Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36732 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10433 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 12-бабының 1-тармағының 64) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өрттерді байқаған кезде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік өртке қарсы қызметке хабарлайды және өрттерді сөндіруге өртке қарсы ерікті құралымдардың, сондай-ақ "Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерге өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 746 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9928 болып тіркелген) сәйкес құрылған өрт сөндіру пункттерінің күштері мен құралдарын тартуды ұйымдастырады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Өрт сөндіру басшысы:

      1) өрт сөндіруге қатысатын тартылған өрт сөндіру күштері мен құралдарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) қойылған міндеттердің орындалуына және өртті сөндіру бойынша жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуге жауап береді;

      3) өрт түрін, оның қарқындылығы мен көлемін, жер бедерін, ағымдағы және болжамды ауа-райы жағдайының ерекшеліктерін, өрт сөндіру күштері мен құралдарының бар-жоғын ескере отырып, өрт сөндірудің тактикалық тәсілдерін, әдістері мен амалдарын таңдауды жүзеге асырады;

      4) өрт сөндіру бойынша іс-қимылдар жүзеге асырылатын аумақтың шекарасын, көрсетілген іс-қимыл тәртібін белгілейді;

      5) қосымша күштер мен құралдарды шақырудың қажеттілігін анықтайды;

      6) өрт жағдайының өзгеруін үздіксіз бақылайды және тиісті шешім қабылдайды.

      7) өрт сөндіру үшін, көлік құралдары мен басқа да материалдық-техникалық құралдарды қоса алғанда, кәсіби, салалық өртке қарсы қызметтердің және өртке қарсы ерікті құралымдардың күштері мен құралдарын тартады;

      8) өрттерді сөндіру жұмыстарын жүргізу кезеңінде цехтар мен объектілердің жұмысын тоқтата тұруға, адамдарды, материалдық құндылықтарды қауіпті аймақтан эвакуациялауға өкім береді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өрт сөндіру кезінде жергілікті атқарушы органдар тартылатын күштер мен құралдарды меншік нысанына қарамастан жанар-жағармай материалдарымен және тамақпен қамтамасыз етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады