БҰЙЫРАМЫН:
1. "Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 733 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 29337 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуді заң консультанты жеке тұлға өтініш берген кезде тікелей және/немесе электрондық форматта заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.
Құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетер алдында заң консультанты құқықтық консультация алуға өтініш білдірген адамға құқықтық мәселелер бойынша автоматтандырылған көмекшіні пайдалануды ұсынады.
Жеке тұлға өтініш жасағаннан кейін тікелей заң көмегін көрсету мүмкін болмаған кезде, ол үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілуге тиіс. Заң консультанты жеке тұлғаға қабылдау күні мен уақыты туралы қолжетімді нысанда хабарлайды.
Егер жеке тұлға жүріп-тұруындағы қиындықтармен байланысты ауыр сырқаттың, мүгедектіктің немесе өзге де мән-жайлардың салдарынан заң консультанты тағайындаған қабылдау орнына келе алмаса, оның тұрған жері бойынша құқықтық консультация беріледі.
Бір мәселе бойынша тұлға мемлекет кепілдік берген заң көмегін бір рет ала алады.";
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Құқықтық консультация беру түрінде білікті заң көмегін көрсету үшін заң консультантын таңдауды өтініш беруші (жеке тұлға) жүзеге асырады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Мынадай негіздердің бірі болған кезде:
1) өтініш беруші (жеке тұлға) мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар, осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тұлғалар санатына жатпаса;
2) өтініш беруші (жеке тұлға) жүгінімнің құқықтық сипаты болмаса, құқықтық консультация беру, қорғау және өкілдік ету түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтерді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |