"Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-306/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 12 қыркүйекте № 36828 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-306/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21849 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 83) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларында:

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әмбебап аудиологиялық скрининг – МСАК ұйымдарында ерте шақтағы (үш жасқа дейінгі) және алты жастағы барлық балалардың есту бұзылысын отоакустикалық эмиссияны, қысқа-латентті есту қабілеті туындаған әлеуетті тіркеу әдісімен жыл сайын айқындау;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) баптау сессиясы – импланттау жүйесінің (аудио) сөйлеу процессорын күйге келтіру жүргізілетін екі жұмыс күнінен төрт жұмыс күніне дейінгі кезең;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ре-скрининг МСАК денсаулық сақтау ұйымының баланы дамыту кабинетінде туындаған отоакустикалық эмиссияны, қысқа патенттелген есту қабілеті туындаған әлеуетті және тимпанометрияны тіркеу әдісімен бала өмірінің оныншы-отызыншы күніне дейінгі мерзімде жүргізіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жыл сайын МСАК денсаулық сақтау ұйымында туындаған отоакустикалық эмиссияны, қысқа патенттелген есту қабілеті туындаған әлеуетті тіркеу әдісімен ерте жастағы (үш жасқа дейінгілерді қоса алғанда) балаларға әмбебап аудиологиялық скрининг жүргізіледі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Мүгедектігі бар адамдарды есту функциясының бұзылуын өтейтін медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету және ауыстыру "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 287 бұйрық) және "Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 284 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32984 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 284 бұйрық) сәйкес жүргізіледі."

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Мүгедектігі жоқ адамдарға медициналық көрсетілімдер бойынша есту протезі көмегін ұсыну жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Мүгедектігі жоқ адамдарды медициналық көрсетілімдер бойынша есту протезі көмегімен қамтамасыз етуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өз құзыреті шегінде: мүгедектігі жоқ адамдарды медициналық көрсетілімдер бойынша есту протезі көмегімен қамтамасыз ету үшін медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Есту функциясының 1, 2, 3, 4 дәрежедегі созылмалы (қайтымсыз) бұзылуы бар, мүгедектік дәрежесі жоқ адамдарды есту функциясының бұзылуын өтейтін медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету және ауыстыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      Есту аппараттарымен естуді протездеу оториноларинголог (сурдолог) дәрігердің қорытындысы бойынша естуді аудиологиялық зерттеп-қараудан кейін жүзеге асырылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Цифрлық есту аппараттарын таңдау және есту протездеу дыбысты өңдеудің заманауи технологияларын, DSL және NAL-NL2 баптау алгоритмдерін қолдану, кемінде 8 жиілік арналарын пайдалану, жиілікті ауыстыру мүмкіндіктері бар кеңейтілген жиілік диапазоны, бинауралды синхрондау, шуды интеллектуалды басу және кері акустикалық байланыс, көпжолақты бағытталуы, сондай-ақ IP68 рейтингі бар наноқаптаманың және қауіпсіздік құралдарының болуы арқылы жүзеге асырылады. Есту аппараттарын жарық LED-индикатормен жабдықталуына, батарея бөлігін бұғаттау мүмкіндігі, мобильді қосымшалармен біріктіру және FM-жүйелерімен үйлесімділігіне қойылатын қосымша талаптар ескеріледі";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Есту аппаратымен естуді протездеуді қажет ететін пациентте кез келген ауру бойынша мүгедектік тобы болған кезде есту протезімен қамтамасыз ету № 287 және № 284 бұйрықтарына сәйкес 4 жылда 1 рет есту протездеу кабинеттерінде бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.";

      36-тармақ алып тасталсын;

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Кез келген ауру бойынша мүгедектік тобы бар пациенттерге есту аппараттарын ауыстыру № 287 және № 284 бұйрықтарына сәйкес 4 жылда 1 рет оларды берген есту протездеу кабинетінде жүргізіледі.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Мүгедектігі жоқ адамдардың есту протезін, соның ішінде сүйек өткізгіштігін ауыстыру оларды берген есту протездеу кабинетінде орнатылған сәттен бастап 4 жыл өткен соң жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Ортаңғы құлақты немесе сүйек өткізгіштігін импланттау жүйесін орнатқаннан кейінгі бірінші жылы аудио-(сөйлеу) процессорын баптау кемінде 4 рет, екінші жылы – кемінде 2 рет, келесі жылдары – кемінде жылына 1 рет жүргізіледі.

      Ортаңғы құлақ және сүйек өткізгіштігі импланттарына арналған сөйлеу (аудио) процессорларын ауыстыру 5 жылда 1 рет жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтiк

      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады