БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын төлеу қағидаларын және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанын, сондай-ақ тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 3 сәуірдегі №180 қағидалары (бұдан әрі – Қағида) (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20346 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын төлеу қағидалары және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысаны, сондай-ақ тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысы:
Қағиданың 9-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдары сайлайтын немесе тағайындайтын тексеру органы (тексеру комиссиясы, тексерушi, ішкі аудит қызметі)";
Қағиданың 12-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атқарушы органы басқармасын (төрағасын), тұрғын үй-құрылыс кооперативінің тексеру комиссиясын (тексерушi, ішкі аудит қызметі) және тарату комиссиясының мүшелерін сайлау;";
Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанында:
9.1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдары сайлайтын немесе тағайындайтын тексеру органы (тексеру комиссиясы, тексерушi, ішкі аудит қызметі)";
9.3-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атқарушы органның басқармасын (төрағасын), тексеру комиссиясын (тексерушi, ішкі аудит қызметі) және тарату комиссиясының мүшелерін сайлау;";
9.11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9.11 ТҚК-ның тексеру комиссиясы (тексерушi, ішкі аудит қызметі) құрылтай жиналысында және кейіннен ТҚК-ның жалпы жиналысында үш жыл мерзімге сайланады."
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі