ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нормашығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші абзацтарын, 2, 3-тармақтарын, 4-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, жүзінші, жүз бірінші абзацтарын, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15-тармақтарын, 16-тармақтың бесінші, алтыншы, он бірінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, қырық үшінші, қырық төртінші, елу екінші, елу үшінші, елу жетінші, елу сегізінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, жүзінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 11 шілдеден бастап:
Тізбенің 16-тармағының алпысыншы және алпыс бірінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"69. Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Іріктеу рәсімінің әкімшісі қамтамасыз етеді.
70. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес "цифрлық үкіметтің" операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Іріктеу рәсімінің әкімшісіне жібереді.";
Тізбенің 16-тармағының жүз жетінші және жүз сегізінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"52. Іріктеу рәсімінің әкімшісі мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
53. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес "цифрлық үкіметтің" операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Іріктеу рәсімінің әкімшісіне жібереді.".
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2026 жылғы 31 наурыздағы № 52 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.";
5-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушіні, "цифрлық үкімет" операторын, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығын Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап ол туралы үш күн ішінде хабардар етеді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш (бұдан әрі – өтініш) тапсырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Портал арқылы жүгінген кезде кандидаттың "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініш қабылданғаны туралы жәй-күйі көрсетіледі.
Құжаттардың қабылданғанын растау осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет берушінің электронды цифрлы қолтаңбасы қойылған тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхат болып табылады.
Кандидат Тізбенің 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Бірыңғай байланыс орталығында ала алады.";
22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Кандидат тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған жағдайда осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Е-қызмет" интегралды цифрлық жүйесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат қалыптастырылады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Кандидаттар осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеудің нәимжелерін электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда "цифрлық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы ала алады.";
30-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша "Е-қызмет" интегралды цифрлық жүйесінде осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырылады.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды көрсетілетін қызметті беруші адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.";
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 1-1-қосымшада:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | www.egov.kz "цифрлық үкiметтің" веб-порталы |
";
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық цифрландырылған) |
";
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 2-қосымшада:
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған құқық қорғау қызметінің және азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің лауазымына орналасуға кандидаттың лауазымына орналасуға кандидаттар қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімнен кейін өтеді.
Апелляциялық комиссиямен кандидаттың апелляциясы қанағаттандырылған жағдайда ол тестілеуді қайта тапсыруға жоғарыда көрсетілген мерзімді сақтаусыз жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен "цифрлық үкімет" порталы арқылы берілді.".
2. "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14441 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары
13-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;";
15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік және құқық қорғау органдарының цифрлық жүйелерінің талдау объектісінің қызметі туралы деректері;".
3. "Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14456 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережеде:
3-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (цифрлық жүйесінде) арқылы жүргізу.";
4-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметтік тексерістерді жүргізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту жүргізу, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (цифрлық жүйесінде);".
4. "Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14740 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3)-тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағы 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволарына, жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және оның филиалдарының, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері) мемлекеттік қызметтер көрсетуі сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін айқындайды.";
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) цифрлық жүйелерге қол жеткізу арқылы не есептік ақпарат пен өзге де мәліметтер негізінде байқау жолымен жүргізіледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тексерулерді есепке алу уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы жүргізіледі.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарына мемлекеттік қызметтер көрсету және олардың мониторингі жөніндегі цифрлық жүйелерге қолжетімділігін қамтамасыз етеді.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік қызметтер көрсету және олардың мониторингі жөніндегі цифрлық жүйелерде көрсетілген мәліметтерді;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "цифрлық үкімет" веб-порталыны, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары және бұқаралық ақпарат құралдарының деректерін;";
47-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингінің цифрлық жүйелерінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы, мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен шағымдар және оларды қарау нәтижелері туралы ақпаратты пайдаланады;";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері ішкі бақылау қызметінің қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету және олардың мониторингі жөніндегі цифрлық жүйелерге қолжетімділігін қамтамасыз етеді.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Мемлекеттік қызметтер көрсету және олардың мониторингі жөніндегі цифрлық жүйелерде көрсетілген мәліметтер;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "цифрлық үкіметтің" веб-порталын, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстарын және бұқаралық ақпарат құралдарын;"";
57-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) цифрлық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап ету;";
58-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін жетілдіру, оның ішінде оларды цифрландыру, оңтайландыру және оларды электрондық түрге көшіру;";
61-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Осы Қағидаларға 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-інші күніне дейін талдамалық анықтаманы қоса отырып, цифрландыру саласындағы уәкiлеттi орган уәкілетті органға Мемлекеттік корпорация, әріптестік ұйымдар арқылы және электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпаратты ұсынады.";
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларға 5-қосымшада:
тексеру нәтижелері туралы анықтамаға қосымшада:
3-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) цифрлық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап ету;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйелерінде деректердің болмауы;";
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларға 7-қосымшада:
нысанында:
реттік нөмірі 3.5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3.5. | цифрлық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап ету |
";
реттік нөмірі 3.13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3.13. | мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйелерінде деректердің болмауы |
";
жолдар:
"
8.2. | мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация және (немесе) әріптестік ұйымдар арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны, барлығы, оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша: | ||||||||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы | |||||||||
8.3. | көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы, оның ішінде: | ||||||||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің және ақпараттық жүйенің атауы | |||||||||
8.4 | көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы, оның ішінде: | ||||||||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің және ақпараттық жүйенің атауы |
"
мынадай редакцияда жазылсын:
"
8.2. | мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "цифрлық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация және (немесе) әріптестік ұйымдар арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны, барлығы, оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша: | ||||||||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы | |||||||||
8.3. | көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің цифрлық жүйелері арқылы электрондық түрде ("цифрлық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы, оның ішінде: | ||||||||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің және цифрлық жүйенің атауы | |||||||||
8.4 | көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді цифрлық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің цифрлық жүйелері арқылы ("цифрлық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы, оның ішінде: | ||||||||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің және цифрлық жүйенің атауы |
";
реттік нөмірі 9.1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9.1. | электронды түрде ұсынылған ("цифрлық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) |
";
жол
"
2.2. Ішкі байқау шеңберінде анықталған мемлекеттік қызметтер көрсетудегі бұзушылықтарының жалпы саны, сонын ішінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдарымен белгіленген |
"
мынадай редакцияда жазылсын:
"
2.2. Ішкі байқау шеңберінде анықталған мемлекеттік қызметтер көрсетудегі бұзушылықтарының жалпы саны, сонын ішінде цифрландыру саласындағы уәкілетті органдарымен белгіленген |
";
реттік нөмірі 10.5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10.5. | цифрлық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап ету |
";
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша орталық мемлекеттік органның, оның ведомствосының, аумақтық органдарының, ведомствоға қарасты ұйымдардың, жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ орталық мемлекеттік орган жетекшілік ететін салада жеке және заңды тұлғалар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің, сондай-ақ қызметін үйлестіруді жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау бойынша есеп нысаны (бұдан әрі – Есеп нысаны) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Есеп нысанының 8, 8.1, 8.2, 8.3 және 8.4-тармақтарында есептік кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны туралы, оның ішінде жеке және заңды тұлғалар бөлінісінде, ұсыну нысандары, цифрлық жүйелердің атауын көрсете отырып, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыстың болуы немесе болмауы ескеріле отырып, көрсетілетін қызмет түрлері бойынша сандық деректер көрсетіледі.";
жол:
"2.2. Мемлекеттік қызметтер көрсетудегі бұзушылықтарының жалпы саны, ішкі байқау шеңберінде анықталғандар, сонын ішінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен"
мынадай редакцияда жазылсын:
"2.2. Мемлекеттік қызметтер көрсетудегі бұзушылықтарының жалпы саны, ішкі байқау шеңберінде анықталғандар, сонын ішінде цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен"
22-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесін жетілдіру бойынша, оның ішінде оларды цифрландыру, оңтайландыру және электронды түрде оларды көрсетуге көшіру бойынша қабылданған шаралар;";
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларға 8-қосымшада:
жол "Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган" мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: цифрландыру саласындағы уәкiлеттi орган";
жол
"
№№ п/п | Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны | Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерінің берілген саны | Белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартулар саны | ||||||||||
барлығы | оның ішінде: | оның ішінде: | ||||||||||||
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің кінәсы бойынша | қызметті берушінің кінәсі бойынша | актілермен расталған электр энергиясының болмауы себебінен | актілермен расталған байланыс/ЖЕЖ істен шығуы себебінен | актілермен расталған АЖ техникалық проблемаларға байланысты | поштаны жеткізуге байланысты | барлығы | Мемлекеттік корпорация қызметкерінің кінәсы бойынша (толық емес құжаттар пакетін қабылдады) | көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартуы | ауыртпалықтар, шектеулер, қамап ұстаулар, тыйым салулар бар | көрсетілетін қызметті берушімен негізделген басқа себептер | ||||
"
мынадай редакцияда жазылсын:
"
№№ п/п | Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны | Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерінің берілген саны | Белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартулар саны | ||||||||||
барлығы | оның ішінде: | оның ішінде: | ||||||||||||
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің кінәсы бойынша | қызметті берушінің кінәсі бойынша | актілермен расталған электр энергиясының болмауы себебінен | актілермен расталған байланыс/ЖЕЖ істен шығуы себебінен | актілермен расталған цифрлық жүйедегі техникалық проблемаларға байланысты | поштаны жеткізуге байланысты | барлығы | Мемлекеттік корпорация қызметкерінің кінәсы бойынша (толық емес құжаттар пакетін қабылдады) | көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартуы | ауыртпалықтар, шектеулер, қамап ұстаулар, тыйым салулар бар | көрсетілетін қызметті берушімен негізделген басқа себептер | ||||
";
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны туралы есепке қосымша осы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларға 9-қосымшада:
жол "Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган" мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: цифрландыру саласындағы уәкiлеттi орган";
әріптестік ұйымдар арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны туралы есепке қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Есеп нысанын цифрландыру саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейін талдамалық анықтамамен бірге толтырады және уәкілетті органға ұсынады. Кейіннен жиналған деректер 1-мқ, 2-мқ және 4-мқ Есептер нысандарының тиісті өрістерінің мәндерін жай қосу жолымен шоғырландырылуға жатады.";
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларға 10-қосымшада:
жол "Нысанының атауы: Электрондық түрде ("электрондық үкімет" веб-порталы, ақпараттық жүйелер арқылы) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны туралы есеп" мынадай редакцияда жазылсын:
"Нысанының атауы: Электрондық түрде ("цифрлық үкімет" веб-порталы, цифрлық жүйелер арқылы) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны туралы есеп";
жол "Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган" мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: цифрландыру саласындағы уәкiлеттi орган";
жол
"
№ п/п | Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны | Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны | олардың ішінде, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың жалпы саны | Белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны | ||||||
барлығы | олардың ішінде: | барлығы | олардың ішінде: | барлығы | олардың ішінде: | |||||
"электронды үкімет" веб-порталы арқылы | Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесі арқылы | "электронды үкімет" веб-порталы арқылы | "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесі арқылы | техникалық себептер | көрсетілетін қызметті берушінің кінәсі бойынша | |||||
"
мынадай редакцияда жазылсын:
"
№ п/п | Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны | Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны | олардың ішінде, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың жалпы саны | Белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны | ||||||
барлығы | олардың ішінде: | барлығы | олардың ішінде: | барлығы | олардың ішінде: | |||||
" цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы | Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" цифрлық жүйесі арқылы | " цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы | "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" цифрлық жүйесі арқылы | техникалық себептер | көрсетілетін қызметті берушінің кінәсі бойынша | |||||
";
электрондық түрде ("электрондық үкімет" веб-порталы, ақпараттық жүйелер арқылы) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны туралы есеп қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
| "Электрондық түрде ("цифрлық үкімет" веб-порталы, цифрлық жүйелер арқылы) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны туралы есебіне қосымша"; |
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Электрондық түрде ("цифрлық үкімет" веб-порталы, цифрлық жүйелер арқылы) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы талдамалық анықтаманың мазмұны және есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме) (4-мқ, тоқсан сайын)";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Электрондық түрде ("цифрлық үкімет" веб-порталы, цифрлық жүйелер арқылы) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны туралы есеп нысанын (бұдан әрі – есеп нысаны) енгізудің негізгі міндеті электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер санының мониторингі болып табылады.
2. Есеп нысанын цифрландыру саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейін талдамалық анықтамамен бірге толтырады және уәкілетті органға ұсынады. Кейіннен жиналған деректер 1-мқ, 2-мқ және 3-мқ Есептер нысандарының тиісті өрістерінің мәндерін жай қосу жолымен шоғырландырылуға жатады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Есеп нысанының 1-тармағында есептік кезеңде "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы немесе "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" цифрлық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің, оның ішінде бас тартулардың және себептер бойынша мерзімдерін бұза отырып ұсынылған мемлекеттік қызметтердің жалпы саны туралы көрсетілетін қызметті берушілер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлінісінде сандық деректер сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және оның кіші түрінің атаулары көрсетіледі.".
5. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14819 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларында:
21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Техникалық мүмкіндік (тиісті функционалдың) болған жағдайда тағылымдамадан өту мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (цифрлық жүйе) арқылы қамтамасыз етіледі.";
6. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалау "Е-қызмет" ықпалдастырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – цифрлық жүйе) арқылы жүргізіледі.";
16-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайларына (оның ішінде материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз етуге) қанағаттануы" міндетті НМИ есептеу үшін цифрлық жүйе арқылы осы Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орталық мемлекеттік орган қызметшілеріне анонимді сауалнама жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган сауалнама жүргізуді үйлестіреді.
"Мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайларына қанағаттануы (оның ішінде материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз ету)" міндетті НМИ қол жеткізу пайызы цифрлық жүйе арқылы қалыптастырылады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Бағалау парағы цифрлық жүйе арқылы персоналды басқару қызметімен уәкілетті тұлғаға қарауға және баға қоюға жіберіледі.";
24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"24. "А" корпусының бағаланатын қызметшісі өзінің бағалау нәтижелерін цифрлық жүйеде, сондай-ақ "Е-қызмет" мобильді қосымшасында алады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау үлгілік әдістемесінде:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін "Е-қызмет" ықпалдастырылған цифрлық жүйе (бұдан әрі – цифрлық жүйе) арқылы жүргізіледі.";
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорытынды баға күнтізбелік жылдың есепті тоқсандары бойынша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің орташа бағасы негізінде цифрлық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген құрылымдық бөлімшелер (адам), соның ішінде цифрлық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.";
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Бағаланатын қызметші өзінің бағалау нәтижелерін цифрлық жүйеде, сондай-ақ "Е-қызмет" мобильді қосымша арқылы алады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде персоналды басқару қызметінде және цифрлық жүйеде сақталады.";
18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Бағалаушы адамға бағалау парағы персоналды басқару қызметімен цифрлық жүйе арқылы жіберіледі.";
23-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорытынды баға калибрлеу сессиясы мүшелерінің басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Персоналды басқару қызметі хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оның цифрлық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.";
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау үлгілік әдістемесіне 1-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
";
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау үлгілік әдістемесіне 2-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
".
7. "Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20463 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларында:
10-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) төменгі жағы – машинамен оқылатын аймақ, онда "Е-қызмет" ықпалдастырылған цифрлық жүйесінде немесе өзге ведомстволық цифрлық жүйесінде бар негізгі ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) лауазымы, байланыс деректері) қамтитын QR-код орналастырылады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Сипаттамаға сәйкес келмейтін, жарамдылық мерзімі өткен, бүлінген және тазартылған сәйкестендіру карталары "Е-қызмет" ықпалдастырылған цифрлық жүйесінде немесе өзге ведомстволық цифрлық жүйесінде бұғатталады және жарамсыз болып саналады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Кадр қызметі немесе кадр қызметінің міндетін атқару жүктелген адам сәйкестендіру картасының жоғалғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сәйкестендіру картасын "Е-қызмет" ықпалдастырылған цифрлық жүйесінде немесе өзге ведомстволық цифрлық жүйесінде бұғаттайды.";
8. "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 10 маусымдағы № 96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20862 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесінде:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Білім беру процесін ақпараттық-техникалық қолдау бойынша шығындар өзіне цифрлық жүйелерді техникалық қолдауға, сүйемелдеуге, жаңғыртуға жұмсалатын шығындарды қамтиды.";
9. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23964 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу әдістемесінде:
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мемлекеттік органдар бөлу бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оны уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері қол жеткізе алатын персоналды басқару бойынша цифрлық жүйеде орналастыруды қамтамасыз етеді. Тиісті цифрлық жүйе болмаған жағдайда мемлекеттік органдар бекітілген бөлуді электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық түрде уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне жібереді.
17. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік органдардың бөлулерінің қаулыға және осы Әдістемеге сәйкестігіне мониторингті, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқорлар (цифрлық жүйелер) арқылы жылына бір реттен артық емес жүргізеді. Мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар енгізіледі.";
10. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33343 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің сұрауы бойынша жылына бір реттен артық емес тиісті мемлекеттік органдардың құрылымдары мен штат кестелерін, сондай-ақ олардың қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын олардың осы Қағидаларға сәйкестігіне мониторинг жүргізу үшін, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (цифрлық жүйе) арқылы ұсынады. Мониторинг қорытындысы бойынша немесе тексеру іс-шаралары барысында мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізілуі мүмкін.";
11. "Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32211 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережеде:
26-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметін әкімшілік (ұйымдық-техникалық) қамтамасыз етуді жүзеге асыру, оның ішінде цифрлық жүйелер мен қосымшаларды (қажетті дерекқорларға қолжетімділікті) және өзге де тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, оның қызметі үшін қажетті мүмкіндіктермен, активтермен және ресурстармен қамтамасыз етуі;".
12. "Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуді қолдану қағидаларында:
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қашықтықтан жұмыс істеу – жұмыс беруші, қабылдаушы тарап және олардың объектілері тұрған жерден тыс жерде еңбек қызметі процесінде цифрлық технологияларды қолдана отырып еңбек процесін жүзеге асыру;";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жұмыс беруші жұмыскерді Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті жабдықтармен, цифрлық объектілерімен, байланыс қызметтерімен және өзге де құралдармен қамтамасыз етеді және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету бойынша шығыстарды көтереді.";
15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтініш электрондық түрде "Е-қызмет" цифрлық жүйесі немесе персоналды басқару бойынша ведомстволық цифрлық жүйе арқылы беріледі.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Жұмыскер мемлекеттік қызмет, киберқауіпсіздік саласындағы заңнаманы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін және мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтаулары қажет.".
13. "Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32621 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттік органдарға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізудің көзі болып цифрлық жүйелердегі мәліметтер, мемлекеттік органдардың уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынатын мәліметтері, қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесінің деректері, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар табылады.".
14. "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 307 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33485 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларында:
13-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;";
14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметі туралы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының цифрлық жүйелерінің деректері;";
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларында 1-қосымшада:
реттік нөмірі 2.6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2.6. | Цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалану |
";
15. "Мемлекеттік қызметке іріктеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33909 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік орган біліктілік талаптарын келісу үшін уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне "Е-қызмет" интеграцияланған цифрлық жүйесі арқылы жолдайды.
Мемлекеттік органда "Е-қызмет" интеграцияланған цифрлық жүйесі болмаған жағдайда келісу үшін біліктілік талаптары уәкілетті органға және (немесе) оның аумақтық бөлімшесіне мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электронды түрде жолданады.".
16. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37571 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) және 11) тармақшаларына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3 және 4-тармақтарына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу қағидаларында:
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар ішкі конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" ықпалдастырылған цифрлық жүйесі не "Е-gov" цифрлық үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша конкурстық комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және осы қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес үлгіде оны өткізудің кестесін қалыптастырады.";
57 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адам конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін келесі жұмыс күні, егер алдыңғы жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес бір айлық жұмыспен өтеу мерзімін белгілемесе немесе тараптардың келісімдері бойынша өзге мерзім белгіленбесе, оң қорытынды алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды.
Бұл ретте алдыңғы жұмыс беруші конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарлама алғаннан кейін ішкі конкурсқа қатысқан мемлекеттік қызметшіні Заңның 61-бабы 1-1-тармағының және осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, атқарып отырған лауазымынан босатады. Конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарлама алдыңғы жұмыс берушіге ықпалдастырылған цифрлық жүйе арқылы конкурстық комиссияның шешімі қабылданғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жолданады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 қаулысымен және Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда мемлекеттік лауазымға тағайындауға құқығы бар адам кандидатты жоғары тұрған лауазымды адамның (органның) келісімі бойынша лауазымға қабылдайды.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Ішкі конкурс қорытындысына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін ішкі конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты өткізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жалпы конкурс ықпалдастырылған цифрлық жүйенің (бұдан әрі – жүйе) "eqyzmet.gov.kz" сыртқы интернет-порталында жүргізіледі.";
4-тармақтың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
9) электрондық жеке іс (бұдан әрі – ЭЖІ) – "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынған жеке басын куәландыратын құжаттар, тіркелген жері, еңбек жолы мен білімі туралы мәліметтерді, сондай-ақ кандидаттың электрондық пошта мекенжайын, фотосуреттерін және ұялы телефон нөмірін қамтитын электрондық форматтағы деректер жиынтығы.";
24 және 25 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Кворум болмаған немесе комиссия мүшелері ауыстырылған жағдайда, комиссия отырысына дейін кадр қызметі конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізеді.
Конкурстық комиссияның кворумы оның құрамының кемінде үштен екі бөлігін, бірақ үштен кем емес адамды құрайды.
25. Конкурстық комиссияның жоқ мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін адамдар жалпы конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін Заңның 15-бабының 3, 3-2, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында, 27-бабының 7 және 10-тармақтарында, 41-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен жарияланған бос лауазымға тағайындалмайды.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Кандидаттың мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүйемен азаматтардың денсаулығын қорғау және қадағалау саласындағы стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның және құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның цифрлық жүйелерінен ақпарат сұратылады.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Кандидаттың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу сертификатының және жеке қасиеттерді бағалау бойынша тестілеу қорытындысының болуы жүйемен анықталады.";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Бір лауазымға үміткер кандидаттарға бірдей сұрақтар тең көлемде қойылады.";
88-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Практикалық бағалау кезеңінде кандидаттар бос лауазымның функционалдық бағыттарынан туындайтын кәсіби қабілеттері анықталады.
Практикалық тапсырмалар қысқа, анық, нақты және қабілеттерді бағалауға бағытталған болуы керек:
"Б" корпусының басшылық емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін:
1) тапсырманың материалдары негізінде аналитикалық жазба дайындау бойынша;
2) бос лауазымның функционалдық міндеттері шеңберінде мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға ресми сауалдар мен хаттар дайындау немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, заңнамаға сәйкес дәлелді жауаптар дайындау бойынша.
жұмыс өтілін талап етпейтін төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін:
жалпы ой-өрісін, мемлекеттік органның салалық ерекшелігін кандидаттың түсінуін айқындауға, ашықтықты, ойды анық, қисынды түрде білдіру қабілетін анықтауға бағытталған, сондай-ақ жеке құзыреттері тұрғысынан екі тапсырманы орындау бойынша.";
89-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамдар практикалық тапсырмалар тізбесін жария етпеу және өзектендіру үшін дербес жауапты болады.";
100-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте алдыңғы жұмыс беруші конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарлама алғаннан кейін жалпы конкурсқа қатысқан мемлекеттік қызметшіні Заңның 61-бабы 1-1-тармағының және осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, атқарып отырған лауазымынан босатады. Конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарлама алдыңғы жұмыс берушіге интегралды цифрлық жүйе арқылы конкурстық комиссияның шешімі қабылданғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жолданады.";
106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"106. Осы Қағидалардың талаптарын бұзу жалпы конкурс қорытындысын немесе кезеңдерін жоюға негіз болып табылу мүмкін.";
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты өткізу қағидаларына 1-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына және мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды (бұдан әрі – кандидат) тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кандидат қалауы бойынша тестілеуден іріктеу рәсімінің әкімшісінің ықпалдастырылған цифрлық жүйенің (бұдан әрі – жүйе) "eqyzmet.gov.kz" сыртқы интернет-порталда немесе арнайы жабдықталған тестілеу залдарында өте алады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Жүйенің техникалық ақауы (техникалық ақау) туындаған жағдайда тестілеу автоматты түрде аяқталады, Іріктеу рәсімінің әкімшісі жүйеде техникалық ақау туралы актіні тіркейді.
Бұл ретте кандидаттар жиырма төрт сағат ішінде тестілеуден өту үшін қайта жазылуға техникалық қолдау қызметіне жүгінеді.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Жеке қасиеттерді бағалау тестілеу нәтижелері бойынша "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы "Б" корпусының лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалау нәтижесі бойынша қорытынды осы Қағидаларға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша кандидаттың жеке кабинетіне жолданады.";
69 және 70-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Іріктеу рәсімінің әкімшісі қамтамасыз етеді.
70. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 11) тармақшасына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Іріктеу рәсімінің әкімшісіне жібереді.";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. "Б" корпусының лауазымына кандидаттар тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей өтінішті "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тапсырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Іріктеу рәсімінің әкімшісі тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Портал арқылы жүгінген кезде кандидаттың "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы жәй-күйі көрсетіледі.
Портал арқылы өтініш берілген кезде, құжаттардың қабылданғанын растау осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Іріктеу рәсімінің әкімшісінің электронды цифрлы қолтаңбасы нысанындағы тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхат болып табылады.
Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды портал арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен кеңесті Іріктеу рәсімінің әкімшісінен ала алады.";
73-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тестілеуге жазылу "цифрлық үкімет" веб-порталында қалыптастырылатын осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысанда тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады.";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. "Б" корпусының лауазымына кандидаттар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өтеді.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасында көрсетілген мәндерден төмен емес нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына кандидаттардың жеке кабинетіне портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық сертификат (бұдан әрі – Сертификат) жолданады.
Берілген Сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде азамат қайта тестілеуден өтпейді.
Бұл ретте, тест нәтижелері ықпалдастырылған цифрлық жүйесінде сақталады.";
78-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"78. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін тестілеу бағдарламасында көрсетілген мәндерден төмен алған "Б" корпусының лауазымына кандидаттарға "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жеке кабинетке осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту мәндерінен төмен нәтижелері бар тестілеуден өткені туралы анықтама жіберіледі.";
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"82. "Б" корпусының лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 7 және 8-қосымшаларына сәйкес нысандағы қорытынды "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы "жеке кабинетіне" жолданады.
Бұл ретте, тест нәтижелері ықпалдастырылған цифрлық жүйесінде сақталады.";
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Кандидаттардың тестілеу нәтижелеріне қатысты шағымдары Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңымен белгіленген тәртіпте уәкілетті орган арқылы қарастырылады.";
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына 3-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына 5-қосымшада:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz "цифрлық үкiмет" веб-порталы; ықпалдастырылған цифрлық жүйенің eqyzmet.gov.kz сыртқы интернет-порталы. |
";
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету нысаны | Электрондық (толық цифрландырылған) |
";
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7. | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушінің шешімі бойынша тестілеу залдарының жұмыс уақытын 23.00-ге дейін ұзартуға жол беріледі; |
";
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздері |
1) кандидаттың соңғы үш күнтізбелік күн ішінде шекті мәндерден төмен нәтижелермен тестілеуден өтуі; |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар | Кандидат ЭЦҚ қолдану арқылы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталында арқылы электрондық нысанда алады. Кандидаттың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталдың "жеке кабинеті", мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі -1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
";
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына 6-қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына 8-қосымша осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына 11-қосымшада:
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған "Б" корпусының лауазымына кандидат қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімнен кейін өтеді.
Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен "цифрлық үкімет" порталы арқылы берілді.";
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған іріктеудің қағидаларында:
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған іріктеудің қағидаларына 1-қосымша осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына және мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды (бұдан әрі – кандидат) тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.";
52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Іріктеу рәсімінің әкімшісі мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
53. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Іріктеу рәсімінің әкімшісіне жібереді.";
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Кандидаттардың тестілеу нәтижелеріне қатысты шағымдары Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңымен белгіленген тәртіпте уәкілетті орган арқылы қарастырылады.".
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы талдамалық анықтаманың мазмұны және есептің нысанын толтыру бойынша түсіндірме (2-мқ, тоқсан сайын)
1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны туралы есеп нысанын (бұдан әрі – Есеп нысаны) енгізудің негізгі міндеті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санының мониторингі болып табылады.
2. Есеп нысанын цифрландыру саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейін талдамалық анықтамамен бірге толтырады және уәкілетті органға ұсынады. Кейіннен жиналған деректер 1-мқ, 3-мқ және 4-мқ Есептер нысандарының тиісті өрістерінің мәндерін жай қосу жолымен шоғырландырылуға жатады.
3. Есеп нысанына орындаушы және мемлекеттік органның басшысы, ал ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
4. Есеп нысанының 1-тармағында есепті кезеңде көрсетілетін қызметті берушілер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлінісінде қағаз нысанда ұсынылған, оның ішінде мерзімдері бұзылып ұсынылған және себептер бойынша бас тартылған мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерінің жалпы саны туралы сандық деректер сондай-ақ,
5. Есеп нысанының 2-тармағында есептік кезеңде көрсетілетін қызметті берушілер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлінісінде электрондық нысанда ұсынылған, оның ішінде мерзімдері бұзылып ұсынылған және себептер бойынша бас тартылған мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерінің жалпы саны туралы сандық деректер сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және оның кіші түрінің атаулары көрсетіледі.
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 2-қосымша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу қағидаларына 1-қосымша |
"Б"корпусының басқарушы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары
Санат | Лауазымы |
"Б" Корпусы | |
А санаттар тобы | |
А-1 | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратының Сектор меңгерушісі |
В санаттар тобы | |
В-1 | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық аппараты басшысының орынбасары |
Құрылымдық бөлімшенің басшысы | |
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі комитеті төрағасының орынбасары | |
В-2 | Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары |
В-3 | Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары Аппараттарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының сектор меңгерушісі |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің және оның ведомствосының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының басқарма (қызмет) басшысы | |
В-4 | Сектор меңгерушісі |
С санаттар тобы | |
С-1 | Орталық атқарушы орган комитеті төрағасының орынбасары |
Департамент директоры | |
Сенімді уәкіл | |
Халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілдің орынбасары | |
Бас консул | |
Шетелдік мекеменің кеңесші-елшісі | |
Баспасөз хатшысы | |
С-2 | Департамент директорының орынбасары |
С-3 | Басқарма басшысы |
Басқарма басшысының орынбасары | |
Консул-консулдықтың басшысы | |
С-О-1 | Басшы |
Кеден басшысы | |
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі | |
С-О-2 | Басшының орынбасары |
Кеден басшысының орынбасары | |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі | |
С-О-3 | Басқарма басшысы |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық органы басқармасының басшысы | |
Кеден бекетінің басшысы | |
Аумақтық бөлімнің басшысы - аға сот орындаушысы | |
С-О-4 | Бөлім басшысы |
Кеден бекеті басшысының орынбасары | |
C-R-1 | Аудандық аумақтық басқармасының басшысы |
Аудандық және оған теңестірілген сот Әкімшісінің басшысы | |
C-R-2 | Аудандық аумақтық басқарма басшысының орынбасары |
Аудандық және оған теңестірілген сот әкімшісі басшысының орынбасары | |
C-R-3 | Аудандық аумақтық басқару бөлімінің басшысы |
D санаттар тобы | |
D-1 | Мәслихат аппаратының басшысы |
D-2 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары аппаратының басшысы |
Әкім аппараты басшысының орынбасары | |
Мәслихат аппараты басшысының орынбасары | |
D-3 | Құрылымдық бөлімшенің басшысы |
D-О-1 | Басшы |
D-O-2 | Басшының орынбасары |
Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі | |
D-O-3 | Бөлім басшысы |
D-R-1 | Бөлім басшысы |
D-R-2 | Бөлім басшысы орынбасары |
D-R-3 | Сектор меңгерушісі |
Е санаттар тобы | |
Е-1 | Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары |
Е-2 | Аппарат басшысы |
Е-3 | Құрылымдық бөлімшенің басшысы |
E-R-1 | Бөлім басшысы |
E-R-2 | Бөлім басшысының орынбасары |
E-R-3 | Сектор меңгерушісі |
E-G-1 | Әкімнің орынбасары |
E-G-2 | Құрылымдық бөлімшенің басшысы |
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 3-қосымша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымша |
Бағалау әдістемесі
Жалпы конкурс бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша айқындалады:
Басшылық лауазымдар үшін:
И=0,4*О+0,4 *Э +0,2*С;
мұнда:
И – жалпы конкурс нәтижелері бойынша қорытынды балл;
О – жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері;
Э – "эссе" жазуды бағалау нәтижелері;
С – әңгімелесу нәтижелері;
0,4 – жеке қасиеттерді бағалаудың салмақ коэффициенті (40 пайыз);
0,4 – "эссе" жазуды бағалаудың салмақ коэффициенті (40 пайыз);
0,2 – әңгімелесуді бағалаудың салмақ коэффициенті (20 пайыз);
Басшылық емес лауазымдар үшін:
И=0,3*О+0,7*П;
мұнда:
И – жалпы конкурс нәтижелері бойынша қорытынды балл;
О – жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері;
П – практикалық бағалау нәтижелері;
0,3 – жеке қасиеттерді бағалаудың салмақ коэффициенті (30 пайыз);
0,7 – практикалық бағалаудың салмақ коэффициенті (70 пайыз).
СЕРТИФИКАТ
________________________________________________ "Б" корпусының (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _____________ қаласында "___"__________ 20 __ жылы өткенін растайды. |
| ||
Тест атауы | Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны | Тестілеуді өту мәні | Дұрыс жауаптардың саны |
Қорытынды | |||
Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болып табылады.
Бұл сертификат ықпалдастырылған цифрлық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты іріктеуге және өткізуге қатысу үшін жарамды. ekyzmet.kz сайтында тексеру коды _______

20 __ жылғы "____" _______________
"Б" корпусының лауазымдарына орналасуға кандидаттарды жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ("Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарын қоспағанда) орналасуға кандидаттарды жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары мынадай құзыреттерді айқындауға арналған тестілерді қамтиды:
проактивтілік (12 тапсырма); коммуникативтілік (12 тапсырма); талдамалық ойлау (12 тапсырма); стратегиялық ойлау (12 тапсырма); көшбасшылық (12 тапсырма); әдептілік (12 тапсырма); нәтижеге бағдарлану (12 тапсырма); сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма); жауапкершілік (12 тапсырма); қызметті басқару (12 тапсырма).
Бірінші бағдарлама басшылық әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының А-1, В-1, В-2, В-3, B-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, С-R-1, C-R-2, C-R-3, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, D-R-1, D-R-2, D-R-3, Е-1, Е-2, Е-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесі құзыреттерді қамтиды:
проактивтілік; коммуникативтілік; талдамалық ойлау; стратегиялық ойлау; көшбасшылық; әдептілік; нәтижеге бағдарлану; сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жауапкершілік; қызметті басқару.
Тестілеуден өту шекті мәні кемінде 30 баллды құрайды, оның ішінде әрбір құзырет бойынша кемінде 2,5 балл құрауы тиіс.
Екінші бағдарлама басшылық емес әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының А-2, А-3, А-4, А-5, В-2, В-3, В-4, B-5, С-3, С-4, С-О-4, D-3, D-4 санаттарына арналған және мынадай құзыреттерді қамтиды:
проактивтілік; коммуникативтілік; талдамалық ойлау; әдептілік; нәтижеге бағдарлану; сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жауапкершілік.
Тестілеуден өту шекті мәні кемінде 20 баллды құрайды, оның ішінде әрбір құзырет бойынша кемінде 2,5 балл құрауы тиіс.
Үшінші бағдарлама жұмыс өтілін қажет етпейтін, төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының B-6, C-5, C-O-5, C-O-6, C-R-4, C-R-5, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, D-R-4, D-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған логикалық ойлауды (30 сұрақ), құндылық бағдарлары (30 тапсырма) және эмоционалдық интеллектіні (72 тапсырма) айқындауға арналған тестілерді қамтиды.
Логикалық ойлау деңгейін айқындауға арналған тестілеуден өту көрсеткіші кемінде 10 балл құрауы тиіс.
Құндылық бағдарлары және эмоционалдық интеллектіні айқындауға арналған тестілеу үшін шекті мәндер белгіленбейді.
Тесттерді орындауға жалпы берілетін уақыт 120 минут, оның ішінде логикалық ойлау – 30 минут.
"Б" корпусының лауазымына кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым
Тестіден өтушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда): | |||||
Тесттің уақыты мен күні: | |||||
ЖСН: | |||||
№ | Құзыреттердің атауы | Өту шегі | Тестілеу нәтижелері | ||
1. | Құндылық бағдарлары | - | |||
2. | Эмоционалдық интеллект | - | |||
3. | Логикалық ойлау | 10 | |||
Жалпы өту баллының төменгі шегі | |||||
"____" ____________ 20 __ ж.
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 7-қосымша Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б"корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған іріктеудің қағидаларына 1-қосымша |

