Елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізу өлшем шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 307 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 тамызда № 36719 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 25-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізу өлшемшарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2025 жылғы 22 тамыздағы
№ 307 бұйрығымен
бекітілген

Елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізу өлшемшарттары

      1. Осы Елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізу өлшемшарттары (бұдан әрі-өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 25-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және елді мекендерді сумен жабдықтауды жүзеге асыратын топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерін Халыққа ауызсудың құнын арзандату үшін ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйесінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізу алгоритмін айқындайды.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімші – облыс әкімі айқындайтын тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласына жетекшілік ететін облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;

      2) су тұтынушы – су шаруашылығы ұйымдарының су беру немесе су пайдаланушылар жөніндегі қызметтерін пайдаланатын не ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінен су тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым – елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;

      4) суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген су көлемін (ауызсу, техникалық, сарқынды және басқа да су түрлерін) өлшеуге арналған техникалық құрал;

      5) төлемақы мөлшері - облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне халық үшін белгіленген төлем;

      6) тариф – реттелетін қызмет құнының ақшалай көрінісі.

      3. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым Тізбеге сумен жабдықтау жүйелерін енгізу үшін әкімшіге мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтінім береді:

      1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымды табиғи монополиялардың жергілікті бөліміне енгізу туралы табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменті бұйрығының көшірмелері;

      2) сумен жабдықтау жөніндегі қызметтерге тарифті бекіту туралы табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменті немесе су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган бұйрығының көшірмелері;

      3) әкімшімен келісілген сумен жабдықтаудың орталықтандырылмаған жүйелері арқылы берілген ауыз судың құнын бекіту туралы сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым басшысының бұйрығының көшірмесі;

      4) үш жыл ішінде сумен жабдықтау қызметтері үшін су тұтынушылардың төлеуі бойынша қаржы қаражатының жиналуын талдау;

      5) аудан және ауылдық округ әкімдерінен сумен жабдықтау жүйесінен ауыз су алатын халықтың саны туралы анықтамалар растау;

      6) тиісті бассейн аумағында су ресурстарын пайдалануды қорғау және реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары берген арнайы су пайдалануға рұқсаттың көшірмелері;

      7) сумен жабдықтау жөніндегі ұйымның заңды немесе жеке тұлғасының мәртебесін растайтын құжаттар (Жарғының көшірмесі, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі (немесе дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесі), қосылған құн салығын қою туралы куәлік (бар болса).

      4. Әкімші өтінімді тіркейді, он жұмыс күні ішінде Тізбеге сумен жабдықтау жүйесін енгізу туралы шешімді қарайды және қабылдайды.

      Бас тартылған жағдайда, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымға дәлелді жауап береді.

      Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым келіспеген жағдайда әкімшілік актіге, әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 91-бабына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданады.

      5. Әкімші республика бойынша облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополиялардың негізгі субъектілері бойынша және облыс бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне (халық үшін) орташа тарифтердің есептеулері тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес облыс бойынша әлеуметтік-экономикалық талдау қорытындысы негізінде субсидиялауға жататын ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құны елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ететін сумен жабдықтау жүйелерін тізбеге енгізу туралы шешім қабылдайды.

      6. Елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізу өлшемшарттары айқындалады:

      1) республика бойынша табиғи монополиялардың облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополиялардың негізгі субъектілері бойынша сумен жабдықтау қызметтерінің орташа тарифінен асатын сумен жабдықтау қызметтеріне (халық үшін) арналған тарифтер;

      2) егер сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның сумен жабдықтау қызметтері үшін су тұтынушылардың төлеуі бойынша қаржы қаражатының жиналуын талдау соңғы үш жылда 60%-тан төмен болған жағдайда;

      3) одан әрі тазартуды және оны ауызсу тұтыну жағдайына дейін жеткізуді талап ететін су;

      4) теңіз суын тұщыландыру әдісімен өндірілген ауызсу.

      7. Әкімші Ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін қалыптастырады және бекітеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады