БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметінің өкілеттіктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10972 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидалары және "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің өкілеттігі мынадай редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 28 тамыздағы № 369 |
|
бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы №138 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумағындағы кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидалары және аумағында бірыңғай кезекші-диспетчерлік "112" қызметінің өкілеттігі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы кезекші-диспетчерлік қызметінің іс-қимылын үйлестіру тәртібін және "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің өкілеттіктерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мына терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) авариялық-құтқару құралымы – авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе аттестатталған авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін азаматтық қорғау күштерінің ұйымдық-құрылымдық бірлігі;
2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтық қорғанысты ұйымдастыру бөлігінде азаматтық қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметі – төтенше жағдайдың туындау алғышарттары немесе туындауы, өрт, адамдардың өміріне төнген қатер мен денсаулығына зиян келтіру қатері туралы және өз құзыреті шегінде шұғыл қызметтердің ден қою жөніндегі іс-қимылдарын кейіннен үйлестіре отырып шұғыл көмек шараларын қолдануды қажет ететін өзге де жағдайлар туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін хабарламаларды қабылдау және өңдеу қызметі;
4) төтенше жағдайлар (бұдан әрі – ТЖ) – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай.
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтер
3. Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның аумақтық органы жауапкершілік аймағында өзара іс-қимыл жасайтын кезекші диспетчерлік қызметтердің құрамына:
1) уәкілетті органның аумақтық органы бiрыңғай кезекшiлiк-диспетчерлiк қызмет басқармасы (бұдан әрi – БКДҚБ);
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел басқару орталығы, аумақтық органының кезекші бөлімі;
3) жергілікті атқарушы органның жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлік бөлімшесі;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық авиация қызметінің диспетчерлік бөлімшесі;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органының кезекші қызметі;
6) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Апатқа ұшырау немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерін іздестіру-құтқару жөніндегі үйлестіру орталығының кезекшісі;
7) әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым объектілеріндегі авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның кезекшілік-диспетчерлік қызметтері;
8) байланыс операторларының анықтамалық қызметі кіреді.
3-тарау. Қазақстан Республикасы аумағында кезекшілік -диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру тәртібі
4. Төтенше жағдайлар туындаған, адамдардың өміріне қауіп төнген және денсаулығына зиян келтірген кезде және өзге де шұғыл көмек шараларын қабылдауды талап ететін жағдайларда БКДҚБ өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіреді. Бұл үшін БКДҚБ орналасқан жерде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы байланыс инфрақұрылымымен ықпалдасады.
5. Кезекшілік-диспетчерлік қызметтермен өзара іс-қимыл күнделікті қызмет, жоғары әзірлік және төтенше жағдайлар режимінде ұйымдастырылады:
1) күнделікті қызмет режимінде:
"112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің (бұдан әрі - БКДҚ) жедел кезекшісі кезекшілікке түскен кезде байланыс арналары мен құралдарын тексереді, өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің жедел кезекшілерінің байланыс деректерін, нөмірлерін, шақыртулары мен басқа қажетті ақпаратты көрсете отырып, қосымша байланыс құралдарының бар-жоғы туралы мәліметті нақтылайды;
кезекшілік кезінде өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтер төтенше жағдайлар, адамдардың өміріне қауіп төнген және денсаулығына зиян келтірілген және шұғыл көмек шараларын қабылдауды талап ететін өзге жағдайлар туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
төтенше жағдайлар туындаған кезде, адамдардың өміріне қауіп төнген және денсаулығына зиян келтірілген кезде және шұғыл көмек көрсету шараларын қабылдауды талап ететін өзге жағдайларда кезекшілік-диспетчерлік қызметтер тиісті шұғыл қызметтерді тарта отырып, оларға ден қою бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;
өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтерге төтенше жағдай туралы ақпарат келіп түскен кезде ол "112" БКДҚ жедел кезекшісіне шұғыл түрде беріледі;
кезекшілік-диспетчерлік қызметтер төтенше жағдайлар туындаған, адамдардың өміріне қауіп төнген және денсаулығына зиян келтірілген кезде және шұғыл көмек көрсету шараларын қабылдауды талап ететін өзге жағдайлармен байланысты оқиғаларға шұғыл ден қою бойынша іс-қимылы туралы Қазақстан Республикасы "Азаматтық қорғау туралы" заңның 6-бабына сәйкес "112" БКДҚ-ға хабар береді;
2) жоғары әзірлік режимінде:
"112" БКДҚ жедел кезекшісі жағдайды қадағалау, бақылау және болжау қызметтерінен, сондай-ақ әлеуетті қауiпті объектілерден ақпаратты жинауды және қорытындылауды жүзеге асырады;
"112" БКДҚ жедел кезекшісі қажет болған жағдайда тиісті бейіндегі өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің (өрт сөндіру қызметі, құқық қорғау қызметі, жедел медициналық қызмет, авариялық қызмет) жедел кезекшісіне радиациялық, химиялық, биологиялық, экологиялық, өрт және басқа да ахуалдар туралы, сондай-ақ төтенше жағдай аймағындағы барлық өзгерістер туралы ағымдағы ақпаратты жібереді;
өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің жедел кезекшісі ықтимал төтенше жағдай аймағындағы өз мамандандыруы бойынша ахуалдың өзгерулері туралы келіп түскен ақпаратты "112" БКДҚ жедел кезекшісіне дереу жібереді;
өзара әрекет ететін кезекші-диспетчерлік қызметтердің жедел кезекшілері (осы Қағидалардың 3-тармағының 5), 8) тармақшаларында көрсетілген кезекші бөлімдерден басқа), төтенше жағдай қатері төнуі туралы ақпаратты алған кезде шұғыл ден қою құралымдарын жоғары әзірлікке келтіреді және "112" БКДҚ-ға олардың құрамы туралы деректер береді;
3) төтенше жағдай режимінде:
төтенше жағдайлар туралы хабарлама алған кезде "112" БКДҚ жедел кезекшісі "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес алынған ақпаратты сәйкестендіреді;
"112" БКДҚ жедел кезекшісі шұғыл тәртіпте тиісті бейіндегі авариялық-құтқару құралымдарын (өрт сөндіру қызметі, құқық қорғау қызметі, жедел медициналық қызмет, авариялық қызмет) төтенше жағдайлар аймағына шұғыл түрде жібереді;
төтенше жағдайлар аймағына қосымша шұғыл ден қою құралымдарын жіберу қажет болған кезде "112" БКДҚ жедел кезекшісі өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің тиісті жедел кезекшілеріне ол туралы шұғыл түрде хабар береді;
төтенше жағдай аймағына өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің жедел (осы Қағидалардың 3-тармағының 5), 8) тармақшаларында көрсетілген кезекші бөлімдерден басқа) кезекшілері төтенше жағдай аймағына қосымша шұғыл ден қою құралымдарын жіберу туралы ақпаратты алған кезде көрсетілген іс-шараларды шұғыл тәртіппен жүзеге асырады және "112" БКДҚ-ға олардың құрамы, төтенше жағдай аймағынан кету және келу уақыты туралы деректер береді.
4-тарау Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай кезекші-диспетчерлік "112" қызметінің өкілеттігі
6. Қазақстан Республикасының аумағында "112" БКДҚ өкілеттіктері:
1) төтенше жағдайлар, өрт туындауының алғышарттары немесе туындағаны, адам өміріне қатер туындағаны және деңсаулығына зиян келтірілгені және шұғыл көмек шараларын қабылдауды талап ететін өзге жағдайлар туралы жеке және заңды тұлғалардан түскен хабарламаны қабылдау және өңдеу;
2) төтенше жағдайлар, адам өміріне қатер туындағаны және денсаулығына зиян келтірілгені және шұғыл көмек шараларын қабылдауды талап ететін өзге жағдайларға шұғыл қызметтердің ден қоюы бойынша іс-қимылдарын үйлестіру;
3) төтенше жағдайларды жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде уәкілетті органның шұғыл қызметтерінің, авариялық-құтқару құрамаларының іс-қимылдарын үйлестіру;
4) халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда төтенше жағдайлардың алғышарттары немесе туындауы, сондай-ақ қалыптасқан жағдайда іс-қимылдар тәртібі туралы жеке және заңды тұлғаларды құлақтандыру және оларға хабар беру;
5) уәкілетті органның облыста (қалада) орналасқан аумақтық органы ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің кезекші қызметтеріне жедел қатынаста басшылық ету;
6) аумақтық органға, облыста (қалада) орналасқан уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарына кезек күттірмейтін төтенше жағдайларға жедел ден қою шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша уәкілетті орган және аумақтық орган басшылығының өкімдерін жеткізу;
7) өз құзыреті шегінде авариялық және шұғыл қызметтердің, байланыс операторларының, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің дерекқорларында бар ақпаратты пайдалану.