________________________________________________
______________________________________________________________
(Қағидаларды бұзудың қысқаша сипаты)
Тестілеу операторының қолы:___________________________________
Актімен таныстым:
___________________________________________________________________
(жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/ кандидаттың қолы,
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)). Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол
берген қызметшінің/ кандидаттың осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда –
тиісті жазба)
____________________________________________________________________
(жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/ кандидаттың осы
актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда), ЖСН)
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 10-қосымша | |
| Нысан |
Тестілеу рәсімін тоқтату туралы акт
Күні: ___________ ___________ қаласы
Біз, төменде қол қойғандар, тестілеу рәсімін тоқтату туралы осы актті 20__ жылдың "___" __________ ___ сағ. ___мин.
![]()
байланыс ақауының
![]()
компьютерлік техника ақауының
![]()
тоқ қуаты ақауының
![]()
өзге себептіңсалдарынан жасадық.
Тестілеуді тоқтату себебі бойынша қосымша ақпарат:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тестілеу келесі адамларға қатысты тоқтатылды:
1. | Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) | ЖСН | қолы |
Тестілеу залы операторның
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) мен қолы:
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 11-қосымша | |
| Нысан |
ҚОЛХАТ
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаттың
__________________________________________ өтініші қабылданды.
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
Тестілеу өту күні: _____________________
Тестілеу өту уақыты: __________________
Тестілеу өту мекенжайы: _______________
Тестілеу бағдарламасы: ________________
Тестілеу бағдарламасында көзделген құқықтық актілер:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Ескертпе: Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған "Б" корпусының лауазымына кандидат қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімнен кейін өтеді.
Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен "электрондық үкімет" порталы арқылы берілді.
"___" ___________________ 20 __ ж.
| Қазақстан Республикасының | |
| Мемлекеттік қызмет | |
| істері агенттігі төрағасы | |
| 2025 жылғы 8 желтоқсандағы | |
| № 196 бұйрығына 4-қосымша |
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған іріктеудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған іріктеудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты (бұдан әрі – жалпы конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.
2. Жалпы конкурс ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – жүйе) "eqyzmet.gov.kz" сыртқы интернет-порталында жүргізіледі.
3. Жалпы конкурсқа қатысуға тестілеу бағдарламасында белгіленген шекті мәндерден төмен емес нәтижелері бар, мемлекеттік тілі мен Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеуден, жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден алдын ала өткен кандидаттар жіберіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін шекті мән белгіленбейді.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кандидат – жүйеде тіркелген және "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалуға үміттенген Қазақстан Республикасының азаматы;
2) бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері;
3) прокторинг – жүйенің автоматты бақылау функциясы арқылы байқау кезеңдерін бақылау және қадағалау рәсімі;
4) проктор – іріктеу кезеңдерінен өту рәсімін тексеруді жүзеге асыратын тұлға;
5) кадр қызметі – мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі немесе персоналды басқарудың бірыңғай қызметі;
6) жеке кабинет – тіркелгеннен және/немесе авторизациядан кейін қолжетімді болатын жүйедегі кандидаттардың жеке парақшасы;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы;
8) кандидаттың электрондық жеке ісі (бұдан әрі – ЭЖІ) - "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған жеке басын куәландыратын құжаттар, тіркелген жері, еңбек жолы мен білімі туралы мәліметтерді, сондай-ақ кандидаттың электрондық пошта мекенжайын, фотосуреттерін және ұялы телефон нөмірін қамтитын электрондық форматтағы деректер жиынтығы.
5. "Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушісі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға болып табылады (бұдан әрі - Іріктеу рәсімінің әкімшісі).
6. Жалпы конкурсқа қатысу үшін кандидат жүйеде тіркеледі, жеке сәйкестендіру нөмірін, ЭЦҚ немесе цифрлық сәйкестендіруді пайдалана отырып ақпаратты енгізу арқылы бірыңғай авторландыру құралын (IDP/SSO) пайдалана отырып аутентификациядан өтеді.
7. Техникалық қолдау қызметіне жүгіну барысында, жалпы конкурс кезеңдерінен өту кезінде кандидат жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды сақтауы ұсынылады.
Жалпы конкурс кезеңдерінен өткен кезде үміткер қоғамдық мораль мен этика нормаларын бұзбайтын, тиісінше ұқыпты сырт келбетті сақтауы тиіс.
8. Өтінім беру кезінде кандидат жалпы конкурс өткізу тәртібімен танысады және осы Қағидалардың талаптарын сақтайды, сондай-ақ ЭЖІ қалыптастыру үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.
9. Кандидат ЭЖІ деректерінің дұрыстығын тексереді, әрбір еңбек жазбасы бойынша функционалдық бағытын көрсетеді, қажет болған жағдайда мәліметтерді толықтырады және түзетеді.
10. Жалпы конкурсқа қатысу үшін кандидат өзін техникалық жабдықтармен (компьютердің, интернеттің тұрақты жылдамдығы кемінде 5 мб/сек, жұмыс істеп тұрған веб-камера, микрофон және жеткілікті көрінуді қамтамасыз ететін жарықтандыру) қамтамасыз етеді.
11. Прокторинг қолданылатын жалпы конкурс кезеңдерін өту барысында кандидат жеке қатысуын және бөгде адамдардың болмауын қамтамасыз етеді; орнын тастап кетпейді; экраннан бұрылмайды; кескінді жаппайды; бейнекамераны ажыратпайды; жеке компьютердің/ноутбуктің микрофонын өшірмейді; жүйенің сұранысы бойынша тестілеу өтіп жатқан кезінде орналасқан бөлмеге (360 градус) дөңгелек шолу жасайды, бөлменің (360 градус) шолуын қамтамасыз етуге арналған құрылғыдағы микрофон мен камераны өшірмейді; телефонмен сөйлеспейді; сұрақтарды дауыстап оқымайды, басқа тұлғалардың дербес компьютерге (қашықтан қол жеткізу бағдарламалары) қол жеткізуіне мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтамасын қолданбайды және оның жоқтығын қамтамасыз етеді, аудио гарнитура (құлаққап), көмекші электрондық, баспа, қағаз және өзге де материалдар, сондай-ақ заттарды пайдаланбайды.
12. Кандидат осы Қағидалардың 11-тармағының талаптарын бұзған жағдайда бір жұмыс күні ішінде тестілеуден өту кезінде прокторингпен тіркелген бұзушылықтардың тізімі, жүйе арқылы кандидаттың "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Бұл ретте, тестілеудің нәтижелері жойылады, кандидаттың "Тексеруде" өтінімінің жай-күйі "Бұзушылық нәтижесінде жойылды" күйіне ауыстырылады.
13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
14. Осы Қағидалардың 11-тармағының талаптарын қайтадан бұзуға жол берген кандидаттарды тестілеуге қайта тестілеуден өткен күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
15. Жүйенің техникалық ақауы (техникалық ақау) туындаған жағдайда іріктеудің тиісті кезеңі автоматты түрде аяқталады, іріктеу рәсімінің әкімшісі жүйеде техникалық ақау туралы актіні тіркейді.
Бұл ретте кандидат жиырма төрт сағат ішінде іріктеу кезеңінен өту үшін қайта жазылуға техникалық қолдау қызметіне жүгінеді.
16. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда, оның функциялары, өкілеттіктері мен штат бірліктері қандай да бір өзгерістерге жатпайтын мемлекеттік органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының бос лауазымдарына орналасуға арналған жалпы конкурстарды қоспағанда, жалпы конкурс оны өткізудің кез келген кезеңінде жойылады
17. Денешынықтыру және спорт бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының лауазымдарына жалпы конкурс әңгімелесу кезеңінің алдында жалпы конкурсқа қатысушыларды дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органмен келісудің кезеңін қамтиды.
Келісудің теріс нәтижесі бар қорытынды кандидаттарды конкурстық комиссиямен әңгімелесуге жібермеуге негіз болып табылмайды.
18. Жалпы конкурс кезеңдерінің жазбалары жүйеде жалпы конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні бойы сақталады, оның ішінде мемлекеттік органның кадр қызметі оларды жүктеуді және жалпы конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде бір жыл сақтауды қамтамасыз етеді.
2-тарау. Конкурстық комиссияны қалыптастыру
19. Бос лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеу үшін конкурстық комиссия тиісті мемлекеттік органның басшысы немесе аппарат басшысымен қалыптастырылады, бұл ретте конкурстық комиссия құрамының кемінде үштен бірін жүйе кездейсоқ тәртіппен қалыптастыратын тиісті тізімнен бағалаушылар құрайды.
20. Жүйемен ұсынылып, өзінің қатысуын жүйеде растаған бағалаушы, конкурстық комиссия құрамынан негізсіз шығарылуға жатпайды.
Бағалаушыны қатыспау себебінен шығарып жіберген жағдайда кадр қызметі шығару себебін көрсетеді.
Конкурстық комиссияны қалыптастыру кезеңінде кадр қызметінің әңгімелесу басталғанға дейін кемінде 30 минут бұрын қосымша бағалаушыны қосу мүмкіндігі бар.
21. Конкурстық комиссия мүшелігіне қабылдау туралы шақыру (хабарлама) жүйедегі конкурстық комиссия мүшесінің жеке кабинетіне жіберіледі.
22. Конкурстық комиссияның мүшесі шақырудан бас тартқан жағдайда, мемлекеттік органның кадр қызметіне жүйе арқылы тиісті ескерту (хабарлама) келіп түседі және жүйе арқылы конкурстық комиссия мүшелігіне келесі кандидат таңдалады, оған шақыру (хабарлама) жіберіледі.
23. Конкурстық комиссия мүшелері кандидаттардың дербес деректеріне қатысты мәліметтерді таратпауды, жалпы конкурс тапсырмаларының және өзге де конкурстық сұрақтардың мазмұнын жария етпеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін өзге де іс-әрекеттерді жасамайды.
Конкурстық комиссия мүшелері техникалық жабдықтарын (компьютердің, интернеттің тұрақты жылдамдығы кемінде 5 мб/сек, жұмыс істеп тұрған веб-камера, микрофон және жеткілікті көрінуді қамтамасыз ететін жарықтандыру) пайдаланады.
24. Кворум болмаған немесе комиссия мүшелері ауыстырылған жағдайда, комиссия отырысына дейін кадр қызметі конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізеді.
Конкурстық комиссияның кворумы оның құрамының кемінде үштен екі бөлігін, бірақ үштен кем емес адамды құрайды.
25. Орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін не орталық мемлекеттік орган ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі.
Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бірыңғай конкурстық комиссия осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
26. Конкурстық комиссия кемінде үш мүшеден тұрады және мынадай құрамда қалыптастырылады:
1) жалпы конкурс жарияланған бос лауазымы бар мемлекеттік органның не құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысы;
2) кадр қызметінің қызметшісі немесе кадр қызметінің міндеттерін орындау жүктелген адам;
3) бағалаушы.
27. Конкурстық комиссияның мүшелері кандидаттарды дербес бағалайды.
28. Конкурстық комиссияның құрамына жалпы конкурсқа қатысушы кірмейді.
29. Жалпы конкурс жарияланған бос лауазымы бар мемлекеттік органның не құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысы болмаған жағдайда, конкурстық комиссияның құрамына оның міндетін атқарушы немесе конкурстық комиссияның мүшесін осы мемлекеттік органның қызметкерлері қатарынан кадр қызметі дербес айқындайды.
30. Конкурстық комиссияның жоқ мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
31. Конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыруды кадр қызметі жүзеге асырады.
32. Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін мемлекеттік орган бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.
Бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру жүйеде, сондай-ақ мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) интернет-ресурстарында жарияланады. Жалпы конкурсқа қатысу үшін өтінім беру мерзімі хабарландыруда көрсетіледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін өтінімдер уәкілетті пайдаланушылардан жүйенің көмегімен қабылданады.
33. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) басшысы лауазымына жалпы конкурс өткізу кезінде бағалаушы ретінде конкурстық комиссияның құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі енгізіледі.
34. Бағалаушы осы Қағидалардың 4-тармағы 2) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бағалаушы рөліне кандидаттың жеке кабинетіне жүйемен тиісті хабарлама жіберіледі.
35. Бағалаушыға жүйе арқылы оны мемлекеттік органның конкурстық комиссияның құрамына енгізу туралы хабарлама жіберіледі.
36. Бағалаушы конкурстық комиссияның құрамына енгізілген жағдайларды қоспағанда, жүйедегі бағалаушылар тізімінен кез келген уақытта шыға алады.
3-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс кезеңдері
37. Жалпы конкурс бірқатар кезеңдерді қамтиды:
1) жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) кандидаттардың құжаттарын қабылдау және қарау;
3) эссе жазу;
4) мемлекеттік органда кандидаттармен әңгімелесу;
5) жалпы конкурс қорытындысын шығару.
1-параграф. Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау
38. Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік органның кадр қызметі қалыптастырады.
39. Хабарландырулар жүйеде, мемлекеттік және уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында жарияланады. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында, өзге де мерзімді баспасөз басылымдарында, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде хабарландыруларды қосымша жариялауға жол беріледі.
40. Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін адамдар жалпы конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін Заңның 15-бабының 3, 3-2, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында, 27-бабының 7 және 10-тармақтында, 41-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен жарияланған бос лауазымға тағайындалмайды.
41. Жалпы конкурсты өткізу барысында жарияланған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
42. Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) орналасқан жері, телефон нөмірлері көрсетілген жалпы конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауы;
2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекақы мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдардың атауы;
3) біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік орган айқындайтын жалпы конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;
4) бос лауазымға өтінімдерді қабылдау (жауап беру) мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін үш күнтізбелік күнін құрайды;
5) эссе жазу мерзімдері (белгілі бір лауазымдар үшін не мемлекеттік органның шешімі бойынша);
8) әңгімелесуді өткізу мерзімдері;
9) жалпы конкурс қорытындыларына шағымдану тәртібі туралы ақпарат.
43. Егер жалпы конкурс уақытша бос лауазымға өткізілсе, бұл шарт жұмыс орны (лауазымы) сақталатын уақытша болмаған қызметкердің жұмысқа шығу күні, сондай-ақ аталған мерзім аяқталғанға дейін жұмысқа оралу құқығы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
2-параграф. Кандидаттардың құжаттарын қабылдау және қарау
44. Кандидат жүйеде бос лауазым туралы хабарландыруға өтінім беру арқылы жалпы конкурсқа қатысуын растайды.
45. Кандидаттың мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүйемен азаматтардың денсаулығын қорғау және қадағалау саласындағы стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның және құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен ақпарат сұратылады.
46. Кандидат Заңның 16-бабының 3, 3-1 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда іріктеудің кез-келген кезеңінен шығарылады.
47. Кандидаттың мемлекеттік тіл мен Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу сертификатының болуы жүйемен айқындалады.
48. Мемлекеттік қызметшілерге және Заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға мемлекеттік тіл мен Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу сертификаты талап етілмейді.
49. Кадр қызметі өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде кандидаттардың өтінімдерін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігіне қарауды жүргізеді, сондай-ақ электрондық тасымалдағышта мынадай құжаттардың нұсқаларының болуын және толықтығын тексереді:
1) еңбек кітапшасы және/немесе қызметтік тізім (біліктілік талаптары өтілінің болуын көздейтін лауазымдар үшін);
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбекқызметін растайтын құжаттарды тапсыруға жол беріледі.
2) документов об образовании и приложений к ним.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Кандидат осы тармақта көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, кадр қызметі өтінімдерді қабылдау мерзімі ішінде жүйе арқылы қажетті құжаттарды толықтыру және ЭЖІ-ті түзету туралы хабарлама жібереді.
Кандидат қажетті құжаттарды толықтыру және ЭЖІ-ті түзету мүмкіндігі өтінімдерді қабылдау мерзімі ішінде, сондай-ақ өтінімдерді қабылдау аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бір рет беріледі.
Құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған кандидат жүйеде бір жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды толықтырады және ЭЖІ-ті түзетеді.
Кадр қызметі қажетті құжаттар толықтырылғаннан және ЭЖІ түзетілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған кандидаттың ЭЖІ-ін бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкестігіне қайта тексереді.
Кандидат біліктілік талаптарына сәйкес келмеген және (немесе) осы тармақта көзделген құжаттар ұсынылмаған не жоқ болған жағдайда және құжаттардың толық емес топтамасын не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттар оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, кандидатты жалпы конкурстың келесі кезеңіне жіберуден бас тартылады және жүйемен жалпы конкурс кезеңдерінен өтуге жіберуден бас тарту туралы хабарлама жолданады.
Кандидат құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда кадр қызметімен жалпы конкурс кезеңдеріне жіберуден негізсіз бас тартуға жол берілмейді.
Егер кандидаттың ешқайсысы жарияланған бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келмесе, жүйе кадр қызметіне біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттың жоқтығы және жалпы конкурстың аяқталуы туралы хабарлама жібереді.
50. Кандидат жалпы конкурс кезеңдеріне жіберілгеннен кейін жүйемен кандидатқа дербес сәйкестендіру нөмірі беріледі.
Кандидаттың дербес сәйкестендіру нөмірі іріктеу кезеңдеріне қатысқан кезде кандидатты оның дербес деректерін көрсетпей иесіздендіру үшін пайдаланылады.
Құжаттарды қабылдау және қарау аяқталған күні жүйе жеке қасиеттерін бағалауға жіберілген кандидаттардың тізімін қалыптастырады.
51. Жеке қасиеттерін бағалау жеке қасиеттерін бағалау және мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан тұрады.
52. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалау тестілеу түрінде жүргізіледі.
53. Жеке қасиеттерді бағалау жүйеде көзделген кестеге сәйкес жүргізіледі. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалаудан өту күнін (кестесін) жүйемен автоматты түрде айқындалады, тиісті хабарлама кандидаттың жеке кабинетіне жіберіледі.
Жеке қасиеттерді бағалаудан өту уақытын кандидат жүйе қалыптастыратын кестеге сәйкес дербес таңдайды.
54. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту басталардан бір сағат бұрын қатысушының жеке кабинетіне, электрондық поштасына және ұялы телефон нөміріне жүйемен тиісті ескерту-хабарлама жіберіледі.
55. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту үшін кандидат жеке кабинетке ескерту-хабарламада көрсетілген уақыттан кешікпей кіреді.
56. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту басталғанға дейін кандидат жүйеде жеке қасиеттерін бағалаудан өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
57. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалау: стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) тапсырмалардан тұрады.
Жеке қасиеттерді бағалау сонымен қатар шынайылық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.
58. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні жүйемен автоматты түрде анықталатын шынайылық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды.
59. Жеке қасиеттерді бағалаудың жалпы уақыты 100 минутты құрайды.
60. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту рәсімі аяқталғанға дейін кандидат сұрақтарға жауап беруге, жауаптарды, оның ішінде алдыңғы жауаптарды түзетуге мүмкіндігі бар.
61. Кандидат "Аяқтау" батырмасын таңдап, жеке қасиеттерін бағалаудан өтуге бөлінген уақыт өткенге дейін жеке қасиеттерін бағалауды өз бетінше аяқтайды.
62. Жеке қасиеттерді бағалауға бөлінген уақыт өткеннен кейін рәсім автоматты түрде аяқталады.
63. Жеке қасиеттерді бағалауды аяқтаған кандидаттарға нәтижесі жүйе арқылы көрсетіледі.
64. Шекті мәнді еңсерген кандидаттардың нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейінгі өтінімнің мәртебесі "Тексеруде" болады.
65. Проктор тексеруді жеке қасиеттерін бағалау аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
66. Жеке қасиеттерін бағалаудан өткен кандидат талаптарды бұзбаған жағдайда оның өтінімінің мәртебесі "Тексеруде" дегеннен "Өтті" дегенге ауыстырылады және кандидат жалпы конкурстың келесі кезеңіне жіберіледі.
67. Егер кандидаттардың ешқайсысы жеке қасиеттерін бағалау кезеңінің шекті мәнін еңсермеген жағдайда, жалпы конкурс мәртебесі жүйемен "Аяқталған" болып өзгереді және жалпы конкурс кезеңдеріне қатысу және жалпы конкурсты аяқтау үшін кандидаттардың жоқтығы туралы хабарлама мемлекеттік органның кадр қызметіне жіберіледі.
68. Кандидаттың мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау екі бөлек тестілеу кезеңінен тұрады.
69. Тестілеуді бастамас бұрын кандидат жүйеде осы кезеңнен өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
70. Қажет болса кандидат қағазды, қарындашты және стационарлы калькуляторды қолдана алады.
71. Кандидат жүйеде өзіне ыңғайлы уақытта белгіленген күн ішінде мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтеді. Кандидат тапсырмаларға таңдаған уақытта жеке кабинетте қол жеткізе алады.
72. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау мәтіннің ұсынылған бөлігін зерттеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасын қамтиды.
73. Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кестелер, графиктер және диаграммалар түрінде ұсынылған ақпаратты зерттеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасын қамтиды.
74. Әр бағалаудың ұзақтығы 25 минуттан аспайды. Алдын ала нәтижелер тестілеу аяқталғаннан кейін кандидаттардың мониторларында көрсетіледі.
75. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтудің шекті мәні сұрақтардың жалпы санынан (50 сұрақ) кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды.
76. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудың қорытынды нәтижелері жеке кабинетінде орналастырылады.
77. Шекті мәнді еңсерген кандидаттардың нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейін өтінімнің мәртебесі "Тексеруде" болады.
78. Проктордың тексеруі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
79. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетінен өткен кандидат талаптарды бұзбаған жағдайда, оның өтінімінің мәртебесі "Тексеруде" дегеннен "Өтті" дегенге ауыстырылады және кандидат жалпы конкурстың келесі кезеңіне жіберіледі.
80. Егер кандидаттардың ешқайсысы мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кезеңінің шекті мәнін еңсермеген жағдайда, жалпы конкурс мәртебесі жүйемен "Аяқталды" болып өзгертіледі және жалпы конкурс кезеңдеріне қатысу және жалпы конкурсты аяқтау үшін кандидаттардың жоқтығы туралы хабарлама мемлекеттік органның кадр қызметіне жіберіледі.
3-параграф. "Эссе" жазу
81. А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-O-1, D-R-1, E-1, E-R-1 санаттағы лауазымдарының функционалдық бағыты бойынша кадр қызметі эссе тақырыптарының тізімін қалыптастырады, ол жүйеде орналастырылады және жеке кабинетіне жіберіледі.
Кадр қызметі немесе кадр қызметінің міндеттерін орындау жүктелген адам "эссе" тақырыптарының жария етілмеуі және өзектілігі үшін дербес жауап береді.
82. Эссе жазу кезеңі төменгі лауазымдарды қоспағанда, өзге лауазымдар санатына мемлекеттік органның қалауы бойынша жүргізілу мүмкін.
83. Кандидаттың эссе жазу күнін жүйе автоматты түрде анықтайды.
84. Эссе жазу кезеңі басталғанға дейін кандидат жүйеде осы кезеңнен өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
85. Эссе жазуды кандидат жүйеде онлайн режимде тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында, жүйемен айқындалатын кестеге сәйкес жүргізеді және мемлекеттік немесе орыс тілінде екі жүз елу сөзден аспайды.
Дипломатиялық лауазымға кандидаттар үшін әңгімелесу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы заңнамаға сәйкес шет тілінде өткізілуі мүмкін.
86. Бірнеше бос лауазымдарға жалпы конкурсқа қатысатын кандидат әрбір бос лауазым бойынша жеке эссе жазады.
87. Эссе жазу кезеңі бейнежазу арқылы жүйемен жазылады.
88. Эссе жазу уақыты жүйеде эссе жазудың "терезесі" ашылғаннан бастап есептеледі және 45 минуттан аспауы қажет.
Бұл жағдайда кандидат белгіленген уақыт аяқталғанға дейін эссе жазуды бастауы және аяқтауы керек.
89. Эссе жазу аяқталғаннан кейін нәтиже прокторға тексеруге жіберіледі.
90. Проктор тексеруді келесі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Проктордың тексеруден өтуі аяқталғанға дейін өтінімнің мәртебесі "Тексеруде" болады.
91. "Эссе жазу" кезеңінен өткен кандидаттар тарапынан Қағидалар талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда, проктор тексеру нәтижелерін жариялағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде эссені конкурстық комиссияның мүшелері осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес бес баллдық шәкіл бойынша бағалайды.
Эссені бағалауға конкурстық комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысады. Әрбір эссе конкурстық комиссия мүшелерінің бірдей санымен бағаланады және ЭЦҚ көмегімен расталады.
Конкурстық комиссия мүшесінің кандидаттың эссесін бағалаудан бас тартуына жол берілмейді.
92. Эссе жазу кезеңіне жіберілген кандидаттардың ешқайсысы осы кезеңге қатыспаған жағдайда, жалпы конкурс мәртебесі жүйемен "Аяқталған" болып өзгереді.
Жалпы конкурс аяқталғаны туралы хабарлама жүйемен кандидаттарға жолданады.
4- параграф. Мемлекеттік органда кандидаттармен әңгімелесу
93. Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың әлеуеті мен жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.
94. Әңгімелесу бейнебайланыс немесе практикалық бағалау арқылы жүргізіледі.
95. Бейнебайланыс арқылы әңгімелесу (бұдан әрі –әңгімелесу) төменгі лауазымдарға жалпы конкурстар бойынша жүргізілмейді.
96. Әңгімелесу кезеңіне жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған үштен артық емес кандидат қатысады.
97. Жеке қасиеттерді бағалау кезеңінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған кандидаттардың баллдары тең болған кезде әңгімелесуге жіберілетін кандидаттардың белгіленген санынан асып кетуіне жол беріледі.
98. Өтінімді бір кандидат жіберген жағдайда, әңгімелесуге бір кандидаттың қатысуына жол беріледі.
99. Әңгімелесу кезеңі алдында кандидаттарға кадр қызметі жүйе арқылы әңгімелесу өткізу күні, уақыты мен сілтемесі көрсетілген хабарламалар жібереді.
100. Кандидаттармен әңгімелесу жүйе арқылы жеке қабинетке жіберілген сілтеме бойынша бейнебайланыс режимінде жүргізіледі.
Кандидаттарды жүйеде әңгімелесу кезеңіне кіруден негізсіз бас тартуға жол берілмейді.
101. Бірнеше бос лауазымдарға арналған жалпы конкурсқа қатысатын кандидат әрбір бос лауазым бойынша жеке әңгімелесуден өтеді.
102. Конкурстық комиссияның мүшелері көрсетілген уақытқа сәйкес сілтемеге өтеді. Комиссия хатшысы конкурстық комиссияның уақтылы қатысуын қамтамасыз етеді. Әңгімелесу сессиясының уақыт есебі кандидат күту режимінен әңгімелесуге ауысқаннан кейін жүйемен автоматты түрде іске қосылады.
103. Конкурстық комиссияның мүшелері кандидатпен байланыс орнатуға және орналасуға, ашықтықты, ойды анық, қисынды түрде білдіру қабілетін анықтауға, сондай-ақ жеке құзыреттері тұрғысынан жалпы сипаттағы сұрақтар қояды.
Дипломатиялық лауазымға кандидаттар үшін эссе жазу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы заңнамаға сәйкес шет тілінде өткізілуі мүмкін.
104. Әр кандидатпен әңгімелесу ұзақтығы 15 минуттан аспайды.
105. Конкурстық комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес жүйеге баллды енгізу арқылы кандидаттармен әңгімелесу қорытындыларын жеке бағалайды және ЭЦҚ көмегімен растайды.
Комиссия мүшесіне кандидаттармен әңгімелесу қорытындыларын бағалаудан және ЭЦҚ көмегімен бағалауды растаудан бас тартуға жол берілмейді.
106. Әңгімелесу кезеңіне жіберілген кандидаттардың ешқайсысы осы кезеңге қатыспаған жағдайда, жалпы конкурс мәртебесі жүйемен "Аяқталған" болып өзгереді.
Жалпы конкурс аяқталғаны туралы хабарлама жүйемен кандидаттарға жолданады.
107. Егер жүйеде бағалау қорытындыларын комиссия құрамының кемінде үштен екісі, бірақ үштен кем емес адам толтырса, конкурстық комиссияның шешімі заңды деп есептеледі.
108. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидат, конкурстық комиссия мүшелеріне ауызша хабарлай отырып, техникалық жазу құралдарын да пайдалана алады.
5-параграф. Практикалық бағалауды өткізу арқылы "Б" корпусының төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін кандидаттармен әңгімелесу
109. Практикалық бағалау өткізу арқылы әңгімелесу кезеңіне (бұдан әрі – практикалық бағалау) жалпы конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған екі кандидат жіберіледі.
Жалпы конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша шекті мәнін бір кандидат жинаған жағдайда, бір кандидаттың қатысуына жол беріледі.
Жалпы конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған кандидаттардың баллдары тең болған жағдайда практикалық бағалауға жіберілетін кандидаттардың белгіленген санынан асып кетуіне жол беріледі.
110. Мемлекеттік органның кадр қызметімен жүйе арқылы кандидаттарға практикалық бағалаудың жүргізу мерзімдері туралы хабарлама жіберіледі.
111. Практикалық бағалауға жіберілген кандидаттар оны практикалық бағалауға жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде жалпы конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда қашықтықтан өтеді.
112. Бірнеше бос лауазымдарға арналған жалпы конкурсқа қатысатын кандидат әрбір бос лауазым бойынша жеке практикалық бағалаудан өтеді.
113. Практикалық бағалау кезеңі басталмас бұрын кандидат жүйеде осы кезеңнің өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
114. Практикалық бағалау кезеңінде кандидаттың бос лауазымның функционалдық бағыттарынан туындайтын кәсіби қабілеттері анықталады.
Практикалық тапсырмалар қысқа, анық, нақты және қабілеттерді бағалауға бағытталған болуы керек:
1) тиісті саладағы мемлекеттік саясатты, нормативтік құқықтық актілер және әкімшілік рәсімдерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу бойынша;
2) бос лауазымның лауазымдық міндеттері шеңберінде мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға ресми сауалдар мен хаттар дайындау бойынша;
3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, заңнамаға сәйкес дәлелді жауаптар дайындау бойынша жүзеге асырылады.
115. Бос лауазымы бар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшеcі осы Қағидалардың 114-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген әр қабілеті бойынша бес практикалық тапсырмадан кем емес тізбені қалыптастырады.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам, жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін тапсырмаларды сапалы орындау үшін қажетті материалдарды және нормативтік құқықтық актілерді қоса бере отырып практикалық тапсырмалардың тізбесін жүйеге жүктейді.
Практикалық бағалау кезеңінде жүйе кандидаттар үшін үш практикалық тапсырманы автоматты түрде анықтайды.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамдар практикалық тапсырмалар тізбесін жария ету және өзектендіру үшін дербес жауапты болады.
Практикалық тапсырмалар тізбесі тоқсанына кемінде бір рет кезеңділікпен өзектендіріледі.
116. Кандидаттар бірдей тапсырмаларды бірдей мөлшерде орындайды.
Кандидат жүйеде онлайн режимде тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында 21.00 сағаттан кешіктірмей, жүйемен айқындалатын кестеге сәйкес, мемлекеттік немесе орыс тілінде күніне бір тапсырмадан орындайды.
Төменгі дипломатиялық лауазымға кандидаттар үшін тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы заңнамаға сәйкес шет тілінде өткізілуі мүмкін.
Бір тапсырманың орындау уақыты жүйеде тапсырма орындаудың "терезесі" ашылғаннан бастап есептеледі және 120 минуттан аспауы қажет.
Бұл жағдайда кандидат белгіленген уақыт аяқталғанға дейін тапсырманы бастауы және аяқтауы керек.
117. Әр тапсырманы аяқтағаннан кейін кандидаттардың өтініміне автоматты түрде "Тексеруде" мәртебесі беріледі.
Кандидаттың практикалық бағалау кезеңіне жазылуы болмаған жағдайда, өтініміне "Өтпеген" мәртебесі беріледі және кандидат практикалық бағалау кезеңіне қатысуды аяқтайды.
118. Барлық үш тапсырманы орындау аяқталған күні нәтижелер прокторға тексеруге жіберіледі.
Проктор тексеруді келесі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
119. Кандидатпен Қағидалар талаптары бұзылмаған жағдайда проктор тексерісінің нәтижелері жарияланғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бос лауазымы бар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша практикалық бағалау кезеңінің нәтижелерін жүйеге енгізеді.
Бос лауазымы бар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысы болмаған жағдайда практикалық бағалау кезеңінің қорытындыларын жоғары тұрған басшы енгізеді.
Практикалық бағалау кезеңіне жіберілген кандидаттардың ешқайсысы осы кезеңге қатыспаған жағдайда, жалпы конкурс мәртебесі жүйемен "Аяқталған" болып өзгереді.
Жалпы конкурс аяқталғаны туралы хабарлама жүйемен кандидаттарға жолданады.
120. Практикалық бағалаудың материалдары, кандидатпен орындалған тапсырмалар жүйеде жалпы конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні бойы сақталады, оның ішінде мемлекеттік органның кадр қызметі оларды жүктеуді және жалпы конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде бір жыл сақтауды қамтамасыз етеді.
6-параграф. Жалпы конкурстың қорытындысын шығару
121. Конкурстық комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес жүйеге баллды енгізу арқылы кандидаттармен әңгімелесу қорытындыларын жеке бағалайды және ЭЦҚ көмегімен растайды.
Комиссия мүшесіне кандидаттармен әңгімелесу қорытындыларын бағалаудан және ЭЦҚ көмегімен бағалауды растаудан бас тартуға жол берілмейді.
122. Егер жүйеде бағалау парақтары оның құрамының кемінде үштен екісі, бірақ кемінде үш адам толтырса, конкурстық комиссияның шешімі заңды деп есептеледі.
123. Әңгімелесу аяқталған күні жүйе автоматты түрде жеке қасиеттерін бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау нәтижелері, эссе және конкурстық комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауаптары бойынша жиынтық баллдары ең көп кандидатты - жалпы конкурс жеңімпазы ретінде анықтайды.
124. Жалпы конкурс қорытындысы бойынша жүйе ең жоғары балл жинаған үздік үш кандидатты жинақ баллының төмендеуі бойынша автоматты түрде айқындайды.
125. Бірнеше кандидаттың баллдары тең болған жағдайда, еңбек өтілі көп кандидат жеңімпаз болып танылады. Еңбек өтілі тең болған жағдайда білім деңгейі қарастырылады.
Баллдары, еңбек өтілі және білім деңгейі тең болған жағдайда "Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау" кезеңінің нәтижесі бойынша баллдарды ескере отырып жеңімпаз анықталады.
Егер әңгімелесу кезеңіне бір кандидат қатысып, осы кезеңдегі нәтижесі бір баллдан кем болған жағдайда жалпы конкурстың жеңімпазы анықталмады деп танылады.
126. Жалпы конкурс қорытындысы шығарылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүйемен хаттама ресімделеді, оған ЭЦҚ көмегімен кадр қызметі қол қояды.
Мемлекеттік органның кадр қызметіне және кандидаттардың жеке кабинеттеріне жүйе арқылы жалпы конкурс қорытындылары туралы хабарлама жіберіледі.
7-параграф. Бос төменгі лауазымға орналасуға жалпы конкурстың қорытындысын шығару
127. Практикалық бағалау қорытындылары енгізілгеннен кейінгі келесі жұмыс күні жүйе автоматты түрде осы Қағидалардың 3-қосымшасында көзделген әдістемеге сәйкес кандидаттардың баллдарын есептейді.
Практикалық бағалау кезеңінің қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған кандидат жалпы конкурс жеңімпазы ретінде анықталады.
128. Практикалық бағалау кезеңінің нәтижесі бойынша бірнеше кандидаттың баллдары тең болған жағдайда жеке қасиеттерді бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудың қорытындылары бойынша ең көп жиынтық балл жинаған кандидат жеңімпаз болып танылады.
Жеке қасиеттерді бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудың қорытындылары бойынша балладар тең болған жағдайда білім деңгейі қарастырылады.
Егер практикалық бағалау кезеңіне бір кандидат қатысып, осы кезеңдегі нәтижесі бір баллдан кем болған жағдайда жалпы конкурстың жеңімпазы анықталмады деп танылады.
129. Жалпы конкурс қорытындысы шығарылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүйемен хаттама ресімделеді, оған ЭЦҚ көмегімен кадр қызметі қол қояды.
Мемлекеттік органның кадр қызметіне және кандидаттардың жеке кабинеттеріне жүйе арқылы жалпы конкурс қорытындылары туралы хабарлама жіберіледі.
3-тарау. Кандидаттың лауазымға орналасуы
130. Мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адам жалпы конкурс қорытындылары шығарылғаннан кейін келесі жұмыс күні, егер алдыңғы жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес бір айлық жұмыспен өтеу мерзімін белгілемесе немесе тараптардың келісімдері бойынша өзге мерзім белгіленбесе, жарияланған бос лауазымға кандидат - жалпы конкурс жеңімпазын қабылдайды.
131. Бұл ретте алдыңғы жұмыс беруші конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарлама алғаннан кейін жалпы конкурсқа қатысқан мемлекеттік қызметшіні Заңның 61-бабы 1-1-тармағының және осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, атқарып отырған лауазымынан босатады. Конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарлама алдыңғы жұмыс берушіге интегралды ақпараттық жүйе арқылы конкурстық комиссияның шешімі қабылданғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жолданады.
132. Әңгімелесу кезеңіне немесе практикалық бағалау кезеңіне бір кандидат қатысқан жағдайда, оны тағайындау жалпы конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап жүзеге асырылуы мүмкін.
133. Жалпы конкурс жеңімпазы тағайындаудан бас тартқан, сол сияқты осы Қағидалардың 130-тармағында белгіленген мерзімде жұмысқа қабылдау туралы өтінішті ұсынбаған не оны Заңның 20-бабында көзделген сынақ мерзімі өткенге дейін жұмыстан босатқан жағдайда, мемлекеттік органның кадр қызметі жүйе арқылы іріктеудің барлық кезеңдерінің жиынтық баллдарының ең көп санын жинаған келесі кандидатқа бос лауазымға орналасуға шақыру (хабарлама) жібереді, ол қабылданған шешім туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда практикалық бағалау өту барысында бос лауазымға орналасуға шақыру (хабарлама) практикалық бағалау бойынша ең көп балл жинаған кандидатқа жіберледі.
134. Жеңімпаз, мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, жалпы конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде кадр қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);
2) амбулаториялық-емханалық ұйымдарда қолданылатын медициналық есептік құжаттама нысандарына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің мiндетiн атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 075/у нысаны бойынша құжаттарды ұсынған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде берілген (не нотариалды куәландырылған көшірмесін) медициналық анықтамасы (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды).
4-тарау. Шағымдану тәртібі
135. Кандидаттардың жалпы конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануына жол беріледі.
136. Жалпы конкурс қорытындысына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жалпы конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап үш күнтізбелік күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін жалпы конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
137. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.
138. Шағымды қарау қорытындысы бойынша, осы Қағидалардың талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік органға ұсыныс енгізеді.
139. Осы Қағидалардың талаптарын бұзу жалпы конкурс нәтижелеріне немесе оның жекеленген кезеңдерін жоюға негіз болып табылады.
140. Кандидаттар жалпы конкурстық құжаттармен, тестілеу, жеке қасиеттерін бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, эссе бағалау, әңгімелесу және практикалық бағалаудың нәтижелерімен өздеріне қатысты бөлігінде танысады, ал уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері оларды сұратады және алады.
| Ықпалдастырылған ақпараттық | |
| жүйеде "Б" корпусының | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған іріктеудің қағидаларына 1-қосымша |
Бағалау әдістемесі
| Ықпалдастырылған ақпараттық | |
| жүйеде "Б" корпусының | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымына | |
| орналасуға арналған іріктеудің | |
| қағидаларына | |
| 2-қосымша |
Төменгі лауазымдарға кандидаттарды бағалау әдістемесі
| Ықпалдастырылған ақпараттық | |
| жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік | |
| әкімшілік лауазымына орналасуға | |
| арналған іріктеудің қағидаларына | |
| 3-қосымша |
Кандидатты практикалық бағалаудың қорытындылары
Кандидаттың ID | Бағаланатын көрсеткіштер | Баға (0-ден 5-ге дейінгі баллдар) |
1 тапсырма | ||
2 тапсырма | ||
3 тапсырма | ||
Барлығы |
| Қазақстан Республикасының | |
| Мемлекеттік қызмет | |
| істері агенттігі төрағасы | |
| 2025 жылғы 8 желтоқсандағы | |
| № 196 | |
| бұйрығына 5-қосымша |
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына және мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды (бұдан әрі – кандидат) тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.
2. Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тіл мен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өтпейді.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін шекті мән белгіленбейді.
4. "Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызмет көрсетушісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді, әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне, азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылданатын азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлға (бұдан әрі – Іріктеу рәсімінің әкімшісі) болып табылады.
5. Кандидат қалауы бойынша тестілеуден іріктеу рәсімінің әкімшісінің ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – жүйе) "eqyzmet.gov.kz" сыртқы интернет-порталда немесе арнайы жабдықталған тестілеу залдарында өте алады.
6. Мемлекеттік тіл мен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар, сондай-ақ жеке қасиеттерін бағалау қорытындылары тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде сертификаттың және жеке қасиеттерін бағалау қорытындыларының жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.
2-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды жүйеде тестілеу
7. Тестілеуге қатысу үшін кандидат өзінің техникалық жабдықтарын (компьютердің, интернеттің тұрақты жылдамдығы кемінде 5 мб/сек, жұмыс істеп тұрған веб-камера, микрофон және жеткілікті көрінуді қамтамасыз ететін жарықтандыру) қамтамасыз етеді.
8. Тестілеу кезеңдерінен өту кезінде кандидат жеке қатысуын және бөгде адамдардың болмауын қамтамасыз етеді; орнын тастап кетпейді; экраннан бұрылмайды; кескінді жаппайды; бейнекамераны ажыратпайды; жеке компьютердің/ноутбуктің микрофонын өшірмейді; жүйенің сұранысы бойынша тестілеу өтіп жатқан кезінде орналасқан бөлмеге (360 градус) дөңгелек шолу жасайды, бөлменің (360 градус) шолуын қамтамасыз етуге арналған құрылғыдағы микрофон мен камераны өшірмейді; телефонмен сөйлеспейді; сұрақтарды дауыстап оқымайды, басқа тұлғалардың дербес компьютерге (қашықтан қол жеткізу бағдарламалары) қол жеткізуіне мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтамасын қолданбайды және оның жоқтығын қамтамасыз етеді, аудио гарнитура (құлаққап), көмекші электрондық, баспа, қағаз және өзге де материалдар, сондай-ақ заттарды пайдаланбайды.
9. Техникалық қолдау қызметіне жүгіну барысында, тестілеуден өту кезінде кандидат жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды сақтауы ұсынылады.
Тестілеуден өту кезінде үміткер қоғамдық мораль мен этика нормаларын бұзбайтын, тиісінше ұқыпты сырт келбетті сақтауы тиіс.
10. Кандидат осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарын бұзған жағдайда тестілеуден өту кезінде прокторингпен тіркелген бұзушылықтардың тізімі, жүйе арқылы бір жұмыс күні ішінде кандидаттың "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Бұл ретте тестілеу нәтижелері жойылады. Бұл ретте кандидаттың "Тексеруде" өтінімінің жай-күйі "Бұзушылық нәтижесінде жойылды" күйіне ауыстырылады.
11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
12. Осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарын қайтадан бұзған кандидаттарды тестілеуге қайта тестілеуден өткен күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
13. Тестілеу өткізу барысында жалған адам анықталған жағдайда тест нәтижелері жойылады.
Бұл ретте оператор осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы актіні толтырады.
Тестілеуден өту үшін тіркелген адамды қайта тестілеуге осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген Акт жасалған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жол беріледі.
14. Жүйенің техникалық ақауы (техникалық ақау) туындаған жағдайда іріктеудің тиісті кезеңі автоматты түрде аяқталады, іріктеу рәсімінің әкімшісі жүйеде техникалық ақау туралы актіні тіркейді.
Бұл ретте кандидаттар жиырма төрт сағат ішінде іріктеу кезеңінен өту үшін қайта жазылуға техникалық қолдау қызметіне жүгінеді.
15. Іріктеу рәсімінің әкімшісі азаматтардың өтініш жасауына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге тестілеуді өткізеді.
16. Кандидаттар тестілеуге өтінім беруге қатысты ақпаратты және кеңесті жүйеде және (немесе) уәкілетті органның интернет-ресурсында жұмыс уақытында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін алады.
17. Кандидат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білу тестілеуінен өтеді.
18. Мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткен және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері тестілеу бағдарламасында көрсетілген мәндерден төмен емес кандидаттың жеке кабинетінe осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тестілеуден өткенi туралы электрондық форматтағы сертификат (бұдан әрі – сертификат) жіберіледі.
Сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде кандидат Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден қайта өтпейді.
19. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері тестілеу бағдарламасында көрсетілген мәндерден төмен болған кандидаттың жеке кабинетіне осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тестілеуден өткендігі және нәтижелердің өту мәндерінен төмен екендігі туралы электрондық форматтағы анықтама жіберіледі
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік үш күннен кейін жол беріледі.
20. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 5-қосымшасында келтірілген.
21. Тестілеуге қатысу үшін кандидат тестілеу күнінен бір күнтізбелік күн бұрын осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – өтініш) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жеке кабинетінде береді.
Кандидат тестілеу уақытын жүйе қалыптастыратын кестеге сәйкес дербес таңдайды.
22. Кандидаттың жеке кабинетінде өтінімді тіркеуді растау мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебені көрсету болып табылады.
23. Тестілеуге жазылу тестілеуден өту күні мен уақытын көрсете отырып, жүйе қалыптастыратын хабарламамен расталады.
24. Тестілеуге қатысу үшін кандидат таңдаған уақытынан кешікпей жүйедегі жеке кабинеті арқылы тестілеуді бастайды.
25. Тестілеу басталмас бұрын кандидат жүйеде тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
26. Кандидат тестілеу басталғанға дейін жеке кабинетте өтінімнің күшін жоя алады.
27. Кандидат өтінішін кері қайтарып алмаған жағдайда тестілеуге келмеген (қатыспаған) кезде, жүйе автоматты түрде кандидатты бұғаттайды және үш күнтізбелік күн өткен соң қайта тестілеуден өту үшін бұғатты ашады.
28. Тестілеу рәсімі аяқталғанға дейін қатысушы сұрақтарға жауап беруге, жауаптарды, оның ішінде алдыңғы жауаптарды түзетуге мүмкіндігі бар.
29. Кандидат тестілеуді "Ескертусіз аяқтау" немесе "Ескертулермен аяқтау" батырмасын таңдау арқылы тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт өткенге дейін өз бетінше аяқтайды, ал ескертулер болған жағдайда "Ескертулер" жолына кандидат өз ескертулерін, ұсыныстарын енгізеді не шағымын ресімдейді.
30. Кандидат компьютерді қуаттан өз бетінше ажырату, интернетке қосылуды ажырату, тестілеу терезесіне кіруді тоқтату арқылы тестілеуді аяқтаған кезде тестілеу нәтижелеріне "Өтпеген" мәртебесі беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімнен кейін жүзеге асырылады
31. Тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт өткеннен кейін тестілеу автоматты түрде аяқталады.
32. Тестілеудің дұрыс жауаптарын санауды жүйе автоматты түрде жүзеге асырады.
33. Тестілеу аяқталғаннан кейін жүйе тиісті нәтижені көрсетеді.
34. Шекті мәнді еңсерген кандидаттардың нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейін өтінімнің мәртебесін "Тексеруде" деп көрсетеді.
35. Проктормен тексеру тестілеу аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
36. Тестілеуді өткізу тәртібін бұзушылықтар болмаған жағдайда кандидаттың өтінім мәртебесі "Тексеруде" дегеннен "Өтті" дегенге ауыстырылады және кандидат іріктеудің келесі кезеңіне жіберіледі.
3-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды залда тестілеу
37. Тестілеу іріктеу рәсімінің Әкімшісі қызметкері болып табылатын тестілеу операторының (бұдан әрі – оператор) қатысуымен жүргізіледі.
38. Тестілеуді өткізудің әділдігі жағдайлардың, уақыттың, нәтижелерді есептеудің, тест мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ оператордың сыбайлас жемқорлықты жібермеу әрекеттері туралы жазбаша шектеулерді қабылдауымен қамтамасыз етіледі.
Параграф 1. Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі
39. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.
40. Тестiлеу залына кiру алдында тыйым салынған құрылғылардың (ақпаратты беру, сақтау немесе қайта жаңғырту мүмкіндігі бар кез келген техникалық құралдар, оның ішінде мобильді телефондар, смарт-сағаттар, құлаққаптар, планшеттер және өзге де электрондық құрылғылар) бар-жоғы металл іздегіштің көмегімен тексеріледі.
41. Белгіленген уақыттан кейін келген адамдар тестілеу залына кіргізілмейді.
42. Тестілеу басталғанға дейін оператор тестіленуші адамдарды тестілеу бойынша нұсқаулықпен таныстырады және оларда тестілеу рәсімдеріне қатысты туындаған сұрақтарға жауап береді.
43. Тестілеу сәтінде өзін нашар сезінген адамдар ол туралы операторға тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамдарды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.
44. Тестілеу кестесі автоматты түрде айқындалады.
45. Тестілеуден өтетін адамдар басқа адамдармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды, орын-жайды тастап кетпейді.
Тестілеуден өтетін адамдарға тестілеу залына қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) кіргізуге рұқсат берілмейді. Мұндай құрылғылар тестілеуді өткізу уақытында ұяшықтары бар арнайы шкафтарға сақтауға салынады.
46. Тестілеуге кіргізу кезінде немесе тестілеуді өткізу барысында жалған адам анықталған жағдайда аталған адам тестілеуге жіберілмейді немесе оператор осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді.
Бұл ретте оператор осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы актіні толтырады.
Тестілеуден өту үшін тіркелген адамды қайта тестілеуге осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген Акт жасалған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жол беріледі.
47. Тестіленуші адам осы Қағидалардың 45-тармағының талаптарын бұзған жағдайда оператор осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді.
Бұл ретте оператор бір жұмыс күн ішінде осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысандағы Қағиданы бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады.
Акт толтырылған адамдар қайта тестілеуді бұзу болған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді. Осы Қағидалардың 45-тармағының талаптарын бұзған адамдардың тестілеу нәтижелері жойылады.
48. Тестілеуді еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар, әскери қимылдар), салдарынан, сонымен қатар техникалық ақаулықтарға байланысты себептермен жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда тестілеу тоқтатыла тұрады және осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеуді тоқтата тұру туралы акт жасалады.
Мұндай жағдайда, "Б" корпусының лауазымына кандидат тестілеуге осы Қағидалардың 55 және 56-тармақтарында айқындалған тәртіпте жазыла алады.
49. Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, тестілеу автоматты түрде жабылады.
50. Тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк тестілеу бағдарламасының көмегiмен автоматты түрде жүзеге асырылады.
51. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы кандидаттың "жеке кабинетіне" 20 (жиырма) минут ішінде жолданады.
52. Іріктеу рәсімінің әкімшісі мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
53. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Іріктеу рәсімінің әкімшісіне жібереді.
Параграф 2. Кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге тестілеу
54. Азаматтардың өтініш білдіруі бойынша Көрсетілетін қызметті беруші "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды (бұдан әрі – "Б" корпусының лауазымына кандидаттар) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуді өткізеді.
55. "Б" корпусының лауазымына кандидаттар тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тапсырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.
Портал арқылы жүгінген кезде кандидаттың "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы жәй-күйі көрсетіледі.
Портал арқылы өтініш берілген кезде, құжаттардың қабылданғанын растау осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Іріктеу рәсімінің әкімшісінің электронды цифрлы қолтаңбасы нысанындағы тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхат болып табылады.
Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен кеңесті Іріктеу рәсімінің әкімшісінен ала алады.
56. "Б" корпусының лауазымына кандидат тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.
Тестілеуге жазылу "электрондық үкімет" веб-порталында қалыптастырылатын осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысанда тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады.
57. Тестілеуден өтуден бас тарту негіздері Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.
58. "Б" корпусының лауазымына кандидаттар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары (бұдан әрі – тестілеу бағдарламалары) бойынша олардың өтініштерінде көрсетілген мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өтеді.
59. Қазақстан "Б" корпусының лауазымына кандидаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес болған жағдайда, портал арқылы жеке кабинеттеріне электрондық форматтағы сертификат жіберіледі.
Берілген Сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде азамат қайта тестілеуден өтпейді.
Бұл ретте, тест нәтижелері ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде сақталады.
60. "Б" корпусының лауазымына кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен болған жағдайда, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жеке кабинеттеріне осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тестілеуден өткендігі және нәтижелердің өту мәндерінен төмен екендігі туралы электрондық форматтағы анықтама жіберіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге жіберуге тестілеу өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік үш күн өткен соң жол беріледі.
Параграф 3. "Б" корпусының лауазымына кандидаттарға жеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібі
61. "Б" корпусының лауазымына кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін тестілеу кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Бұл ретте, жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған адамдар жіберілмейді.
62. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен емес нәтиже алған және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге тестілеу кестесіне сәйкес келмеген адамлар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 55 және 56-тармақтарымен белгіленген тәртіпте қатысуға жіберіледі.
63. "Б" корпусының лауазымына кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады.
Тестілеуге, сондай-ақ, шынайылық деңгейін айқындауға арналған сұрақтар енгізіледі.
Жеке қасиеттерді бағалау бойынша тестілеуден өту мәні шынайылық деңгейі бойынша кемінде 50% құрайды.
Тестілерді орындауға арналған жалпы уақыт 100 минутты құрайды.
64. "Б" корпусының лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижелері бойынша, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жеке кабинетіне осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысанда тестілеу қорытындысы жіберіледі.
65. "Б" корпусының лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы тестілеуден өткен күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.
66. Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген жағдайда, қорытындының қолданылу мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне дейін тоқтатылады.
67. "Б" корпусының лауазымына кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижелері 63-тармақта көрсетілген мәннен төмен болған жағдайда, қайта тестілеу тестілеуден өткен күннен бастап үш күнтізбелік күннен ерте өткізілмейді.
4-тарау. Тестілеу нәтижелеріне шағымдану тәртібі
68. Кандидаттардың тестілеу нәтижелеріне қатысты шағымдары Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңымен белгіленген тәртіпте уәкілетті орган арқылы қарастырылады.
69. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде шағым берген кандидаттың тестілеуден өтуі туралы материалдарды Іріктеу рәсімінің әкімшісінен сұратады.
| Мемлекеттік | |
| әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттікәкімшілік | |
| лауазымдарға орналасуға | |
| кандидаттың ітестілеуді | |
| ұйымдастыру, бағдарламалары | |
| мен қағидаларына | |
| 1-қосымша |
Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы акті
_________қаласы
"____" ____ 20___ ж.
__ сағ.. _ мин.
_____________________________________________ тестілеу операторымен
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
азамат _________ЖСН________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))орнына
азамат ____________ЖСН___________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
тестілеуді тапсыру әрекеті дерегі анықталды.
Тестілеу операторының қолы: _____________________________________
Актімен таныстым: _______________________________________________
(жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген азаматтың тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол қоюдан
бас тартқан жағдайда – тиісті жазба __________________________
(жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол қоюдан
бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), ЖСН)
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 2-қосымша |
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және заңнамаларын білу тестілеу бағдарламасы
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасы:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тесттің (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (10 сұрақ) бiлуге арналған тесттер.
Тестілеуден өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (55 сұрақ) кемінде 30 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық акт бойынша кемінде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындаудың жалпы уақыты 55 минутты құрайды.
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 3-қосымша | |
| Нысан |
СЕРТИФИКАТ
Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болып табылады.
Осы сертификат "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің:
___________________________________________санаттарына жарамды.
ekyzmet.kz сайтында тексеру коды _______

20 __ ж. "____" _______________
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 4-қосымша |
Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА
Осы үміткер қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін өте алады.
ekyzmet.kz сайтында тексеру коды ____

20 __ ж. "____" _______________
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 5-қосымша |
"Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
"Электрондық үкiмет" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрi – портал) |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі | Тестілеу өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік бір күннен ерте емес және кандидат таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі. |
4 | Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі | Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық сертификат, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Б" корпусының лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі жөніндегі қорытынды немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама. Тестілеудің нәтижесі портал арқылы кандидаттың жеке кабинетіне 20 (жиырма) минут ішінде жіберіледі. |
6 | Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері, және оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушінің шешімі бойынша тестілеу залдарының жұмыс уақытын 23.00-ге дейін ұзартуға жол беріледі; |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік қызметті алу үшін кандидат портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге кандидаттың ЭЦҚ-мен немесе ұялы байланыс операторы беретін кандидаттың абоненттік нөмірі тіркелген қосылған жағдайда порталдың есептік жазбасына бір реттік пароль куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным жолдайды. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздері |
1) кандидаттың соңғы үш күнтізбелік күн ішінде шекті мәндерден төмен нәтижелермен тестілеуден өтуі; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар | Кандидат ЭЦҚ қолдану арқылы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Кандидаттың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі -1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 6-қосымша |
Тестілеу ережелерін бұзу туралы АКТ
20_ ж. "___" _____________ сағат ______ мин.
Тестілеу операторы______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Қызметшінің/кандидаттың_________________________________
ЖСН ____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды тестілеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен
қағидаларының 45-тармағын бұзу фактісі анықталды:
_______________________________________________________________
______________________________________________________________
(Қағидаларды бұзудың қысқаша сипаты)
Тестілеу операторының қолы: _____________________________________
Актімен таныстым:
_____________________________________________________________________
(жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/ кандидаттың қолы,
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)). Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол
берген қызметшінің/ кандидаттың осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда –
тиісті жазба)
_____________________________________________________________________
(жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/ кандидаттың осы
актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда), ЖСН)
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 7-қосымша |
Тестілеу рәсімін тоқтату туралы акт
Күні: ___________ ___________ қаласы
Біз, төменде қол қойғандар, тестілеу рәсімін тоқтату туралы осы актті 20__ жылдың
"___" __________ ___ сағ. ___мин.

Тестілеуді тоқтату себебі бойынша қосымша ақпарат:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тестілеу келесі адамларға қатысты тоқтатылды:
1. | Т.А.Ә. (болған жағдайда) | ЖСН | қолы |
Тестілеу залы операторының
Т.А.Ә. (болған жағдайда) мен қолы:
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 8-қосымша |
ҚОЛХАТ
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаттың
_____________________________________________ өтініші қабылданды.
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
Тестілеу өту күні: _____________________
Тестілеу өту уақыты: __________________
Тестілеу өту мекенжайы: _______________
Тестілеу бағдарламасы: ________________
Тестілеу бағдарламасында көзделген құқықтық актілер:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Ескертпе: Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған "Б" корпусының лауазымына кандидат қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімнен кейін өтеді.
Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен "электрондық үкімет" порталы арқылы берілді.
"___" ___________________ 20 __ ж.
| Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, | |
| мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға | |
| орналасуға кандидаттарды | |
| тестiлеуді ұйымдастыру, | |
| бағдарламалары мен | |
| қағидаларына | |
| 9-қосымша | |
| Нысан |
"Б" корпусының лауазымына кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым
Тестіленушінің ТАӘ (ол болған жағдайда): |
| |
Тестілеу күні мен уақыты: | ||
|
ЖСН: | |
№ | Құзыреттің атауы | Қысқашы мінездеме |
1 | Стресске орнықтылық | |
2 | Ынтымақтастық және әрекеттестік | |
3 | Стратегиялық ойлану | |
4 | Қызметті басқару | |
5 | Жеделділік | |
6 | Адалдық | |
7 | Қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану | |
8 | Бастамашылдық | |
9 | Шешім қабылдау | |
10 | Өздігінен даму | |
11 | Көшбасшылық | |
12 | Жауапкершілік | |
13 | Өзгерістерді басқару | |
ekyzmet.kz сайтында тексеру коды _______

20 __ ж. "____" _______________
| Қазақстан Республикасының | |
| Мемлекеттік қызмет | |
| істері агенттігі төрағасы | |
| 2025 жылғы 8 желтоқсандағы | |
| № 196 бұйрығына 6-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 31 мамырдағы № 115 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15351 болып тіркелген).
3. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 260 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16179 болып тіркелген).
4. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 92 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16721 болып тіркелген).
5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18063 болып тіркелген).
6. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 111 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18735 болып тіркелген).
7. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2020 жылғы 2 наурыздағы № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20090 болып тіркелген).
8. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 81 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20709 болып тіркелген).
9. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 22 шiлдедегi № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21007 болып тіркелген).
10. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 146 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21315 болып тіркелген).
11. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 наурыздағы № 47 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22361 болып тіркелген).
12. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 230 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25790 болып тіркелген).
13. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 және "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 258 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26446 болып тіркелген).
14. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 181 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29280 болып тіркелген).
15. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 11 ақпандағы № 37 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31903 болып тіркелген).
16. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 27 ақпандағы № 49 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31965 болып тіркелген).
17. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының "Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 және "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 33 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33987 болып тіркелген).
18. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 1 қарашадағы № 184 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35326 болып тіркелген).
19. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Мемлекеттік қызметке іріктеудің кейбір мәселелері туралы" 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 67 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36012 болып тіркелген).
20. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 159 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36859 болып тіркелген).






