"Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 328-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 тамызда № 36693 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10142 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін беру қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін беру қағидалары бекітілсін.";

      Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидалары:

      Қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін беру қағидалары";

      Қағидалардың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 21-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      Қағидалардың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалар мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      Қағидалардың 3-тармағы 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) мұнай өнімдерінің базасы – мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдықты, резервуар паркін, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын ғимараттар мен құрылысжайлар кешені;";

      Қағидалардың 7-тармағы 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мұнай өнімдерін берудің мынадай түрлері көзделеді:

      1) бензинді, дизель отынын автожанармай құю станциясынан талон немесе карточка жүйесі бойынша беру.

      Бензинді және дизель отынын талон жүйесі бойынша беруді бірыңғай оператор мен контрагент арасында бірыңғай оператордың ЕХW-абоненттік секторы (Инкотермс - 2010) талаптарында жасасқан шартқа сәйкес айқындалған саны мен номиналында бірыңғай оператор контрагентке талондарды беру арқылы жүзеге асырылады. Белгілі бір атауы мен көлемінде, талонның номиналына сәйкес келетін мұнай өнімдерін алуды талон иелері талондардың жарамдылық мерзімі ішінде шарттың талаптарына сәйкес жанар-жағар май құю станцияларынан оларға талондарды беру кезінде жүзеге асырылады.  

      Карточка жүйесі бойынша бензин мен дизель отынын беру бірыңғай оператордың ЕХW-абоненттік секторы (Инкотермс-2010) талаптарында, сондай-ақ жасасқан шарттың өзге талаптарында бірыңғай оператордың контрагентке отын карталарын уақытша өтеусіз пайдалануға беру арқылы жүзеге асырылады. Карточка жүйесі бойынша сатып алынатын мұнай өнімдері атауының саны шартпен белгіленген тәртіппен контрагент беретін отын картасын толықтыруға берілген өтінім негізінде отын картасына аударылады. Белгілі бір атауы мен отын картасына аударылған көлемнен аспайтын сандағы мұнай өнімдерін алуды отын картасының иелері шарттың талаптарына сәйкес автожанармай құю станциясында олардың отын карталарын ұсыну кезінде жүзеге асырады.

      Талондар мен отын карталары Қазақстан Республикасының барлық аумағында күнтізбелік тоқсан ішінде қолданылады. Талондардың жарамдылық мерзімі және отын карталарын толықтыруды іске асыру мерзімі күнтізбелік тоқсан күннен кем емес кезеңге ұзартылуы мүмкін.

      Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор осы жүйе бойынша мұнай өнімдеріне бағалардың өзгеруінен туындаған карточка жүйесі бойынша мұнай өнімдерін сатып алудан бас тартқан кезде контрагенттер бірыңғай оператор автожанармай құю станцияларының иелерінен мұнай өнімдеріне бағалардың өзгеруі туралы хабарламаны алған күннен бастап мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бағаларды бекіткенге дейін тиісті жылға арналған бюджет қаражаты есебінен дербес бәсекелестік негізде сатып алуға құқылы;";

      Қағидалардың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мұнай өнімдерін беру "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 25) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жасалатын мұнай өнімдерін беру туралы шарттардың негізінде жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Президентінің Іс басқармасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады