Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігі рейтингін жүргізу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36769 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 80) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігі рейтингін жүргізу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Персоналды дамыту және басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 29 тамыздағы
№ 197 бұйрығына қосымша/

Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігі рейтингін жүргізу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігі рейтингін жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 80) тармақшасына сәйкес әзірленді және әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік (орта білімнен кейінгі), арнаулы, мамандандырылған, қосымша білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігі рейтингін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) бағаланатын адам – білім беру ұйымының педагогі және/немесе басшысы;

      2) бағаланатын кезең – бағаланатын адамның жұмыс нәтижелерін бағалау кезеңі;

      3) бағалаушы адам – білім беру ұйымдарының басшысы және/немесе білім беруді басқару органының басшысы;

      4) калибрлеу сессиясы – рейтингті объективті жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында бағаланатын адамдардың қызмет нәтижелерін қайта қарастыру мүмкіндігін талқылау рәсімі;

      5) саралау – бағаланатын адамдардың кәсіби қызмет нәтижелеріне берілген бағаларды олардың қол жеткізген сандық және (немесе) сапалық көрсеткіштері негізінде жалпы бағаланатын субъектілер жиынтығындағы салыстырмалы орнын анықтау мақсатында жүйелеу.

      3. Білім беру ұйымдары педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігі рейтингі (бұдан әрі – Рейтинг) білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларын жылына 1 (бір) рет ерікті негізде кәсіби қызметін ынталандыру және жетілдіру процесін арттыру, білім беру сапасын жақсарту мақсатында жүргізіледі.

2-тарау. Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігіне рейтинг жүргізу тәртібі

      4. Рейтинг осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Ұстаз" педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы ақпараттандыру объектісі (бұдан әрі – Платформа) арқылы және (немесе) қағаз түрінде аяқталған оқу жылының қорытындысы бойынша қалыптастырылады.

      5. Педагогтердің рейтингін білім беру ұйымының басшысы ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегі мен 31 қазаны аралығында өткізеді. Білім беру ұйымдары басшыларының рейтингін білім беруді басқару органдары ағымдағы күнтізбелік жылғы 15 қарашасы мен 31 желтоқсаны кезеңінде жүргізеді.

      6. Рейтингке осы лауазымдарды бағаланатын бір кезеңнен аз уақыт атқарған білім беру ұйымдарының педагогтері немесе басшылары қатыспайды.

      7. Рейтинг нәтижелері келесі жіктеу бойынша қалыптасады:

      1) жоғары тиімді деңгей – елеулі жеке жетістіктері бар және білім беру ұйымдары мен жоғары білім беру нәтижелерімен ерекшеленетін өңірлерде жұмыс істейтін педагогтерді қамтиды;

      2) тиімді деңгей – жоғары жеке жетістіктері бар және білім беру ұйымдары мен білім беру нәтижелері жақсы өңірлерде жұмыс істейтін педагогтерді қамтиды;

      3) дамушы деңгей – өсу үшін әлеуеті бар және білім беру ұйымдары мен білім беру нәтижелері қанағаттанарлық өңірлерде жұмыс істейтін педагогтерді қамтиды;

      4) даму динамикасы төмен деңгей – жеке нәтижелері төмен және білім беру нәтижелері төмен өңірлердегі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді қамтиды.

      8. Рейтинг Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13317 болып тіркелген) бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының біліктілік санаттары бөлінісінде қалыптастырылады.

      9. Рейтинг педагогтердің "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінен алынған деректері және Платформада әртүрлі дерекқорлардағы құжаттарды (мәліметтерді) жинау және өңдеу арқылы қалыптастырылған материалдары негізінде өткізіледі.

      Бағаланатын адам Платформадағы жеке кабинетте деректердің толықтығын және дұрыстығын тексереді.

      Платформада әртүрлі дерекқорлардан қалыптастырылатын цифрланған деректер немесе құжаттар (мәліметтер) болмаған жағдайда, бағаланатын адам ұсынған деректерді білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты адам (бұдан әрі – жауапты адам) қолмен енгізеді.

      Рейтингтің алдын ала нәтижелері бағаланатын адамға ұсынылған деректермен танысу және дұрыстығы растау мақсатында қорытынды нәтижелер ресми жарияланатын күнге дейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

      10. Рейтинг қорытынды балл бойынша сараланған тізім негізінде қалыптастырылады. Қорытынды балл әрбір көрсеткіш бойынша көрсеткіштің есептелген үлес салмағына көбейтілген балдарды қосу арқылы қойылады.

      11. Балдар тең болған жағдайда Әдістемеге сәйкес көрсеткіштің ең жоғары үлес салмағын ескере отырып саралау жүзеге асырылады.

      12. Бағалаушы адам Рейтинг аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бағаланатын адамға Рейтинг нәтижелері туралы хабардар етеді.

      Хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) көзделген тәсілдердің бірімен жолданады.

      13. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, бағаланатын адам рейтинг нәтижелерімен танысқан күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бағалаушы адамның атына калибрлеу сессиясын өткізу туралы арызды еркін нысанда – қағаз немесе электрондық түрде жолдайды.

      14. Бағалаушы адам бағаланатын адамның арызы түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде калибрлеу сессиясын өткізу туралы шешім қабылдайды және оның құрамын бекітеді.

      Калибрлеу сессиясының қызметін жауапты адам ұйымдастырады.

      Калибрлеу сессиясының қатысушылары тақ саннан (3-тен (үш) кем емес) тұрады.

      Бағаланатын адамның арызы бойынша ұйымдастырылған калибрлеу сессиясының құрамына осы білім беру ұйымының рейтингіне қатыспаған педагогтер және/немесе білім беру ұйымдарының басшылары және/немесе әдіскерлер және/немесе білім беруді басқару органдарының мамандары кіреді.

      15. Калибрлеу сессиясы бағаланушы адамның арызы түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде өткізіледі.

      16. Калибрлеу сессиясы барысында бағаланатын адам бұған дейін ескерілмеген қосымша материалдарды ұсынады.

      Қосымша деректерді енгізу немесе қабылдамау туралы түпкілікті шешім калибрлеу сессиясына қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен ресімделеді.

      Жауапты адам хаттаманы оған қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Платформада орналастырады және бағалау нәтижелеріне тиісті өзгерістер енгізеді.

      Калибрлеу сессиясы қосымша деректерді қосу туралы оң шешім қабылдаған жағдайда жауапты адам оларды Платформаға енгізеді.

      Рейтингті қайта есептеу енгізілген толықтыруларды ескере отырып автоматты түрде жүзеге асырылады.

      17. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы адам бағаланатын адаммен кездесу өткізеді және қорытынды бағалау нәтижесі туралы кері байланысады.

      18. Бағалаушы адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі ҚР ӘРПК-мен реттеледі.

3 тарау. Білім беру ұйымдары педагогтерінің рейтингін қалыптастыру әдістемесі

      19. Білім беру ұйымдары педагогтері рейтингінің әдістемесі жеке және ұжымдық тиімділік көрсеткіштерінен тұрады.

      Педагогтің жеке тиімділігі – бұл мұғалімнің пәндік білім деңгейін, оқыту сапасын, кәсіби және ғылыми іс-шаралардағы белсенділігі мен табыстылығын, білім алушылардың білім жетістіктеріне әсерін көрсететін кәсіби нәтижелерін жиынтық бағалау.

      Ұжымдық тиімділік – білім беру ұйымының немесе өңірдің білім сапасын бағалаудың ұлттық және халықаралық жүйелеріндегі жетістіктерін көрсететін педагогикалық ұжым жұмысы нәтижелілігінің көрсеткіші.

      20. Жеке тиімділік көрсеткіштері педагог пен оның білім алушыларының/тәрбиеленушілерінің жетістіктерін қамтиды.

      Жеке тиімділік:

      1) педагогтің білімін бағалау (бұдан әрі – ПББ) қорытындылары бойынша педагогтің пәндік білім деңгейі;

      2) Платформада "Оқыту сапасы" (өткізу, ұйымдастыру) көрсеткіші бойынша орташа арифметикалық мәні;

      3) бар болған жағдайда, педагогтің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) немесе білім беруді басқару органының (тиісті деңгейдегі), біліктілікті арттырудың, әдістемелік және зерттеу қызметінің, тәжірибені жинақтау мен таратудың жоспарына (бұдан әрі – іс-шаралар) сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға), орындаушылар конкурстарына, кәсіби шеберлік конкурстарына және спорттық жарыстарға қатысуының тұрақтылығы мен нәтижелілігінің көрсеткіші;

      4) мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім сапасына/оқу бағдарламасын меңгеруіне/дағдыларының қалыптасуына әсер ету мөлшері;

      5) бар болған жағдайда, білім алушылардың/тәрбиеленушілердің Тізбеге сәйкес конкурстарға немесе олимпиадаларға немесе жарыстарға (бұдан әрі – білім алушылар/тәрбиеленушілер конкурсы) қатысуының тұрақтылығы мен нәтижелілігінің көрсеткіші (арнайы білім беру ұйымдарының педагогтерін қоспағанда).

      21. Педагогтің жетістіктері:

      1) ПББ қорытындысы бойынша педагогтің пәндік білім деңгейі;

      2) Платформада "Оқыту сапасы" (өткізу, ұйымдастыру) көрсеткіші бойынша орташа арифметикалық мән;

      3) педагогтің кәсіби конкурстарға немесе іс-шараларға, біліктілікті арттыруға қатысуының тұрақтылығы мен нәтижелілігінің көрсеткіші:

     


     

– педагог жетістіктерінің тұрақтылығы мен нәтижелілігінің көрсеткіші;

     

– педагогтің соңғы 5 жылдағы жетістіктерінің жүйелілігін көрсететін тұрақтылық коэффициенті;

     

– жүлделі орындар саны;

     

– деңгейдің маңыздылық коэффициенті:

Білім беру ұйымдарының деңгейі

Аудан/қала деңгейі

Облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) деңгейі

Республикалық деңгей

Халықаралық деңгей

0,1

0,3

0,6

0,9

1

      22. Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жетістіктері:

      1) білім сапасының әсер ету мөлшері;

      Есепте білім сапасының көрсеткіші бойынша білім алушыларды/тәрбиеленушілерді процентильдерге бөлу арқылы педагогтерді топтарға жіктейтін әсерді бағалау моделі қолданылады:

     


     

– топтық жіктеу;

     

–білім алушылардың/тәрбиеленушілердің білім сапасының нәтижелері;

      Білім деңгейінің бастапқы көрсеткішіне байланысты өзгерістердің әсерін есептеу үшін келесі формула қолданылады:

     


     

– білім сапасының нәтижелеріндегі жалпы айырмашылық;

     

– топтық жіктеудің әртүрлі деңгейлері үшін коэффициенттер;

     

– кездейсоқ қате.

      Топтық әсер ету коэффициентін ескере отырып білім сапасының әсер ету мөлшерін есептеу үшін келесі формула қолданылады:

     


     


     

– түзетілген балл;

     

– білім сапасының нәтижелерінің стандартталған көрсеткіші (Z- көрсеткіші);

     

– топтық жіктеу коэффициенттері;

     

– түзетілген балдардың стандартты ауытқуы;

     

– әсер мөлшері.

      Әсер ету мөлшерін есептеудің бұл тәсілі экстремалды мәндерді жоққа шығаратын және оң және теріс өзгерістерді бөле отырып, ықтимал факторларды ескере отырып, деректердің түсіндірілуін қамтамасыз ететін стандартталған көрсеткішті алуға мүмкіндік береді.

      2) білім алушылардың/тәрбиеленушілердің конкурстарға қатысуы тұрақтылығы мен нәтижелілігінің көрсеткіші:

     


     

– білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жетістіктерінің тұрақтылығы мен нәтижелілігінің көрсеткіші;

     

– білім алушылардың/тәрбиеленушілердің соңғы 5 (бес) жылдағы жетістіктерінің жүйелілігін көрсететін тұрақтылық коэффициенті;

     

– жүлделі орындар саны;

     

– деңгейдің маңыздылық коэффициенті:

Білім беру ұйымдарының деңгейі

Аудан/қала деңгейі

Облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) деңгейі

Республикалық деңгей

Халықаралық деңгей

0,1

0,3

0,6

0,9

1

      23. Ұжымдық тиімділік көрсеткіштері білім беру ұйымы мен өңірдің жетістіктеріне қосқан үлесін қамтиды.

      Ұжымдық тиімділік:

      1) білім беру ұйымының білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйелеріндегі жетістіктері бар болған жағдайда (қосымша білім беру ұйымдарының педагогтерін қоспағанда):

      - мектепке дейінгі ұйымдар мен арнайы білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттаудан өту нәтижелері;

      - орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингінің, ұлттық бірыңғай тестілеудің, Programme for International Student Assessment (бұдан әрі -– PISA) нәтижелері, "Алтын белгісі" бар түлектердің үлесі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс бойынша және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік грантқа түскен түлектердің үлесі, бар болған жағдайда мемлекеттік аттестаттаудан өту нәтижелері;

      - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік грантқа түскен, жұмысқа орналастырылған, оқуды аяқтағаннан кейін кәсіпкерлік қызметті бастаған түлектердің үлесі, бар болған жағдайда мемлекеттік аттестаттаудан өту нәтижелері.

      Білім беру ұйымының мемлекеттік аттестаттаудан өту қорытындысы бойынша мемлекеттік аттестаттаудан өту үшін бірінші реттен 1 балл, басқа жағдайларда – 0,5 балл қойылады.

      2) өңірдің халықаралық, елдік зерттеулердегі жетістіктері PISA нәтижелерін және әлеуметтік сауалнамаларды (бар болған жағдайда) қамтиды.

      24. Педагог рейтингінің қорытынды балын есептеу келесі алгоритм бойынша жүргізіледі:

      1) деректерді стандарттау – дұрыс салыстыру үшін бастапқы деректерді бір шкалаға келтіру;

      2) факторлық талдау Principal Component Analysis (бұдан әрі – PCA) - қорытынды нәтижеге әсер ететін негізгі факторларды бөліп көрсету және әрбір критерийдің үлес салмағын анықтау;

      3) рейтингтің қорытынды балын есептеу – көрсеткіштердің стандартталған мәндерінің өлшенген сомасын есептеу:

     


     

– педагогі рейтингінің қорытынды балы;

     

– педагогі үшін көрсеткішінің стандартталған мәні;

     

– көрсеткішінің салмақ коэффициенті;

     

– көрсеткіштердің ең көп саны.

      25. Деңгейлерді қалыптастыру жеке және ұжымдық тиімділікті салыстыру арқылы жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде позицияны түсіндіруге және даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Матрица

ЖЕКЕ ТИІМДІЛІК

Ж

Т

Д

ДТ

ҰЖЫМДЫҚ ТИІМДІЛІК

Ж

Ж

Ж

Т

Д

Т

Ж

Т

Т

Д

Д

Т

Т

Д

ДТ

ДТ

Д

Д

ДТ

ДТ

      (Ж) - Жоғары тиімді деңгей;

      (Т) - Тиімді деңгей;

      (Д) - Дамушы деңгей;

      (ДТ) - Даму динамикасы төмен деңгей.

4-тарау. Білім беру ұйымдары басшыларының рейтингін қалыптастыру әдістемесі

      26. Білім беру ұйымдары басшыларының рейтингін қалыптастыру әдістемесі жеке және ұжымдық тиімділік көрсеткіштерінен тұрады.

      27. Жеке тиімділік көрсеткіштері басшының әріптестікті қалыптастырудағы, білім алушыларды қосымша біліммен қамтудағы, әдістемелік және зерттеу қызметіндегі, сондай-ақ демеушілік қаражатты тартудағы нәтижелілігін қамтиды:

      1) ПББ қорытындылары бойынша білім беру ұйымы басшысының пәндік білім деңгейі;

      2) елдегі және шетелдегі әріптес ұйымдардың саны:

Аудан/қала деңгейі

Облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) деңгейі

Республикалық деңгей

Халықаралық деңгей

0,3

0,6

0,9

1

      3) қосымша біліммен қамтылған білім алушылардың/тәрбиеленушілердің үлесі;

      4) басшының әдістемелік және зерттеу қызметіндегі тұрақтылық мен нәтижелілік көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

     


     

– басшы жетістіктерінің тұрақтылығы мен нәтижелілігінің көрсеткіші;

     

– басшының соңғы 5 жылдағы жетістіктерінің жүйелілігін көрсететін тұрақтылық коэффициенті;

     

– іс-шаралар саны;

     

– деңгейдің маңыздылық коэффициенті:

Аудан/қала деңгейі

Облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) деңгейі

Республикалық деңгей

Халықаралық деңгей

0,3

0,6

0,9

1

      5) Білім беру ұйымын дамытуға тартылған демеушілік қаражаттың жалпы сомасы.

      28. Ұжымдық тиімділік көрсеткіші біліктілік санаттары бөлінісінде педагогтердің қорытынды балдарының орташа мәндерінің қосындысы ретінде есептеледі.

      29. Басшы рейтингінің қорытынды балын есептеу келесі алгоритм бойынша жүргізіледі:

      1) деректерді стандарттау – дұрыс салыстыру үшін бастапқы деректерді бір шкалаға келтіру;

      2) факторлық талдау (PCA) – қорытынды нәтижеге әсер ететін негізгі факторларды бөліп көрсету және әрбір критерийдің үлес салмағын анықтау;

      3) рейтингтің қорытынды балын есептеу – көрсеткіштердің стандартталған мәндерінің өлшенген сомасын есептеу:

     


     

– басшысы рейтингінің қорытынды балы;

     

– басшы үшін көрсеткішінің стандартталған мәні;

     

– көрсеткішінің салмақ коэффициенті;

     

– көрсеткіштердің ең көп саны.

      30. Деңгейлерді қалыптастыру жеке және ұжымдық тиімділікті салыстыру арқылы жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде позицияны түсіндіруге және даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Матрица

ЖЕКЕ ТИІМДІЛІК

Ж

Т

Д

ДТ

ҰЖЫМДЫҚ ТИІМДІЛІК

Ж

Ж

Ж

Т

Д

Т

Ж

Т

Т

Д

Д

Т

Т

Д

ДТ

ДТ

Д

Д

ДТ

ДТ

      (Ж) - Жоғары тиімді деңгей;

      (Т) - Тиімді деңгей;

      (Д) - Дамушы деңгей;

      (ДТ) - Даму динамикасы төмен деңгей.

  Білім беру ұйымдарының
  педагогтері мен басшылары
қызметінің тиімділігі
рейтингін жүргізу
әдістемесіне қосымша

Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігі рейтингі ​

Білім беру ұйымының түрі

Біліктілік санаты

Өңір

Аудан (қала)

Ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Педагогтің/басшының коды

Қорытынды балл

Рейтингтегі орын


























Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады