Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.08.2025 № 347 (25.08.2025 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.08.2025 № 347 (25.08.2025 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.08.2025 № 347 (25.08.2025 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңда белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген соң күнтiзбелiк он күн iшiнде мерзiмдi басылымдарда және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялау үшiн жiберудi;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | |
полиция генерал-лейтенанты | Қ.Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 746 бұйрығымен бекітілген |
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.08.2025 № 347 (25.08.2025 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қағидалар жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк өртке қарсы қызметі бөлiмшелерi жоқ елдi мекендерде өрт сөндiру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру тәртiбiн айқындайды.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар өрт сөндiру пункттерін мемлекеттiк өртке қарсы қызметі бөлiмшелерi жоқ елдi мекендерде кезекшi ауысымға, өрт сөндiру автомобилiне арналған, телефон байланысымен, электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтамасыз етiлген үй-жайлары бар ғимараттарда құрады.
3. Тиiстi әкiмшiлiк аумақтарда өрт сөндiру пункттерін құру, олардың материалдық-техникалық жарақтандыруын ұйымдастыру әкімнің шешiмi бойынша тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады.
4. Өрт сөндiру пункттері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өрт-техникалық жарақтардың ең аз санымен жасақталған өрт сөндiру автомобилiмен жарақталады.
5. Өрт сөндiру автомобилi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" қаулыға сәйкес жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етiледi.
6. Өрт сөндiру пункттерінiң жұмыс iстеуi үшiн ерiктi өрт сөндiрушiлер, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлер тартылады.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларына қосымша |
Өрт сөндіру автомобиліне өрт-техникалық жарақтардың ең аз тізбесі
р/с | Жабдық пен құрал-жабдықтың атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Сорғыш жеңқұбыр, ұзындығы 4 м, диаметрі 125 мм | дана | 2 |
2 | Сорғыш жеңқұбыр, ұзындығы 4 м, диаметрі 75 мм | дана | 2 |
3 | Қысымды жеңқұбыр, гидранттан жұмыс істеу үшін латексті, ұзындығы 4-5 м, диаметрі 77 мм | дана | 2 |
4 | Қысымды жеңқұбыр, латексті, ұзындығы 20 м, диаметрі 66 мм | дана | 10 |
5 | Қысымды жеңқұбыр, латексті, ұзындығы 20 м, диаметрі 51 мм | дана | 6 |
6 | Қысымды жеңқұбыр үшін СВ-125 торы, ұзындығы 12 м жібімен | дана | 1 |
7 | РТ-70 (РТ-80) 3-тармақты тарамақталу | дана | 2 |
8 | СВ-125 қақпашалары бар жеңқұбырлы су жинағыш | дана | 1 |
9 | Өрт бағаны | дана | 1 |
10 | РСК-50 оқпаны | дана | 4 |
11 | Лафетті жылжымалы оқпан | дана | 1 |
12 | Орташа еселікті көбік генераторы ГПС-600 | дана | 2 |
13 | Көлденең ара | дана | 1 |
14 | Сырық-саты | дана | 1 |
15 | Ұзындығы 2,5 м металл багор | дана | 1 |
16 | Сүймен | дана | 1 |
17 | Ағаш ұстасының балтасы | дана | 1 |
18 | Жеңіл өрт ілмегі | дана | 1 |
19 | Сүйір күрек | дана | 1 |
20 | Ағаш қораптағы ағаш кесетін қол ара | дана | 1 |
21 | Электр желілерін кесуге арналған аспаптар жиынтығы, оның ішінде: | ||
диэлектрлік тұтқасы бар қайшы | дана | 1 | |
диэлектрлік қолғап | жұп | 1 | |
диэлектрлік боты | пара | 1 | |
диэлектрлік кілемше | дана | 1 | |
22 | Электрлік топтық фонарь | дана | 1 |
23 | Автомобильге техникалық қызмет көрсетуге арналған аспаптар жиынтығы | жиынтық | 1 |
24 | Автомобильдік радиостанция | дана | 1 |
25 | Сигналдық-дауыс зорайтқыш құрылғысы | дана | 1 |
26 | Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімінің жиынтығы | жиынтық | 1 |
27 | Тасмалдайтын өрт мотопомпасы | дана | 1 |
28 | Аспалы су бүріккіш | дана | 5 |
29 | Ауаүрлегіштер | дана | 5 |
30 | Соқпан | дана | 5 |
31 | Авариялық-құтқару құралдарының жиынтығы | жиынтық | 1 |
32 | Радиостанция | дана | 3 |