"Астық тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын және Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның астық тасымалдауға байланысты шығыстарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 3 наурыздағы № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36758 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Астық тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын және Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның астық тасымалдауға байланысты шығыстарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 3 наурыздағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35770 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4‑тармақ мынадай редакцияда беріледі:

      "4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданыста болады.";

      көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция

      Министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 29 тамыздағы
№ 269 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2025 жылғы 3 наурыздағы № 67
бұйрығына 1-қосымша

Астық тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Астық тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және астық тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бюджеттік субсидиялар төлеуді жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      2) вагондар (контейнерлер) операторы – меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде вагондарды (контейнерлерді) иеленетін, вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін көрсету жолымен тасымалдау процесіне тасымалдаушымен жасалған шарт негізінде қатысатын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тұлға;

      3) оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын және астық нарығында тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын акционерлік қоғам;

      4) өнім беруші – астықты Қазақстан Республикасының аумағынан астықты тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

      3. Бюджеттік субсидиялар жеткізушілерге астықты (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды - 1001) осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген бағыттар мен мөлшерлерде тасымалдағаны үшін беріледі және біржолғы сипатта болады.

      4. Бюджеттік субсидияларды төлеу осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде, мынадай бағыттар және мөлшерлерде жүзеге асырады:

      бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Ресей Федерациясының аумағы арқылы Азов, Қара және Балтық теңіздері порттарының бағыты;

      бір тонна үшін 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде транзитпен Ресей Федерациясының, Латвия Республикасының, Литва Республикасының және Эстония Республикасының аумағы арқылы Балтық теңізі порттары бағыты;

      бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Ресей Федерациясының аумағы арқылы Латвия Республикасына, Литва Республикасына және Эстония Республикасына жеткізуге;

      бір тонна үшін 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде транзитпен Әзірбайжан Республикасының және Грузияның аумағы арқылы Қара теңіз порттары бағыты;

      бір тонна үшін 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде транзитпен Түркіменстан аумағы арқылы Ауғанстан Ислам Әмірлігіне жеткізуге;

      бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Түрікменстан арқылы Иран Ислам Республикасына жеткізуге;

      бір тонна үшін 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде транзитпен Қытай Халық Республикасының аумағы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бағыты;

      бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Ресей Федерациясының аумағы арқылы Әзірбайжан Республикасына, Грузияға және Армения Республикасына жеткізуге.

2-тарау. Астық тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу тәртібі

      5. Өнім беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес тиеу станциясынан межелі станцияға дейін астықты тасымалдауды жүзеге асырады.

      Өнім беруші вагондардың (контейнерлердің) операторын немесе көлік экспедиторларын немесе көлік-экспедиторлық қызметтерді көрсететін тұлғаларды дербес айқындайды.

      6. Жеткізуші операторға мыналарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық тасымалдауға байланысты бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған өтінім (өтінімдер оператордың mail@fcc.kz электрондық мекенжайына қабылданады және келіп түскен күні мен уақыты бойынша тіркеледі);

      2) екінші деңгейдегі банк берген келісімшарттың есепке алу нөмірі бар экспорттық келісімшарттың көшірмесі;

      3) тауарларға арналған декларациялардың көшірмелері;

      4) өнім берушінің қолымен және мөрімен расталған жөнелту станциясының күнтізбелік мөртаңбасы (бар болған жағдайда) теміржол жүкқұжаттарының көшірмелері;

      5) астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертхана берген астық сапасы паспортының көшірмесі.

      6) өнім беруші мен вагондардың (контейнерлердің) операторы немесе көлік экспедиторы немесе көлік-экспедиторлық қызметтерді көрсететін тұлға арасында жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесі.

      Көрсетілген құжаттарды өнім беруші оператордың мекенжайына астық межелі станцияға немесе портқа келген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      7. Жеткізуші ұсынған құжаттарды қарау үшін оператор оператордың қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық және үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері қатарынан комиссия құрады. Оператор басшысының бұйрығымен айқындалатын оператордың лауазымды адамы комиссия төрағасы болып табылады.

      8. Комиссия мүшелері өтінім мен жеткізушінің құжаттары тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде:

      1) құжаттарды толықтығына және осы Қағидаларға сәйкестігіне қарайды және тексереді;

      2) тауарға декларацияны ресімдеуді жеткізушілер бөлінісінде растау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) сұрау жолдайды.

      ҚР ҚМ МКК сұратылған ақпаратты сұрау келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді;

      3) құжаттар осы Қағидаларға сәйкес болған жағдайда олардың қабылданғанын растау туралы шешім қабылдайды. Құжаттардың осы Қағидаларға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, оператор оларды жеткізушіге электрондық пошта арқылы пысықтауға қайтарады.

      Құжаттарды осы Қағидаларға сәйкестендіру мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      9. Комиссия мүшелері құжаттардың қабылданғаны расталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астықты темір жол көлігімен тасымалдау жөніндегі тізілімді (бұдан әрі – астықты тасымалдау жөніндегі тізілім) және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астықты тасымалдауға байланысты шығындардың құнын өтеуге бюджеттік субсидиялар төлеу үшін жиынтық ведомості (бұдан әрі – жиынтық ведомость) қалыптастырады және оларды Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.

      Бұл ретте өтінімдерді қарау және бюджеттік субсидияларды төлеу өтінімдерді тіркеу күні мен уақытына сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. Кейінгі өтінім алдыңғы өтінім қаралғаннан кейін қаралады.

      10. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі астық тасымалдау жөніндегі тізілімді және жиынтық ведомості алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша төлем шотын оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына жібереді.

      11. Оператор Бюджеттік бағдарлама әкімшісінен бюджеттік субсидияларды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей астықты темір жол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтердің тізіліміне сәйкес оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан өнім берушілерге қаражат аударады.

      Оператор бюджеттік субсидияларды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне комиссия төрағасы мен өнім берушінің қолдары қойылған осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астықты тасымалдауға байланысты бюджеттік субсидиялардың төленгенін растау актісін, сондай-ақ осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражаттың қалдықтары мен пайдаланылуы туралы есепті ұсынады.

      12. Өнім беруші операторға бюджеттік субсидиялар алу үшін ұсынылатын құжаттардың (мәліметтердің) толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      13. Оператор бюджеттік субсидиялардың төленген сомалары туралы ақпаратты күн сайын жұмыс күндері www.fcc.kz ресми интернет-ресурсында орналастырады.

  Астық тасымалдауға
байланысты шығындардың
құнын арзандатуға субсидиялар
төлеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Астық тасымалдауға байланысты бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған өтінім

      ______________________________________________________________________

      (оператордың атауы)

      ______________________________________________________________________

      (өнім берушінің толық атауы)

      Көлемі ____ тонна мөлшеріндегі астықты (астық сыныбын көрсетіңіз) тасымалдауға

      байланысты ____________________________________ теңге мөлшерінде

      (сомасы сандармен және жазумен) бюджеттік субсидиялар төлеуді сұраймын.

      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы ________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ______________________

      ЭҚЖЖ бойынша сыныбы (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

      бойынша коды) ____________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________

      мекенжайы: ____________________________________________________

      телефон нөмірі (факс): _________________________________________

      Жеке тұлға (дара кәсіпкер) үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ________________________

      ЭҚЖЖ бойынша сыныбы (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

      бойынша коды) ____________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _______________________________________________________

      кім берді ____________________________________________________

      берілген күні _________________________________________________

      мекенжайы: ____________________________________________________

      телефон нөмірі (факс): ___________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _________________________________________________

      хабарлама күні __________________________________________________

      2. Екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы ағымдағы шоттың мәліметтері:

      ЖСН/БСН ______________________________________________________

      бенефициар коды (бұдан әрі – Бек) ________________________________

      банктің немесе почта операторының деректемелері: __________________

      банктің немесе почта операторының атауы: __________________________

      банктік сәйкестендіру коды _____________________________________

      жеке сәйкестендіру коды _________________________________________

      БСН ________________________________________________________

      Бек ____________________________________________________________

      3. Келісімшарт бойынша мәліметтер:

      сатып алушының деректері _______________________________________

      келісімшарт нөмірі ______________________________________________

      келісімшарт жасалған күн ________________________________________

      астық көлемі (сыныбы), тонна _____________________________________

      межелі пункті _________________________________________________

      жеткізу шарттары _______________________________________________

      тиеп-жөнелту кезеңі _____________________________________________

      (айлар бойынша)

      4. Астық тасымалдау туралы мәліметтер:

Р/с

Жөнелту нөмірі

Вагонның нөмірі

Жөнелту станциясы

Кіру станциясы

Шығу станциясы

Межелі (шекаралық өткел) станция (порт)

Жөнелту күні (тасымалдау құжаттарындағы станция штемпелі)

1

2

3

4

5

6

7

8

1.








2.








      5. Тиесілі субсидияларды есептеу:

Р/с

Бағыт
(импорт елі)

Астық тасымалдау көлемі, тонна

1 тоннаға арналған субсидия мөлшері, теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге

1

2

3

4

5

1.





2.





      Тиесілі субсидиялар сомасы 3-баған х 4-баған формуласы бойынша есептеледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.

      Өнім берушінің атауы _______________________________________________ (басшының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20__ жылғы "__" _____ сағат _____ де қол қойып, жіберілді

  Астық тасымалдауға
байланысты шығындардың
құнын арзандатуға субсидиялар
төлеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Астықты темір жол көлігімен тасымалдау жөніндегі тізілім

Р/с

Өнім берушінің атауы

Нарық бағыты (импорт елі)

Жөнелту кезеңі (ай)

Астық тасымалдау көлемі, тонна

1 тоннаға арналған субсидия мөлшері, теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.







3.







4.







5.







6.







7.








Жиыны:






      Комиссия мүшелері:_______________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, қолы)

      Комиссия мүшелері:_______________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, қолы)

      Комиссия мүшелері:_______________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, қолы)

      Комиссия төрағасы: _______________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

  Астық тасымалдауға
байланысты шығындардың
құнын арзандатуға субсидиялар
төлеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Астықты тасымалдауға байланысты шығындардың құнын өтеуге бюджеттік субсидиялар төлеу үшін жиынтық ведомость

20 __ жылғы "__" _______-дан 20 __ жылғы "__" _______дейінгі кезең үшін

Р/с

Өнім берушінің атауы

Нарық бағыты (импорт елі)

Жөнелту кезеңі (ай)

Астық тасымалдау көлемі, тонна

1 тоннаға арналған субсидия мөлшері, теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3








Жиыны:






      Оператордың атауы ________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Астық тасымалдауға
байланысты шығындардың
құнын арзандатуға субсидиялар
төлеу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Астықты тасымалдауға байланысты бюджеттік субсидиялардың төленгенін растау актісі 20 ___ жылғы "____" ______ №

Р/с

Нарық бағыты

Жіберу нөмірі

Вагонның нөмірі

Жөнелту станциясы

Кіру станциясы

Шығу станциясы

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.







3.








Жиыны:






      кестенің жалғасы

Межелі (шекаралық өткел) станция (порт)

Жөнелту күні (тасымалдау құжаттарындағы станция штемпелі)

Тасымалдау көлемі, тонна

1 тоннаға арналған субсидия мөлшері, теңге

Тиесілі субсидияның жалпы сомасы, теңге,

8

9

10

11

12





















      Өнім берушінің атауы ______________________________________________

      (басшының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Оператордың атауы ________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Астық тасымалдауға
байланысты шығындардың
құнын арзандатуға субсидиялар
төлеу қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражаттың қалдықтары мен пайдаланылуы туралы есеп 20 ___ жылғы "____" ______ №

Р/с

Нарық бағыты (импорт елі)

Келіп түскен қаражат, теңге

Пайдаланылған қаражат, теңге

Қаражат қалдығы, теңге

Жоспарлы пайдаланылатын қаражат, теңге

1

2

3

4

5

6




















Жиыны:





      Оператордың атауы __________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 29 тамыздағы
№ 269 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2025 жылғы 3 наурыздағы № 67
бұйрығына 2-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның астық тасымалдауға байланысты шығыстарын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның астық тасымалдауға байланысты шығыстарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның астық тасымалдауға байланысты шығыстарын субсидиялау (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын және астық нарығында тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын акционерлік қоғам;

      2) бюджеттік субсидиялар төлеуді жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

      3. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияға астықты (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды - 1001) тасымалдауға байланысты шығындар 1 тонна үшін 20 000 (жиырма мың) және 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде өтеледі.

      Астық тасымалдауға байланысты шығыстарды өтеу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

      бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Ресей Федерациясының аумағы арқылы Азов, Қара және Балтық теңіздерінің порттарының бағыты;

      бір тонна үшін 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде транзитпен Ресей Федерациясының, Латвия Республикасының, Литва Республикасының және Эстония Республикасының аумағы арқылы Балтық теңізі порттары бағыты;

      бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Ресей Федерациясының аумағы арқылы Латвия Республикасына, Литва Республикасына және Эстония Республикасына;

      бір тонна үшін 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде транзитпен Әзірбайжан Республикасының және Грузияның аумағы арқылы Қара теңіз порттары бағыты;

      бір тонна үшін 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде транзитпен Түрікменстан арқылы Ауғанстан Ислам Әмірлігіне;

      бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Түрікменстан арқылы Иран Ислам Республикасына;

      бір тонна үшін 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде транзитпен Қытай Халық Республикасы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бағытында;

      бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Ресей Федерациясының аумағы арқылы Әзірбайжан Республикасына, Грузияға және Армения Республикасына;

      бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы елдерінің бағыты.

2-тарау. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның астық тасымалдауға байланысты шығыстарын субсидиялау тәртібі

      4. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның астықты тасымалдауға байланысты шығыстарын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания арасында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның астықты тасымалдауға байланысты шығыстарын субсидиялау туралы шарт жасалады.

      5. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мынадай құжаттарды жібереді:

      1) екінші деңгейдегі банктер берген келісімшарттардың есептік нөмірлері бар экспорттық келісімшарттардың көшірмелері;

      2) тауарларға арналған декларациялардың көшірмелері;

      3) қол қойылған және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның мөрімен расталған жөнелту станциясының күнтізбелік мөртабаны бар теміржол жүкқұжаттарының көшірмелері;

      4) астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертхана берген астық сапасы паспортының көшірмесі;

      5) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания мен вагондардың (контейнерлердің) операторы немесе көлік экспедиторы немесе көлік-экспедиторлық қызметтерді көрсететін тұлға арасында жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесі;

      6) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астықты теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі мәліметтер тізілімі.

      6. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде:

      1) Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кеңсесінде құжаттарды тіркеуді;

      2) құжаттарды толықтығы мәніне және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкестігін тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.

      7. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) құжаттардың осы Қағидаларға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияға ұсынылған құжаттардағы анықталған сәйкессіздіктерді көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Құжаттарды осы Қағидаларға сәйкестендіру мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      8. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компаниядан осы Қағидаларға сәйкес келетін құжаттар түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның қолма-қол ақшаның бақылау шотына төлеу үшін шот жібереді.

      9. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания бюджеттік субсидияларды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық тасымалдауға байланысты алынған бюджеттік субсидияларды растау актісін береді.

      10. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің алдында ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

  Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы ұлттық
компанияның астық
тасымалдауға байланысты
шығыстарын субсидиялау
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Астықты теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі мәліметтер тізілімі

Р/с №

Нарық бағыты (импорт елі)

Жөнелту кезеңі (ай)

Жіберу нөмірі

Вагонның нөмірі

Жөнелту станциясы

Кіру станциясы

Шығу станциясы

1

2

3

4

5

6

7

8

1.








2.








3.








      кестенің жалғасы

Межелі (шекаралық өткел) станция (порт)

Жөнелту күні (тасымалдау құжаттарындағы станция штемпелі)

Тасымалдау көлемі, тонна

1 тоннаға арналған субсидия мөлшері, теңге

Тиесілі субсидияның жалпы сомасы, теңге,

9

10

11

12

13
















Жиыны:





      Лауазымды тұлға ___________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

  Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы ұлттық
компанияның астық
тасымалдауға байланысты
шығыстарын субсидиялау
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Астықты тасымалдауға байланысты алынған бюджеттік субсидияларды растау актісі

20___жылғы "__" _______№__

Р/с №

Нарық бағыты

Жіберу нөмірі

Вагонның нөмірі

Жөнелту станциясы

Кіру станциясы

Шығу станциясы

Межелі (шекаралық өткел) станция (порт)

Жөнелту күні (тасымалдау құжаттарындағы станция штемпелі)

Тасымалдау көлемі, тонна

1 тоннаға арналған субсидия мөлшері, теңге

Тиесілі субсидияның жалпы сомасы, теңге,

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.












2.












3.













Жиыны:











      Лауазымды тұлға ___________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады