"Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 248 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 344-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 қыркүйекте № 36826 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 248 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10957 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-4-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.";

      Қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидалары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Электр энергетикасы туралы" Заңы 10-4 бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) ұйымдастыруды және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 2-тармақтың 7) тармақшасымен толықтырылсын:

      "7) Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі – уәкілетті органның ақпараттық жүйесі) – жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінің деректерін жинауға, өңдеуге, мониторингтеуге және талдауға арналған уәкілетті органның ақпараттық жүйесі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЭКЕАЖ құру үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері (бұдан әрі – субъектілер) әрбір ЭЕК құрамына кіретін өлшеу құралдарының техникалық және метрологиялық сипаттамаларын, қосылу атауын көрсете отырып, энергия объектілерінде орналасқан ЭЕК тізбесін, электр энергиясын берудің/тұтынудың бір сызықты электр схемасын қоса бере отырып, субъектінің ЭКЕАЖ-ын Жүйелік оператордың интеграцияланған ЭКЕАЖ-ына қосуға техникалық шарттарды алуға еркін нысанда жазбаша өтініш береді.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу деректері уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне деректерді одан әрі бере отырып, деректерді жинау және беру құрылғыларына әрбір он бес минут сайын беріледі. Ақпаратты берудің істен шығуы кезінде бірнеше он бес минуттық аралықта бір мезгілде деректерді жинау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

      "6-тарау. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жарақтандыру тәртібі.";

      мынадай мазмұндағы 77 және 78-тармақтармен толықтырылсын:

      "77. Электр энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің субъектілері уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің өздерінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қол жеткізуді ұсынады және интеграциялайды.

      78. Электр энергетикасы субъектілерінің ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптар Заңының 10-4-бабының 4-тармағына сәйкес Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларында айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Е. Аккенженов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады