"Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 қыркүйекте № 36811 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.11.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10801 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесі - әлеуетті сатып алушылар (сатып алушылар) жекешелендіру процесіне бастамашылық жасайтын мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылатын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тізімі;";

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 199-бабының 2-1-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастыратын мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесі;";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Тізілім веб-порталына қолжетімділік деңгейі бойынша пайдаланушылар мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) жеке және заңды тұлғалар;

      2) мемлекеттік заңды тұлғалар;

      3) тиісті саланың уәкілетті органдары;

      4) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;

      5) сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары;

      6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган;

      7) облыстық уәкілетті орган және облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;

      8) аудандық уәкілетті орган және аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;

      9) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеті мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға және коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруға өкілеттілік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар;

      10) монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері;

      11) Бас прокуратура, облыстардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокуратуралары.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары аудиторлық палатасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады